жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Асан қайғының жерұйықтв іздеуі
|
Мерзімі: 07.11.2017 |
Әдебиет |
Мұғалім:Құрбанбекова Т |
Сынып: 5 «Ә» |
|
Сабақ тақырыбы: |
Аңыз әңгімелер, шешендік сөздер. «Асанқайғының жерұйықты іздегені» |
||
|
Сабақ түрі: |
Жаңа, кіріктірілген сабақ |
||
|
Жалпы мақсат: |
Балалардың тілін ұстартып дүниетанымын кеңейту, жалпы адамгершілік рухта тәрбиелене отырып, Асан қайғының жерүйықты іздеудегі елге, жерге деген сүйіспеншілік қасиеті мен жолдарының мағынасын терең түсініп, білік дағдыны қалыптастыра өмір сүруге дағдыланады. |
||
|
Сілтеме: |
|
||
|
Күтілетін нәтиже нәтижесі: |
Кейіпкер бойындағы жақсы қасиеттерді көре отырып, үлгі етіп, қорытынды ой түйеді, шығармашылық қабілеттері артады. |
||
|
Сабақта қолданылатын материалдар: |
Презентация, Қазақстан Республикасының картасы, тірек сызба, мәтіндік тапсырмалар материалдары, бағалау смайликтері |
||
|
Оқыту әдістері: |
«Суретті болжау» , сұрақ-жауап, «Жигсо», «Венн диаграммасы» |
||
|
Пәнаралық байланыс: |
География, тарих |
||
|
|
|
Уақыт |
Жұмыс түрлері |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
2 мин. |
І Ұйымдастыру кезеңі 1. Топқа бөлу 2. Бағалау критерийлерімен таныстыру Топ мүшелерінің әрбір белсенділіктеріне смайликтер беріп отыру Әр смайлик-1 балмен бағаланады. |
Асанқайғының Желмаяға мініп, шарлаған қазақ жерінің атаулары жазылған қима қағаздар арқылы топқа бөлу. Бағалау критерийлері: 1.Үй тапсырмасы бойынша берілген тапсырма толық
орындалуы, сұрақтарға толық жауап
беруі- 3 балл |
Қима қағаздар арқылы 4 топқа 5-6 оқушыдан отырады Бағалау критерийлерімен танысады. |
|
10 мин. |
ІІ Үй тапсырмасын сұрау Шығармашылық жұмыс |
Ауыз әдебиетінің түрлерін пысықтау арқылы үйде орындап келген шығармашылық жұмыстарын көрсетуді сұрайды. Жетелеу сұрақтар қойып ойларын нақтылайды. 1.Өтірік өлеңінің ерекшелігі неде деп ойлайсыңдар? Бағыт береді. |
Ш.Мұртазаның туғанына 85 жыл толуына орай жазушының өмірбаяны, шығармашылық жолы тақырыбына жазған рефераттарын оқып, қорғайды. |
|
15 мин. |
ІІІ Жаңа сабақ Қызығушылықты ояту және мағынаны ажырату І «Болжау» кестесі Суретке қарап бүгінгі сабақ тақырыбына болжам жасау. Интерактивті тақтадан суреттер беріледі (Қария, түйе, қазақ даласы, карта )
ІІ «Жигсо» әдісі 1. 4 топқа төртке бөлінген мәтін үзінділерін топқа үлестіріп бөліп беру.. 2.Барлық топқа шартын таныстыру.
III Сөздікпен жұмыс |
Оқушылардың келтірген болжамдарын оқытады. 2. Сабақ тақырыбымен таныстырады, түсіндіреді. Сұрақ. 1. Аңыз дегенімізді естіп пе едіңіздер? 2. Қандай аңыздарды білеміз? 3. «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын қоныс» деген сөйлемді естігенде ойларыңа не келеді. Сұрақтар бойынша жауап алады, толықтырады. Жалпы аңыз әңгімелер мен Асан қайғы туралы түсінік береді.Жетелеу сұрақтар қояды. «Жигсо» әдісі» бойынша мәтін үзінділерін таратады, бағыт береді. 1.Берілген мәтінді жеке оқып , жұбымен, топпен ақылдасатынын, ойларын жинақтап топта талқылайтыны туралы түсіндіреді. 2. Әр топтың топ басшысы топ мүшелеріне мәтін мазмұнын түсіндіретіндігін айтады. 3. Әр топтың топ басшысы басқа топтарға айтқандарын жинақтап мәтінді мазмұндатқызады. Сөздікпен жұмыс Желмая- түйе Жиһан –дүние, жер –жаһан Жерұйық-жайлы қоныс Түз-дала,мидай дала |
Суреттке қарап оқушылар екі-үш сөйлеммен өз ойларын білдіреді шағын әңгіме немесе ертегі құрастырады, бүгінгі сабақ тақырыбына болжам жасайды.
Сұрақтарға жауап береді. Өз пікірлерін білдіреді.
«Жигсо» әдісі 1-қадам. Әр топ берілген мәтін үзінділерімен танысады. Топ мүшелерімен талқылайды. 2-қадам Әр топтың топ басшысы топ мүшелеріне мәтін мазмұнын түсіндіреді. 3-қадам Әр топтың топ басшысы басқа топтарға айтқандарын жинақтап мәтінді мазмұндайды. Тақтада берілген сөздерді мұғалімнің көмегімен мағынасын ашады, дәптерлеріне жазады. |
|
10 мин. |
ІV Бекіту 1.Пысықтау сұрақтары, тапсырма беріледі. 2. Саяхат «Асан қайғының жүрген жолдары» Қазақстан картасы арқылы Асан қайғы жүріп өткен жолдарды тауып, баға берген сөздері жазылған үлестірмелерді жабыстырады |
1.Асан қайғының жерұйықты іздеу мақсаты, арманы не? 2. Барған жеріне қонымды баға беруінің мәнін қалай түсінесіңдер? 3. Кім Асан қайғы сияқты тұрған жерлеріне баға бере алады. Оқушыларға бағыт береді. |
1.Оқушылар өз жауаптарын береді. 2.Оқушылар картаға қарап Асан қайғы жүрген жерлерді іздеп, тиісті үлестірмелерді жабыстырады, себебін Асан қайғының берген бағасымен, айтқан сөзінен дәлел келтіреді. |
|
5 мин. |
V Қорытынды «Венн диаграммасы» |
Ертегі мен аңыз әңгіменің ортақ белгілері мен ерекшеліктерін жазуды сұрайды.
|
«Венн диаграммасы» арқылы әр топ мүшелеі аңыз бен ерегінің ерекшелігін және ортақ белгілерін ажыратып жазады.Тақтада кестені толтырады |
|
1 мин. |
VІ Үйге тапсырма Шығармашылық жұмыс |
Үй тапсырмасы бойынша түсінік жұмысын жүргізеді, бағыт береді. Асан қайғы туралы зерттеушілердің пікірлерін кітапханалардан, интернеттен тауып, жазып келу. |
Күнделіктеріне жазады. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтарын қояды. |
|
2 мин. |
VІІ Бағалау Кері әсер парағы |
Әр топ мүшесі жинаған смайликетері бойынша топ басшысы бағалауын тапсырады.Стикерлерге бүгінгі сабақ бойынша нені игергендерін, нені білгілері келетіндерін жазып қалдыруларын сұрайды. |
Тақтада ілінген кері әсер парағына өз пікірлерін, нені білгілері келетіндерін, сабақ бойынша қорытынды ойларын жазып қалдырады. Күнделіктеріне бағаларын қойдырады. |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген