Сыныбы: 2 «а»
Сабақтың
тақырыбы: Домбыра мен қобыз аспабының
түрленуі. Сабақтың
мақсаты: Домбыра мен қобыз тобымен
танысу. Білімділік: Ұлттық оркестірдегі домбыра
мен қобыз аспаптарының түрленуін таныстыру.
Дамытушылық
: Оқушылардың танымдық қабілетін
арттыру,өз ойын еркін жеткізуге баулу.
Тәрбиелік
:Музыканы түсінуге,ұлттық
өнерді қастерлеуге,құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: Слайт , баян , домбыра ,
буклет, Сабақ
түрі: Жаңа
сабақ.
Сабақ
барысы
І Ұйымдастыру
кезеңі Окушылармен амандасу Қағаз
құралдарын түгендеу. ІІ Жаңа
сабақ .
Оркестр болып орындау үшін
оған түрлі аспаптар қажет болады. Жаңадан жасалған аспаптарға әр
түрлі еуропалық атаулар берілді. Олар: домбыра- прима, домбыра –
альт, домбыра – бас, домбыра – контрабас. Оркестрдегі барлық
аспаптар түр – пішіні жағынан ұқсас болғанымен, көлемі жағынан ір
түрлі болады. Аспап үлкен болған сайын оның үні де төмен әрі қою
болып шықты. Домбыра апабының өзін де өзгертуге тура келеді. Егер
бұған дейін домбыраға қой ішегі тағылса,енді оны нейлон ішектерімен
ауыстырды. Сол себепті домбыра аспабында бұған дейін тек қана халық
әндері мен күйлерін орындаса, енді Еуропа композиторларының
шығармаларын да емін-еркін ойнай беретін
болды.


Қобыз аспабы да біраз
өзгеріске ұшырады. Қобыз аспабының негізінде қобыз –прима,
қобыз-альт,қобыз –бас, және қобыз –контрабас пайда болды.
Еуропадағы ішекті аспаптар тәрізді екі ішекті қылқобыз аспабы енді
төрт ішекті қобыз болып өзгерді. Ал қылдың орнына сым ішектер
тағылады.
Сонымен қазақтың домбыра мен
қобыз аспабының негізінде оркестр құрамында жаңа аспаптардың
көптеген түрлері дүниеге келді. Халық композиторлары Құрманғазы,
Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина күйлері оркестрдің орындауында сахнаға
жаңаша түрленіп шықты.
Оркестрдегі аспаптарды
жетілдіру барысында қой ішегі – нейлонға, қыл ішек сым ішекке
ауыстырылды. Өйткені олардың құлақ күйінің ауыспауы шарт
еді.
Ахмет Жұбанов – (1906-1968) –
композитор, ғалым, қазақтың кәсіби музыка мәдениетінің негізін
қалаушылардың бірі . Академик Ахмет Жұбанов Құрманғазы атындағы
мемлекеттік академиялық ұлт аспаптар оркестрін құрып, оның алғашқы
көркемдік жетекшісі болды.
III. Музыка
тыңдау
Құрманғазы атындағы ұлт
аспаптар оркестрінің орындауында «Венгр биін»
тыңдау
IV. Ән
айту
Ән айту ережесімен
таныстыру
-
Ән айтқанда қолды төмен
жіберіп, денені тік түзу ұста, иығыңды
көтерме.
-
Ән бастар алдында асықпай
ішіңнен дем ал.
-
Әнді айқайламай, мәнерлеп
айт.
Дауыс
жаттықтыру
«Құтты болсын
мереке» Әні: Ж.
Еңсепов
Сөзі: Т.
Рахимов
Ән үйрету барысында, әнді
орындап беремін.Оқушыларға әннің мәтінін жаттатамын, әнді фраза
бойынша үйретемін.Оқушыларға фразаның алдында дем алуды көрсетемін,
сонымен қатар әннің ырғағын қолмен шапалақтап үйретемін. Бірінші
сабақта тек бір шумағын үйретемін.
V . Жаңа сабақты
қорыту.
--- Домбыра аспабының қандай
түрлері пайда болды?
--- Домбыра аспабы қандай
өзгеріске ұшырады?
--- Көп өзгеріске ұшыраған
қандай аспап ?
--- Қобыз аспабының қандай
түрлері пайда болды?
--- Оркестр қандай халық
композиторларының күйлерін түрлендіріп
отырған?
VI.
Бағалау
VІI. Үйге
тапсырма
«Құтты болсын мереке » әнін
жаттап келу. 30-34 бет оқу
«Мамания орта мектебі,
мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің
Музыка пәнінің мұғалімі:
Абугалиева Жанар Сериковна