400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Асхана құралдары

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

I Кіші топтарында ұйымдастырылған оқу қызметінің

Технологиялық картасы.

Білім салалары: «Коммуникция»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрлері: «Сөйлеуді дамыту»

Тақырыбы: Үй құстарына жем береміз.

Мақсаты: үй құстары және олардың пайдасы жайлы түсіндіру. Сурет бойынша әңгіме құрату арқылы ауызекі сөйлеулерін дамыту, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Балаларды үй құстарын қамқорлыққа алуға баулу.

Көрнекіліктер: қыз баланың тауықтарға жем беріп жатқан суреті.

Сөздік жұмыс: үй құстары.

Іс –әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс –әрекеті

Балалардың іс –әрекеті

Мотивациялық қозғаушы


Балалармен сәлемдесіп, С.Бегалиевтың «Қазым, қазым, қаңқылда!» өлеңін оқып береді:

-Қазым, қазым, қаңқылда!

Суда жүзіп саңқылда.

Жем шашайын жейсің бе?

Кәмпит берші дейсің бе?

-Жоқ,

-Жоқ.

Кәмпит тәтті болмайды ас,

Арпа менен бидай шаш.

Балаларға қимыл-қозғалыстар жасатады.

-Балалар, қазір қаз туралы өлеңге қимыл-қозғалыстар жасадық. Қаз қандай құс?

-Дұрыс, қаз – үй құсы. Үй құстары туралы естеріне түсіреді. Сұрақтар беріледі.

-Тағы қандай үй құстарын білесіңдер?


Балалар қуанышпен қимыл-қозғалыстар жасайды.







Балалар сұрақтарға жауап береді.

Іздену ұйымдастыру


Қыз баланың тауықтарға жем шашып жүрген суретіне балалардың көңілін аударады. Суретті әңгімелейді.

-Қорапта отырған құстарға қараңдаршы тауық «қыт-қыт» дейді, қаз «қаңқ-қаңқ» дейді, балапандар «шиқ-шиқ» дейді, ал әтеш былайша әнге басады: ку-ка-ре-ку. Қане бәріміз мына дәнді шашамыз, - деп үй құстарына жем береді. Балаларды қамқорлыққа үйретеді.

Сергіту сәті:

«Шөжелерім» әніне би қимыл-қозғалыстарын жасатады.

«»Не артық?» дидактикалық ойыны.

Суреттен артық заттарды табады.

«Тауық нені жақсы көреді?» дидактикалық ойыны.

Суреттен тауық нені жақсы көретінін табады.


Суретке қуанады.


Құстарға дән беруге ұмтылады.




Әнге би қимыл-қозғалыстарын жасайды.





Ойынды қуана ойнайды.

Не артық екенін табады.


Нені жақсы көретінін табады.



Рефлексивті –коррекциялаушы

Тәрбиеші балалардың жасаған қимыл-қозғалыстарын, сұрақтарға жауап бергендерін бағалайды.

Балалар құстарға қамқорлық жасауды үйренеді.



Күтілетін нәтижелер:

Біледі: құстарды сипаттауды;

Игереді: үй құстары туралы әңгіме құрастыра білу дағдысын;

Меңгереді:шөжелердің қимыл-қозғалыстарын салады.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
12 наурыз
822
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі