400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Аспан әлемі" ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
аспан әлемі туралы түсініктер
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ембі қаласы «Достық» бөбекжай-бақшасы МКҚК



Бекітемін

«Достық» б/б меңгеруші м.а:

_____________Ж.Б.Жанасбай








«Аспан әлемі!»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті









Тәрбиеші: Жеткергенова Дана Дарханкызы















2023 оқу жылы





Тақырыбы: «Аспан әлемі»
Сабақтың түрі: Ұйымдастырылған іс-әрекет.
Мақсаты:  Ғажайып саяхат арқылы балалардың қиялын дамыту, балалардың ғарыш әлеміне  қызығушылығын арттыру. Ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту.

Көрнекі құралдар: Аспан әлемі туралы слайд,суреттер,көрнекі құралдар,макеттер.
Қолданылатын әдіс – тәсілдер: Әңгімелеу, таныстыру, сұрақ – жауап,  жұмбақ шешу, ойын.

Сәлеметсіңдер ме, құрметті ұстаздар!

Бүгін біз өте ерекше аспан әлемімен танысамыз, біз аспан әлемін зерттейтін боламыз. Аспан әлемінің ғажайыптарымен танысамыз.

-Біз қай ғаламшарда өмір сүріп жатырмыз?

-Жер, дұрыс айтасыздар.

-Жер — біздің тұрып жатқан мекеніміз, ортақ үйіміз.

Ал жоғарыда не бар?

-Аспан әлемі.
-Сіздер аспан әлемін көрдіңіздер ме?(зонтикпен аспан денелерін жабыстыру,көрсету)

Сіздерге ұнай ма?

- Иә ұнайды.

Маған да ұнайды.

Олай болса балалар күн, жұлдыз, ай барлығы қайда орналасқан?
- Аспан әлемінде.
Түнгі аспан әдемі, сиқырлы сияқты. Қалай ойлайсыңдар, жұлдыз деген не? Олар неге ұқсайды?

- Дұрыс, біз жұлдыздарға қарағанда олар кішкентай, ұсақ болып көрінеді. Өйткені олар өте биік жоғарыда орналасқан. Жарайсыздар!

Бүгінгі біздің саяхатымыз өте қызықты болмақ, өйткені біз аспан әлемі, ғарыш туралы білетін боламыз. Жерді қоршаған бүкіл дүние – Ғарыш деп аталады екен, Ғарыш әлемі кең байтақ! Ғарыш әлемінде көптеген ғаламшарлар, көптеген жұлдыздар  бар. Мына жұлдыз — Жетіқарақшы деп аталады. Және ғарышкерлер!

Күн — ғарыштың жүрегі, біздің планетамыздың жылу көзі.

(суреттері көрсетіледі)

Балалар, бұл телескоп деп аталады, телескоппен  аспандағы жұлдыздарды қарайықшы.

(QR код арқылы жұлдыздарды бақылау)

-Бұл зымыран ғарышқа жету үшін бізге қажет болдаы. Және ғарышқа қажет киімдеріміз керек. Бұл-скафандр.Барлығымыз ғарышқа ұшайық.

Көзімізді жұмып, денемізді бос ұстап, ұшуға дайындалайық. Міне балалар, ғарыш әлеміне де келдік.

Ән-әуез жетекшісі: Ғарыш әуені

Жұлдыз сөйлейді:

Сіздерге арналған тапсырмаларым бар. Соларды орындап мені қуантсаңыздар екен.

Ойын:«Ғарышкер және Ғарыш кемесі»

М: дөңгелек фальга қағаздары арқылы ғарышкер бейнесін құрау. Дайын макетке орнықтыру. 1 реттік қолданбалы ыдыстар арқылы ұшатын планета құрастыру.

Жұлдыз: Тамаша! Сіздер керемет орындадыңыздар!

Сіздер планеталарды жаттап үлгерді деп ойлаймын.

Келесі тапсырмам танысқан планеталарыңызды тауып орналастырсаңыздар

Ойын:«Мозайка» және «Жер шары!»

М.мозайка және лулия құрастыру арқылы күн жүйесін табу және қоңыраулар арқылы күн жүйесі планеталарын табу.(қоңырау арқылы жасырылған плантеталарды табу 1ші боп басу)

Жұлдыз: Өте тамаша тез әрі жылдам орындадыңыздар! Енді менің жұмбағымды шешіп көресіздер ме? Кім мықты екен 3 тілде жауап берейік.

Жұмбақтар:
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.
(Күн) ( Сольнце) ( Sun)

Күндіз бәрі қашады,
Түнде аспанды басады. (Жұлдыз) ( Звезда)( Star)

Ұшады қанатсыз,
Зырлайды аяқсыз. (Зымыран) (Ракета)( missile)

Көлде жүрген ақ үйрек,
Түнде бар да, күндіз жоқ. (Ай) (Луна) (moon)

 

Жұлдыз: Өте тамаша! Менің тапсырмаларымды тамаша орындап,ғарыш әлемі сіздерге ұнады деген үміттемін. Біздің мекенге де өз іздеріңізді қалдырыңыздар!

(Саусақтарын сканерлеп қалдыру)

Қош сау болыңыздар! Сіздермен тапсырманы орындағаныма қуаныштымын.


-Керемет! Жарайсыздар! Енді бақшамызға қайтайық.


Кешірімді баламыз,

Жұлдыздай болып жанамыз.

Кішіпейіл боламыз,

Құстай қанат қағамыз!

Кешірімді баламыз,

Жұлдыздай болып жанамыз.

Кішіпейіл боламыз,

Құстай қанат қағамыз!


Балабақшада:

-Сіздерге сиқырлы әлемдегі саяхатымыз ұнадыма?

- бүгін біз қайда бардық?
-Біздер қандай ғаламда тұрамыз?
-Ғарышқа киетін киімді не деп атайды?

Сабақ бойынша додекаэдр арқылы бір-бірін мадақтау. Тик-ток әдісі арқылы бағалау(тарату,лүпіл,жазба қалдыру)


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11.06.2023
359
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі