жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Асқар - тауым әкешім
Күні:07.04.2017ж.
Тақырыбы: «Асқар тауым-әкешім»
Максаты:
-
— Мектеп пен отбасының өзара байланысын, қарым – қатынасын нығайту;
-
— Отбасының қарым – қатынасындағы сенімділікті және сыйластықты қалыптастыру;
-
— Бала тәрбиесінде әкенiң ролі ерекше екендігін түсіндіру.
Көрнекілігі: қанатты сөздер «Ата көрген-оқ жонар, ана көрген- тон пішер», шарлар, презентация.
Түрі: ашық тәрбие сағаты.
Шақырылған қонақтар:3- сынып оқушыларының әкелерi, психолог, мұғалімдер.
/Арнайы безендірілген кабинетке Кайрат Нуртастың ,, Әкелер,, атты өлеңімен қошеметтеп карсылап алдық. /
Барысы: Мұғалім:
Әкем менің асқар тауым,
тірегім,
Бәрінен де сен қымбатсың
білемін.
Қанат қағып кетсем алыс
қияға,
Сен деп соғар жұдырықтай
жүрегім. Сәлеметсіздерме ардақты
әкелер! Бүгінгі біздің «Асқар тауым-әкешім» атты ашық
тәрбие сағатымызда, Әкелер, сіздер туралы әңгіме
қозғағымыз келеді. Әке… Бұл үш әріпті сөзде не
бар? Әке деген сөз — мейрімділік, ержүректік, әдептілік деген
ұғымдармен іспеттес. Әкенің бала дүние есігін ашқаннан бастап, оның
өсіп дамуына тигізетін әсері маңызды екені баршаңызға
мәлім.
— Қадірменді әкелер! Сіздің осы кездесуге үй шаруларыңызды тастап, бас тартпай келуіңіздің өзі – бала бақыты сіз үшін маңызды екенін көрсетеді.
Тренинг: «Мен үшін әке болу – бұл… » Сөз басында мына ойыншықты /жұмсақ қонжық / бір- бірімізге жалғай отырып, мына фразаны аяқтайық! «Мен үшін әке болу – бұл… » /бақыт, жетістік, байлық, арман, дәреже, мәртебе, өмір, жауапкершілік…т.с.с./
Мұғалім: Керемет! Ой бөліскеніңізге рахмет! Олай болса, жалғастырайық!
Мұғалім:Әкелер енді балалардың мектептегі сәттерінен мерекелерде түскен фотоларын көрсетіп,қуанту.
— «Әке – асқар тау» деп теңестіреді халық даналығы. Әр бала Әкесі мен анасының махаббатының жемісі болғысы келеді. Бақытты бала тек бақыты ата-анада ғана болады. Бала тәрбиесінде Әкенiң рөлі ерекше.Ер бала әкені тыңдағысы келеді, оған ұқсас болғысы келеді. Ерекше әсер әрине, — бірігіп ойын ойнау. Бірге қыдыру.Әкесіне ұқсау.
Балалар шығармаларынан…
-
-Ал енді, балалардың жауабына құлақ түрсек! Бiрнеше күн бұрын, тәрбие сағаттарымыздың бірінде балаларға мынадай тапсырма берген болатынмын. ,, Жасырын турде /аноним/ өз әкелерi туралы жасырмай жазуларын өтiндiм. Олар мынадай сұрақтарға жауап бердi.
-
— Әкемнің ұнайтын жағы
-
— Әкемнің ұнамайтын жағы
-
— Болашақта әке болғанда қандай боламын?
Мына жерде ілініп тұрған хаттардан бір-бірден алып оқимыз.Әкелер сіздерге арналған.
Оқушы хаттарынан…
«Менiң әкемнiң мiнезi қаталдау. Менiң әкемнiң қолынан бәрі келедi. Тамақ пiсiрудi де
бiледi. Өз әкемдi мақтан тұтамын. Ол бізге әрдайым қамқор болып жүредi. Оның жүрегi таза, жомарт адам.
Маған әкемнiң ғана айқайлағаны ұнамайды»
«Әкемнiң енбекқорлығы, байсалдығы ұнайды. Жазда әкем екеумiз өзенге шомылуға барамыз. Ол маған мотоцикл айдауды үйреттi. Сол сәт өте қызықты. Папа математик, екеумiз доспыз. Әкемдi жақсы көремiн. Папамды көрмей жүрмiн — сол жаныма батады»
«Маған әкемнiң күлгенi, бiзбен ойнағаны ұнайды. Ол ешкiмнiң қолын қайырмайды. Маған барлық затты алып бередi.
Әкемнiн анама ұрысқаны ұнамайды .«Әкемнiң ойнағаны, маған есеп шығарысқаны ұнайды. Менiң әкем дүниедегi ең жақсы адам.
Маған әкемнiң ішімдік iшкенi ұнамайды. Конаққа барғанын ұнатпаймын. Менiң әкем арақ iшпесе –жақсы адам
«Маған әкемнiң мейiрiмдiлiгi, кеңпейiлдiлігi ұнайды. Ол шебер адам. Ол менi әрқашан түсiнедi. Ол менiң кеңесiмдi тындайды. Ол өте ,өте, өте жақсы адам.
Әкемнiң ұнамайтын жерi, ол жаңа зат алған кезде көп ойланады. Оған жаңа заттың пайдасын түсiндiру киын. Бәрібір ол өте жақсы»
Мұғалім:Иә, өзіңіз байқап тұрсыз, бала жүрегінде тіпті ,,осал,, әкелерге де орын табылады.
Видео ролик: «Ата-ана» (Пікірлерін сұрау.Әкелерден,балалардан.)
Әкесіз өскен баланың даму деңгейі төмен, оларда уайымшылдық және неврология синдромдары көп кездеседі. Әкенің жоқ болуы баланың сабағына, белсенділігіне әсерін тигізеді. Әсіресе ер балалардың. Оларға ержүрек болу, жалпы ер адам стилін ұстанып жүру қиындау соғады. Бұның бәрі, әрине, агрессияға және қатыгездікке әкеліп соқтырады. Нағыз бетке ұстар /идеальный отец/ әке болу үшін ешқандай жаттығулар, дайындықтар қажет емес, бір нәрсе ғана керек. Ол-ұмтылыс.Балаға тек әкесінің қасында болғаны жетік. Әкемен әңгімелесу, сыр бөлісудің өзі, факт жүзінде,өте пайдалы .
Мұғалім:Енді әкелерге арнаған: Монолог «Әке» Берікұлы Нұрбақыт.
Мұғалім:Ойын: Арқан тартыс.(БАЛА МЕН ӘКЕ)
Шар ішіндегі сұрақтар.(Әкелер шарды жарып,шардың ішіндегі сұрақтарға жауап береді.)
6.Балаңыз сабақтан екі алып келді,сіздің әрекетіңіз.
7.Әкенің міндеті туралы айтып беру.
8.Әке туралы мақал.
9.Балаңызбен бірге «Әке мен бала» көрінісі. Орын алмастыру.
Балалардың әкелерге арнаған тілектері.
Дәптермен жұмыс:Әкелерге,балаларға. «Әке балаға тәрбие бергенде,қандай әдіс-тәсілдерді пайдалану керек» тақтаға шығып қорғау.
Балалардың әкелерге арнаған тақпақтары.
Барлығыңызға бала тәрбиесінде сәттілік тілеймін!
Жүргізуші:- Ал енді,сіздер қандай әке екеніңізді білгіңіз келеме? Олай болса, мына тест сұрақтарына назар аударайық?
Тест сұрақтары
-
Сіз өзіңіздің ата-анаңызға көмектесесізбе?
-
Сіз қайың жұртыңызбен жиі араласасызба?
-
Балаңыз сұраған заттардың бәрін алып бересізбе?
-
Балаңыздың көзінше жұбайыңызбен ұрыспауға тырысасызба?
-
Сіз балаңыздың \қызыңыздың\ дене бітімінің, ой ұшқырлығының дамуына ат салысасызба?
-
Балаға берген сертіңізді үнемі орындайсызба?
-
Балаңыздың \қызыңыздың\ үй шаруасында белгілі бір міндеті бар ма?
-
Балаңыздың \қызыңыздың\ досы кім екенін білесізбе?
-
Балаңыз \қызыңыз\ сізге сырын айтама?
-
1о. өзіңізді жақсы әке деп есептейсізбе?
Тест қортындысы:
-
-егер барлық сұрақтарға ,,ия,, деп жауап берген болсаңыз – сіз нағыз үлгілі әкесіз!
-
-егер ,,4,, немесе ,,6,, сұраққа ,,ия,, деп жауап берген болсаңыз – сіз міндетті түрде жанұяңызбен айналысып, балаларға деген көзқарасыңызды жедел өзгерту керексіз!
-
— егер ,,1,, немесе ,,3,, сұраққа ,,ия,, деп жауап берген болсаңыз – сіз бәрінде түсініп, бүгіннен бастап жанұяңызға және балаларыңызға көзқарасыңызды өзгертесіз! Ән ,, Әкешім,,
Корытынды
Жүргізуші: — қорыта келе, ардакты әкелер, балалы болу – бақыт екенін естен шығармайық!
Балаларыңызға бакытты балалык шак сыйлай біліп қана емес, өзіңіз де болашақта мақтан тұтуға лайық, үлгілі әке болыңыз деп тілеймін.
Ал нағыз өнегелі әке қандай болуы керек? Бала тәрбисінде әке араласу керек пе? Бұл сұраққа жауап өзіңізде!Стикер жапсыру,тәрбие сағаты туралы пікір.Әкелерді марапаттау.
Бағалау.
Үйге тапсырма беру.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген