400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашқ сабақ «Өзен және көл»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға жаңа сабақты тұсіндіре отырып, Қазақстандағы көлдер мен өзендер туралы әңгімелеу. Пәнге деген қызығушылығын арттыру, ойлау, көру, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Өзен және көл»

Сабақтың мақсаты: оқушыларға жаңа сабақты тұсіндіре отырып, Қазақстандағы көлдер мен өзендер туралы әңгімелеу. Пәнге деген қызығушылығын арттыру, ойлау, көру, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: суреттер, Қазақстан картасы, тірек-сызбалар, тест, ойын макеті, оқулық.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілікпен жұмыс

Түрі: жаңа, танымдық сабақ

Сабақ жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Үй тапсрмасымен жұмыс

ІІІ.Сергіту сәті

ІV.Жаңа сабақ

V.Ойын

VІ.Сабақты бекіту

VІІ.Үйге тапсырма беру

VІІІ.Бағалау.


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

ІІ.Үй тапсрмасымен жұмыс

Жер асты суы. Мазмұндау.

  1. 1-2 оқушыдан сабақ сұрау.

  2. Сұрақтар

А) Жер асты сулары қалай пайда болады?

Б)Бұлақ қандай жерден шығады?

В)Жер асты суын қалай пайдаланады?

3) Тест жұмысы

1. Судың күйін ата.

А) сұйық, қатты, газ

Б) таза ,ақ ,көгілдір

2.Судың қасиетін белгіле.

А)ақ б) түссіз В) сұр

3. 100м тереңдікте бұрғылап алынатын жер асты суы.

А)бұлақ б)құдық в)артезиан құдығы

4. Әр адам тәулігіне тамаққа, ішуге қанша литр су жұмсайды.

А)1-2л б) 4-5л в) 2-3л

ІІІ.Сергіту сәті «Қара жорға» биі

ІV.Жаңа сабақ

Кең дала, көремісің сонау жатқан.

Жібектей жасыл шөптен бетін жапқан,

Асқар тау, айдын шалқар көл мен өзен,

Әне, сол анам еді мені тапқан, - деп Сәкен Сейфуллин атамыз айтқандай, Қазақстан-кең байтақ өлке. Ол Еуразияның ең ірі мемлекеттерінің бірі. Жер көлемі жағынан 4-ші орында. Солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа қарай созылып жатуына байланысты, табиғаты да алуан түрлі. Қазақстан орман- тоғайлы, шалғынды, таулы, жазықты, өзен-көлді жерлерге бай.

1.Картамен жұмыс

Картадағы алуан түрлерге назар аудару.

Таулар –қоңыр, жазықтар –жасыл, қыраттар-сарғыш, өзен-көлдер-көгілдір түспен белгіленеді.

2.Тірек-сызбалармен жұмыс.


3.Оқулықпен жұмыс.

А)Мәтінді тізбектей оқыту

Б)Картамен жұмыс

1.Ертіс, Жайық, Сырдария, Іле өзендері мен Каспий, Арал, Балқаш көлдерін картадан көрсету.

V.Ойын «Өз орнына орналастыр»

Қазақстан картасына өзен-көлдер аттарын жылдам орналастыру.

VІ.Сабақты бекіту

А)Сөзжұмбақ

1. «Өзен», «Көл»


1. Құрлық бетіндегі түрлі ойыс.

2. Тұзды көлден қандай пайдалы минерал өндіріледі?

3.Қазақстандағы баяу ағатын өзендердің бірі.

4.Өзеннің жер бетіндегі белгілі бір ойысты бойлай ағуы


2.

1. Қазақстандағы тұзды теңіз

2.Жылғалар бір-бірімен қосылып нені құрайды?

3.Сайдың түбінен шыққан бұлақ ылдиға қарай сылдырап ағады.

Ә) Венн диаграммасы

КӨЛ сұйық ӨЗЕН

Зат

Бұлақ

Қатты

Тұщы

-Қазақстанда қандай көлдер бар?

-Көлдер қалай пайда болады?

-Көлдің қандай түрлері бар?

-Ең ірі көлді ата. Байкал

-Балқаш көліне қай өзен құяды? Іле

-Арал теңізіне қай өзен құяды? Сырдария

Б) Мақал-мәтелдер

1.Бұлаққа бұлақ қосылса-егіз,

Көлге көл қосылса-теңіз

2.Көлдің құты кетсе,

Көкқұтан бір жыл бұрын кетеді.

3.Тау бұлағымен көрікті

Көл құрағымен көрікті.

4.Өзен жағалаған өлмес

5.Өзен-көлге, көл елге құяды.

6. Көл көлге құяды,

Сел селге құяды.

VІІ.Үйге тапсырма беру

«Өзен және көл» мазмұндау

























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
745
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі