Әскери тәртіп, оның мәні мен маңызы.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әскери тәртіп, оның мәні мен маңызы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Әскери тәртіп, оның мәні мен маңызы.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бекітемін

Мектеп директоры

_________ Ә.Бимұратова


Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінен 10-сыныпқа арналған

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

Бөлім: 2-бөлім

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының жалпыәскери жарғылары

Педагогтің аты:

Агибаева А.Ж

Күні:

Сынып:10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Әскери тәртіп, оның мәні мен маңызы.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.2.3. Әскери тәртіп, марапаттау және жазалау. Әскери тәртіпті сақтау бойынша әскери қызметшілердің міндеттері мен сарбаздарға көрсетілетін марапат түрлері, сарбаздарға берілетін тәртіптік жазалауларды қамтып, беру.

Сабақтың мақсаты

Әскери тәртіпті сақтау бойынша әскери қызметшілердің міндеттері мен сарбаздарға көрсетілетін марапат түрлері, сарбаздарға берілетін тәртіптік жазалауларды қамтып, беру.

Құндылықтарға баулу

Патриоттық, ұлтжандылық, табандылық

Күтілетін нәтиже

Оқушылар ҚРҚК әскери жарғыларын оқып үйренеді, оны меңгереді,біледі.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

Ұйымдастыру сәті.Оқытушы-ұйымдастырушы сапқа тұрғызады, взвод командирінен рапорт қабылдайды. Оқушылармен амандасады, түгендейды, киім үлгілерін тексереді. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. Өткен тапсырманы сұрау

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушы-ұйымдастырушыға рапорт береді.

Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау жүйесі бойынша бағаланады.

АӘжТД оқулық Слайд, бейнетаспа көрсету, оқулықпен жұмыс

Жаңа сабақ кезеңі 33мин.


Бейнетаспа, слайд көрсету. ҚР ҚК–н жетілдірудің, ұрысқа дайындығын көтерудің ең маңыздысы - әскери тәртіп болып табылады.

Әскери тәртіп дегеніміз - барлық әскери қызметшілердің заңды және әскери жарғыларда көрсетілген тәртіп пен ережелерді, қатаң және дәл сақтауы. Әскери тәртіп әрбір әскери қызметшінің өзінің әскери борышын және өзінің Отанын – ҚР-ын қорғауға деген жеке жауапкершілігін, өз халқына шексіз берілгендігін жоғары сезінуге негізделеді, яғни әскери қызметшілерді өздерінің әскери борышын адал атқаруға міндеттейді. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Тәртіптік жарғысы. Әскерлердің жауынгерлік қабілеттілігі мен тұрақты жауынгерлік дайындығының аса маңызды шарты - әскери тәртіп болып табылады.

Әскери тәртіп дегеніміз – барлық әскери қызметшілердің ҚР Конституциясы мен заңдарында, әскери жарғылар мен командирлердің бұйрықтарында белгіленген тәртіп пен ережелерді, сондай-ақ әскери қызметшілердің арасындағы мінез-құлық және өзара қарым-қатынас нормаларын қатаң және дәл сақтау.

Әскери тәртіп әрбір әскери қызметшінің өзінің әскери борышын және өзінің Отанын қорғауға деген жеке жауапкершілігін, өз халқына шексіз берілгендігін жоғары сезінуіне негізделеді.

Әскери тәртіп әрбір әскери қызметшіге өзінің әскери борышын адал атқаруды міндеттейді.

Әскери қызметшілерді тәртіпке тәрбиелеудің негізгі әдісі көз жеткізу болып табылады, бірақ өз әскери борышын адал орындамағандарға күштеу әдісін қолдану мүмкіндігін де жоққа шығармайды.

Жауынгерлер (матростар) мен сержанттарға қолданылатын көтермелеулер.

а) бұрын қолданылған тәртіптік жазаны алып тастау;

ә) алғыс жариялау;

б) әскери бөлімнің тұрған жерінен 2тәулікке дейін сейілдемеге рұқсат беру;

в) бұрынғы жұмыс (оқу) орына әскери борышын үлгілі орындағаны туралы және алған көтермелеулері туралы хабарлау;

г) грамоталармен, бағалы сыйлықтармен немесе ақшалай марапаттау;

ғ) әскери қызметшінің әскери бөлімнің кең жазылған жауынгерлік тудың жанында түскен жеке фотосуретімен марапаттау;

д) жауынгерлерге (матростарға) ефрейтор (аға матрос) атағын беру;

е) сержанттарға иеленген штаттық лауазымы бойынша көзделген әскери атағынан бір саты жоғары кезекті әскери атақ беру;

ж) омырауға тағатын ҚР ҚК-інің үздігі белгісімен марапаттау;

з) әскери бөлімнің Құрмет кітабына енгізу;

и) 10 тәулікке дейін қысқа мерзімді демалыс беру, бару қайту жолындағы уақытты есептемегенде.

Көтермелеулер ауызша немесе бұйрық түрінде салтанатты жағдайда әскери қызметшілер жиналысында немесе сап алдында жарияланады.

Тәртіптік жазалар.

Тәртіптік жаза - әскери қызметшілерге қызмет бойынша бастықтың билігімен қолданылатын жаза. Ол әскери қызметшілерге әскери тәртіп пен қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін қолданылады.

Жауынгерлер мен сержанттарға мынадай жазалар қолданыла алады:

а) сөгіс;

ә) қатаң сөгіс;

б) кезекті сейілдемеден айыру;

в) жауынгерлерді (матростарды) 5 нарядқа дейін тағайындау;

г) омырауға тағатын «ҚР ҚК-нің үздігі» белгісінен айыру;

ғ) жауынгерлерді (матростарды) «ефрейтор» («аға матрос») әскери атағынан айыру;

д) гауптвахтада ұстай отырып қамау: жауынгерлерді (матростарды) - 10 тәулікке дайін, сержанттарды – 7 тәулікке дейін;

е) сержанттардың лауазымын төмендету;

ж) сержанттардың әскери атағын бір сатыға төмендету;

з) сержанттардың әскери атағын төмен лауазымға көшіре отырып, бір дәрежеге төмендету.

Әрбір тәртіптік жаза әскери тәртіпті нығайту, әскери қызметшілерді тәрбиелеу және олардың қызметі үшін жауапкершілігін арттыру ретінде жасалған қылмыс ауырлығы мен кінәлау дәрежесіне сәйкес келуі тиіс.

Егер кінәлі бірнеше рет теріс іс істеген болса немесе әскери тәртіп пен қоғамдық тәртіпті бұзуға топпен қатысса, егер мұндай қылығы қызметтік міндетін өтеу кезінде, мас күйінде жасалса және теріс қылығы тәртіпті айтарлықтай бұзған болса, тәртіптік жазаның қатаңдығы арта түседі.

Тәртіптік жазаол қолданылған күннен бастап, бір айдан кешіктірілмей атқарылады. Бір айлық мерзім өткен соң жаза атқарылмайды, бірақ ол туралы жазба қызметтік кәртішкеде сақталады.

Қолданылатын тәртіптік жазалар жайында жауынгерлер мен матростарға өзіне немесе саптың алдында, сержанттарға - өзіне, сержанттардың кеңесінде не саптың алдында жарияланады.

Командирлерге олардың бағыныштыларының алдында тәртіптік жазаларды жариялауға тыйым салынады.

Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау жүйесі бойынша бағаланады.

http://shedevrs.ru/materiali/257-dpi.html



https://yandex.kz/video/preview/3871438050494897064

Қорытынды кезең

Ой толғаныс.

Рефлексия

5 мин.

Үй тапсырмасы: 48- 52 бет

  • Әскери тәртіп дегеніміз не?

  • Әскери тәртіп әскери қызметшіге нені міндеттейді?

  • Көтермелеу мен жазалардың қандай түрлері болады?

  • Жауынгерлерге (матростарға) көтермелеу қолданудың реті қандай?

  • Тәртіптік жазаны орындау мен белгілеудің реті қандай?

\ Жеке жұмыс: бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім, түсінбедім


Жеке жұмыс:

Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.

Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау жүйесі бойынша бағаланады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.11.2025
45
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі