400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ащық сабақ. Менің туыстарым

Материал туралы қысқаша түсінік
2 сыныпта әдебиеттік оқу пәнінен өткен ашық сабағым
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

  Әдебиеттік оқу17-сабақ


Бөлім

Менің отбасым және достарым

Педагогтің аты-жөні

Сагимова Жанар

Күні:

10.10.2023ж

Сынып:2 Ә

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

№17 Менің туыстарым.Туыстарым көп менің

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

2.2.2.1мұғалімнің көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба білу

Сабақтың мақсаты

Мұғалімнің көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба біледі.

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу.Оқуға ,еңбек етуге баулу. Шешім қабылдай алу

Сабақтың барысы

Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы.








Ұйымдастыру кезеңі.

Психалогиялық дайындық.

Бір үйде біз нешеуміз?

Кел, санайық екеуміз.

Бас бармағым – атам,

Балаң үйрек – апам,

Ортан терек – әкем,

Шылдыр шүмек – анам,

Кішкентай бөбек – мен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.

Атамнан басталар,

Әжеммен қосталар

Отбасым мыналар:

Ең жақын адамдар –

Әкем мен анам бар,

Бір туған ағам бар,

Бәрін жақсы көремін,

Еркелеймін, еремін!


Үй тапсырмасын сұрау

Менің әжем

Әжесін кім жақсы көреді?



Оқушылар өзінің үйде кімдермен бірге тұратынын, олардың аты-жөні мен үйдегі атқаратын міндеттерін айтады.












Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріп түсінік айтады.

Жарайсыңдар! Керемет!


















Дескриптор:Мәтіннің мазмұнына сәйкес қойылған нақтылау сұрақтарына жауап береді



Сабақтың ортасы



Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлаймын

Сөзжұмбақты шеш. Туыстық атауларды есіңе түсір

1. … отбасынан басталады.

2. Әкеңнің әкесі – … .

3. Сен әкеңе кім боласың?

4. Мейірімді жан – … .

5. Ағайынды адамдар бір-біріне …

6. Ұлдан кіші қыз бала – … .

Жауаптары: Отан,ата,бала,ана,бауыр,қарындас.

Ендеше бүгінгі сабағымыз осы туыстық атауларға байланысты болмақ.

Менің туыстарым

Ойлау дағдысы: білу, түсіну

Автор туралы мәлімет беру

(1938 - 2006)

Ермек Өтетілеуұлы – балалар ақыны.

Бұрынғы Ақмола қаласында дүниеге келген.

Ақыл “Әдептілік - әдемілік”, “Төрт түсті жер үсті” т.б. кітаптардың авторы.

«Үш минуттық пауза» әдісі арқылы өлеңді түсініп оқыту

Нұсқаулық:Балалар өлеңді 3 минут үнсіздікте отырып оқиды.

Ең жақын адамдар деп кімдерді айтуға болады?

Отбасындағы ұлдардың үлкенін кім дейміз?

Автор туыстық туралы кімнен естіген?

Анықта

Өзіңнен кіші ұл бала саған кім болады?



















Балалар өлеңді іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып, қажетті ақпаратты тауып, сын тұрғысынан бағалап оқиды.

Балалар сұрақтарға жауап береді



Дескриптор: Сөзжұмбақты шешеді



Жарайсыңдар!











Дескриптор:Өлеңді түсіне отырып оқиды









Керемет!



Таратпа материал















Әдебиеттік оқу оқулығы. Алматы


Сергіту сәті

«Әжемнің сарқыты»



Мұғалімнің кері байланысы: Жарайсың! Тамаша!



Музыка










Сабақтың соңы


Бекіту тапсырмалары

2- тапсырма. Топтық жұмыс

«Дәптермен жұмыс» айдары

«Анамның анасы – нағашы әжем бар» деген өлең жолына қарап,анасының анасы нағашы әже болатындығы туралы ой қорытуына ықпал етеді.



«Ойлан тап»

Жұмбақтар жасыру

1.  Маған да, саған да,
 Жақын туыс бес адам.
 Үш әріптен тұратын.
 Онға оқы, солға оқы
 Өзгермейді еш одан.
 Бәрі-де өз жұртың
 Айтады, қане кім атын? (ана, апа, аға, іні, ата)

2. Айтары мол ғұлама,
Көп жасасын бұл адам,
Әкесі ол әкеңнің
Білер оны сұраған.
Ол кім?  (ата)

3. Атаңның баласы,
Кей кезде таласып.
Қаласың әжеге
Білгенің асады кәдеге.
Ол кім? (әке)

4. Бала бала, бала деп,
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған.
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей.
Иісін жұпар аңқытқан.
Бұл кім? (ана)

5. Дегенімді жасайтын
Қалған тамағымды асайтын
Ертіп алып жетектеп
«Немерем» – деп атайтын? (әже)

ҚЖ

Оқушылар өлеңді үлгідегідей анықтама түрінде өзгертіп жазады.

Анаңның анасы – нағашы әжең,Анаңның әкесі – нағашы атаң.Анаңның аға-інісі – нағашы ағалар, Анаңның апа-сіңлісі–нағашы апалар.



Оқушылар жұмбақтарды шешеді

Дескрипторы:

өлеңді анықтама түрінде өзгертіп жазып, шығармашылық жұмыс жасайды.



Қорытындылау


Үй тапсырмасы. Өлеңді мәнерлеп оқу

Рефлексия

«Басбармақ « әдісі





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
15 сәуір
397
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі