400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әскербектің әтеші

Материал туралы қысқаша түсінік
педагог-зеріттеуші
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы:

Р. Әбілқадырова. «Әскербектің әтеші»

Жалпы мақсат:

Оқушыларды Р. Әбілқадырованың «Әскербектің әтеші» атты әңгімесін түсініп оқу арқылы, әңгіменің түйінін ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту. Сыни ойлауға бағыттау. Өзін-өзі реттеуге үйрету..

Сілтеме:

Жалпы білім беретін мектептің 4 – сыныбына арналған «Әдебиеттік оқу» оқулығы Алматы «Атамұра» 2015 жыл

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

Балалық шаққа саяхат бөлімндегі қызықты оқиғалар арқылы балалар өздеріне арналған туындылармен танысады. Үй жануарларына деген мейірімділікке үйренеді. Шығармашылық қабілеттері, өмірге деген қызығушылығы артады. Есте сақтау қабілеттері дамиды.

Негізгі идеялар:

Сыни тұрғыдан ойлау арқылы диалогтік оқыту жүзеге асады. Зерттеушілік әңгімеге төселеді. Ынтымақтаса жұмыс істеуге дағдыланады. Өз бетімен білімді меңгереді.

Сабақта қолданылатын материалдар:

1.А-3, А-4 парақтары 2.Стикерлер 3. Желім 4.Оқулық 5. Маркерлер, қарандаштар

Оқыту әдістері:

Жаңа әдістер, СТО, АКТ, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, Талантты және дарынды балаларды анықтау.

1. Диалог

2. Топтық жұмыс.

Дерек көздері:

4 - сыныпқа арналған «Әдебиеттік оқу» оқулығы, әдістемелік

Тапсырмалар:

Болжау, қарама – қарсы стратегиясы, топтастыру, түртіп алу, мәтінді іштей оқу.

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Ұйымдастыру

10 минут

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

А) Психологиялық дайындық. 2 минут.

Сәлемдесу үш тілде.Оқушылардың назарларын сабаққа аудару. Топ ережелерімен, бағалау критериімен таныстыру.

Үй құстарының түрлерімен топқа бөлу.

Ітоп Әтеш,ІІтоп Тауық, ІІІ топ Үйрек,

4 топ Қаз.

Үй құстарының түрлерімен топқа бөлінеді.

Ітоп Әтеш

ІІтоп Тауық

ІІІ топ Үйрек,

4 топ Қаз.

Ә) Өткен сабақты еске түсіру.

5 минут.

Үй жұмысы: «Мектептен жырақ жол» мәтіні

1. Үшінші тоқсанда Бақытжанның сабағы неге төмендеп кетті?

2. Телефоннан естіген хабар Бақытжанның анасына қалай әсер етті?

3. «Бармағын тістеу» дегенді қалай түсінесің?

4. Бақытжанның анасы неге бармағын тістеп тұрып қалды?

5.Әңгімеден қандай қорытынды жасауға болады? Бақытжан қандай бала?

- 3. Бақытжан болған жайды айтып, досына былай деп хат жазды.

Қандай ұят десеңші! Ұялғаннан менің жылағым келді. Анамды көргенде кірерге тесік таппадым. Себебі, мен (ары қарай хатты өзің аяқта) ...

Оқушылар мәтіннен түсінгенін әңгімелеп, сұрақтарға жауап береді.

Оқушылар досына жазған хаттарын оқиды. Өздері кемшіліктің қайдан шыққанын түсінеді.

Б) Сыныптың білім деңгейін анықтау.

- «Балалық шаққа саяхат» тарауы бойынша не үйрендік?

Балалар өз өміріндегі қызықты күндерді еске түсіреді.

ІІ. Тұсау кесер

(Жаңа сабақтың тақырыбын ашу)

5 минут

Қызығушылықты ояту. 5 минут.

Жұмбақ

Тегеурінді,айбарлы,

Кең кеуделі, айдарлы,

Таңнан елді оятып,

Көңілі оның жзайланды. (Әтеш)

- Бес жолды өлең: Әтеш

- Жаңа сабақты және тақырыптың мақсатын хабарлайды.- Әскербектің әкесі: «Кішкене жүрегіңнің дарқан мейірімінен айналайын!» - деп неге айтты? Оны әңгімені оқу арқылы білейік.

Жұмбақтың шешуін табады.

Балалар өз пікірлерін айтады.

Бес жолды өлең құрастырады.

Күтілетін жауап: Не? Әтеш

Қандай? Әдемі, сүйкімді

Не істейді?Шақырады, жүреді, шоқиды.

Сөйлем: Әтеш үш мезгіл шақырады.

Синоним: Қораз

ІІІ. Жаңа тақырып Негізгі бөлім. 20 минут.

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

Мағынаны ашу.

Дәптермен жұмыс: Күннің жады.

Р. Әбілқадырова. Әскербектің әтеші

Оқулықпен жұмыс. Болжау стратегиясы.

Мәтінді бөліктерге бөліп, әрі қарай не болғаны болжанады, сәйкестендіріледі.

1. «Тамам елге күлкі болмай, ана сұмырай әештің көзін жойып, басын қырқып тастау керек», - деді. Содан соң не болды деп ойлайсың? ...

2. Екеуі отыра қалып, әрі ойланып, бері ойланып, Сарыбастың көзі тиді деп шешті.

Әрі қарай не болған екен? ...

3. Қазақ ырымында көз тигенде не істейді?

4.Тағы баратын жеріміз бар деп неге кетіп қалды? ...

5. Ертеңгісін әтеш бұрынғы әуеніне салып тағы шақырады. Одан соң не болар екен?

6. Әскербектің ренішінен кейін Амангелді қандай айла ойлап табар екен?

7. Неге Әскербек әкесінің аяқ киімін өз аяғына байлап қойды?

8. Аяғындағы жіпті шешкенде қандай жағдай жүзеге асты?

Сергіту сәті:

Топтық жұмыс:

І топ:

Әскербектің әкесі Көпіштің алғашқы сөзін әңгімеден тауып оқы.

Әскербектің әтеші туралы ауылдастары не дейді?

ІІ топ:

Әскербектің әтеші қандай?

«Мал иесіне тартады» дегенді қалай түсінесіңдер?

ІІІ топ:

Амангелді Әскербек досына тағы қандай ақыл айтты?

4 топ:

Амангелді мен Әскербек әтешке емді қалай қолданғанын өз сөзіңмен айтып бер.

Жұптық жұмыс. І топ

1.Әскербектің әтеші қалай шақырады? Кестесін толтыру.

«Кейіпкерлерді салыстыр»әдісі. ІІ топ:

-Өтілген тақырып кейіпкері Бақытжаннан үлгі алуымызға бола ма?

-Ал, Әскербектен ше?

Екі кейіпкердің мінез-құлқын салыстыра отырып, ойыңды дәлелде

Мәтін бөліктеріне ат қояды,сол мәтін бойынша өз түсініктерін топта талқылайды.

Мәтін бөліктерін өз беттерінше болжап, сұрақтарға жауап береді, мұғалімнің толықтыруын тыңдайды.

Оқушылар мәтінмен жеке, жұпта, топта

жұмыс жасайды.

Дәптермен жұмыс жүргізеді.



Оқушылар диалогтік әдіс арқылы сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа тақырыпты пысықтайды.

Дәптермен жұмыс. Сөздік жұмыс:

Қиқым – бұл жерде: киімнен кесіп алынған кішкентай қиынды.

Сергіту сәті:қимыл іс әрекет арқылы

Жұптық жұмыс.

1.Әскербектің әтеші қалай шақырады?

Кестесін толтыру. І топ оқушылары жұмыс жасайды.

3 топ: « Әскербектің әкесіне өз ойыңды айтып хат жаз.»

4 топ:Әтеш суретін түрлі түсті қағаздан пайдаланып жапсыру.

Түсінгендерін тексеру:

Кім жылдам? ойыны

Ауыл адамдары Әскербектің әтешін қалай танитын еді?

Әтешке қандай қауіп төнген еді?

Әтешке кімнің көзі тиген деп ойлады?

Біз қазір келеміз деп кім айтты?

Әскербектің әкесі ертеңгілік қара етігін киейін десе етік жоқ ...

Қолы күйіп шүберекті қайда тастап жіберді? Не болды?

Кім жылдам? ойынында берілген сұрақтарға жауап бере отырып, не үйренгендерін пысықтайды.

Ә) Бағалау

Формативті бағалау. Бірін-бірі критериалды бағалауға

мүмкіндік беру.

Критерийлер бойынша барлық топтың оқушыларының ұпай санын есептеліп, бағаланады.

Б) Үй жұмысын беру

Р. Әбілқадырова. «Мейірім»тақырыбына эссе жазу, «Әскербектің әтеші» мәтінін түсініп оқып, әңгімелеу.

Тапсырманы күнделікке түртіп алады.

1.Әскербектің әтеші туралы ауылдастары не дейді?

2.Әскербек әтешін «көз тигеннен» қалай емдеп алмақшы болды?

3.Амангелді Әскербек досына тағы қандай ақыл айтты?

4.Әкесі бұрынғы ойынан неге қайтып қалды?

5.Соңғы сөйлемді оқығанда қандай қорытындыға келдің?




 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
633
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі