"Асқақтаған Астанам!" салтанатты жиын

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Асқақтаған Астанам!" салтанатты жиын

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас жеткіншектердің патриоттық сезімін арттыру,өз елін,жерін сүюге, қадірлеуге,құрметтеуге тәрбиелеу мақсатындағы бұл салтанатты жиынның әзірлемесі мектеп тәлімгерлеріне қажет болары сөзсіз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты: Жас жеткіншектердің патриоттық сезімін арттыру,өз елін,жерін

сүюге, қадірлеуге,құрметтеуге тәрбиелеу.

Өтетін орны: Мектеп алаңы
Өтетін уақыты: 5-мамыр 2018 жыл

Қатысатындар: Мектеп оқушылар мен ұстаздары

Барысы:

І жүргізуші: Қымбатты оқушылар!

ІІ жүргізуші: Қадірменді Ұстаздар!

І жүргізуші: «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық

ұйымының «Жасұландар» күніне және еліміздің бас

қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған «Асқақтаған-

Астанам!» атты салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер!

Ұланбасы:

  • Құрметті топ басшылары! Рапорт беруге дайындал!

  • Рапорт тапсыруға рұқсат!

( 5 – 11 сыныптардың топ басшылары Ұланбасына рапорт береді)

  • Ұланбасы салтанатты жиынға дайындық жөнінде мектеп директорына рапорт береді.

(Фанфары ойналады)


Аға тәлімгер:

  • Мектеп , Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы на қарап,түзел! Тік тұр!

(Мемлкеттік Гимн орындалады)


  • Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының Туы енгізілсін!

(«Жас Ұландар» Гимні орындалады.)


Бүгінгі күн, яғни 5- мамыр Қарағанды облысының барлық жалпы білім беретін мектептері оқушыларының мерекесі «Жасұландар күні» . Ендеше Сіздерді, Жасұландықтар, осы мерекемен құттықтауға рұқсат етіңіздер!

Егеменді еліміздің ертеңіне бағытталған жолдарық ашық,

қадамдарың нық, ойларың қарышты, білімдерің бекем, бағыттарың айқын екендігіне сенімдіміз!

ІІ жүргізуші:

Елбасы Н.Ә.Назараев «Болашаққа бағдар: Руханини жаңғыру»

мақаласында «...құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді»-дей отырып, болашақтың кілті білімді ұрпақтың қолында екендігін атап көрсетсе...

І жүргізуші:

«Туған жерге туыңды тік»- дей отырып туған еліңе,туған жеріңе деген сүйіспеншілік шынайы патриотизмнің айқын көрінісі екендігін, ал сол елі мен жерін қорғайтын жас буын өкілдері – жасұландықтарға арналып отырған үлкен сенім екендігі анық.




ІІ жүргізуші: Ендеше , Құрметті жасұландықтар! Еліміздің жасампаздығын арттыруда білімді, өнегелі азамат болып, Отанға шексіз қызмет етуге дайын бол!

Барлығы: Әрқашанда дайынбыз!!!

Ән: «Нұр аға» орындайтын Құрманғали Бекжан.

І жүргізуші: Биылғы "Жасұландар күні" еліміздің бас қаласы Астананың 20 жылдық мерейтойына арналып -«Асқақтаған –Астанам!» атымен өтуде! Бұл облыс Жасұландарының Тәуелсіз еліміздің елордасы -АСТАНАҒА деген құрметі.

Оқушылар:

  1. Сарыарқа төсінде,

Сән беріп Есілге.

Жас қала – Бас қала,

Астана өсуде.

  1. Күн болып қарайды,

Шуақ боп тарайды.

Әлемге нұр шашқан,

Астанам арайлы.

  1. Ақ таңмен тыныстап,

Мүлгиді күміс бақ.

Тыныштық тұтқасын,

Елбасым тұр ұстап.
4. Мәрмәрдан қаланған,

Сан сарай, сан арман.

Жауһардай жарқырап,

Жас қала жаңарған.
5. Елбасы тілегі,

Елімнің жүрегі.

Жасанған елорда,

Туған жер тірегі.

6. Даламның кеңдігі,

Тауымның ерлігі.

Елордам тұр сенде,

Елбасым ерлігі.

7. Елордам қуатты,

Шырайлы, шуақты.

Шұғыла шаша бер,

Алтын күн сияқты.

8. Астана ақ қала,

Ақ мәрмәр пәк қала.

Шарықтап, қарыштап,

Шалқи бер, шаттана.

Ән: «Астана» орындайтын Төлеубайқызы Айжан







ІІ жүргізуші: Биылғы оқу жылында жеткен жетістіктерімізді -Астананың құрметіне арналған игі істеріміз деп санауымызға болады.

Ендеше , бүгінгі күні сондай жетістіктерге жетуде белсенділік танытқан жасұландықтарды марапаттау үшін және облыс көлемінде екінші рет аталып өтіп жатқан «Жасұландар» күнімен құттықтау үшін сөз кезегін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Муканова Корлан Сониятовнаға береміз!

(марапаттау жасалады)


І жүргізуші: Намыс туын биік ұстар қазағымның ұланы,

Шырқа мәңгі ынтымақ пен білімділік жыр әні.

Асқақтасын әрқашанда «Жас Ұланның» ақ Туы,

Биіктерді шарлай берсін көк аспанда қыраны! -

дей отырып, cалтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз!


ІІ жүргізуші:

Құрметті Жас Ұландықтар! Берген Уәделеріңе, болаттай берік болып, әрқашан Тәуелсіз еліміздің туын көкте желбірете, Елбасы айтқандай әрқайсыңыз еңбектеніп Туған жерге туларыңызды тігеді деп сенеміз!


Аға тәлімгер:

  • Мектеп! Түзел! Тік тұр!

  • «Жас Ұлан» қоғамдық ұйымының Туы шығарылсын!

( «Жасұландар» гимні ойналады)



І жүргізуші:

Жасұланды ел танысын,

Көтеріңдер оң қолды! (оң қолдарын көтереді)


ІІ жүргізуші:

Мың алғысқа дайынсың сен,

Көтерейік сол қолды! (сол қолдарын көтереді)


Аға тәлімгер:

Көрсін әлем, Жасұланды,

Соқ ендеше қолыңды! ( шапалақ)






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.10.2018
389
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі