Материалдар / Әсемдікке ұмтылайық
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Әсемдікке ұмтылайық

Материал туралы қысқаша түсінік
Әсемдікке ұмтылайық
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
280
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзiн-өзi тану сабақ жоспары

Мектеп: Тексерілді: ДОІЖО_____________Тақырып : Салауаттылық- өмір салтыҚұндылық: Дұрыс әрекетҚасиеттер: дұрыс тамақтану, тазалық.Мұғалiм:

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «салауатты өмір» туралы түсініктерін кеңейтуМіндеттері: -оқушыларды салауаттылық туралы ұғымдарын дамыту; -оқушыларды жақсылықты бойларына сіңіруге,өзіне,өзгелерге жағымды қарым-қатынас жасай білуге баулу; -сүйіспеншілікке,парасаттылыққа,сезімталдыққа тәрбиелеу.Сабақ барысы:Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады). Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
  • Үй тапсырмасын тексеру.
  • «Салауаттылық-өмір салты» шағын шығарма, 113беттегі аңыз әңгіменін мазмұның тексеру
    Сабақ барысын талқылау: Балалардың зейінін сабаққа аударып, үй тапсырмасына шолу жасау арқылы балаларды жаңа сабақ тақырыбына көшу. Сонымен қоса, дәйексөз арқылы жаңа тақырыптың мәнін ашу.
  • Әңгiмелеу (сұхбат).
  • Оқушыларды сабақ тақырыбына бағыттау үшін әңгімелесу жүгізіледі.Әңгімелесу сұрақтары төмендегідей: Адамның салауатты өмір сүруіне не кедергі болуы мүмкін? Зиянды әдеттерге адам неліктен үйір болады? Зиянды әректтерден аулақ болу үшін адамға қандай қасиеттер керек? Зиянды әдеттерге нелер жатады?


  • Дәйек сөз.
  • «Кімде–кім жеңсе,өз қорқынышын,өз жалқаулығын,өз сенімсіздігін жеңсе,бұл өмірде сол жеңіске жетеді» В.Суворовтың


  • Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
  • «Салауатты өмір салтының ұстанымдары-зиянды әрекеттерден аулақ болу; тиімді тамақтану; оңтайлы қимыл-қозғалыс, денені шынықтыру, жеке гигиена, көтеріңкі көңіл күй бойынша өз тұжырымдарыңды шығармашылықпен бейнелеп көрсетіңдер».Оқушылар тапсырманы жекелей немесе топқа бөлініп орындауларына болады.


  • Топпен ән айту.
  • Әрқашан күн сөнбесін Сөзін жазған Л. Ошанин Әнін жазған А. Островский Аударғандар І.Мәмбетов, К. Ыдырысов 1. Күн әдемі, көк әлемі, Бұл суреті жас баланың. Ақ қағазға салған өзі, Жазылған бар сөзі. Қайырмасы: Әрқашан күн сөнбесін, Аспаннан бұлт төнбесін, Қасымда болсын мамам, Болайын мен де аман. 2. Айрылмас дос, айнымас дос, Бейбіт өмір керек елге. Отыз беске біз келсек те, Тұрар жүрек сөз есте. 3. Анда солдат, мында солдат, Халық оқтан шошынады. Сұм соғысты, кан төгісті, Болдырмаймыз сәби үшін.


  • Үй тапсырмасы.
  • «Жанқұтты шешеннің батасы»атты мәтінін оқу(118бет)




    Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
    Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!