400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ас тұзы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

«№ 32 жалпы білім беретін орта мектебі»КММ











Тақырыбы: «Кока –коланың»денсаулыққа зияны

Бағыты: валеология







Орындаған: Айтказина Саида

«№ 32 жалпы білім беретін орта мектебі»КММ

3 «Ә» сынып оқушысы Қарағанды қаласы

Жетекшісі:

Кузембаева Ляззат Дюсенбаевна

бастауыш сынып мұғалімі


















Қарағанды ,2017 ж

Мазмұны



Аннотация...............................................................................................................2

Кіріспе.......................................................................................................................3

Зерттеу пәні мен нысаны........................................................................................3

Зерттеу мақсаты.......................................................................................................3

Зерттеу міндеттері...................................................................................................3

Әдебиеттің аналитикалық шолуы..........................................................................4

Зерттеу деректері мен әдістері...............................................................................6

Негізгі бөлім.............................................................................................................7

Қорытынды..............................................................................................................8

Библиографиялық тізім..........................................................................................

























Аннотация



Зерттеу жұмысында орындаушы оқушы өз бойындағы дарындылықты жүйелі жүзеге асыру жолында өз ізденісін тиянақты жеткізе білген.

  Саидаға бұл жұмысты таңдауға себеп болған «Кока-коланың шығу тарихы» деген мақала себеп .Ол осы мақаланы   одан әрі тереңдете білгісі келіп,қандай да бір деректер тауып, тәжірбиелер жасау арқылы осындай нәтиже мен  қорытындылар жасап отыр.

Зерттеу кезінде Саиданың жасы кішкентай болуы  және ақпараттар іздеу

кезінде қиындықтар болды.Соған қарамастан , Саида алдына қойған мақсатына жетті деп ойлаймын.Ол өз пікірін ашық айтуға, еркін ойын жеткізуге, қойылған сұрақтарға толық ,нақты жауап беруге дағдыланды.

Болашақта Саида өзін-өзі танытатындығына мен сеніммен қараймын, өйткені ол барлық сабақтарға қызығушылықпен , ынтасымен қарайды.

                              













                 







КІРІСПЕ

Сонау балабақша барған кезімде, тіпті бүгінде газдалған сусын ,кока кола,фанта сусындарын ішпеу керектігін жиі естігенмін.

Менде мына сұрауларға қызушылық пайда болды: неліктен ішуге болмайды? неге тек шырын ішу керек деген сұрақтар мазалайтын болды? неге біз осы сусындарды ішпеуіміз керек? және бұл сусындарды менің сыныптастарым іше әлде ішпей ме деген сұрақтарға жауап іздедім?






Зерттеу пәні мен нысаны: Кока кола сусыны жалпы білім беретін №32 орта мектептің 3 сынып оқушыларының сауалнамалары.

Зерттеу мақсаты: Төменгі сынып оқушыларының кока кола сусынының адам ағзасына зиян екенін дәлелдеп, құрбыларының оны сусын ретінде ішпеу керектігін анықтау.

Зерттеу міндеттері:

1. Сауалнама әзірлеу

2. Қарағанды қаласы жалпы білім беретін № 32 орта мектептің бастауыш сынып оқушылары кока кола сусынын қаншалықты ішетін анықтау және бағалау.









Әдебиеттің аналитикалық шолуы

Кока –кола сергітетін   алькогольсіз     сусын,  көптеген     елдерде кеңінен     тараған.      The    Coca-CoIa   Company    компаниясының өнімі;     2006- 2010 жылдар арасындағы әлемдегі ең үздік сусын болып саналады.   Денсаулыққа әсері Дәрігерлердің пайымдауы бойынша Кока-кола әсіресе балалардың баc сүйегіне, ойлау қабілеттеріне орасан зор зиян келтіреді.Жалпы газдалған сусынды мөлшерден тыс пайдалану адам ағзасына кальций, темір секілді ең маңызды элеменнттерді жойып есесіне құрамындағы есірткі зат өміріңізді екі есеге қысқартады.«Кока-кола» және «Пепси» сусындарын дайындау кезінде пайдаланылатын карамельдердің құрамындағы бояулар қатерлі ісіктің дамуына әкеліп соғады».

Кока-коланы сатуға тыйым салу керек деп сенімді түрде айта аламыз. Өйткені күшті газдалған бұл сусынның құрамында қанттың мөлшерден көп екені анықталған.Дәрігер мамандар мен ғалымдар сараптамасына назар аударсақ, ішектің созылмалы ауруымен , асқазан ,өт жолдарының және несеп жолдары ауратындарға тұтынбауға кеңес береді.Адам денесіндегі гармондардың түзілуіне кері әсерін тигізіп, жиі қолданғандық шамадан тыс семіруге әкеледі.Жас адамдардың ағзасына әсері күшті.Мен де өз зерттеуім және  тәжірбием арқылы , осы сусынның   пайдасы мен зиянын  анықтаймын да , пікірімді  жазып , нәтиже   шығарамын деген ойдамын.

                                                 















Зерттеу деректері мен әдістері

Бастауыш сынып оқушыларының кока- кола сусынын қаншалықты ішетінін бақылау және бағалау үшін, нақты мәліметтер алу және толық жауап беру мақсатында сауалнама жүргізілді .

Зерттеу жұмысына жалпы білім беретін № 32 орта мектептің сыныптастарым және басқа да бастауыш сыныптарынан 92 оқушы қатысты.

Сауалнаманы жұмыстың авторы және оқушылардың келісімі бойынша алынды.Сауалнама жүргізер алдында сауалнаманы не үшін,қандай мақсатпен алатыны жайында түсіндірді.





















Негізгі бөлім

Төменгі сынып оқушыларының кока -коланы қаншалықты тұтынатынын қадағалауда келесілер анықталды. Оқушылардың 70% кока -коланы тұтынбайды. Оқушылардың 20% кока -коланы тұтынады. Оқушылардың 10% кейде тұтынады. (1 сурет).


Кока- коланың пайдалы жақтары:

Көктем , жаз  айларында жәндік,  шыбын  шағып алғанда ашып немесе ауырып  тұрған жеріңізге кока-коланы құйсаңыз, жеңілденіп қаласыз.

Кока-кола тотты жақсы кетіреді,үйдегі қолданыстан шығып қалған металл

заттарды  бірнеше  сағат сусынға салып  қойып, ысқылап  жусаңыз сол зат

тазарып  шағады.Кока-кола  сусынын тамақ  дайындауға да қолдануға болады.

Осындай айғақтардан кейін мен де өз тәжірбиелерімді істеп, өз ойымды, пікірімді сыныптас достарыма айтып, іс жүзінде көрсетін , олармен бөлісіп отырдым.


Қорытынды

Сөйтіп, зерттеу кезінде бастауыш мектеп оқушыларының көпшілігі,

кока - коланы тұтынбайтындығы анықталды.Кока-кола сусынына кесек ет салсақ, біраз уақыттан кейін бүрсіп, кішірейіп кететінін анам ескертіп айтқан еді.Бір ыдысқа кока-кола құйдым да, оған сүт қостым, көп күттірмей сүтім іріп кетті.Менің жасаған тәжірбиелерім көрсеткен дәлелді айғақтардан кейін бұл сусынның денсаулыққа кері әсері бар екеніне сенемін. Осындай айғақтардан кейін бұл сусынды мүлдем тұтынбау  керек дер едім. Кока-коланың сырын ұғып, біраз мағлұмат алдым. Оның адам денсаулығына әкелетін әсерін де білдік, бірақ бұл сусын барлық дүкендердің сөрелерінде толып тұрады, оны көрген біздер, әрине алып ішкіміз келіп тұрады. Мен бұл жұмысты жазғандағы басты мақсатым қандай да бір жаңалық ашу емес, достарыма аталмаш сусынның зияндығы туралы мағлұмат беру болатын. Осыдан кейін бұл сусынның денсаулыққа зиянды екенін ұғынып, бір бала болса да ішуден бас тартса, менің мақсатымның орындалғаны деп білемін.

Ал денсаулығына тікелей әсер ететін жай дұрыс тамақтануы, жеміс жидекке үйір болуы, дәріге емес, дәруменге, онда да жасандысына емес, табиғиларына жақын жүруі.Бірінші байлық денсаулық деген. Бір ғасырлық тарихы бар сусынды жиі тұтынбағанымыз жөн сияқты.













Библиографиялық тізім





1.ТОО «СП» «Кока-Кола Алматы Боттлерс» 2009.

3.Ғаламтордағы ақпараттар

5.Коланың жаңғағы 11.08.2012

 

 

 

 































9


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
691
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі