400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

А.Сейдімбеков. Әйел-Ана

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға қауымына керек, әдіс алмасу үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: әдебиеттік оқу Мектебі:№ 3 орта мектеп, Қарақия ауданы

Күні: 15.10.18ж Мұғалімнің аты-жөні: Шаханова Рахима Аблазизовна

Сыныбы: 4 «В»-сынып


Сабақтың тақырыбы:

А. Сейдімбеков. Әйел-Ана

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары :

Ақселеу Сейдімбеков өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беріп, сабақтың тақырыбын ашу мақсатында талдау жүргізу.Ойын толық жеткізіп айту дағдыларын жетілдіру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Мәтінді оқиды, мазмұнын түсінеді. Кейіпкерлер туралы өз ойларын айта алады, өзі ой қорытады. Тапсырмаларды орындай алады.

Көптеген оқушылар:

Тақырыптың мазмұнын талдай алады.

Кейбір оқушылар:

Айтқан пікірлерін дәлелдейді.

Бағалау критерийлері

Оқушы оқу мақсатына жетеді,егер;

-Автордың қандай ақыл-өнеге бергісі келетінін табады.

- Ханның жарлығы мен Әйел-Ананың тапқырлығын, даналығын салыстырады, дәлелдейді.


Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөздік қорларын: ана- мама- mother , тапқырлық-находчивость-resoucefulness т.б. Осы сөздерді үш тілде меңгертемін.


Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмыс-ұжымшылдық, жеке жұмыс –өмір бойы білім алу, жұптық жұмыс –адалдық.

Пәнаралық байланыстар

дене шынықтыру, бейнелеу.



Бастапқы білім

Білім алушылар ана туралы ойларын жинақтайды.















Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар




Сабақтың басы:


3 - минут














5 – минут


Сабақтың ортасы


3 - минут










3 - минут





































Ұйымдастыру кезеңі:

-Оқушылармен сәлемдесу,сабаққа қатысуын түгендеу.

-Сабақ мақсатымен,тапсырмалармен және бағалау критерийлерімен таныстыру.

-Психологиялық ахуал тудыру:

«Сәлем алтын күнім менің»


Түрлі-түсті стикерлер арқылы топты үшке бөлемін.

Бірінші топқа: «Тапқырлар»

екінші топқа: «Алғырлар»

үшінші топқа: «Жүйріктер»


Қайталау –білім анасы


«Ыстық орындық» әдісі.

Ортада бір оқушы орындықта отырып, оқушылар қойған сұрақтарға жылдам жауап береді. Себебі орындық ыстық.

«Миға шабуыл» әдісі:

Оқушылар берілген мақал-мәтелдің мағынасын ашады.

Дескриптор:- оқушылар сұрақтарға жауап бере алады

Мақал-мәтелдің мағынасын аша алады.

Автор туралы мәлімет алады.

«Кім көп біледі?» әдісі. Оқушылар сыни тұрғыдан берілген сұрақтарға жауап береді:

«Балаға ең жақын адам кім?» «Неге олай ойлайсың?» «Сен анаңа қандай көмек көрсетер едің?» Дискриптор: оқушылар сын тұрғысынан берілген сұрақтарға жауап бере алады.

А.С.Сейдімбеков. Әйел-Ана

1.Мәтінді тізбектеп оқиды

2.«Джигсо» әдісі бойынша мәтінді бөліктерге бөліп, әр бөлімге ат қояды.

3.Әр топ өздеріне берілген бөлімді оқып, түсінгендерін қарсы топқа түсіндіреді.

4.Сыр сандықпен жұмыс: мәтін соңында берілген синоним сөздермен танысады.

Дискриптор: мәтінді тізбектеп оқи алады. Бөлімге ат қоя алады. Түсінгендерін қарсы топтарға түсіндіре алады.

«Ойлан тап!» әдісі бойынша оқушылар кластер құрып, қорғайды. 1-топ: Автор ертегі арқылы қандай ақыл-өнеге бермекші болды? 2-топ: Әйел-Ананың орнында сен болсаң не істер едің? 3-топ: Ер азаматтарды қорғаннан алып шығудың тағы қандай жолын ұсынар едің?

Дискриптор: Оқушылар берілген тапсырма бойынша кластер құра алады және қорғай алады.

Жұлдызшамен бағалау.

Сергіту сәті: «Қызыл гүлім- ай»

«Кім жылдам?» әдісінде балалар аудиожазба тыңдайды. Әйел-Ананың айтқан сөздерін анықтайды, дәлелдейді.

Дескриптор: Тыңдалым арқылы Әйел-Ананың сөздерін анықтай алады және дәлелдей алады.

Қ.Б: Бас бармақ арқылы бағалау


«Дәптермен жұмыс»

тәсілін қолданамын.

Ертегі түрлерін атайды, жазады.

Қ.Б. Оқушыларға кері байланыс беремін:

Жарайсың! Керемет! 


«Серпілген сауал» әдісі  бойынша сұрақ-жауап.

Оқушылар бір-біріне доп бере отырып, сұрақтарды лақтырады:


  1. Әйел-Ана есімімен аталатын қандай тарихи орындарды білесіңдер?

  2. Әйел –Анаға қатысты қандай мақал-мәтелдерді білесің?

  3. Қандай батыр аналарымызды білесіңдер?


Қ.Б. Оқушыларға кері байланыс беремін:

Жарайсың! Керемет! 

Дескриптор: тарихи орындарды атай алады. Анаға байланысты мақал-мәтел біледі. Батыр аналарымызды атап айтады.


Қ.Б Бағдаршам әдісі.


1.Үйге тапсырма: «Анаға арнау» тақырыбында эссе жазып келу.2.Ана туралы мақал-мәтелдер жаттау.

Рефлекция Кері байланыс «Желкенді қайық»

Маған қызықты болды----жасыл түс

Мен бүгін түсіндім----------сары түс

Маған қиын болды--------қызыл түс

Дескриптор;

Оқу, сабақ мақсаттарына қол жеткіземін деп ойлаймын. Оқушылар сабақ бойы өздерін еркін сезінеді. Топтық ұжымдық жұмыстарда ойларын ортаға салып, сыйластық ынтымақтастық қарым-қатынас жасай біледі.






































































Орындық, аквариум, балықтар






Интербелсенді тақта











Автор портреті


Интербелсенді тақта

















«Әдебиеттік оқу» кітабы




















Плакат, маркерлер, оқулық











Жұлдызшалар




Интербелсенді тақта


Ноутбук, дыбыс калонкасы











Оқулық, дәптер, қалам.







Доп.






интербелсенді тақта да тарихи орындар мен батыр аналар суреттері.



























7 - минут






















5 - минут

















3 - минут


5- минут



4-минут

















































Сабақтың соңы


2 - мин

минут








В есебі Түсініктеме



Қысқа мерзімді жоспар мұғалімнің бір сабақ барысында жүргізілетін іс-әрекеті мен жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану ретін, бағалау түрлерін, өтетін сабағына байланысты деректер мен ақпараттарды дайындау үшін жоспарланатын жазба түрі. Мен қысқа мерзімді жоспарды жасақтағанда 4-сыныптың әдебиеттік оқу пәні бойынша «Әйел-Ана» тақырыбын алдым. Қысқа мерзімді жоспарды жасақтау кезінде оқушының ойлау қабілеті мен шығармашылығын дамыту үшін қажет деп есептеген модульдерді қандай әдістер арқылы жүзеге асыратынымды ойладым. Мұндағы мақсатым : оқушыларға автор туралы мәлімет бере отырып, тақырыптың негізгі идеясын ашу, оқушылардың сын тұрғысынан ойлауына және өз ойларын топта талдап, саралап, дәлелдеуіне мүмкіндік бере отырып, олардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру. Сонымен қатар, сөздік қорын молайту, өзін және өзгені бағалауға үйрету.

Жаңа тақырыпқа кіріспес бұрын оқушылардың өткен білімдерін пысықтау мақсатында «Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер» модулін «Ыстық орындық» әдісі арқылы қолданамын. Сұрақтарға жауап берген оқушыларды «Сиқырлы фигура» әдісі арқылы бағалаймын. Оқушылардың тілдік қорын дамыту мақсатында мақал-мәтелдердің мағынасын ашу тапсырмасы беріледі. Тапсырманы орындаған оқушыны «Аквариум» әдісі арқылы бағалаймын. «Кім көп біледі?» әдісі арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін ояту мақсатында балаларға мына сұрақтарды қоямын: «Балаға ең жақын адам кім?», « Неге олай ойлайсың?», «Анаға қандай көмек көрсетер едің?».Бұл жерде мұғаліммен оқушы арасында диалогтің кумулятивті әңгімелеу түрі орындалады және мадақтау сөздері арқылы бағалаймын. Ал мәтінмен жұмыс кезінде «Джигсо» әдісі арқылы оқушылар мәтінді бөліктерге бөліп оқиды да, келесі топтарға барып түсіндіреді. Бұл әдіс оқушылардың есте сақтау қабілетінің қалыптасуына көмектеседі. «Ойлан, тап» әдісі арқылы оқушылар класстер құрып, қорғайды. «Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану» модулін «Кім жылдам?» әдісі арқылы пайдаланамын. Мұнда оқушылар аудиожазбадан тыңдау арқылы Әйел-Ананың айтқан сөздерін табады, дәлелдейді. «Талантты және дарынды балаларды оқыту» модулін «Серпілген сауал» әдісі арқылы қолданамын.

Қорыта келгенде сабақтарымда жеті модульді жаңа әдіс-тәсілдер арқылы қолдану оқушыларды білімділікке, жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа жетелейді. Ал мұғалімнің жаңашылдығын арттыруға мүмкіндік береді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 қаңтар
571
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі