Материалдар / Әскери шеберлік

Әскери шеберлік

Материал туралы қысқаша түсінік
білім алушылардың таным белсенділіктерін,қызығушылықтарын дамыту, ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту;
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

Шымкент қаласы Білім басқармасының

«Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі» МКҚК




БЕКІТЕМІН

Директор Г.Ж.Тагаева

_________________

«___» _________ 2024ж




Тәрбие сағатының әдістемелік әзірлемесі

«Менің Отаным – Қазақстан»

(тақырыбы)


студенттерге мамандық (-тар) бойынша:

07230100 – «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу»

(коды мен мамандық атауы)


біліктілігі бойынша: 4S07230107 – «Техник-технолог»

(коды мен біліктілік атауы, тобы)




Курсы: Shape1 1 Shape2 2 Shape3 3


Тобы: ТТ 24-22


Оқу формасы:Shape4 күндізгі






Әзірлеуші (-лер): __________ Сейлова Улжалгас Канатбаевна

(қолы) (аты-жөні)




Шымкент 2024ж

Тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан

Мақсаты:
- ұлттық құндылықтарымызды дәріптей отырып Ұды дала елін  сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз  елінің  тарихын білуге, бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған  еліне,  жеріне   деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;

- білім алушылардың таным белсенділіктерін,қызығушылықтарын дамыту, ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап,  мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту;

- ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, қанатты сөздер, гүлдер.

Барысы:

 Біз бүгін ата-аналармен бірлесе отырып, «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағатын өткелі отырмыз. Өту барысында өз Отанымыз туралы ой - пікірлерімізді ортаға салып, Отандарыңа арнап салған суреттеріңді көреміз, өз ойларыңнан жазған шығармаларыңды тыңдаймыз.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен?

-Қазақстан жері қандай?

-Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай. (слайд)

- Дұрыс айтасыңдар, балалар, Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 300 000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр.

(ҚР - ның физикалық картасынан көрсету)

- Біздің еліміз - жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң - құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті, мол. (слайдтан көрсетіледі)

Ой шақыру.

- Балалар, «Отан» деген сөзді қалай түсінеміз?(ой-пікірлерін тыңдау)
- Осы айтылған ойларымыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін қазір мынадай өлең шумақтарын тыңдап көрсек.

1-студент:

Көп аузынан түспейтін, Отан – сенің ата-анаң,

Отан деген немене?, Отан – досың, бауырың.

Оның тұлға түс кейпін, Отан – өлкең, астанаң,

Достым білгің келе ме? Отан – аудан, ауылың.

Мұғалімнің сөзі:

Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос-жарандарың, туған туысқаның. Отан бұл өзіңнің тұратын, өмір суретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз.

Сөзжұмбақ «Отан»

1. Ұлттардың бірлігі, татулығы Достық

2. Елордамыз қай қала Астана

3. Біз қай ұлтпыз? Қазақ 

4. Мемлекеттің рәміздеріміздің бірі Әнұран

Көп нүктенің орнына осы сөздерді қойып дауыстап айт.

Отаным, туған жерім, Атамекенім, туған өлкем, туған елім. Менің Отаным - Қазақстан! Қазақ халқының атамекені, ұлы ордасы, киелі ошағы.

ілім алушылардың пікірлері)

Отан – бұл біз тұрып жатқан  жер. Біздің туып, өскен ауыл.   Отан – бұл біздің ата- әжеміз, әке-шешеміз, туыстарымыз.

Дұрыс, Отанына деген сезім – әр азамат үшін ең маңызды сезім. Оны алуан шығармалар, өлеңдер, суреттер арқылы сезінуге болады.  Дарынды ақындар, суретшілер, музыканттар  өз туған жерінің ғажайып табиғатын, сұлулығын көптеген өлеңдер, суреттер, музыкалық шығармалар арқылы мақтан етіп жазған.

  1. Мағынаны таңдау.

Үш топқа қағаз таратылады оқушылар берілген қағазға топ атына сай болу үшін қандай болу керектігін жазады, топтан бір білім алушы шығып түсіндірп өтеді.

Мысалы: отаншыл болу үшін не істеу керек? Өз отанын сүю т.б.

  1. Постер қорғау «Патриот деген ол ..

  • Әскери міндетке жауапкершілікпен қарау;

  • Туған жерге деген ыстық сезім;

  • Ата-баба өсиетіне адал болу;

  • Өз Отанын күшті, айбынды ету, гүлдендіруге ұмтылу;

  • Бойындағы күш- қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау;

  • Ана тіліне деген құрмет;

  • Өз халқының әдет- ғұрпын және салт- дәстүрін құрметтеу;

  • Елдің тарихын құрметтеу;

  • Қазақстанда мекен ететін халықтарға деген құрмет сезім;

  • Өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану;

  • Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау;

  • Заңға бағыну;

  • Үкіметті сыйлау;

  • Қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болу;

  • Туған жерге, ата- бабасы жатқан жерге құштарлық;

  • Республиканың экономикалық, қорғаныстық әлеуетін тыңбай нығайту;

  • Басты байлығымыз – табиғат пен қоршаған ортаны гүлдендіру

  1. Сұрақ-жауап ойыны.

Сұрақтары.

  1. ҚР Елтаңбасында не бейнеленген? – (тұлпар, шаңырақ, жұлдызша, күн)

  2. Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы алды? – (1991 жыл 16 желтоқсан)

  3. «Отан қорғау» дегенді қалай түсінесің?

  4. Қазақстан қандай мемлекеттермен шектесіп жатыр? Қытай, Ресей, Қырғыз, Өзбек, Түрікменстан, Әзірбайжан республикаларымен

  5. ҚР неше облыс бар? – (14 облыс)

  6. Қазақ хандығының құрылғанына неше жыл?

  7. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? – (Тоқтар Әубәкіров)

  8. Конституция күні? – (30 тамыз)

  9. Қаламыздан шығатын газет? – Шымкент келбеті

  10. ҚР тәулсіздігін алғанына биыл неше жыл толады?

«Туған жеріңе не бересің?» ойыны

Шымкент қаласы – бәздің туған қаламыз. Шымкент қаласы – еліміздегі үшінші мегаполис. Біздің қаламыздың логотипінде қызғалдақ бейнесі бейнеленген. Қызғалдақ ол – гүл. Гүл рухани өмірде ерекше орын алатын табиғат нысаны.  Осы гүлдің өзі де табиғатқа қаншама пайдасын тигізеді. Жерден нәр алып жайқалып өсіп, топырақты құнарландырады. Ол да табиғатқа пайдасын тигізеді. Ал сендер, Тәуелсіз Қазақстанның болашағы Отанымызға, Еліміздің көркейуіне, гүлденуіне «Туған жеріңе не бересің?» ойыны арқылы өз үлестеріңді қосыңдар.

Білім алушылардың жауабы тыңдалады.

Міне, сендерге қарағай қызғалдақ бейнесін жасадым.

Гүлге не жетіспейді? Жапырақтары

Сендердің парталарыңда  жапырақтар жатыр.  Дайын тұрған жапыраққа «Туған жеріңе не бересің?» сұрағының жауабын  жазып, оқып, қарағай сабағына ілеміз.  

( Мысалы: әдемі үй салу…).

( Жұмыс аяқталған соң, жапырақтарды жинап, гүлдің сабағына әр бала жапырағын іледі.)

  1. Жақсылық – рефлексия

(Балаларды ортаға шақырып, шеңбер құрастыру)

Менің қолымда ақ түсті бір шүйке жіп. Қазір мен оны шеңбер бойы жіберемін. Қолға түскен жіпті саусаққа орап,  алысқа жетелейтін армандарыңды  тілеңдер.   (Жіп мұғалімге келеді.)

Бізбен жіп не істеді?

Қалай ойлайсыңдар, бұл жақсылықтың белгісі ме?   (Балалардың пікірі)

Дұрыс, жіп бізді біріктірді. Әрқашанда бірге болуымыз керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Бір шаңырақ астында тату өмір сүруіміз керек.  Мектепте  болып жатқан әр түрлі шаралардан қалыспауға, өзіміздің үлесімізді қосуға ұмтыламыз. Қазақ халқының дәстүрін, тілін құр­меттеп, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында тынбай еңбек еткенде ғана, еліміз де көркейіп, гүлденеді.

Міне, балалар бүгін өздерінді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендіктерінді көрсете білдіндер. Халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Еліміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарына сеніміміз мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын,

Қорытынды сөз:  «Отан оттан да ыстық», - дейді халқымыз. Егер сол Отан бөтенге бодан болса, оның оты перзентінің өзегін өртейді, ешкімге тәуелсіз болса, мақтаныш алауын маздатады.

Біздің туған өлкеміз – кең байтақ Қазақстан. Оның асқар таулары мен айдын көлдері, жайқалған орманы мен жасыл жайлауы – біздің ақ бесігіміз. Сондықтан да біз оны ардақтаймыз. Шексіз сүйеміз. Әрқашан аялап, қорғап жүреміз дей келе «Қазақтай ел қайда» әнін орындауға шақырымын.







ЖИ арқылы жасау
11 Сәуір 2025
160
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі