Аспаптық камералық шығармалар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Аспаптық камералық шығармалар

Материал туралы қысқаша түсінік
Жасөспірімдердің музыкаға деген ықыласын дамытады, ырғақты тыңдай білуге үйретеді, есту қабілеттерін дамытып, қалыптастырады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мерзімі: Сыныбы : 6 1тоқсан / 7

Тоқсандық тақырыбы: Қазақстан композиторларының

аспаптық музыкасы.

Сабақтың тақырыбы: Аспаптық камералық шығармалар


Сабақтың мақсаты: Кәсиби классикалық музыка арқылы

Қазақстан композиторларының

шығармашылығына тоқталу , таныстыру,

таныту, тарату.


Білімділік мәні : Оқушылардың жан – жақты білімдерін

арттырып , логикалық ойлау қабылеттерін

классикалық музыка арқылы арттырып,

музыкалық терминдер арқылы

сауаттылығын ашу .


Дамытушылығы: Жас өспірімдердің музыкаға деген

ықыласын дамыту,есте сақтау, ырғақты

айыру,тыңдай білу, айыра білу, есту

қабылеттерін қалыптастыру, дамыту.


Тәрбиелік мәні : Қазақстан композиторларының музыкалық

шығармалары арқылы классикалық

музыканың тәрбиелік мәнін

тыңдату , сезіну , арқылы бойына сіңіру.


Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру , әңгімелеу, пікір талас

құру, әндету , музыкалық терминдер арқылы

сауат ашу , шығармашылыққа баулу .


Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті ,Қазақстан тарихы,

жаратылыстану.


Пайдаланған оқу - әдістемелік әдебиеттер:

« Музыка» оқулығы 6 сынып

«Атамұра» бағдарламасы.


Авторлары: А.Жайымов, Б.Ысқақов, Ж.Еңсепов. Ж.Сәрсембенов.







Сабақ барысы

Уақыты

Жоспары

1.

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

Сәлемдесу,

Әнұран әндету.

2.

Өткен сабақты сұрау

4 минут

Қазақстан композиторларының аспаптық музыкасы


3.

Жаңа сабақты түсіндіру

10 минут

Фортепиано аспабына арналған шығармалар


4

Музыкалық тыңдау

5 минут

Н.Меңдіғалиев «Домбыра туралы аңыз»

5.

Дауыс ашу жаттығулары

2 минут

Төмен , жоғары дыбыс қатарларын әндету.

6.

Әндету

6 минут

Н. Тілендиевтің әні «Саржайлау» бекіту

7.

Шығармашылық жұмыс

3 минут

Қазақстан композиторлары(реферат)

8.

Музыкалық терминдер

5 минут

Концерт, этюд, соната


9.

Қорытындылау

3 минут

Аспаптық музыка.


10.

Бағалау

3минут

«5»- , «4»- , «3»- .


11.

Үйге тапсырма

2 минут

Қазақстан композиторлары.



Иә , саламатсыңдарма балалар !

- Қанекей кешегі сабақты қорытындылай келе біз бүгін Қазақстан композиторларының аспаптық музыкасына тоқтала отырып фортепиано аспабына арналған шығармалармен танысамыз.

-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:

Фортепиано аспабына арналған шығармалар


Қазақстан композиторлары фортепиано аспабына арнап көптеген шығармалар жазды. Композиторлар Ғ.Жұбанова, Е.Рахмадиев, Қ.Қожамияров, М.Сағатов, Т.Қажығалиев, А.Серкебаевтардың шығармалары жиі орындалады.

Композитор Н.Меңдіғалиевтің фортепианоға арналған шығармалары домбырадағы ұлттық сазға негізделіп, өзгеше нақышта естіледі. М. Сағатовтың «Күй » атты шығармасы да ежелгі халық аспаптың музыка негізінде жазылған.

Қазақ халқының әндері мен күйлеріндегі әуендік ерекшеліктер фортепианолық шығармалардың ең басты арнасы болып қалыптасты.



Музыкалық шығарманы тыңдау:

Қазақстан композиторы Н.Меңдіғалиев

«Домбыра туралы аңыз»

Дауыс ашу жаттығулары:

* Ән салып, өлең айтқанда қолды төмен түсіріп , желкенді

көтермей , деніні тік ,түзу ұста.

* Әнді бастаудан алдын асықпай қарныңмен демалуға дағдылан.


* Әнді айқайламай мәнерлеп айт.



Әндету: Саржайлау

Сөзін жазған М.Мақатаев. Әнін жазған . Н. Тілендиев.


1. Жазира , жасыл кілем өрнектеген,

Туған жерге ,дариға ,жер жетпеген!

Саржайлауым.

Кең өлкем , әлдейлей бер , сен деп келем ,

Аңсап келем, сағынып , шөлдеп келем.

Саржайлауым.


Қайырмасы:


Саумал бұлақ- балдай дәрім,

Салқын самал- баурайларың..

Саялаған , беу , туған жер ,

Сағындырған , Саржайлауым..


2. Армысың ата – қоныс , жасыл мекен!

Ұлыңмын , мен сенің қасыңда өтем.

Саржайлауым.

Басқаның жерұйығын неғылайын,

Жерұйығы өзімнің қасымда екен!

Саржайлауым.


Қайырмасы:


3. Жадырап , жұтайыншы тау самалын ,

Осы еді ғой сағынып аңсағаным.

Саржайлауым.

Гүлдерім , шыршаларым , аршаларым ,

Бәріңе арнап мен бүгін ән саламын.

Саржайлауым.


Шығармашылық жұмыс:


* Қазақстан композиторларының шығармашылығы жайында мәлімет жинақтау.

* Фортепианоға арналған музыканы тыңдай білу, сыныпта талдау жүргізу, ол шығармаларды тану.

* Рефераттық жұмыс жасау, қорғау.

Қорытындылау :


* Фортепиано аспабына жазылған қандай шығармаларды білесің?

* «Домбыра туралы аңыз» нені бейнелейді?



Үйге тапсырма:


* Фортепиано аспабына арналған шығармалар


Бағалау: «5» - «4» - «3» -











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
31.10.2018
846
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі