Әскери қызметкерлер жəне олардың өзара қарым-қатынастары.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әскери қызметкерлер жəне олардың өзара қарым-қатынастары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Әскери қызметкерлер жəне олардың өзара қарым-қатынастары.
Материалдың қысқаша нұсқасы




Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінен 10-сыныпқа арналған

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

Бөлім: 2-бөлім

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының жалпыәскери жарғылары

Педагогтің аты:

Агибаева А.Ж

Күні:


Сынып:10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Әскери қызметкерлер жəне олардың өзара қарым-қатынастары.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.2.2. Бастықтар және бағыныштылар, аға және кіші әскерилер, олардың құқықтары мен міндеттері. Әскери әдептілік ережесі және әскери қызметкерлердің тәртібі мен бұйрық, оны беру жəне орындау тəртібі, бастықтарға жəне шені жоғарыларға мəлімдеме жасауды үйрету.

Сабақтың мақсаты

Әскери әдептілік ережесі және әскери қызметкерлердің тәртібі мен бұйрық, оны беру жəне орындау тəртібі, бастықтарға жəне шені жоғарыларға мəлімдеме жасауды үйрету.

Құндылықтарға баулу

Патриоттық, ұлтжандылық, табандылық

Күтілетін нәтиже

Оқушылар ҚРҚК әскери жарғыларын оқып үйренеді, оны меңгереді,біледі.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

Ұйымдастыру сәті.Оқытушы-ұйымдастырушы сапқа тұрғызады, взвод командирінен рапорт қабылдайды. Оқушылармен амандасады, түгендейды, киім үлгілерін тексереді. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. Өткен тапсырманы сұрау


Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді.

Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау жүйесі бойынша бағаланады.

АӘжТД оқулық Слайд, бейнетаспа көрсету, оқулықпен жұмыс

Жаңа сабақ кезеңі

33 мин.


Бейнетаспа, слайд көрсету . Әскери қызметшілердің әскери әдептілігі мен мінез – құлқы.

Әскери қызметшілер әрдайым жоғары мәдениеттің, қарапайымдылықтың, ұстамдылықтың үлгісі болуға, өзінің қадір – қасиетін құрметтеуге тиіс. Олар өз мінез – құлқына қарап, тек өздері туралы ғана емес, тұтас алғанда Қарулы Күштердің ар – абыройы туралы пікір түйілетінін есте ұстауға тиіс. Әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым – қатынастар өзара сыйластық негізінде құрылады. Қызмет мәселелері бойынша олар бір – біріне «сіз» деп тіл қатуға тиіс. Бастықтар мен аға шенділер қызмет бойынша бағыныштылар мен кіші шенділерге атағы мен тегі бойынша тіл қатқанда «Қатардағы Омаров», «Сержант Исмайлов», ал тек атағы бойынша тіл қатқанда қасына «мырза» деген сөзді қосып айтады («Қатардағы сарбаз мырза», «Сержант мырза»). Әскери оқу орындарының әскери атақтары жоқ курсанттарына тіл қатқанда «Курсант Сауыров» немесе «Курсант мырза» деп атау керек. Бағыныштылар мен кіші шенділер бастықтар мен аға шенділерге тіл қатқанда олардың әскери атағының соңына «мырза» деген сөзді қосып атайды. «Аға лейтенант мырза». Әскери қызметшілер саптан тыс бір –біріне тек әскери атағы бойынша ғана емес, аты мен әкесінің аты бойынша да тіл қатыса алады, ал бір – бірімен қоштасқан кезде «Қош болыңыз» деген сөздің орнына «Құзырыңызға құлдық» деп айтуға жол беріледі.

Командирлер (бастықтар) мен бағыныштылар.

Аға және кіші шенділер.

Өзінің қызмет жағдайы мен әскери атағы бойынша әскери қызметшілер бір – біріне бастық немесе бағынышты болуы мүмкін. Бастық дегеніміз – атқаратын штаттық лауазымы бойынша қызметтік міндеттеріне сәйкес бағыныштыларға басшылықты жүргізетін әскери қызметші. Бастықтың бағыныштыға бұйрық беруге құқығы бар және олардың орындалуын жүзеге асыруға міндетті. Бағыныштының адамдық қадір – қасиетін қорлайтын іс - әрекеті үшін бастық жауапкершілікте болады. Командир қызметі жөнінен өзіне бағынышты әскери қызметшілер үшін бастық болып табылады. Қызметі жөнінен уақытша болса да әскери қызметшілер бағынатын бастықтар тікелей бастықтар болып табылады.

Бағынышты бастықтың бұйрықтарын сөзсіз орындауға міндетті. Қызметі жөнінен бағыныштылық тәртібіне байланыссыз мынадай әскери қызметшілер әскери атағы бойынша бастықтар болып табылады:

  • армия генералдары, адмиралдар – аға және кіші офицерлер, старшиналар, сержанттар, жауынгерлер мен матростар үшін;

  • генералдар, адмиралдар полковниктер мен 1-дәрежелі капитандар - кіші офицерлер, старшиналар, сержанттар, жауынгерлер мен матростар үшін;

  • подполковниктер, 2-дәрежелі капитандар, майорлар, 3-дәрежелі капитандар - старшиналар, сержанттар, жауынгерлер мен матростар үшін;

  • кіші офицерлер - старшиналар, сержанттар, жауынгерлер мен матростар үшін;

  • старшиналар мен сержанттар – олармен

бір әскери бөлімдегі жауынгерлер мен матростар үшін;Өзінің қызмет жағдайы мен әскери атағы бойынша басқа әскери қызметшілерге қатысты олардың бастықтары немесе бағыныштылары болып табылмайтын әскери қызметшілер аға шенділер немесе кіші шенділер болып табылады. Аға шенділік әскери қызметшілердің әскери атақтарымен айқындалады. Әскери атағы бойынша аға шенділердің кіші шенділерден әскери тәртіпті, қоғамдық реттілікті, мінез – құлық қағидаларын, әскери киім нысанын киіп жүруді және әскери сәлемдесу рәсімін орындауды бұзғаны үшін олардан осы жолсыздықтарды жоюға талап етуі тиіс, ал кіші шенділер осы талаптарды сөзсіз орындауға міндетті.

Бір – біріне бағынышсыз әскери қызметшілер міндеттерін бірлесе орындаған ретте, олардың қызметтік өзара қарым – қатынасын командир (бастық) айқындамаған болса, олардың лауазымы бойынша жоғары тұрғаны, ал лауазымдары бірдей болған ретте әскери атағы бойынша аға шендісі бастық болып табылады.

Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау жүйесі бойынша бағаланады.

http://shedevrs.ru/materiali/257-dpi.html

https://yandex.kz/video/preview/13072446303505342550

Қорытынды кезең

Ой толғаныс.

Рефлексия

5 мин.

Үй тапсырмасы: 43- 47 бет

Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері қандай?

ҚР ҚК әскери қызметшілері үшін белгіленген Әскери атақтарды атап беріңдер.

Әскери әдептілік пен әскери қызметшілердің мінез құлқы туралы әңгімелеңдер.

Бастықтар мен бағыныстыларға, аға шенділер мен кіші шенділерге кімдер жатады?

Жеке жұмыс:

- бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.



Жеке жұмыс:

Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.

Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау жүйесі бойынша бағаланады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.11.2025
41
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі