400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әшекей бұйымдар

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы


Білім беру саласы: « Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті: Мүсіндеу

Тақырыбы: Әшекей бұйымдар

Мақсаты:Балаларға әшекей бұйымдар туралы жан-жақты түсінік беру,

саусақ қимыл-қозғалыстарының ептілігін қалыптастыру,мүсіндеу тәсілдерін

үйретуді жалғастыру; ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: үлгі мүсін ,әшекей бұйымдар,сүрткіш ,тақтайша ,ермексаз,бисер


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті


Ұйымдастырушы- қозғаушы күш





















Ұйымдастыру-іздену














































































































Рефлексивті-түзетушілік

Шаттық шеңберіне тұру

Тәрбиеші өлең жолдарын балалармен бірге айтады







2 топқа бөлініп тұрады





Іс-әрекетті бастамас бұрын топ ережесін қабылдайық

1 шуламаймыз

2 ақырын сөйлейміз

3 бір-бірімізге көмектесеміз

-Балалар ,мына қорапшаға қараңдаршы,мұны бізге кім жіберді екен?,ішінде не бар екен? көргілерің келе ме?

Оны білу үшін жұмбақ шешулерің керек.

Күнде оған қараймыз,

Шашымызды тараймыз

-, -*-Ал айна не үшін керек?

- -Дұрыс ,енді компьютер экранына назар аударайық. (суреттер көрсету)

-Ал ,енді қорапшаны ашып көрейік.(заттардың атын атайды)

—


Бұл заттарды бір сөзбен әшекей бұйымдар деп атаймыз.Оларды алтыннан , күмістен , мыстан балқытып жасайды.Оны жасайтын адамдарды зергер , ұста деп атайды.


-Әшекей бұйымдарды кімдер көп пайдаланады?



-Қане ,кім әшекей бұйымдар туралы өлең-тақпақ біледі?

-










Ойын ойнату «Қосылған затты ата...»

Шарты: Үстел үстінде бірнеше әшекей бұйымдары тұрады.

Балалар көздерін жұмады.Сол кезде 1 зат қосылады , қандай зат қосылғанын табулары керек.

Ғажайып сәт: Мысық келеді (көңілсіз)

Тәрбиеші:-Саламатсың ба ,Мысық.

Саған не болды?, неге көңілсізсің?

Мысық:-Сәлеметсіңдер ме? , достар.

Мен сендерден көмек сұрай келдім. Мен Мақта қыздың әшекей бұйымдарын сындырып қойдым, ал ол менің құйрығымды жұлып алды. Егер мен оған әшекей бұйымдарын апармасам , менің құйрығымды бермейді, маған көмектесіңдерші.

Тәрбиеші: - Қане достар, мысыққа көмек бересіңдер ме?

-Олай болса , мысық, қане, сен жоғары шық, мұңайма, біз бүгін мүсіндеу іс- әрекетінде әшекей бұйымдарды мүсіндеп, жасаймыз. Қане, балалар, әркім өзіне ұнаған әшекей бұйымдарды ермексаздан мүсіндеңдер. Сол жасаған бұйымдарды мысыққа берейік.

-Балалар ,ермексазды бөлу тәсілдерін есімізге түсірейік.

1 Бұрау әдісімен бөлу;

2 Шымщып бөлу;

3 Жіппен бөлу;

4 Таяқшамен бөлу.

Ал ,енді мүсіндеу іс-әрекетінде қолданылатын әдістерді еске түсірейік.

1 Алақан арасына салып немесе үстел үстіне қойып есеміз;

2 Егер жұмысыңды жалпақ пішінге келтіру қажет болса саусақпен басу арқылы жалпақтау;

3 Саусақпен созу әдісі;


4 Таяқшамен басу әдісі;

5 2 қолдың саусақтарымен қысу арқылы ию әдісін пайдаланамыз.

-Мүсіндеу әдістерін түсіндіру (жалпақтау, созу, басу, ию, алақан арасына салып есу).




Сергіту сәтін жасату:

Қане, қане, орнымыздан тұрайық, жайлап қана айнаға біз қарайық шашымызды тарайық

Сырғамызды тағайық

сыңғыр² сырғалар,

құлағымда ырғалар

Оң қолымда білезік,

саусақтарда сақина,

Міне маған қарашы,

әдемімін мен сондай!



Жасалған жұмыстарын Мысыққа береді.

Тәрбиеші: - Мысық, сен ендігәрі бұлай жасама, досыңа жамандық жасауға болмайды.

Мысық: - дұрыс айтасыңдар, мен дұрыс жасамаппын, енді мұндай істі қайталамаймын. Достар, сендерге көп рахмет ! Өте жақсы жасапсыңдар. Мен тез Мақтақызға осы бұйымдарды апарып беріп, кешірім сұрап құйрығымды алайын, сау болыңдар!

Тәрбиеші: - Балалар, сендер мысыққа өз көмектеріңді көрсеттіңдер. Енді барлығымыз ән айтып, шаршағанымызды басайық «Кел, билейік» әнін орындайды.

- Міне, барлықтарың бүгінгі іс-әрекетте өте жақсы жұмыс жасадыңдар, сендерге менің беретін сыйлығым бар, балаларды мадақтау, сыйлықтар беру.


Арайлап бүгін атты күн

Шашып бізге шапағын

Тілейміз сізге ақ таңның,

Қуанышын ,шаттығын

Қайырлы таң!,қайырлы таң!

Қуанышты күн бүгін!

1 топ-сәлем беру,

2 топ-сәлем алу үлгілерін

көрсетеді









ия





Айна

Түрімізді көру үшін,

әдемілігімізді байқау үшін



жүзік ,сырға ,білезік ,сағат, моншақ ,алқа , шаш қыстырғыш т.б








Қыздар ,апалар




Қырмызы:

Қос бұрымға тағылған,

Шашбау сылдыр етеді

Шолпыларың лағылдан,

Бір ырғалып өтеді.

Жанель:

Сырғаларың селт етсе,

Сыңғыр-сыңғыр етеді.

Қос білезік ,жүзігің,

Көзді тартып өтеді.





Ойынға белсене қатысады.






- Саламатсыз ба, Мысық!












- Ия














Мұқият тыңдайды


















Орындарынан тұрады,

Айнаға қарайды

Шашын тарайды

Сырға тағады

Құлақтарын ұстайды


Оң қолын алға созады

Саусақтарын қозғайды

Екі қолды кеудеге қояды

Басбармақты алға созады.















Сау болыңыз , мысық!










Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртуы: Әшекей бұйымдар жайлы жан-жақты түсінік алады

Түсінуі: Балалар мүсіндеу әдіс-тәсілдерін үйрене отырып, бастаған ісін аяқтай білуді

Қолдануы: Мүсінді жылдам жасап , басқаларға көмектесуді


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 сәуір
1592
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі