жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Әсемдікке талпыныс" Өзін -өзі тану пәнінен 6 -сыныпқа ашық сабақ
Бекітемін:
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Г.Алғалиева
Пән: Өзін – өзі тану
Мектебі: «Көктүбек орта мектебі» КММ
Күні: 18.10.2018 ж
Мұғалім: Г.Нугыманова
Сыныбы: 6
Оқушылардың саны:7
Тақырыбы: Әсемдікке талпыныс
Құндылығы: дұрыс әрекет
Қасиеттері: барлығынан жақсылық көру, қарапайымдылық, ойдың, сөздің және істің бірлігі.
|
Мақсаты: оқушылардың адамның сұлулығы, жан сұлулығы туралы түсініктерін кеңейту арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Міндеттері:
|
Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 2. http://kz-minusovki.ucoz.kz 3. bilim-all.kz |
|
Сабақтың барысы:
5 Т – ережесі:
Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену» Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу
ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе
үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды
өтінемін. Үй тапсырмасын тексеру 1.Немат Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» кітабынан «Ұлыма хат» мәтінін оқып келу. Сұрақтар:
|
|
|
Сабақтың дәйексөзі (бірінші топ бір рет оқиды, екінші топ бір рет оқиды, барлығы бірге қайталайды) «Адамның бойындағысының бәрі де: жүзі де, киген киімі де, жаны да, ойлары да әсем болуы керек» А.П.Чехов Сұрақтар:
Иә, балалар, сұлулық –адам жанын марқайтатын, көзін қуантатын, тамсанатын, сүйсіндіретін көрініс, қимыл-әрекет, пішін және ой-қиялдың жемісі.Ал, адамдағы басты сұлулық –ішкі жан дүниесі, мінезі, қалыптасқан әдептілігі, басқа адамдарға деген адамгершілік қасиеттері арқылы қалыптасады. Дәйексөзде айтылғандай, адамның сыртқы сұлулығы, яғни оның сырт бейнесі, киген киімі, жүріс –тұрысы оның ішкі рухани сұлулығымен сәйкес келсе нағыз сұлулық сол болмақ. |
|
|
Оқиға айту (Мұғалім сыйы) Атасы мен немересінен астарлы әңгіме Бала өсті. Айнаға жиі қарап және ашулы болғандықтан: — Мен сұрықсызбын! Атасы бұл сөздерді естігенде , немересіне былай деді: — Сіздің сұлулығыңыз сіздің мейірімділігіңізде. Бала атасына сеніп, жақсылық жасауға бастады – барлығына, барлық жерде. Ол сонша жақсылық жасауға асығып, өзінің ұсқынсыз екенін ұмытып кетті. Уақыт өтті. Ол жас жігіт болды. Бір күні , ол өзіне қарап тұрған екі әдемі қыздардың әңгімесін естіді : — Қандай сүйкімді жігіт! — Оның ішкі жан сұлулығы қандай жарық ! Жас жігіт өзінің атасын еске алды. « Дана атам Сізге рахмет !», — деп ойлады. Бұл әңгімеде атасы немересіне сұлулық келбетте емес, жүректе екенін түсіндірді. Әр адамның жүрегінің жібектей, жүрегі нұрға бөлеген деп те айтып жататыны рас. Сұлулық табиғатта бар, және де адамда жан сұлулығы мен тән сұлулығы деген бар ғой, соның ішінен жан сұлулығы маңыздырақ. Сұлулық жүректе де, келбетте де болады, бірақ бірінші ішкі жүрегіне мән берген дұрыс, содан соң сыртқы сұлулығына! Сұрақтар: 1. Атасы немересіне қандай сөздер айтады? 2. Атасына сенген бала не істей бастайды? 3. Сендер қандай адамдарды «Сұлу» деп айта аласыңдар? 4. Әңгіме қай құндылық туралы айтылған? |
|
|
Дәптермен жұмыс
2 –тапсырма Адамның жан сұлулығын бейнелейтін сөздерді тауып, «Әсемдік» атты сөзжұмбақты шешіңдер.
Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс Оқушылар екі топқа бөлінеді. Әдемі тәттілер арқылы Тапсырма: Екі топқа аяқталмаған өлеңді толықтырып, жалғастырады және айтқызамын. 1 – топ: «Әсемдік» Күн сәулесі ...........................әдемі, ...............................керілгені әдемі. ............................. асыр салып жүргенде, Көк ................................. әдемі. 2 - топ: «Сұлулық» Жас шыбықтың ....................... әдемі, ................................... гүл ашқаны әдемі ...................................... кездесіп, Амандықты ........................................ Ортақ ........................... сайрағаны әдемі, ........................... ойнағаны әдемі. Ақ боз атын ерттеп .............................. .................. өріске ...................... әдемі |
|
|
6. Топпен ән айту Әдемі Сөзі: А.Шяхметовтікі Әні: Ғ. Наурызбаевтікі Күн сәулесі төгілген әдемі, Кемпірқосақ керілгені әдемі. Көк шалғында асыр салып жүргенде, Көк көбелек көрінеді әдемі.
Жас шыбықтың бүр ашқаны әдемі, Алма ағаштың гүл ашқаны әдемі Қариялар жол үстінде кездесіп, Амандықты сұрасқаны әдемі.
Бұлбұл құстың сайрағаны әдемі, Қозы-лақтың ойнағаны әдемі. Ақ боз атын ерттеп мініп атамның, Қойды өріске айдағаны әдемі. |
|
|
Үй тапсырмасы 1. Әдемілік, сұлулық туралы мақал – мәтелдер жазып келу. 2. Келесі сабақ. №8, «Ақыл мен сезім» мәтінін оқып келу. |
|
|
Сабақтың қорытынды сәті Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық және алмаға жазып құндылық ағашына жапсырайық. |
|
«Көктүбек орта мектебі» КММ
Әсемдікке талпыныс
6 –сынып
Өзін –өзі тану
Пән мұғалімі: Г.Нугыманова

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген