400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

"Аспан әлеміне саяхат" ересектер тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ ФИЛИАЛЫ

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДОГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ







Тақырыбы: «Дамыту ойындары арқылы ойлау қабілетін дамыту»


(Мектепке дейінгі балалардың тәрбиешісі мен әдіскерге арналған әдістемелік нұсқау)

















Ақтау 2018ж


«Мақұлданды»

ММ«АҚБҮО»кеңесінде

хаттама №_________

« ___» ___ 2018 ж.






Дайындаған:

Ж.Т Искалиева – тәрбиеші, №31 «Еркемай»

бөбекжайы
















«Ұсынылды»

Сараптау комиссиясының отырысы

Хаттама №________

«__»______ 2018 ж

Кіріспе бөлім

Ойын адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Ойын өмірде өте ерте жастан басталып, адамның кәсіпті толық мергеніншежалғасады. Ал оқыту процесінде жаңа технологияның маңызды бөлігі б.т. Математикалық ойын дегеніміз - тынысы кең,алысқа меңзейтін,ойдан – ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе, ақыл - ой жетекшісі. Дидактикалық ойындар баланың ынтасын сабаққа аударуға, көңіл қойғызуға, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі,сабаққа эмоциялық бояу береді. Ойының мақсаты: Баланың сабаққа қызықтыру, логикалық ойлауын дамыту Таным әрекетін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау,алған білімді тексеру,қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.

Міндеті: 1)Танымдылық: баланың тану, іздену әрекетін дамыту

2)Тәрбиелік: айналасымен қарым – қатынас жасауға, қажетті дағдыны, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру

 Ұлы Абай бала психологиясының басты ерекшелігі – білуге құштарлық деп есептейді. Абайдың «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?» деген пікірінен бала өмірінде ойынның маңыздылығын көруге болады .

Ойындарды пайдалану  математика сабағында  балалардың ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеудің маңызды құралы болып табылады. Ойында , оқу мен еңбек сияқты, баланың іс-әрекетінің бір түрі. Ойын бала үшін нағыз өмір. Сондықтан мұғалім математика сабағында ойындарды пайдалану арқылы жас бүлдіршіндердің білімге деген ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін арттырумен бірге өз халқымыздың ғасырлар бойы салт-дәстүрін, ата мұрасын дамыту, яғни пәнге деген сүйіспеншілдігі, қызығушылдығы қалыптастырылады. Математиканы оқытуда бағдарламаның негізгі тақырыптарын оқып-үйренгенде қолданылатын ойындар балалардың математикалық ұғымдарын арттырады. Есептеу дағдыларын шыңдай түседі, балалардың тапқырлығын арттырып, қызығушылығын дамытады, теориялық мәселелерді меңгеруге және оларды практикада қолдануға машықтандырады, жалпы алғанда олардың ынтасын арттырады. Ойындарды өткен сабақтарда қайталау кезінде де қолдануға болады. Ол жағдайда сабақтың мазмұнын байыта түседі, балалардың қиялдарын қозғап, зейіндерін кеңейте түседі. Математика сабағында  “аз”, “көп” ұғымдары баланың зердесіне ұялату оңай нәрсе емес. Ал,оны қарапайым  ойынының негізінде түсіндіре бастасақ, ол онша қиындық келтірмейді.  Мысалы:  «Математикалық  жарыс»,  « Балық  аулау»,  «Кім  тапқыр»  т.б. Ойын  арқылы  балалардың ойлау  қабілеті  артады,  өз  беттерінше  орындауға  дағдыланады.

Дидактиклық ойындар оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады, олардың ойлау қабілеттерін, ізденімпаздылығын арттырады, сөз қорын молайтуға көмектеседі, сабақта дидактикалық ойындарды пайдалану балабақша балалардың сол пәнге белсенділігін арттырады, бағдарламалық материалдарды қажет деңгейде меңгеруге ықпал етеді. 





























Ересектер тобындағы ҚҰМҚ оқу қызметінің ілгерлемелі жоспары

Қыркүйек

1. Жиын.Бір-көп

2. Кеңестікте бағдарлау

3. Заттардың қасиеті

4. Геометриялық

5.фигуралар (дөңгелек,тіктөртбұрыш,үшбұрыш)

Қазан

Геометриялық фигуралар (дөңгелек,тіктөртбұрыш,үшбұрыш)қайталау

1. саны және цифры

2 саны және цифры «+» және «-»таңбалары

3 саны және цифры


Қараша

1. Заттарды өлшеу туралы

2. 4 саны және цифры

3. Уақыт. Уақыт бойынша бағдарлау.

4. 5 саны және цифры


Желтоқсан

1. 1-5 сандарды тура және кері санау

2. «0» саны және цифры

3. 0-5 сандары жиын,элемент

4. 0-5 сандары


Қаңтар


1. Азайту және элемент топ

2. 6 саны және цифры

3. Биік-аласа,Кең-тар,Қалың-жұқа

4. Ұзындық.Шамаларды салыстыру


Ақпан


1. 7 саны және цифры

2. 1-7 сандарды санау.Апта күндері

3. 8 саны және цифры

4. 9 саны және цифры


Наурыз


1. 10 саны және цифы

2. 0-10 сандары.Тура және кері санау

3. Геометриялық денелер(шар,текше,цилиндр,конус)

4. Заттарды салыстыру


Сәуір


1. Затарды салмағына қарай салыстыру

2. Теңдік және теңсіздік

3. Зат және оның бөліктері

4. Логикалық есептер


Мамыр

1. Уақытты бағдарлау

2. Заттың салмағын өлшеу

3. 1-10 ға дейінгі сандар

4. Өткенді пысықтау


Қалалық семинарда өткізілген ашық оқу іс әрекеті

Тақырыбы: «Аспан әлеміне саяхат»

Шаттық шеңбері.

Балалар бүгінгі оқу іс-әрекеті өте ерекше өтеді.Бүгін біз аспан әлеміне саяхатқа шығамыз. Саяхатқа шықпастан бұрын сендердің білімдеріңді тексеремін.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Бір жылда неше ай бар?

-Бір айда неше күн бар?

-Жылдың қай айы?

-Сәуір айында қандай мерекелер бар?(12 сәуір ғарышкерлер күні)

-Ең тұңғыш ғарышқа ұшқан ғарышкердің атын білесіздерме?

-Қазақстанда ғарышқа бірінші кім ұшты?

Т:Ғаламшарлар-өзінең жарық шығармайтын салқын дене.Олар түнгі аспанда жұлдыз сияқты жылтырап көрінеді. Олар жұлдыздар сияқты бір орында тұрмайды, үздіксіз қозғалып аспан әлемінде жүреді. Бұл әлемді жұлдыз санаушылар өздерінің арнайы құралдарымен зерттейді. Балалар,бүгінгі оқу іс-әрекетімізге бізбен бірге саяхатқа шығуға жұлдыз санаушы келді.

Жұлдыз санаушы келеді .Амандасады.

Т:Сәлеметсіз бе Жұлдыз санаушы. Біздің балалар бүгін аспан әлеміне ғаламшарға саяхатқа шыққалы отыр.

Жұлдыз санаушы:Ал балалар қанша ғаламшар бар және олардың атауларын білесіңдер ме?

Т:Әрине біледі,қане балалар айтыңдаршы.

Балалардың жауабы:Тоғыз ғаламшар бар:Меркурий, Шолпан, Жер, Қызылжұлдыз(Марс), Есекқырған(Юпитер), Қоңырқай(Сатурн), Уран, Нептун, Плутон.

Ж.С.:Жарайсыңдар балалар!Сендер ғаламшарларды біледі екенсіңдер. Еңді бәріміз ғаламшарға зымыранмен ұшамыз. Зымыранды құрастырайық.

-Балалар, күнге ең жақын қандай ғаламшар?(Меркурий)

Біз зымыранмен бірінші Меркурий ғаламшарына ұшамыз. Ұшу үшін тура және кері санау керек.

Балалар тура және кері санайды.

Т: Санауды біледі екенсіңдер.

Ұшады. Меркурий ғаламшарына қонады.

Т:Балалар, біз Меркурий ғаламшарына келіп жеттік. Меркурий ғаламшары туралы не білесіңдер?

Балалар:Меркурий ғаламшары күнге жақын орналасқан. Түсі сары

Т:Меркурий ғаламшарының бізге дайындаған тапсырмалары бар екен.

1 тапсырма:Сандарды сызықпен қосу арқылы фигура жасау. Жасаған фигураның атын атау.

Ж.С.:Ұшуды әрі қарай жалғастырамыз. Біз Шолпан ғаламшарына келдік.

Шолпан ғаламшары туралы не білесіңдер?

Б:Шолпан аспандағы ең жарық шырақ.Т:Бұл ғаламшардың да бізге дайындаған тапсырмалары бар екен.

2 тапсырма:Жер мен ғаламшардың арасындағы ара қашықтықтарды өлшегішпен өлшеп, санмен белгілеу арқылы алыс және жақын тұрған ғаламшарды табамыз.

Т:Қане кім жерден жақын және алыс тұрған ғаламшарларды атайды?

Б:Жақын – Марс (қызыл жұлдыз),алыс-Шолпан

Т:Оны қалай білдіңдер?

Б:Мен өлшегішпен өлшегенімде Жерден Марстың арасында 4 саны шықты. Ол жерге жақын. Күнмен Шолпанның арасында5 деген сан шықты. Ол жерден алыс.

Сергіту жаттығуы:

-Балалар біз саяхатымызды әрі қарай жалғастырамыз. Ұшуға дайынбызба?Қызылжұлдыз(Марс) ғаламшарына ұшып келдік. Қызылжұлдыз туралы не білесіңдер?

Б:Күннен санағанда төртінші болыр тұр. Түсі қызыл-сары.Т:Бұл ғаламшардың да дайындаған тапсырмалары бар екен.

3 Тапсырма:Сұрақтар.-Ең үлкен ғаламшар?(Юпитер- Есекқырған) -Ең кіші ғаламшар? (Плутон) -Ең салқын ғаламшар? (Плутон)-Ең ыссы ғаламшар? (Венера-Шолпан)

-Сақинасы бар ғаламшар? (Cатурн)

Т:Келесі ғаламшарға ұшамыз. Келесі ғаламшар қандай екен?Телескоппен қарайды.

Б:Келесі ғаламшарымыз Қоңырқай(Сатурн)екен.

Т:Қоңырқай(Сатурн) туралы не білесіңдер?

Б:Күннен санағанда 6-шы болып тұр. Түсі қоңырқай.

Т:Бұл ғаламшардың да тапсырмалары бар екен.

4 тапсырма:Фигуралардан зымыран құрастыру.

Т:Балалар, тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар. Еңді, Жұлдызсанаушы, біз жерге қайтайық.

Ж.С.:Жақсы балалар. Жерге қайтуға дайынсыңдарма?Жерге қайтады.

Т:Балалар, біз Жерге келдік. Біз өзіміз білмейтін ғажайып әлемге саяхат жасадық.

Ж.С.:Жарайсыңдар, балалар. Мен сендердің ғаламшар туралы көп білетіңдеріңді білдім. Рахмет сендерге. Менің сендерге әкелген арнайы сыйлығым бар. Сау болыңдар балалар. Мен аспан әлемінің ешкім білмейтін құпияларын ашамын.

Т:Балалар, біздің бүгінгі ғажайып әлемге жасаған саяхатымыз ұнады ма?Сонымен балалар басқа ғаламшарларда тіршілік бар ма?

Б:Жоқ

Т:Дұрыс, балалар. Тіршілік тек қана Жерде. Балалар осымен бүгінгі “Аспан әлеміне саяхат" атты оқу-іс әрекетіміз аяқталды. Қонақтармен қоштасайық.

Сау болыңыздар!- деп балалар қоштасып шығып кетеді.

































Тақырыбы:«Есептер әлеміне саяхат»

Мақсаты:

1.Қарапайым математикалық ұғымдарды:сандарды 10ға дейін тура және кері санауын, өздеріне таныс дөңгелек және шаршы,үшбұрыш сияқты геометриялық пішіндерді бір-бірінен ажырата білуін бекіту.

2.Шартты өлшеуіш арқылы ұзындықты өлшеуді үйрету

3.Балаларды пішіндерді қолданып құрастыру арқылы шығармашылық қабілетін арттыру.


Керекті құралдар:

Оқу іс қызметінің барысы:

Шаттық шеңбері:

Қуан,шаттан,алақай.

Қуанатын күн келді

Күліп шықты күн бүгін,

Қайырлы таң,қайырлы күн!

Сәлеметсіздер ме,апайлар!

Тосын сәт:

Есік қағылады.Хат келеді.

Тәрбиеші: Балалар бізге хат келді.Қазір ашып кімнен келгенін оқып білейін.

-Саламатсыздарма балалар!Мен Есептер әлеміндегі Білім ханшайымымын.Мен сендерді өзімнің әлеміме қонаққа шақырамын.Сендер есеп әлеміне жету үшін сендер жолда менің тапсырмаларымды орындауларың керек.Тапсырмаларды орындағанда ғана «Есептер әлемінің» есігі ашылады.

Тәрбиеші: Балалар бізді Білім ханшайымы «Есептер әлеміне» қонаққа шақырып жатыр. «Есептер әлеміне» барғыларың келеме?

Балалардың жауабы.

Тәрбиеші:Балалар саяхатқа немен баруға болады?

Балалар: Көлікпен,автобуспен,поездбен,ұшақпен.

Тәрбиеші: Балалар біз саяхатқа поездбен барамыз.Поездбен бару үшін билет алуымыз керек.Кассадан билет алайық.

Балалар билет алады.(геом.пішіндер)

Тәрбиеші: Балалар әркім өз билеттері бойынша өз орындарыңа отырыңдар.

Балалар поездға отырады.Бірінші аялдамаға келеді.Алдарынан түлкі шығады.

Түлкі: Сәлеметсіңдерме балалар!Сіздер қайда жолға шықтыңдар?

Тәрбиеші: Біздер «Есептер әлеміне» Білім ханшайымына бара жатырмыз.Сіз бізге жол көрсетіп жібермейсізба?

Түлкі: Сендер кіп-кішкентайсыңдар.Сан,есеп дегеннің не екенін білесіңдерме өздерің?

Тәрбиеші: Әрине біледі.Біздер балабақшада санауды,кері санауды бәрін үйреніп жатырмыз.

Түлкі: Білгіш болсаңдар кане маған тура және кері санаңдаршы. Балалар санайды.

Түлкі: Ал сендер санамақ білесіңдерме?

Балалар санамақ айтады.

Түлкі: Ой, жарайсыңдар балалар!Сендер білгіш екенсіңдер.Мен сендерге « Есептер әлеміне»баратын жолды көрсетемін (түлкі қулана сөйлеп: Мен бұларды алдап ,басқа жолға салып жіберейін)

Түлкі ұзын жолды көрстіп: Сендер мына жолмен ( ұзын)барсаңдар тез барасыңдар.

Мына жолмен (қысқа)жүрсеңдер ұзақ жүресіңдер.

Тәрбиеші: Тоқта,тоқта .Біздің балалар қазір жолдарды өлшейді. Қай жол қысқа біз сол жолмен барамыз.

Түлкі: Өлшейді........Оны қалай өлшейді ?

Тәрбиеші: Шартты белгімен өлшеу арқылы өлшейміз.

Балалар шартты белгімен өлшейді.

Тәрбиеші: Балалар есептер әлеміне бару үшін қысқа жолмен барамыз.

Түлкі: Жақсы балалар! Сендер білімді екенсіңдер! Сендерді алдау да мүмкін емес екен. Сау болыңдар! Жолдарың болсын!

Балалар қысқа жолмен жүреді.

Тәрбиеші: Балалар біздер есетер әлеміне келген сияқтымыз.Бірақ еесік кілттеулі.Есікті енді қалай ашамыз?

Буратино кіреді.(Ән саз әуенімен)

Сәлеметсіздерме балалар!Сіздер кімсіздер?Қандай шаруамен жүрсіңіздер?

Тәрбиеші: Бізді «Есептер әлеміне» Білім ханшайымы шақырып еді. Бірақ неге екені белгісіз есік құлыптаулы тұр......

Буратино: Бұл құлыпты ашу үшін сендер менің тапсырмаларымды орындауларың керек.

Буратинаның тапсырмалары: «Көп-аз» (Бүр мен тиінді салыстыру)

«Құлыптың кілтін табу» Көп кілттің ішінен құлыптың кілтін табу.(Слайдпен жұмыс)

Есік ашылады.

Ханшайым күтіп алады.

Ханшайым : Сәлеметсіңдерме балалар! Есептер әлеміне қош келдіңдер! Мен сендердің білімдеріңді тексерейін деп шақырдым.Сендер менің тапсырмаларымды орындап кедергілерден сүрінбей өттіңдер.Енді менің сендерге арнаған тапсырмам бар.Тапсырмамды дұрыс орындасаңдар сендерге арнаған сыйлығымды аласыңдар.

Тапсырма : «Суреттің жетпеген жерін пішіндерді қою арқылы толықтыр»

Ханшайым әр балаға жақындап келіп не салғанын,қандай пішіннен салғанын сұрайды.

Ханшайым: Жарайсыңдар балалар! Сендер білімді екенсіңдер! Менің сендерге арнаған сыйлығым бар.

№31 «Еркемай» бөбекжайының №12 тобының бүлдіршіндері «Есептер әлемінде» өздерінің білімдерін көрсете білгені үшін мадақталады.

«Мақтау грамотасы» мен марапатталады.

Балаларға сыйлықтар таратады.





Қалалық жетістіктер апталығындағыы ересектер тобындағы ашық оқу іс әрекеті

Тақырыбы: «Ормандағы жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі»

Білім беру саласы: Таным, шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Қоршаған орта таныстыру, жапсыру

Тақырыбы: Ормандағы жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі

Мақсаты: Қыс мезгілінің ерекшеліктері мен ормандағы қысқы жабай жануарлардың тіршілігі туралы түсінігін қалыптастыру. Балалардың танымдық қабілетін оята отырып, жапсыру арқылы дербес ойларын шығармашылықтарын дамыту. Табиғатқа қызығушылығын аттырып, қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі : «Қысқы орман» картинасы , жабайы аңдардың суреттерінің слайды. Шиыршықталған жіңішке түрлі- түсті қағаз және желім.

Әдісі: Суретпен әңгіме , сұрақтар қою .


Тәрбиеші: Балалар, бүгін ерекше күн қараңдаршы, бізге қонақтар келіпті. Қане, балалар қонақтармен амандасайық.

Балалар: Салематсыздар ма.

Тәрбиеші: Балалар оқу іс әркетімізді шаттық шеңбермен бастайық

Күлімдеген күндейміз

Ренжуді біз білмейміз

Қуанасың сен де

Қуанамын мен де

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Баршамызға құрметпен

Бас иеміз біз!

Тәрбиеші: Қане, балалар, орнымызға отырайық. Балалар, мен сендерге «Бұл қай кезде болады?» деген тақпақ оқимын. Сендер жылдың қай мезгіліне арналған екенін табуларың керек.

Аяз қысып, өрнек сызып,

Терезені торлайды.

Қарға омбығып, бет домбығып

Сырғып жастар ойнайды.

Кейде ұшып, кейде ысқырып,

Ұйытқып боран соғады.

Айтыңдаршы балалар,

Бұл қай кезде болады?

Балалар жауабы: Бұл тақпақ қыс мезгілі туралы айтылған

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар.

Тәрбиеші: Ал енді айтыңдаршы қыс мезгілінің өзіне тән қандай ерекшелігі бар?

Балалар жауабы:

Қыс мезгілінде күн суытады.

Қыс мезгілінде қар жауады.

Қыста мұз қатып, жер тайғақ болады.

Қыста боран соғып аяз болады.

Қыс мезгілінде күн күн қысқарып түн ұзарады.

Адамдар қалың, жылы киінеді.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, қыс мезгілінің көптеген ерекшеліктерін біледі екенсіңдер.

Тәрбиеші: Ал енді қыс айларын кім маған атап береді?

Балалар жауабы: Қыс мезгілінің үш айы бар. Олар желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Тәрбиеші: Жарайсың дұрыс айтасыңдар. Ал енді осы үш айдың әр қайсысының өзіне тән ерекшелігін жеке – жеке атап беріңдерші.

1. Бала: қыс мезгілінің алғашқы айы – Желтоқсан. Бұл ай желді, ызғарлы суық болады.

2. Бала: Қаңтар айында алғашқы қар жауып, үскірік аязы бет қариды, терезелерге қырау қатады.

3. Бала: Ақпан қыстың соңғы қысқы айы, қарлы боран соғып, мұз қатады.

Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар, қыс айларына толықтай түсініктеме бердіңдер.

Тәрбиеші: қыс мезгіліне арнап жаттаған тақпақтарымызды еске түсірейік.

Бала:

Қандай суық қыс деген?

Қалтырайды құс деген.

Құлақшынды кимесең

Құлағыңды тістеген

Қандай қызық қыс деген?

Бәрін шебер істеген

Бақша бауды, тауды да

Бояған ақ түспенен.

Бала:

Ертеңгісін байқадым.

Жердің беті ақ қырау

Дәл маржан деп атаймын

Төгілуге шақ тұр –ау

Өзеніме, көліме

Әсем ою ойыпты

Ағаштардың бәріне

Алқа тағып қойыпты.

Тосын сый – хат.

Тәрбиеші: балалар қараңдаршы менің қолымда әдемі конверт. Балабақшаға келсем, үстелімнің үстінде тұр. (ішінде таспа да бар екен.)

Жабайы аңдар (слайдпен таныстыру.)

1. Қоян қыста үйілген бұталардың, ағаштың қуыстарында қыстайды. Қыста ағаш қабығын жеп қоректенеді. Қоян жауларынан қорғану үшін терінің түсін ақ түске өзгертеді.
2. Мынау – түлкі. Балалар, қараңдаршы қандай әдемі. Түлкінің мұрны иісті жақсы сезеді, ол қар астындағы тышқандарды аулап жейді. Түлкі – інде тұрады.

3. Тиін- інін ағаштың қуысына салады. Тиін өзінің күзде жинаған азығын, ағаш қуысына жинайды. Оның үлпілдеген жылы тоны қысқы суықтан қорғайды.

4. Аю үлкен аң, ақылды жыртқыш. Қыста апанда ұйықтайды. Күзде аю бал жеміс - жидек жеп денесіне май жинайды. Аю қыста табанының майын жалап, аш болмауына көмектеседі .
5.Қасқыр - жыртқыш аң.Қыста қасқыр дала жанауарларды аулап жейді. Ол апанда тұрады. Балалары – бөлтірік деп аталады

Бұлан-Қазақстандағы бұғылар тұқымдасына жататын ең ірі сүтқоректі,тұяқты жануар. Түсі қыста қара қоңыр болады. Қыста ағаштың бұтақтарымен қоректенеді.



Аққала:

  • Сәлеметсіңдерме балалар! Мен өздеріңмен қайта қауышқаныма қатты қуанып тұрмын. Жаңа жылда ертеңгіліктеріңе келіп, сендермен көңіл көтеріп, ойнап, би билеп, ән салған болатынмын. Міне тағы да алдарыңа келіп тұрмын.

  • Сәлеметсіңбе аққала! Сенің келгеніңе бізде қатты қуанып отырмыз. Қайдан келесің, не жаңалығың бар?

  • Не себепті келгенімді артынан айтамын. Алдымен сендермен тағы да ойын ойнағым келіп тұр.

  • Жарайды. Біздің балалар да ойын ойнағанды қатты жақсы көреді. Ал ендеше, ойынға шығайық.

Ойын.

  • Ал аққала ендеше келген мақсатыңды айт.

  • Мені сендерге қар ханшайымы жұмсап жіберді. Сендердің білімдеріңді тексеріп кел деген.

  • Аққала тоқтай тұр. Қар ханшайымынан біз де бүгін хат алдық. Оның жіберген тапсырмасын орындадық.

  • О, қандай жақсы болды. Менің де тапсырмамды орындайтын болдыңдар. (тапсырманы көрсетеді)

  • О, бәрекелді. Өздерің бір тапқыр балалар екенсіңдер. Мүдірмей орындап шықтыңдар. Енді, рұқсат болса жүрейін.

  • Тоқта, тоқта аққала. Біздің балалар қазір осы жерде әртүрлі қолдарынан шыққан бұйымдар жасайды. Балалармен бірге болып сенде жасап үйрен. Біз де сен арқылы қар ханшайымына сәлемдеме ретінде балалардың жасаған бұйымдарын беріп жіберейік.

Қорытынды:

1. Бүгін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізде не туралы әңгімеледік?

2. Бүгін қонаққа кім келді?

3. Аққаланың қандай тапсырмаларын орындадық?





Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған жергілікті ақын жазушылармен кездесу кеші»

Жүргізуші: Құрметті балалар біздің Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғанына биыл 25-жыл.Тәуелсіздігімізге арнап көптеген ақын-жазушыларымыз өздерінің ән-жырларын жазған. Бүгін біз өзіміздің жергілікті ақын жазушыларымызбен кездесеміз.Ақын-жазушыларымызды ортаға шақырайық.

Ақындар кіреді.Отырады.

Жүргізуші: Саламатсыздарма құрметті қонақтар!Бүгінгі біздің «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған жергілікті ақын жазушылармен кездесу» кешімізге қош елдіңіздер!

Балалар бүгінгі кешіміздің қонақтарымен таныс болыңыздар:

1.Көмек Ыбырайұлы

2.Нүргул Маулина

3.Ұзақбай Сақиев

Жүргізуші:Құрметті қонақтар сіздер өздеріңізді таныстырып және қысқаша өздеріңіз туралы айтып беруіңізді сұраймыз. (өздерін таныстырады).

Сұрақтар: 1-бала Көмек Ыбырайұлы сіз ең алғашқы шығармаңызды неше жасыңызда жаздыңыз және қалай аталады?

2-бала Нүргүл Маулина сіз өзіңіздің алғашқы шығармаңызды қай уақытта жаздыңыз және қандай жетістіктерге жеттіңіз?

3-бала Ал сіз алғашқы шығарманызды кімге,неге арнап шығардыңыз?

Жургізуші :Ата-бабаларымыз арман еткен , өзі күнге жеткізген апа-ағаларымыз туралы,тәуелсіздік туралы өлең жырларыңызды оқып берулеріңізді сұраймыз.

Ақындар жырларын оқиды.

Жургізуші: Рахмет сіздерге! Біздің даярлық тобының орындауында «Елтаңбасы елімнің»атты өлеңін қабыл алыңыздар.

Ән «Елтаңбасы елімнің»

Жургізуші:Көмек Ыбырайұлы біздің бөбекжайымыздың бүлдіршіндері сіздің шығармаларыңызды жатқа біледі. Қазір біздің балаларымыз өлеңдеріңізді мәнерлеп оқиды.

Жүргізуші: Ортаңғы тобының бүлдіршіндерінің орындауында «Балдырған» әнін тамашалаңыздар.

№12 ортаңғы топтың балаларының биін тамашалаңыздар.

№7 даярлық тобының биін тамашалаңыздар.

Енді біздің балаларымыздың сіздерге арнаған тілектеріңізді тыңдаңыздар:

1.Шығармашылық табыс тілейміз

2.Жастарыңыз ұзақ болсын!

3.Отбасыңыз аман болсын!

4.Әрқашан аспанымыз ашық болсын!

Ән «Маңғыстауым мақтанышым»

Жүргізуші: : Құрметті бүгінгі кеш қонақтары уақыт бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет.Бүгінгі мерекеміз әсерлі болды деп есептейміз,себебі бүлдіршіндеріміз өздеріңізбен таныса отырып Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жыл мерекесіне өз үлесін қосты деп санаймыз.Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!Тәуелсіздік тұғырымыз биік болсын!Аспанымыз ашық ,еліміз тыныш болсын!Осымыз бүгінгі кешіміз аяқталды.











Дидактикалық ойындар 

Геометриялық пішіндерге арналған дидактикалық ойындар 
Мақсаты: Балаларға біреуі артық немесе кем санды тауып, атауды үйрету. 
Көрнекілік: Ою-өрнектер, геометриялық пішіндер салынған карточкалар жиынтығы, геометриялық пішіндер. 
Барысы: Балалар геометриялық /ұшбұрыш, шаршы, дөңгелек және с.с./ пайдаланып, мұғалімнің тапсырмасына үндеместен жауап беруі тиіс. 
Тәрбиеші тапсырма береді, балалар оны орындайды.: 
а/дөңгелектерден біреуін артық етіп, ұшбұрыштарды қойыңдар /үш дөңгелек салынған сандық карточканы көрсетеді/; 
б/мұндағы дөңгелектерден біреуін кем етіп, шаршыларды қойыңдар /бес дөңгелек салынған сандық карточканы көрсетеді/; 
в/дәл осындай пішінді көрсетіңдер /дөңгелекті көрсетеді/және осыларға сәйкес тапсырмаларды көрсетіндер. 
Ойын соңында қорытынды шығарылады. Қатені аз жіберген қатар ұтып шығады.Ойынның барысында балалардың зейіні, қол қимылының жылдамдығы, дәлдігі қалыптаса бастайды және санауды, біреуі артық немесе кем санды тауып, оны атауды үйренеді. 

Дәл осындай пішінді тап

Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту, пішіндерді атауға, ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру. 
Ойынның құрал-жабдықтары: бала саны бойынша құлыптың суреттері, геометриялық пішіндер. 
Ойынның мазмұны: алдарындағы сиқырлы құлыпты ашуды ұсыну. Құлыптың кілттері де сиқырлы, геометриялық пішіндерден құралған екенін айту. Әр бала құлыпқа сай келетін кілтті алып, құлыпты ашады. 

Таныс пішіндер доминосы 
Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту; көп заттың ішінен біреуін таңдауға жаттықтыру. 
Ойынның құрал-жабдықтары: пішіндер бейнеленген суреттер. 
Ойынның мазмұны: Балаларға суреттерді таратып беру. Жүргізуші бірінші суретті үстелдің ортасына қояды, қалған балалар сурет сәйкес өзінің суретін қояды, суретте бейнеленген пішінді атайды. Ойын осылай жалғаса береді. 

Зейінді бол

Мақсаты: Күрделі геометриялық суреттен үшбұрышты, төртбұрышты, шеңберді көрсете білу. 
Көрнекілік: Геометриялық пішіндер кескінделген суреттер /5–сурет/. 
Барысы: Тәрбиеші көрсеткіш таяқшамен бірінші /екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы/ суретті нұсқап, балаларға мынадай сұрақ қояды: Суреттен қандай таныс пішінді көресіңдер? Әрбір суретте өзара ұқсас неше пішін бар? 
Есептеу кезінде аз қателескен қатар ұтып шығады.

 Қорыта келе дидактикалық ойын балаға білім берудегі әсер етудегі ең негізгі бір түрі, өйткені ойын балалардың негізгі іс әрекеті. Балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыруда дидактикалық ойындардың алатын орны ерекше. Пішіндерді өткен кезде шар, куб, «не домалайды, не домаламайды?» ойыны арқылы осы екі пішіннің ерекшелігі, қасиеті туралы түсіндіру өте тиімді.





Ойлан тап

Мұз айдындар жеті бала,

Асыр сап жүр сырғанап.

Сырғанамай екі бала,

Жағалауда тұр қарап.

Еңді осы бар баланың

Санын айтсаң жарадың.

(9 бала)


Тауықтардың біреуі,

Бес балапан шығарды.

Көптен күтіп жүр еді,

Інім қатты қуанды.

Он жұмыртқа бастырған,

Қарай алмай шаршады.

Тауықтардың астында,

Жатыр әлі қаншауы?

(5 жұмыртқа)


Бір топ бала тоғаннан,

Он бес балық ұстады.

Бөліскенде оларды,

Тиді әркімге үш балық.

Сынайын бір ал сені,

Бала саны қанша еді.

(5 бала)

Жайылып жүр сегіз лақ.

Үшеуі оның егіз лақ.

Есептеуге,

Сен шебер.

Бала болғың келсе егер.

Сегіз лақтың енесін,

Тез есептеп берерсің.

(5 ешкі)

Санамақтар

Отбасылық санамаөқ

Бір үйде біз нешеуміз?
Кел, санайық, екеуміз.
Бас бармағым – атам
Балан үйрек – әжем
Ортан терек – әкем
Шылдыр шүмек – анам
Кішкентай бөбек – мен!



Он саусақ

Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды.

Өнерлі екен он саусақ:
Қала салсақ, жол салсақ…



Жеті ұл
Сәл демалып, тыным ал.
Тақпақ тыңдап, ұғып ал.
Апта деген ағайдың
Жеті бірдей ұлы бар:
Біріншісі – Дүйсенбі,
Екіншісі – Сейсенбі,
Үшіншісі – Сәрсенбі,
 Төртіншісі – Бейсенбі,
Жұма деген – Бесінші ұл,
Алтыншы ұл – Сенбі,
Жетіншісі – Жексенбі.



Онға дейін санамақ

Бір дегенім билік, барлық іске килік
Екі дегенім – ерік, қойма еркінді беріп.
Үш дегенім – үміт, шақырады күліп,
Төрт дегенім – талап, босқа жатпа қарап.
Бес дегенім – бірлік, бірліксіз жоқ тірлік.
Алты дегенім - арман, шығатұғын алдан.
Жеті дегенім – жігер, жеңгеніңді тілер.
Сегіз дегенім – сенім, сенген табар елін.
Тоғыз дегенім – талғам, оқуменен алған.
Он дегенім - өзім , бәрін білер кезім.



Балалар санамағы

Бір дегенім – білеу,
Екі дегенім – егеу,
Үш дегенім – үскі,
Төрт дегенім – төсек,
Бес дегенім – бесік,
Алты дегенім – асық,
Жеті дегенім – желке,
Сегіз дегенім – серке,
Тоғыз дегенім – торқа,
Он дегенім – оймақ,
Он бір қара жұмбақ.



Беске дейін санамақ

Бір дегенім- бүркіт,

Қалады аңдар үркіп,

Екі дегенім – ешкі,

Қорамызды тесті,

Үш дегенім – үйім,

Үйде жақсы күйім.

Төрт дегенім – түлік,

Жүрші мұны біліп.

Бес дегенім – бесік

Шықтық одан өсіп.















Пайдалынған әдебиеттер:

  1. «Бала мен балабақша» Республикалық педогогикалық журнал 2010 ж.

  2. Артемова Л.В. Дидактикалық ойындар. ¬– М., 1992. 

  3. Богуславская З.М., Смирнова Е.О. Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған дамыту ойындары. – М., 1991.

  4. «Отбасы және бала бақша» журналы 2014ж

  5. «Ақ бұлақ» К. Ыбырайұлы Алматы: «Баянжүрек» баспасы, 2015-536 бет

  6. Ғаламтор ақпараттары



















Мазмұны

  1. Кіріспе.................................................................3

  2. Ересектер тобындағы ҚҰМҚ оқу қызметінің ілгерлемелі жоспары.........................................5

  3. Қалалық семинарда өткізілген ашық оқу қызметі.

«Аспан әлеміне саяхат»....................................7

  1. Қалалық жетістіктер апталығындағы ортаңғы тобындағы

«Есептер әлеміне саяхат»...............................10

  1. Қалалық жетістіктер апталығындағыы ересектер тобындағы ашық оқу іс әрекеті

«Ормандағы жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі»..........................................................13

  1. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған жергілікті ақын жазушылармен кездесу кеші»........................17

  2. Дидактикалық ойындар..................................19

  3. «Ойлан тап».....................................................22

  4. Санамақтар.......................................................23

  5. Пайдаланылған әдебиеттер.........................26





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
925
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі