400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашаршылық - қазақ халқының қасіреті

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп:

Астана қаласы. №69 мектеп-гимназия


Мерзімі: 05.03.2019

Мұғалімнің аты-жөні: Тулегенова Ш.К. Даулеева Г.Т.

Сынып: 9 Ә, 5 А


Сыныптан тыс іс-шараның тақырыбы:

“Ашаршылық – қазақ халқының қасіреті”

Мақсаты:


Қазақстанда Кеңес өкіметінің ұжымдастыру жылдарында орын алған ашаршылық себеп-салдарымен таныстыру. Оқушылардың Отаншылдық сезімін арттыра отырып – қиындыққа төзе білуге, болашаққа деген сенімдерін жоғалтпауға тәрбиелеу.

Іс-шараның өткізілу түрі:


Тарихи-әдеби кеш


Көрнекіліктер:

Тақырыпқа сәйкес презентация мен бейнеклип.

Іс-шараның барысы

Іс-шараның жоспарланған кезеңдері:

Жоспарланған іс-әрекеттер


Ресурстар

Басы

Профессордың кіріспе сөзі:

Ортаға профессор кейпінде оқушы шығады:

  • Армысыздар құрметті қауым! Мың өліп, мың тірілген қазақтың басынан не зұлматтар өтпеді десеңші. Ноғайлы болып аңыраған, Отырар болып қаңыраған, Ақтабан болып шұбырған қазақты кімдер де кімдер шаппаған. Біздің қазіргі Қазақстан Республикасының халқы 18 млн. Егер сол заманда сол бір қасіретке ұшырамағанда қазір біздің санымыз 60 млн болар еді. Ол қандай қасірет дейсіз ғой. Ол..... ол.......



Сахна артындағы дауыстар:

1-оқушы: Құдай атқан ашаршылық

  1. оқушы: Ақпан төңкерісі

3-оқушы: Халықтың жаппай қырылуы

4-оқушы: Зауал уақытындағы жұт

Презентация

1, 2 слайд



Бейнеклип қойылады.




Оқушы сөзі:










Көрініс:




















































































Ән «Атамекен»





Монолог:



















































Күй «Қараторғай»





Профессор сөзі (баға берілуі):







1 минут үнсіздік:





Оқушы сөзі (Ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіштер туралы)


























Оқушы өлең оқиды:






















Қорытынды.

Ән орындалады.





Бейнеклип экранда басталғанда профессор ақырындап шығып кетеді.






Сакенова Жансая:



Тәуелсіздік жылдары жарияланған деректерде кеңестiк билiктiң алғашқы 1920- 1930-жылдарында қазақтар 4-4,5 млн. адамынан айырылған. 1921-1922-жылдардағы аштық кезiнде 1 млн. 700 мың адам, 1932-1933-жылдары 2 млн. 300 мыңға жуық адам құрбан болған. Сол кездегі қазақ зиялыларының мәліметтері бойынша, ашаршылық апаты Алтайдан Маңғыстауға дейінгі қазақ даласын түгел қамтыған.


Аштықтан шұбыра көшкен халық, бірін – бірі сүйрелеген, сәбиін кеудесіне қысқан т.б. адамдар. (Аштықтан жол бойы құлап жатқан адамдар, бір бала жерге құлайды, анасы зарлап, жылап, баласын құшақтайды, екі әйел алып кетпекші болады, оған әйел бой бермей, баласын құшақтайды, схнадан шығып кетеді).


Күн шығысты бетке алып жан сауғалап үрке көшкен елден қалып қалған бір үйлі жан ілбіп басып ілгерлей берді.


Үйелмелі-сүйелмелі төрт баласын жетектеп жаяу босқан бейбақтардың азығы таусылғалы екі күн. Қап түбіндегі нанның қоқымын санап теріп, аштықтан шырылдаған төрт баласының ауызына салып, бұлдыр белесті бетке алып келеді. Емшектегісі мен жасы үштен енді асқан екі баласын құшақтарына алып, сегізден енді асқан естиярына тете алты жастағы екі баласын жетектеп келеді. Екі күннен бері нәр сызбаған ата-ананың көзі шүңірейіп, жағы суалған. Өлеусіреген әлсіз жанарларын ата-анасына тігіп екі бала ілби аяңдайды. Кішкентай сәбидің аштықтан жылай-жылай дауысы да қарлығып өшкен. Көмейінен қырыл ғана шығады...
Қара суды қатық қылғалы тағы екі күн. Балалардан әл кеткен. Адам жаны мұншама сірі болар ма? Дүниенің тозағы қағанағыңды жарып шыққан балаларың көз алдыңда солып, семіп бара жатқаны. Ақыреттің тозағы да бұған тең келмес...
Бір емес, төрт құлынының көз алдында солып бара жатқаны жанына батып, көзі қарауытқан әке:
Кепкен ағаштың қабығындай шытынай жарылған ерінін жалап алып:
"Төртеуін тең өлтіреміз бе? Одан да біреуін сойып, үшеуін аман алып қалайық. Емшектегісі ел қатарына қосылмас, соны сояйық",-деп шарасыздан әйелінің құлағына сыбырлады.


Бұны естіген шеше байқұс сәулесі сөнейін деген қос жанарын бағжаң еткізіп бір қарады да, құндақтағы баласын құшағына қыса түсіп, құбылаға қарап бүк түсіп отыра кетті. Жүзінің қызылы кетіп, еріні көгеріп, сүлдесі ғана қалған сәбиіне қарап аңырап тұрып жылады-ай. Иегі дірілдеп, екі иығы селкілдеп сәбиін құшты. Тарам-тарам аққан жас сұлық жатқан сәби бетіне тамшылады, ерініне тамған жылымық жасты қоңыр өңезделген кішкене тілімен болымсыз қимылдап жалаған болды сәби. 
"Тар құрсағымды кеңітіп, тас емшегімді жібітіп, омыртқамды үзіп өмірге алып келген балапандарымды көз алдымда алғанша, менің жанымды неге алмадың құдай?.. Шұнақ құдай! Келте құдай! Еңіреген елім, езілген ерімді көрсеткенің аздай, құлындарымның қырылғанын көрсетейін дедің бе құдай?.."

Көз шанағына іркіле қатқан екі тамшы жаспен ту алыста бұлдыраған тауға қабағын түйе қараған ерінің етегіне оралып “Анау тұрған дөңнен асайықшы, ел-жұрт жолықпаса көрерміз сосын”, деп булыға жылап, жалына үн қатты. 


Торсықтағы қара судан балаларының ауызына тамызып ілгері қарай аяңдады. 
Белестен асты. Иен дала, көзге тағы бір белес бұлдырады. Шарасы таусылған шеше байқұс
“екіншісінен асайықшы, ел-жұрт жолықпаса көрерсің",-деп ерінің шалғайына оралып еңірей жөнелді. 
Сіңіріне сүйеніп, сүрініп-қабынып екінші белестен де асты-ау. 
Көз алдында күйреп бара жатқан құлындарына қарайтын қуаты қалмаған әке қынына қол апарды. Тағы көрінген иен жер, бұлдыр далаға үміттене қараған шеше байқұс құдайға зарын айтып, қатқыл тарытқан әкеге жалына жылады. "
Үшіншісінен асайықшы, осы соңғысы болсын. Ел-жұрт жолықпаса айтқаның болсын. Қалай, қалай... қалай ғана қолың барады? Жарық дүниені жаңа сезіп, қос табаны қара жерге толық тимеген құлыныңды қалай бауыздамақшысың? Болмаса, болмаса мені бауызда. Осылардың жолында мен-ақ құрбан болайын, мен-ақ азық болайын. Тек, тек өлтіре көрмеші сәбиімді..."-деп зар еңіреді. 
Көнін сүйреткен көтерем балаларын кезек-кезек көтеріп, өліп-талып үшінші дөңнен де асты-ау. Тағы да иен дала. Қара терге түсіп, аштықтан бұратылып, екі тізесі дірілдеген әке қынындағы кездігін сурып алып, қалтырай басып, көзінен қан жауа ұмтылып барып орып ұмытла түскенде Құдайдың кереметін көрмейсіз бе, үшінші дөңнің үстінде он екі аша мүйізі сүзіскеннен ілініп қалған екі бұғы ешқайда бұлтара алмай тұр екен...



Орындаушы оқушы : Томирис әнді орындайды







Анамның әңгімесі (Мырзатай Жолдасбековтың естелігі бойынша)

Сауық құрып түзден оралғанымда налыған кейіппен: «Қасқырға қарындасыңды емес, сені тастауым керек еді» дегенін түсіне алмап едім. Ендігі әңгімені төсекке таңылған анам көзіне жас алып отырып баяндады. 

Небір сұмдық жайтты өткердік, ашаршылық кезеңде,

Барсың, байсың бір уыс дән қалған болса кесеңде.
Қу құлқынның қамы үшін жегендер бар баласын,
Мейірім жоқ, адалдық жоқ, адамдық жоқ кез елде.

Әл – дәрменім қалмаса да жүріп келем күні – түн,
Қарашығы көздерімнің екі балам үмітім.
Ұл – қызымда бұл нәубетте аман қалса арман не?!
Меңіреу түн! Сөндірмеші сорлы ананың үмітін.

Жүріп келем көксегенім жеткізбеді әлі де,
Тоқтай қалсам жым – жырт дала мінетіндей кәріне.
Аман қалсын деп екеуің тартып кеттім бір күнде
Кемербастау қайдасың деп қарамастан әліме.

Сорлы анаңның қара бұлттар торлай кетті аспанын,
Сезе қойдым, мақұлықтар мамық қарды басқанын.
Қан иісін сезген хайуан, тегін кетпес дедім де,
Амалым жоқ, құлынымды қанды ауызға тастадым.

Тоқтамастан ыстық жасым жуып кетті жүзімді,
Қасқырға жем қыламын деп ойлаппын ба қызымды.
Мен мың өліп, мың тірілген сол азалы шақтарым,
Мұз боп қатқан ұмытылмас өмірімнен үзінді.

Түсімде ол мені іздейді, маған қарай беттейді,
Апа дейді, бірде кел деп, бірде маған кет дейді.
Сәби дене жұламаланып, жемтік болған кездегі 
Шырқыраған үні әліге құлағымнан кетпейді.

Секундтармен арпалысып ойларымды еледім,
Бір әулеттің бір ұрпағы аман қалсын деп едім.
Қарындасың жүрегімнің ащы зары боп қалған,
Бірақ, балам ақ сүтімді ақтарыңа сенемін. 

Тастап кеткен айдалаға бейбіт күнде баласын.
Замананың ессіз дерті улап жүрген санасын.
Бауырындағы сәбиінен нәубет күштеп айырған
Мына сорлы, шерлі анаға жақсылап бір қарасын.



Оқушы ортаға шығып қобызбен «Қараторғай» күйін орындап береді.




Бір ұлттың жартысынан көбі қасақана әрекеттердің құрбаны болса, оған қандай тарихи баға берілу керектігін көзі қарақты кез келген азамат біледі. Ашаршылық құрбандарына тағзым да жетіспей жатыр. Тарихтың осы бір қасіретті кезеңін зерттеп жүрген отандық және шетелдік ғалымдар қазаққа бағытталған қызыл қырғынды «адамзат қасіреті» деп бағалады.



Ашаршылық және саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алу үшін 1 минут үнсіздік



2007 жылдың 31 мамырында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысымен «Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» болып белгіленді. Біз сыныппен осы сабақты ұйымдастыру барысында ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке барып, тағзым еттік. Осы ескерткіш қысқаша мәлімет беріп өтсем, ол 2012 жылы 31 мамырда Абай және Республика көшелерінің қиылысында орналасқан. Ескерткіштің авторы: Орал Әлібаев. Ол композицияның өзіне тиесілі бөлігін «Қасірет керегесі» деп атапты. Монументінің сәулеттік композициясы екі мазмұндық бөлімге негізделген. Монументтің негізгі идеясы көкке қолын жайып, үмітпен жәрдем сұраған, өз ұрпағына өмір тілеген әйел-ана бейнесінен көрінеді. Сәулеттік композицияның артқы қапталына «Қасірет керегесі» тұрғызылған. Сондай-ақ осы ашаршылық тақырыбын одан терңірек түсіну үшін Қуанышбаев атындағы театрда «Жұт» деп аталатын қойылымға бардық.

2017 жылы 31 мамырда Алматы қаласында 1931-1933 жалдардағы аштық құрбандарына арналған ескерткіш орнатылды. Алматыда Ескерткіш авторлары:  Дулат Үсенбаев, Айдос Бүркітбаев пен Қанат Бегүлиев. «Баласын кеудесіне қысқан ана бейнесі» Ана — бар тіршіліктің қайнар көзі, келешек кепілі. Ана қасіреті — ел қасіреті. Аштықтан бұратылған болашағын, сәбиін құшақтаған ана халі сол замандағы өмір мен өлім арасындағы қазақ халқының басынан кешкен тағдырын шынайы бейнелейтіндей. Бұл ескерткіштер біздің тарихтың ақтаңдақ беттерін есімізге салып тұрады.

Біздің​  халық күрескер мойымады,

Тарих өзі қазақты мойындады.

Тәуелсіз ел – бұл күнде Қазақстан,

Күш –білімін, өнерін бойындағы.

Сарқа жұмсап елінің ертеңіне,

Ата ұрпақ - жас өскін өркеніне.

Әнін естіп тоқтамас өмір ағын,

Бірге гүлдеп жасамақ өз елімен.

Сол ескерткіш бейнелеп аштық жылын.

Еске салар аштықтың құрбандығын.

Ақ таңдақтың айқара бетін ашып,

Қара жүзін аярдың етер жырым.

Өлісін тірісіндей ардақтаған,

Еліме Алла өзі төккей нұрын.

Сахнаға барлық қатысушылар шығады. Ортада бір оқушы «Оян қазақ» әнін орындап береді.



Экранда бейнеклип көрсетіледі.





Экранда 3, 4 слайд









«Елім-ай» әні орындалып тұрады.



Экранда 5,6,7, 8,9 слайд













































































Экранда 10,11,12,13, 14слайд




Ақырын әуен ойнап тұрады.


Экранда 15,16, 17 слайд














































Экранда 18,19слайд




Экранда

20-слайд






Экранда

21-слайд




22,23,24 слайдтарға сәйкес айтады.





























Экранда

25-26 слайд






















Экранда бейнеклип.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 наурыз
530
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі