Әскери қызметкерлер және олардың өзара қарым-қатынастары, бастықтар және бағыныштылар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әскери қызметкерлер және олардың өзара қарым-қатынастары, бастықтар және бағыныштылар

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Сабақтың тақырыбы: Әскери қызметкерлер және олардың өзара қарым-қатынастары, бастықтар және бағыныштылар, аға және кіші офицерлер,олардың құқықтары мен міндеттері, әскери әдептілік ережесі және әскери қызметкерлердің тәртібі, бұйрық, оны беру және орындау тәртібі, бастықтарға және шені жоғарыларға мәлімдеме жасау. 2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға әскери қызметшілердің құқықтары мен өзара қарым-қатынас туралы туралы түсінік беру және бастықтар мен бағыныштылар, аға және кіші офицерлер туралы түсіндіру. 3. Уақыты: 45 минут. 4. Өткізілетін орны: 10 сынып,АӘД бөлмесі. 5. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, ҚР ҚК жарғылары. 6. Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут. Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру. ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 минут. - әскери қызметшілердің жалпы міндеттері қандай? - ҚР ҚК әскери қызметшілері үшін белгіленген әскери атақтарды а
Материалдың қысқаша нұсқасы

1.  Сабақтың тақырыбы: Әскери қызметкерлер және олардың өзара қарым-қатынастары, бастықтар және бағыныштылар, аға және кіші офицерлер,олардың құқықтары мен міндеттері, әскери әдептілік ережесі және әскери қызметкерлердің тәртібі, бұйрық, оны беру және орындау тәртібі, бастықтарға және шені жоғарыларға мәлімдеме жасау.

2.  Сабақтың мақсаты: Оқушыларға әскери қызметшілердің құқықтары мен өзара қарым-қатынас туралы туралы түсінік беру және бастықтар мен бағыныштылар, аға және кіші офицерлер туралы түсіндіру.

3.  Уақыты: 45 минут.

4.  Өткізілетін орны: 10 сынып,АӘД бөлмесі.

5.  Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, ҚР ҚК жарғылары.

6.  Сабақтың барысы:

    а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

    ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі –  10 минут.

-            әскери қызметшілердің жалпы міндеттері қандай?

-            ҚР ҚК әскери қызметшілері үшін белгіленген әскери атақтарды атап беріңдер.

-            әскери әдептілік пен әскери қызметшілердің мінез – құлқы туралы әңгімелеңдер.

-            әскери жарғылар дегеніміз не?

-            әскери жарғылардың талаптары қандай принциптерге негізделіп жасалған?

-            әскери жарғылардың ерекшелігі туралы айтыңдар.

    б) Негізгі бөлім – 22 минут.  Әскери қызметкерлер және олардың өзара қарым-қатынастары, бастықтар және бағыныштылар, аға және кіші офицерлер, олардың құқықтары мен міндеттері, әскери әдептілік ережесі және әскери қызметкерлердің тәртібі, бұйрық, оны беру және орындау тәртібі, бастықтарға және шені жоғарыларға мәлімдеме жасау.

    в) Қорытынды бөлім – 10 минут.

          Сұрақтар мен тапсырмалар:

-            әскери қызметшілердің жалпы міндеттері қандай?

-            ҚР ҚК әскери қызметшілері үшін белгіленген әскери атақтарды атап беріңдер.

-            әскери әдептілік пен әскери қызметшілердің мінез – құлқы туралы әңгімелеңдер.

-            бастықтар мен бағыныстыларға, аға шенділер мен кіші шенділерге кімдер жатады?

 

ӘЖ. Т-2. Әскери қызметкерлер және олардың өзара қарым-қатынастары, бастықтар және бағыныштылар, аға және кіші офицерлер, олардың құқықтары мен міндеттері, әскери әдептілік ережесі және әскери қызметкерлердің тәртібі, бұйрық, оны беру және орындау тәртібі, бастықтарға және шені жоғарыларға мәлімдеме жасау.

 

    Әскери қызметшілер әрдайым жоғары мәдениеттің, қарапайымдылықтың, ұстамдылықтың үлгісі болуға, өзінің қадір – қасиетін құрметтеуге тиіс. Олар өз мінез – құлқына қарап, тек өздері туралы ғана емес, тұтас алғанда Қарулы Күштердің ар – абыройы туралы пікір түйілетінін есте ұстауға тиіс.

    Әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым – қатынастар өзара сыйластық негізінде құрылады. Қызмет мәселелері бойынша олар бір – біріне «сіз» деп тіл қатуға тиіс.

   Бастықтар мен аға шенділер қызмет бойынша бағыныштылар мен кіші шенділерге атағы мен тегі бойынша тіл қатқанда «Қатардағы Омаров», «Сержант Исмайлов», ал тек атағы бойынша тіл қатқанда қасына «мырза» деген сөзді қосып айтады («Қатардағы сарбаз мырза», «Сержант мырза»).

    Әскери оқу орындарының әскери атақтары жоқ курсанттарына тіл қатқанда «Курсант Сауыров» немесе «Курсант мырза» деп атау керек.

    Бағыныштылар мен кіші шенділер бастықтар мен аға шенділерге тіл қатқанда олардың әскери атағының соңына «мырза» деген сөзді қосып атайды. «Аға лейтенант мырза».

  Әскери қызметшілер саптан тыс бір –біріне тек әскери атағы бойынша ғана емес, аты мен әкесінің аты бойынша да тіл қатыса алады, ал бір – бірімен қоштасқан кезде «Қош болыңыз» деген сөздің орнына «Құзырыңызға құлдық» деп айтуға жол беріледі.

 

Командирлер (бастықтар) мен бағыныштылар.

Аға және кіші шенділер.

 

    Өзінің қызмет жағдайы мен әскери атағы бойынша әскери қызметшілер бір – біріне бастық немесе бағынышты болуы мүмкін.

    Бастық дегеніміз – атқаратын штаттық лауазымы бойынша қызметтік міндеттеріне сәйкес бағыныштыларға басшылықты жүргізетін әскери қызметші. Бастықтың бағыныштыға бұйрық беруге құқығы бар және олардың орындалуын жүзеге асыруға міндетті. Бағыныштының адамдық қадір – қасиетін қорлайтын іс - әрекеті үшін бастық жауапкершілікте болады.

    Командир қызметі жөнінен өзіне бағынышты әскери қызметшілер үшін бастық болып табылады.

    Қызметі жөнінен уақытша болса да әскери қызметшілер бағынатын бастықтар тікелей бастықтар болып табылады.

   Бағынышты бастықтың бұйрықтарын сөзсіз орындауға міндетті.

   Қызметі жөнінен бағыныштылық тәртібіне байланыссыз мынадай әскери қызметшілер әскери атағы бойынша бастықтар болып табылады:

- армия генералдары, адмиралдар – аға және кіші офицерлер, старшиналар, сержанттар, жауынгерлер мен матростар үшін;

-  генералдар, адмиралдар полковниктер мен 1-дәрежелі капитандар - кіші офицерлер, старшиналар, сержанттар, жауынгерлер мен матростар үшін;

-  подполковниктер, 2-дәрежелі капитандар, майорлар, 3-дәрежелі капитандар - старшиналар, сержанттар, жауынгерлер мен матростар үшін;

-  кіші офицерлер - старшиналар, сержанттар, жауынгерлер мен матростар үшін;

-  старшиналар мен сержанттар – олармен бір әскери бөлімдегі жауынгерлер мен матростар үшін;

Өзінің қызмет жағдайы мен әскери атағы бойынша басқа әскери қызметшілерге қатысты олардың бастықтары немесе бағыныштылары болып табылмайтын әскери қызметшілер аға шенділер немесе кіші шенділер болып табылады.

    Аға шенділік әскери қызметшілердің әскери атақтарымен айқындалады. Әскери атағы бойынша аға шенділердің кіші шенділерден әскери тәртіпті, қоғамдық реттілікті, мінез – құлық қағидаларын, әскери киім нысанын киіп жүруді және әскери сәлемдесу рәсімін орындауды бұзғаны үшін олардан осы жолсыздықтарды жоюға талап етуі тиіс, ал кіші шенділер осы талаптарды сөзсіз орындауға міндетті.

    Бір – біріне бағынышсыз әскери қызметшілер міндеттерін бірлесе орындаған ретте, олардың қызметтік өзара қарым – қатынасын командир (бастық) айқындамаған болса, олардың лауазымы бойынша жоғары тұрғаны, ал лауазымдары бірдей болған ретте әскери атағы бойынша аға шендісі бастық болып табылады.

 

 

 

 

 

 

БӘД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы:              

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.07.2025
364
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі