400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ә.Сәрсенбаев Туған жер

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды ақын өмірімен, шығармашылығымен таныстыру, «Туған жер» өлеңінің тақырыбын, идеясын ашу,оқушылардың сөйлесу мәнерін жетілдіру, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру,шығармашылық ізденісіне бағыттау, елін, жерін сүйетін ұл- қыздарды тәрбиелеу мақсатында мұғалімдерге арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі: А.Б.Тохлиева

Күні: 11.01. 2018 ж Пәні: Әдебиет Сыныбы: 6а


Сабақтың тақырыбы: Ә.Сәрсенбаев «Туған жер»

 Сабақтың мақсаты:  

1. Оқушыларды ақын өмірімен, шығармашылығыментаныстыру.  «Туған жер» өлеңінің тақырыбын, идеясын ашу.

 2. Оқушылардың сөйлесу мәнерін жетілдіру, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру.

 3. Шығармашылық ізденісіне бағыттау, елін, жерін сүйетін  ұл- қыздарды тәрбиелеу.

Әдісі:     сұрақ-жауап, ой-толғау.

Сабақтың көрнекілігі:  видеоролик

Пәнаралық байланыс:   қазақ тілі

      Сабақтың барысы:    І.Ұйымдастыру.

                                            ІІ.Жаңа сабақ.

І. Үй тапсырмасын сұрау

Туған жер деген  ұғымды қалай түсінесіңдер?



−         Дұрыс балалар, егеменді еліміз. Сол азаттыққа, егемендікке қашан қол жеткіздік?

−         Демек біз егеменді азат елдің ұландарымыз!

−         «Туған жер» туралы жазған қандай ақын-жазушыларды және олардың қандай шығармаларын білесіңдер?


 ІІ. Жаңа сабақ.

 Бүгінгі өтетін тақырыбымыз  Ә. Сәрсенбаевтың «Туған жер» өлеңі.(видеоролик көрсетіледі.)           

«Туған жер» өлеңін мәнерлеп оқу.  Түсініксіз сөздерді түртіп отыру.


 Сөздікпен жұмыс:

  Алабыңнан – кең алаң, өлке, аймақ. 

 Жиһан – жер жүзі.

  Арман – мақсат, тілек.

 Жұпар – аңқып тұратын хош иіс.

  Арай – атқан таңның шапағы.

  Көкірек – кеуде.

   Көркейту – сәндеу, құлпырту.

 Мәтінмен жұмыс. (жұптық жұмыс)

1- тапсырма

          Ақынымыздың туған жерге деген ыстық ықыласын, сүйіспеншілігін, сезімін танытатын шумақты тауып жаз.

2- тапсырма

          Майданда жүріп елін аңсаған шумақты тауып жаз.

3-тапсырма

          Ақынның туған жер туралы сезімі, ақынның туған жер алдындағы міндеті қандай?

 

          Адам баласы Отан, туған жері алдында міндетті, қарыздар. Сол сияқты тағы кімнің алдында қарыздармыз?

 −         Ананың!

 Демек, адам баласы туған жері, анасы үшін мәңгі қарыздар, көркейтуге,қадірлеуге міндетті.

 Талдау –  табыс кілті   «Туған жер» өлеңін сатылай кешенді талдау . (Әр оқушы өзі жазған шумағын талдайды.

→  Авторы:  Ә. Сәрсенбаев.

 → Тақырыбы: туған жерге деген сүйіспеншілік.

 → Идеясы: туған жер, елді құрметтеу.

 → Құрылысы: 4 шумақ, 18 тармақ, 11-12 буынды.

 → Ұйқас: қара өлең.

 → Эпитет: жұпар самал, алтын арай.

 Жеке жұмыс: «Топырағыңнан» сөзіне лексика-грамматикалық талдау.(Гүлназ, Таня)

 Бес жолды өлең құрастыру. (Эсмира, Әліби, Мейірбек)

1.Кім? не? Туған жер

2.Қандай?

3.Не істейсің?

4.Сөйлем

5.Синонимі

Шығармашылық жұмыс .(Аршат, Дәнел)


1)      Туған жерді көркейтуге иқандай үлес қосар едіңдер?

2)      Туған жер алдындағы борышымыз?

 Бекіту:             

  Елімізді қорғаған батыр бабаларымыз бен аналарымыздың бізге қалдырған аманатындай туған елімізді қорғау, нығайту – әрбірімізге парыз.

 Үйге:    Өлеңді жаттау.  

1-қатар Туған жер

2-қатар Сен құрметте оны қарағым! 

Бағалау.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
529
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі