400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әскер-әліміз, армия-абройымыз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәлімет тәрбиешілерге өздеріне керек мағұлматтар алу үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы



Әскер – әліміз, армия- абройымыз!

Жүргізуші: 7- мамыр- Қазақстан Отан қроғаушылар күні. Тарихтағы әрбір даңқты күндер секілді бұл мерекміздің өзіндік сыры жетерлік.

Егеменді еліміздің тыныштығын және бейбітшілігін қорғау, бұл әр азаматтың қасиетті борышы екендігі баршамызға әйгілі. Ал Отанды қорғаушылар тек қана білектің күшіне сүйенушілерден ғана болмай, ақылы мен қайраты, күш-жігері мен зердесі бірдей мықты болғаны – бұл ел қорғаушы ерлерге ежелден қойылып келе жатқан талап.Сонымен бірге ең жарқын ,ең үлкен мереке Жеңіс күні келе жатыр. Біздің аталарымыз біздің бақытты болашағымыз үшін қасық қандары қалғанша шайқасып, бейбіт өміріміздің аяқ басқанына 75 жыл толды . Құрметті аталар мен әкелер барлығыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймыз.


Жүргізуші: Арыстандай айбаттым,

Жолбарыстай қайраттым,

Аспандағы байрақтым,

Қанша жұлдыз жайнаттың,

Қанша бұлбұл сайраттың

Қазақстан ардақтым! дей отырып сіздердің назарларыңызға «Еркем-ай» ортаңғы тобының «Әскер – әліміз, армия- абройымыз!» атты ертеңгілігімізді ұсынамыз


Залға «Десант» әнімен ұл балалар саппен кіріп әскери қимылдар жасайды.

Қыздар орындарынан тұрып балалардың әкелеріне жасаған сыйлықтарын береді.


Жүргізуші: Құрметті аталар, ағалар, әкелер сіздердің мерекелеріңізге жасаған балаларымыздың сыйлықтарын қабыл алыңыздар.

Балалар орындарына отырады.


Жүргізуші: Құрметті болашақ Отан қорғаушы ұландарымыз біздің Қазақстанымыздың Отан қорғаушы күшіміз қандай болу керек кәне экранға көңіл бөлейік.


Жүргізуші: Көрдіңдер ме балалар Отан қорғаушылар дегеніміз кімдер екен. Ертен сендерде өсесіңдер, азамат боласыңдар, болашақ Отан қорғаушылар сендерсіңдер.


Жүргізуші: Ел қорғайтын, ер ағалар-

Ардағымыз, арымыз.

Ерлер тойын, елдің тойын,

Бәрі: Қарсы аламыз бәріміз!


Ән: «Жеңіс күні»

Ал, енді достар, мерекемен құттықтауға келген жас ұландарға кезек берейік!

1 – бала: Тапталмайтын түнгі ізі,

Сақшысы болам Отанның

Жарқырап жанған жұлдызы

Келеді ұлан атанғым.


2 – бала: Туған жердің әр тасы

Маған ыстық қашаннан.

Бұйраланған аршасы;

Қорғайтын - ер боламын.


3 - бала: Тапталмайтын түнгі ізі,

Ұланы болам Отанның

Жарқырап жанған жұлдызы,

Жалғаймын жолын Ағаның!



4- бала: Ей жігіттер!

Сендерге артар міндет көп.

Көтер биік ата салтын құрметтеп

Ақтай білсең ата-баба үмітін

Әрбір сөзі – тәлімі мол бір мектеп.



5– бала: Буырқанып тұрса да барша маңым,

Ақ сұңқардай дауылға қарсы ағамын.

Қиындықты алмастай қиып өтіп,

Бәрі: “Жаса, Бейбітшілік! – деп жар саламын.



Жүргізуші: Ағалар саптан шықпасын,

Аналар қабақ шытпасын,

Бақытқа жетіп бар адам,

Сәбилер тыныш ұйықтасын,- дей отырып, –дей отырып біздің қыздардың орындауында «Ақ көгершін» биін тамашалаңыздар


Би: «Ақ көгершін»


Жүргізуші: Бәрекелді, қыздар! Ұлдарымыз демалып қалды ғой деймін , олай болса «Кім тез қимылдайды» ойын ойнайық.

Ортаға 2- бала шығады.

Ойынның шарты: жерге жатып, қолын тіреп жоғары тартылу(отжимание)

Жүргізуші: Енді тағыда бір ойынның кезегі келіп тұр.

«Кімнің әкесі күшті»

Ортаға екі әкелер шығады

Ойынның шарты: Баласын иығына отырғызып отырып – тұру.


Жүргізуші: Сіздерге көп- көп рахмет ертеңгілігімізді ары – қарай жалғастырайық . Ендігі кезекте викториналық сұрақтар.


  1. Біз қай Республикада тұрамыз?- Қазақстан

  2. Бас қаламыз қай қала?- Астана

  3. Рәміздерімізді кім біледі?



Балалардың жауабын анықтау.



Жүргізуші: Қыран-бүркіт көтерер

ердің нарқын,

Қыран жігіт асырар

елдің даңқын!-

демекші, енді жігіттерміздің өнерін тамашалайық.


Ұлдарымыздың орындауында «Моряктар» биі


Жүргізуші: Ойын «Сенің қызым ең сұлу»

Келесі ойынға қыздарымыздың әкелерін шақырамыз.

Ойынның шарты: Қыздардың көзін байлап әкелерін таптыру


Жүргізуші: Балақаймын бүгін мен,

Кіп-кішкентай баламын.

Ертең менде өскенде,

Ел қорғауға барамын.дей отырып жас ұландарымызды тағы бір ортаға шақырамыз.


6- бала: Мен қазақпын, ұланымын елімнің

Мен қазақпын, тірегімін жерімнің

Ұланымын туын көкке көтерер

Болашаққа алға бастап жетелер

Қиындығын қазағымның әрқашан

Қайыспайтын қара нардай көтерер


7- бала: Көз тойғысыз қазағымның жері бар

Ну орман, тауы, өзені, көлі бар

Қазағымның жерін, елін қорғайтын

Жас жеткіншек, ұланы бар, ері бар


8- бала: Міне, осындай егеменді еліміз

Кең жазира ұлан байтақ жеріміз

Туған елін, туған жерін сүйетін

Біз қазақтың ұланымыз, еріміз.





9- бала: Бұл – гүлденіп жайнаған,

Гүлстандар Отаны!

Бірін–бірі сыйлаған

Туысқандар Отаны!


10- бала : Бұл – ғажайып мұратты

Халықтардың Отаны!

Алтын заман құратын

Алыптардың Отаны!


11- бала: Сол алыптың бірімін –

Отанымның ұлымын!


Жүргізуші: «Жеңіс» деген – жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы,

Күрескердің арманы мен ұраны

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.


Ендігі кезекте тамашалайтындарыңыз би «Катюша»



Жүргізуші: Жүреміз даңқты жолдармен,

Қырандар бірге самғаған.

Әзірге титтай болғанмен

Ертеңгі ел қорғаны – мен болам!


Ән «Отаным»




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
804
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі