жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ащық сабақ Әр түрлі бұйымдарды шалма бізбен тоқу. 6сынып
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: |
Мектеп: №44 мектеп – гимназия |
||||||||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Мулдашева Магрипа Муханбетжановна |
||||||||||||
Сынып: 6 |
Қатысқандар: 10 Қатыспағандар: |
||||||||||||
Сабақтың тақырыбы:§15. Әр түрлі бұйымдарды шалма бізбен тоқу. |
|||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары |
6.2.3.3 Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау барысында қазақ ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану. |
||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
- Оқулықтағы мәтінмен танысып, тоқыма тоқу техникасы мен схемасын кесте арқылы нақтылайды; |
||||||||||||
- Қажетті құрал жабдықтарды пайдаланып, әртүрлі бұйымдар тоқиды. |
|||||||||||||
- Қолөнер журналдарынан шалма бізбен тоқылған өрнек схемаларын қарастырып, оларды талдап, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады. |
|||||||||||||
Бағалау критерийі |
Шығармашылық бұйымдар жасауда ұлттық мәдениет элементтерін пайдаланады. |
||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар біледі:
Негізгі сөздер мен тіркестер: Қолөнер, шалма біз, шартты белгілер, иірімжіп, тоқыма тоқу техникасы мен схемасы. Талқылауға арналған тармақтар: Тоқыма бұйымдарына мыналар... жатады. Тоқыма тоқу үшін мынадай ... құрал жабдықтар қажет. |
||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Зерттеушілік дағды қалыптастыру, қолөнердің бір түрі – шалма бізбен тоқыма тоқу түрлерін насихаттау. |
||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Сызу, химия, математика, геометрия. |
||||||||||||
Алдыңғы білім |
Тоқыма материалдарының жіктемесі мен сипаттамалары. |
||||||||||||
Сабақ барысы |
|||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңі |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|||||||||||
Сабақтың басы: |
«Шаттық шеңбері» (Қимылмен қайталаймыз). Қане, қане тұрайық Үлкен шеңбер құрайық. Оң жақтағы көршіге, Сол жақтағы көршіге, Күлімсіреп қарайық. Көкке қолды созайық, Бір-бірімізден озайық. Құшақтасып әркезде, Тату-тәтті болайық. Сыныптағы оқушылардың сәйкестігіне байланысты мата бөліктерімен 3 топқа бөлініп отырады. Қауіпсіздік ережесі мен тоқыма тоқу құралдарымен танысады. |
Қауіпсіздік ережесі шығарылған үлестірмелер |
|||||||||||
Сабақтың ортасы: |
«INSERT» әдісі. Оқулықтағы мәтінді оқып, түртіп алу жүйесі бойынша жұмыс жасалады: W – білемін, + жаңалық, - білмеймін, ? білгім келеді.
Қандай мәлімет жаңалық, не білетіндерін, не білгісі келетінін анықтап, тоқыма туралы жұпта талқылайды. С: жұмыс қарқыны және қорытынды бойынша жүзеге асады. ҚБ: «Көршіңмен алмас» әдісі арқылы кестені талқылайды.
«Кинометафора» әдісі арқылы тоқыма туралы бейнероликтен қарап, топта қорытындылайды. С: жұмыс қарқыны мен қолдау арқылы жүргізіледі. ҚБ: «Түсініксіз тармақ» әдісі арқылы оқушы өзін – өзі бағалайды.
«Блум түймедағы» әдісі: берілген мәліметтерді талдай отырып, шалма бізбен тоқылған өрнек схемаларының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады. С: Оқу ортасы және бағалау бойынша жүзеге асады. ҚБ: Басбармақ арқылы оқушылар өзара бағалайды. |
Бейнеролик
Қолөнер журналдары |
|||||||||||
Сабақтың соңы: |
Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары: Ұялы телефондардың қабы мен бас киімді шалма біз техникасында тоқып, қазақ ұлттық оюлармен безендіріңіз. Дескриптор: білім алушы - шалма бізбен тоқу техникасын қолданады; - таңдаған бұйымды шалма бізбен тоқиды; - дайын бұйымды қазақ ұлттық оюлармен безендіреді.
С: Үдеріс және қолдау бойынша жүзеге асады. ҚБ: бағалау дескриптор арқылы жүреді.
Кері байланыс: «Жеміс ағашы». Егер бүгінгі сабақты түсінсе, қызыл түсті жемістерді жемісті ағашқа жабыстырады. Егер түсіндім, бірақ әлі сұрақтарым бар десе, жасыл түслі жемістерді жабыстырады. Егер түсінбесе, сары түсті жемістерді жабыстырады. |
Шалма біз, жіптер, оюлар
|
|||||||||||
Саралау- Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және техника қауіпсіздік техникасын сақтау.
|
|||||||||||
Саралау сабақ барысында жүреді. «INSERT» әдісінде саралау жұмыс қарқыны және қорытынды бойынша жүзеге асады.«Кинометафора» әдісінде саралау жұмыс қарқыны мен қолдау арқылы жүргізіледі. «Блум түймедағы» әдісінде саралау оқу ортасы және бағалау бойынша жүзеге асады. Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларында саралау үдеріс және қолдау бойынша жүзеге асады.
|
Жұптық жұмыста қалыптастырушы бағалау «Көршіңмен алмас» әдісі арқылы кестені талқылайды. Топтық жұмыста «Түсініксіз тармақ» әдісі арқылы оқушы өзін – өзі бағалайды. Оқушылар бейнероликті қарап, өздеріне онша түсінікті емес бір немесе бірнеше тұсын топқа айтады. Содан кейін мұғалім мен сынып түсіндіру жолдарын іздестіреді. «Блум түймедағы» әдісінде басбармақ арқылы өзара бағалау жүреді. Қалыптастырушы тапсырмаларды дескриптор арқылы топтар өзара бағалайды. Кері байланыс «Жеміс ағашы» әдісі арқылы қорытындыланады. |
Тренинг, қауіпсіздік ережесі. |
|||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия: Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы қолжетімді болдыма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарыңыздан ауытқу болды ма және неліктен? |
Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||||||||
|
|||||||||||||
Жалпы бағалау:
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқу мен оқытуға қатысты)? 1. 2. Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді(оқу мен оқытуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекеленген оқушылардың жетістіктері – қиыншылықтары туралы нені анықтадам, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |
|||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген