жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Әсет Наймантаев "Салиха-Сәмен" дастаны (10 сынып қазақ әдебиеті)
Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шәкірт ойы» (VII сынып)
Сабақтың мақсаты:
білімділік – оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін тереңдету,
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылық жолы жайында кеңінен мағлұмат беру, «Бір адамға» өлеңін жатқа сұрау, «Шәкірт ойы» өлеңімен таныстыру, мағынасын ашып, талдату;
дамытушылық – өлеңді оқыта отырып, оқушыларды мәнерлеп оқу, түсініп оқу шеберлігіне, өзіндік ой, пікір айта білуге жетелеу, шығармашылық және ойлау қабілеттерін, танымдық ізденістерін, көркем ауызша баяндау ретін, ой алғырлығы мен ойды бейнелеу нақыштарын қызықты грамматикалық ойындар арқылы жан-жақты дамыту;
тәрбиелік – Сұлтанмахмұттың оқу, білім алу мәселесіне арнап шығарған өлеңдері арқылы оқушыларды білімділікке, жақсылыққа, адамгершілікке, алдына мақсат қоя білуге, қасиетті қызыл тіліміздің үстемін көтеруге тәрбиелеу; шапшаңдыққа, сауаттылыққа, сүйіспеншілікке, әдеби тілде сөйлеуге, білімге үндеу, эстетикалық тәрбиеге баулу.
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың әдісі: мәнерлеп оқу, «миға шабуыл», ой түйіндеу, топтастыру, өлең құрылысына талдау,
шығармашылық жұмыс, «Дыбыстар сөйлейді», сұрақ-жауап, баяндау.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта, видеопроектор, үлестірме топшамалар, плакаттар, ақын кітаптары.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі.
Сабақтың өтілу барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
а) сыныпқа кіріп оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу
ә) сабаққа дайындықтарын тексеру
б) оқушылардың зейінін сабаққа аударып, оларды 4 топқа бөліп отырғызу.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы оқып, «Бір адамға» өлеңінің мазмұнын ашып, түсініп, мәнерлеп жаттап келу тапсырылған болатын.
Сұлтанмахмұттың өмірі мен шығармашылығы туралы қосымша сұрақтар қоя отырып үй тапсырмасын пысықтау.
1. Сұлтанмахмұт Торайғыров қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
2. «Бір адамға» өлеңі қандай адамға, кімге арналған деп ойлайсыңдар?
3. Өлең мәтініндегі мысқыл, кекесін мағынада қолданылған жолдардан нені байқайсыңдар?
4. Өлеңде қатынасатын кейіпкерлерді анықтаңдар. Олардың сөздерін, ойларын өлең мәтінінен бөліп оқып, өз сөздеріңмен әңгімелеңдер.
5. Ирония, сатира дегеніміз не?
Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920) – қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы аса көрнекті ақыны, ғажап ақыл-ойшысы. Ол – ұлы Абай дәстүрін жалғастырушы. Абай ашқан поэтикалық мүмкіндікті өзі өмір сүрген қоғам шындығын, қайшылығын бейнелеуге еркін де кең пайдаланған шебер. Сұлтанмахмұт өлеңдегі Абай өрнегін шебер пайдаланушы ғана емес, өзінің ақындық қуат-дарынымен жаңаланушы, ілгері дамытушы. Ол – қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті аталатын тұтас дәуірдің айрықша ірі тұлғасы.
Бейсенбай Кенжебаев
Асқақ арманды ақын
Сұлтанмахмұт 1893 жылы 28 қазан күні Көкшетау облысының Қызылту ауданында дүниеге келеді. Балалық, жастық шағы Баянауылда өтедіалалық, жастық шағы Баянауылда өтеді. Арғы атасы Торайғыр би болған, шешендігімен, әділдігімен ел арасында аты аңызға айналған. Өз заманының ірі тұлғасы болған. Мұқан, Тортай деген молдалардан сауатын ашады. Әдебиет, өнер-білімге бет бұрады.
Ақын 27 жасында 1920 жылы 21 мамырда ауыр науқастан қайтыс болады. Өзінің қысқа ғана тағдырында ақын биік арман, биік мақсатты арқалап, ғұмыр кешті. «Шындықтың ауылын» іздеді, күн болып надандықты ысырып, халқына бақыт әкелмекші болды. Сол себептен де ақын шығармашылығын зерттеген ғалым Б.Кенжебаев: «С.Торайғыров терең ойлы, ұшқыр сөзді, сұлу талғамды ақын еді» деп жазады.
С.Торайғыровтың айрықша назар аударған тақырыбы: оқу, білім алу мәселесі болуы да кездейсоқ емес. Өйткені, бір жағынан, сол кездегі қазақ даласы үшін бұл ең маңызды істің бірі десек, сондай-ақ ақынның, сондай-ақ ақынның ең алдыңғы қатарында болатын. Осы тақырыпқа бірнеше өлеңдер жазады: «Оқып жүрген жастарға», «Талапкерге», «Оқуда мақсат не?», «Бір баланың тілек батасы», «Шәкірт ойы», т.б.
Сұлтанмахмұт – өзінің көңіл күйін, қуанышы мен қайғысын, мұң мен назын, сүйінуі мен күйінуін өте шебер және нәзік етіп шерте білетін сыршыл, лирик ақын. Сондай өлеңдері: «Ләнет бұлты шатырлап», «Алты аяқ», «Күңгірт түспен ойға батып», «Ей, махаббат, ей, достық», «Дүниедегі қызықтың», т.б. өлеңдері де оның әр жағдайдағы көңіл күйін білдіреді.
Ақын творчествосының тағы бір үлкен саласы – «Адасқан өмір», «Кім жазықты?», «Кедей» поэмалары, «Қамар сұлу» романы. Бұл романда сол кездегі қазақ арасындағы етек алған ескі әдет-ғұрыптарды қатал сынай отыра, ендігі жастардың келешегі оқуда екендігіне меңзейді.
Ысқақ Дүйсенбаев
Бір адамға
Бір үйде жиюлы екен қазына мал,
Көрсетті бәрін бізге ақсақал шал:
«Бұрынғы атамызға сыйға берген,
Біздерде мынадай бар, мынадай бар!...»
Ол рас, аталарың шенге алыпты,
Арзан қып, қымбат емес, кемге алыпты.
Апыр-ай, қалай бұлдаған сатқандарын,
Оқа, түйме, сылдырмақ, теңге алыпты!
Суреттер және көрдім жүзі жарқын,
Ойладым: «Оңдырған-ау, баққан халқын!»
Соншама құны толық бұлды түйме,
Артында қалдырмас па жақсы даңқын?!
Дедім мен: «Құтты болсын шекпеніңіз,
Артқыға қандай егін еккеніңіз?
Жусақ та денемізден кетер емес,
Сондағы тұқым шашып сепкеніңіз».
Көргенде күміс кесе, алтын аяқ,
Бір сөзді тамағыма қойдым таяп:
«Қай момынның малы бар бұл аяқта?»
Демейінше болмады, қарап жай-ақ!
Отырдым, көрсем жекіп тастар ма деп,
Шал айтты: «Көріңіздер, жасқанба!» деп.
Кесені қолыма алып қарай бердім:
«Ішінде нақақ көзден жас бар ма?» деп.
Ирония
Сұлтанмахмұт Торайғыров 1914 жылы ел аралап жүріп, Павлодар маңының атақты шонжары Шорман аулына түседі. Байлығына мастанған Шорман ұрпақтары ата тегінің патша өкіметінен алған шен-шекпендерін, халықтың көз жасымен жиналған қазына-мүлкін көрсетіп, мақтаныш білдіреді. Мұны жақтырмаған ақын осыған байланысты «Бір адамға» өлеңін шығарады. Бай үйінің асыл жиһаздарын көрген ақын:
Суреттер және көрдім жүзі жарқын,
Ойладым: «Оңдырған-ау, баққан халқын!»
Соншама құны толық бұлды түйме,
Артында қалдырмас па жақсы даңқын?!-дейді.
а) Бұрынғы атамызға сыйға берген,
Біздерде мынадай бар, мынадай бар...
ә) Ол рас, аталарың шенге алыпты,
Арзан қып, қымбат емес кемге алыпты.
б) Ойладым: «Оңдырған-ау, баққан халқын!»
в) «Қай момынның малы бар бұл аяқта?»
г) Кесені қолыма алып қарай бердім:
«Ішінде нақақ көзден жас бар ма?» деп, – деген жолдардың астарлы мағынасын ашыңдар.
Бұл сөздер, бір қарағанда, мақтау сияқты көрінгенімен, олардың астарында зілді кекесін жатқанын байқау қиын емес. Келесі шумақтың мазмұны да осылайша астарлы келекеге негізделген.
Міне, осы сияқты сөздерді қарама-қарсы мағынада, кекесін мағынасында қолдануды ирония дейміз.
Сатира
Сұлтанмахмұт «Бір адамға» өлеңінде ел ішінде байлығына масаттанған бір адамның басқаларға істеген қиянатын, озбырлығы мен жиіркенішті қылықтарын батыл әшкере етеді. Өлең ащы мысқыл, зілді кекесін түрінде беріледі.
Көркем шығармада өмірдің бір жағымсыз жақтары мен құбылысын осылайша күлкі ете, мысқылдай суреттеуді сатира деп атайды.
III. Жаңа сабақты меңгерту
-
Оқушылардың Сұлтанмахмұт Торайғыров жайлы білімін тереңдету мақсатында хронологиялық кесте құру.
|
1983 жылы |
Қазіргі Ақмола облысының Қызылту ауданында дүниеге келген. Әкесі Шоқпыт ескіше хат таныған. Сұлтанмахмұттың балалық шағы ата қоныс Баянауыл өңірінде өтеді. Алғашында әкесінен хат таныған ол Әлі, Тортай, Мұқан деген ауыл молдаларынан сабақ алады. |
|
1908 жылы |
Сұлтанмахмұт Баянауылдағы Әбдірахман молдадан сабақ алады, бірақ оқуды тастап кетеді. |
|
1911 жылы |
Нұрғали деген мұғалімнен сабақ алып, көп нәрселерге қанығады. |
|
1912 жылы |
Троицкідегі Татар медресесінде білім алады. Қаржы тапшылығы оқуға мүмкіндік бермейді. |
|
1913 жылы |
Сұлтанмахмұт Торайғыров Троицкі қаласына келіп, «Айқап» журналында қызмет етеді. |
|
1917 жылы |
Семей қаласына келген Алаш партиясының басшысы Әлихан Бөкейхановты қолдайды. |
|
1918 жылы |
Алаш партиясының қайраткерлері Әлихан, Ахмет, Міржақыптарға арнап «Таныстыру» поэмасын жазады. |
|
1919 жылы |
Павлодарға келеді. Шідерті болысында революциялық комитеттің бастығы болады. |
-
Ақынның сан қырлы талантын ашып, топтастыру.


Сұлтанмахмұт
![]()
![]()

-
Ақынға арнау. Өлең тармақтарының соңғы сөздері берілген. Сол сөздерді байланыстырып өлең жазу.
Өлең үлгісі:
.................. ........... .............. арнаған,
.................. ........... .............. арлы адам.
.................. ........... ............... ............... ,
.................. ........... ............... жырлаған.
Мысалы:
Бар өмірін ақындыққа арнаған,
Табиғаты таңғажайып арлы адам.
Елі үшін сан толғанып, мұңданып,
Оян, қазақ!-деп желпініп жырлаған.
-
«Дыбыстар сөйлейді». Ақынның сан қырлы талантын ашу.
С – саңлақ
Ұ – ұлағатты
Л – лайықты
Т – талғампаз
А – арлы
Н – намысты
М–мақсатшыл
А – айбынды
Х – халықшыл
М – марғасқа
Ұ – ұлы
Т – талапты талант.
-
Сұлтанмахмұт өлеңдерінің негізгі тақырыптарын топтастыру (бұл тапсырма да жеке-жеке топтарға беріледі).
С
ұлтанмахмұт өлеңдерінің негізгі тақырыптары

-
Бүгінгі танысатынымыз Сұлтанимахмұт Торайғыровтың келесі шығармасы – «Шәкірт ойы».
Шәкірт ойы
Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып, күн болам!
Қараңғылықтың кегіне
Күн болмағанда, кім болам?
Мұздаған елдің жүрегін
Жылытуға мен кірермін!
Еңбек, бейнет тарауы,
Рақатқа сарқылар.
Қыздырып күннің қарауы,
Надандық теңізі тартылар.
Орны отайып, көгерер,
Қызығын жайлап ел көрер.
Тұрмыс, тағдыр – бірі де,
Бұл мақсаттан бұра алмас.
Қаһарман Рүстем, Әлі де
Бұрам деп жолда тұра алмас.
Сыланған жардың күлкісі,
Алдандырмас бір ісі...
Тапсырмалар:
1. Өлеңді мәнерлеп оқу.
2. «Миға шабуыл» әдісі арқылы талдау.
Шәкірт нені армандайды?
Елдің жүрегі неге мұздаған?
Ол неге жұлдыз емес Күн болуды армандайды?
3. «Менің ойым» ой түйін жасау.
4. Әр топтан екі оқушы тақтаға шығып топтастырады.
![]()
![]()
![]()
![]()
5. Венн диаграммасы арқылы ортақ қасиетін табу.
Шәкірт ойы
Менің ойым
![]()
![]()
Өз халқын сүйеді. Еліне адал қызмет еткісі келеді.
6. Өлең құрылысына талдау.
Қараңғы қазақ// көгіне//8 а
Өрмелеп шығып,// күн болам!//8 б
Қараңғылықтың // кегіне//8 а
Күн болмағанда, //кім болам?//8 б
Мұздаған //елдің жүрегін//8 в
Жылытуға// мен кірермін!//8 в
3 шумақ, 6 тармақ, 2 бунақ, 8 буынды кезектес ұйқас
7. Сөзжұмбақ шешу. Ерекше тор көзден бүгінгі сабақта Сұлтанмахмұт армандаған, қол жеткізгісі келген биіктің шешуін таба аласыңдар, әрине, егер дұрыс шеше алсаңдар.
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
Сұрақтар:
1. Қазақтың бас ақыны.
2. ... болмай, тірлік болмас.
3. Келешек сөзінің антонимі.
4. Адамға қажетті не?
5. Дыбысталуы бірдей, мағынасы әр басқа сөздер.
6. Жеке сөзінің синонимі.
7. Бала артта қалған ... .
8. Қысқа сөзінің антонимі.
9. Сұлтанмахмұттың оқуға Троицкіге баруына ықпал еткен ұстазы.
10. Ыстық, аңызақ сөздерінің синонимі.
11. Күндері ең аз ай аты.
12. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі.
IV. Сабақты бекіту.
1. Сұлтанмахмұт қанша жыл ғұмыр кешкен?
2. Осы қысқа ғұмырында нені мақсат етті?
3. «Шәкірт ойы» өлеңі сендерге қалай әсер етті?
4. Шәкірт мақсатын, өмірлік мұратын қалай түсіндіңдер?
5. «Күнге өрмелеу», «Қыздырып күннің қарауы» тіркестерінің мағынасын қалай түсінесіңдер?
6. Ақын туралы берілген баға, пікірлерден өзіңе не ұнады?
7. Біздер нені мақсат етіп, неге қол жеткізу жолында жұмылудамыз? Дамыған елу елдің қатарына кіруде сендер де өз үлестеріңді сапалы білімдеріңмен айқындай беріңдер.
V. Үйге тапсырма.
1. Сұлтанмахмұттың «Шәкірт ойы» өлеңін жаттау.
2. Өлең құрылысына талдау.
3. Сұлтанмахмұттың өмір жолын қосымша әдебиеттерден толықтырып оқып келу.
4. Ақынмен сырласу ретінде Сұлтанмахмұтқа арнап хат жазып әкелу.
VI. Оқушыларды бағалау.
Жаңа сабақты өте жақсы меңгеріп, сабақ барысында қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беріп белсенділігімен көрінген оқушылар «өте жақсы», «жақсы» деп бағаланса, сабақта нашар тәртібімен көзге түскен, сұрақтарға жауап бере алмаған оқушыларға «орташа», «қанағаттанарлық» деген бағалар қойылады.
VII. Сабақты қорытындылау.
Жүсіп Баласағұнидің «Біле бер, қанша білсең, тағы тіле, Жетерсің мұратыңа біле-біле» деген сөзін әрқашан естеріңізге сақтап, білмекке құмар болыңыздар. Бүгінгі сабақтан түйген ойларыңыз болашақ өмірлеріңізден көрініс тауып, күн нұрындай баршаға шуақ сеуіп жарқырап жүріңіздер.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген