Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Әсемдікке талпыныс
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тексерілді: _______________ «____»______________________
Пән: Өзін – өзі тану
Мектебі: _______________
Күні: _______________
№: 7
Мұғалімі: _________________________
Сыныбы: 6
Оқушылардың саны:
Тақырыбы: Әсемдікке талпыныс.
Құндылығы: Ақиқат.
Қасиеттері: Барлығынан жақсылық көру, қарапайымдылық, ойдың, сөздің және істің бірлігі.
Мақсаты: Ақиқат құндылығы арқылы оқушыларды әсемдікке ұмтылдыру. Міндеттері:
|
Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 2. http://kz-minusovki.ucoz.kz 3. bilim-all.kz |
Сабақтың барысы:
5 Т – ережесі:
Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену» Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу
ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе
үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды
өтінемін. 2. Үй тапсырмасын тексеру. 1. №5 – сабақ. Оқулықтағы 6 – тапсырманы орындау 2. Келесі сабақ. №6, «Ұлыма хат» мәтінін оқып келу. Сұрақтар:
|
|
3. Сабақтың дәйексөзі. (Ұл балалар бір рет оқиды, қыз балалар бір рет оқиды, барлығы бірге қайталайды) Сұлулық адамның жүзінде емес,жүрегінде болады. Халық даналығы. Сұрақтар:
|
|
Ішкі сұлулық пен сыртқы сұлулық. Баяғы өткен заманда бір патша базардан екі құл сатып алыпты. Құлдарының бірі сиықсыз, тістері шірік әрі аузы сасық екен, ал екіншсі болса келбетті, маржандай тістері бар әрі аузынан хош иіс шыққан жағымды адам екен. Патша келбетті құлын сыйға бөлеп, моншаға жібереді. Аузы сасыған екінші құлды қасына шақырып: - Сені ұнатып-ақ едім, бірақ ана моншаға кеткен досың сен туралы көп жаман нәрселер айтты. Сен де қаласаң маған оның жаман тұстарын айтып бер,- дейді. Құл болса жолдасына шаң жуытпай, ол туралы еш жаман сөз айтпады. Патша қалай тырысса да мақтаудан басқа ештеңе айттыра алмапты. Екінші құлы моншадан қайтып келгенде, патша оны да сынамақ болып қасына шақыртты. Біраз мақтау сөз айтқан соң: -Ана досың айтып берген жаман
мінездерің болмаса жап жақсы жігітсің,- депті. Сөйтсе әлгі
ашуланып, жолдасы туралы қайдағы жоқты айтып, жамандай
бастайды. -Доғар сөзді, кімнің кім екенін енді білдім. Сен жамандаған жолдасыңның аузы сасыса, сенің ішің сасыған, шірік екенсің. Бар, сол жамандаған досыңның қол астында жұмыс істейтін боласың, – депті. Сұрақтар:
|
|
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. Оқушылар үш топқа бөлінеді. Тапсырма: Үш қатарға аяқталмаған өлеңді толықтырып, жалғастырамыз және айтқызамыз. 1 – топ: «Әсемдік» Күн сәулесі ...........................әдемі, ...............................керілгені әдемі. ............................. асыр салып жүргенде, Көк ................................. әдемі. 2 - топ: «Сұлулық» Жас шыбықтың ....................... әдемі, ................................... гүл ашқаны әдемі ...................................... кездесіп, Амандықты ........................................ 3 – топ: «Әдемілік» ........................... сайрағаны әдемі, ........................... ойнағаны әдемі. Ақ боз атын ерттеп .............................. .................. өріске ...................... әдемі |
|
6. Топпен ән айту. Әдемі Сөзі: А.Шяхметовтікі Әні: Ғ. Наурызбаевтікі Күн сәулесі төгілген әдемі, Кемпірқосақ керілгені әдемі. Көк шалғында асыр салып жүргенде, Көк көбелек көрінеді әдемі.
Жас шыбықтың бүр ашқаны әдемі, Алма ағаштың гүл ашқаны әдемі Қариялар жол үстінде кездесіп, Амандықты сұрасқаны әдемі.
Бұлбұл құстың сайрағаны әдемі, Қозы-лақтың ойнағаны әдемі. Ақ боз атын ерттеп мініп атамның, Қойды өріске айдағаны әдемі. |
|
7. Үй тапсырмасы. 1. №7 – сабақ. Әдемілік, сұлулық туралы мақал – мәтелдер жазып келу. 2. Келесі сабақ. №8, «Ақыл мен сезім» мәтінін оқып келу. |
|
Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. |
|