Әсем киіз үй
Білім беру
саласы:Шығармашылық
Оқу іс-әрекеті:Жапсыру
Тақырыбы: «Әсем киіз үй»
Мақсаты: Балаларға қазақтың дәстүрлі киіз үйі жөнінде
түсінік қалыптастыру.
Киіз үйдің негізгі бөлшектері мен қатар ішкі
жабдықтары туралы білімдерін бекіту. Шығармашылық қабілеттерін
дамыту.Қайшымен жұмыс жасау, желім
арқылы жапсыру дағдыларын қалыптастыру. Ұқыпты
жұмыс істеуге,
жұмысты мұқият орындауға
тәрбиелеу.
Билингвальды компонент:
Киіз үй – юрта, ою – орнамент.
Сөздік жұмыс:Киіз үй, асадал, кебеже.
Көрнекіліктер: Киіз үйдің суреті, ұлттық бұйымдар, слайд, дайын
аппликация
үлгілері, қайшы, желім.
Шаттық шеңбері
Көтеріліп шаңырақ ,
Уықтары шаншылар.
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер.
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз болып көрінер.
Ұйымдастырушылық-ізденушілік
Тәрбиеші, балаларға жұмбақ
жасырады.
Ұқсайтын шеңберге,
Қабырғасы жиылып, керіледі.
Жиһазы мол, кең бөлме,
Төбесінен жұлдыздар көрінеді.
Шешуі: Киіз үй.
Тәрбиеші киіз үйдің суретін көрсетіп, ол туралы
не білетіндерін сұрайды.
Балалардың жауаптарын тыңдайды, толықтырып
отырады.
-
Киіз үй қандай екен?
-
Киіз үй дөңгелек болады.
-Киіз үйді көбінесе қай жерлерге
тігеді?
-Киіз үйді жайлауға шыққанда
тігеді.
Тәрбиеші: «Әсем киіз үй» тақырыбындағы слайд арқылы
түсіндіреді.
Сөздік жұмыс: Киіз үй – ата-бабамыздан келе жатқан асыл мұра.
Киіз үй көшіп-қонуға өте қолайлы. Шаңырағы, керегесі, уығы,
сықырлауығы сияқты
Негізгі бөлшектері бар. Жабуы киізден
жасалады.
Билингвальды компонент:
Киіз үй – юрта, ою – орнамент.
Тәрбиеші: Киіз үй – тарихымыздағы ең алқашқы сәулеттік
құрылыс.
Көшіп-қонуға ыңғайлы, жер сілкінісіне төтеп
беретін қолайлы баспана. Киіз
үйдің жалпы салмағы 300-400 келіге жуық . Бұл
салмақты бір түйе еркін
көтере алады.
Кереге, уық , шаңырақ , сықырлауық – киіз үйдің
негізгі бөлшектері.
Соның ішінде кереге киіз үйдің негізгі қаңқасы
болып есептеледі. Ол
талдан, жіңішке қайыңнан
жасалады.
Киіз үйдің негізгі жиһаздарына – абажа,адырра,
жозы,сандық , кебеже,
жүкаяқ . Абажа – ас, тағам салуға арналып
жасалған сандықтың (кебеженің)
үлкен түрі. Асадал – тамақ пен ыдыс сақтауға
арналған. Сандық – әр түрлі
бұйым салуға арналып, ағаштан немесе темірден
жасалған бұйым.
Сергіту сәті: Бір
шаңырақ астында,
Тату-тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.
Достықты үлгі санаған,
Бір
үйде біз тұрамыз.
Қалған ата-бабамыздан,
Бірлік асыл мұрамыз.
Балалар, сендер 22-наурыз мерекесін білесіңдер
ғой. Мерекеге
Байланысты көрме ұйымдастырылмақшы, сол көрмеге
қоюға көтеген киіз
үй
қажет екен. Олай болса, біз балалар көмектесеміз
бе?
-
Көмектесеміз.
-
Қане, балалар біз «Әсем киіз үйдің» негізгі бөліктеріне, мына
үлгіден
мұқият қаррап алыңдар. Киіз үйдің сыртқы пішінін
қайшымен қиып алып,
ақ
қағаздың отасына желім арқылы жапсырамыз. Онан соң
негізгі
бөліктері: шаңырағы, есігі, сыртындағы ою-өрнекті
дайын үлгіні желім
арқылы жапсырамыз.
Қортынды:
-
Балалар, біз үйдің қандай негізгі бөлшектерін
білеміз?
-Кереге, шаңырақ , уық , сықырлауық
.
-Балалар қалай ойлайсыңдар, киіз үй жапдықтары
неден жасалады?
-Көшіп-қонуға ыңғайлы болсын деп, киіз үй
жабдықтарын теріден, ағаштан
жасалынады.
-Бүгінгі жасаған жұмысымыз сендерге ұнады ма? Осы
жасаған «Әсем киіз үйлеріңді» мерекеге байланысты көрмеге
қоямыз.
-Иә, әсем киіз үйді жапсыру
ұнады.
Тәрбиеші балаларды мадақтайды.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Киіз үй туралы және оның негізгі
бөлшектерін
Нені игереді: Қайшымен қию, желім арқылы жапсыру
дағдыларын
Нені білді: Ұлттық мәдениетіміз туралы