жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Асқар Алтайдың «Прописка» әңгімесі
Бөлім: |
4-бөлім: Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым |
|
Педагогтің аты-жөні |
Балхаш Еркемай Балхашқызы |
|
Күні: |
|
|
Сынып: 6 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны:0 |
Сабақтың тақырыбы |
Асқар Алтайдың «Прописка» әңгімесі |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
6.1.1.1 әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау; 6.2.2.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру; |
|
Сабақтың мақсаты |
|
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурс |
||||||
Сабақтың басы 5-7 мин |
Қызығушылығын ояту
І.
Ұйымдастыру кезеңі. Ой
шақыру»
Жазушының
өмірі мен шығармашылығы
|
Жазушыныңөмірі мен шығармашылығына тоқталады.
|
Ауызша бағалау Тамаша! Жарайсың дар! |
|
||||||
Сабақтың ортасы
|
ПРОПИСКА (Әңгіме) Желтоқсанда із-түзсіз кеткендердің рухына бағыштаймын. Автор Күн ұзарған, түн қысқарған көкектің кәрі қыздай қылтың-сылтың басы. Өскеменнен түсте шыққан автобус Ұлан арқылы Самарға тікелей асып, Ертіс түсіп, Күршімнен бір-ақ шығуға бел байлаған. Көкек келсе де, наурыз жылымығының қайырма қызыл шұнағы қала ішін дірдек қақтырып, Ұлан асуына қарай созылған ұзақ жол беті сиыр жалағандай. Жып-жылмағай көк мұз. Алды- арты бірдей тартатын шағын сары автобус ішіндегі азғана жолаушыларды селкілдете ұрып, соқтырып келеді. Күн аяздан шаңытып тұр. Автобустағылар өзді-өзімен шүйіркелесіп, қайсыбірі жорта қалғып отыр. Жолаушылар арасында нәресте құшақтаған жас келіншек қыңқылдаған сәбиін уатумен әлек. Ең артқы орындықта отырған Архат олардың іс-әрекетіне көз жіберіп, көңілсіздеу күйде көзін жұмған.
Пейзаж (французша paysage – мекен, өлке) – белгілі бір жердің, мекеннің, табиғаттың көрінісі. Әдеби шығармадағы жаратылыстың, яки табиғаттың көркем бейнесі. Жазушы әдеби шығармада образдық-метафоралық жүйенің арқауы ретінде табиғат келбетін пайдаланады.
ЖҰПТЫҚ ЖҰМЫС
|
Әңгімені композиция сына сай бөлімдерге бөліп, тақырып қояды.. Шығарма ның фабуласын анықтап, сюжетін баяндап береді.
Әңгіменің идеясын анықтайды. Не себепті «Прописка»деп аталған? Шығармада қандай тарихи оқиға туралы айтылады? Пейзаж туралы мәлімет алады. Шығармада ғы табиғат суретіне назар аударып, пейзажды табады.
Ж.Ж. Жұпқа бөлініп, тапсырмаларды орындайды.
|
Дескриптор -әдеби шығарма ның жанрын, фабуласын, сюжетін анықтайды;әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіреді.
|
Оқулық С.Ч. Тұрсынғалиева, Р. Зайкенова –Астана: «Арман -ПВ» баспасы, 2018ж
|
||||||
Бекіту |
Әңгімені оқып, сұрақтарға жауап беріңдер. 1. Басты кейіпкердің өмірінде қандай оқиға болып өтті? Архат қайда, не үшін кетіп барады? 2. Автобуста отырған адамдар кімдер? Оларды автор қалай суреттейді? 3. Архат неге пропискаға отыра алмады? Алтай табиғатының қатал мінезін автор қандай сөздермен берген? 4. Қалай ойлайсыңдар, Архат өз мақсатына жете ала ма? 5. Не себепті автор автобустан шығып кеткен үш жігітті әңгіменің соңында есіне алды? 6. Әңгімені басқаша қалай атауға болады? |
|
|
|
||||||
Сабақтың соңы 5 мин |
Рефлексия 3-2-1 стратегиясы бойынша Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 жағдай Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет. |
«3-2-1»
|
|
|
||||||
|
Үйге тапсырма:
|
|
|
|
Бөлім: |
4-бөлім: Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым |
|
Педагогтің аты-жөні |
|
|
Күні: |
|
|
Сынып: 6 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны:0 |
Сабақтың тақырыбы |
«Прописка» әңгімесінің кейіпкерлер әлемі |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
6.3.3.1 әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау; 6.2.1.1 шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау |
|
Сабақтың мақсаты |
|
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурс |
||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5-7 мин |
Ұйымдастыру кезеңі. Өткен сабақты пысықтау: «Пирамида» әдісі Әңгіменің мазмұнын еске түсір, бір-біріне сұрақтар қою арқылы өткен сабақты пысықтау
Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийін таныстырамын |
Әңгіменің мазмұнын айтады.
|
Өз ойын жүйелі жеткізе біледі- 2 балл;
|
|
||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
|
1.Архаттың ішкі алай-түлей әлемі мен пейзаж суретінің үндесуін анықтаңдар. Автор табиғатты суреттеу арқылы кейіпкердің толғанысын қалай көрсеткен?
1.Автор әңгімеде неліктен кейіпкерлерін орысша сөйлеткен? Диалогтерді талдай отырып, кейіпкерлердің мінез ерекшелігіне назар аударыңдар. -Қатыссам – қатыстым... Оған бірақ дәлеліңіз жоқ сіздің! –Архат та шарт кетті. – Декабрист деп дүре соқсаңыз да... – Хватит! Товарищ гражданин, сейчас же идите, иначе я буду вас посадить! – Не имеете право! – Ох, как имею!.. Арестую вас, как неповиновение закону. – Пусть так, товариù подполковник! Лучше в камере сидеть,чем без надежды бродить... Мне уже некуда! что хотите, то и делайте. я буду рад! – Ты что, серьезно что ли? Мен отырғыза алмаймын бәрібір. Сен ауылда тұрасың, әскери учетың да сонда. Все! Подполковник атшаптырым кабинеттің төрінен есікке адымдай беттеді. Калинин ауданы милиция бастығының соңынан Архат еріксіз ере шыққан... 2. Кейіпкерлерге баға бере отырып, кестені толтырыңыз.
3.«Прописка» шығармасынан маңызды деп тапқан эпизодқа талдау жасап, себебін түсіндіріңіз.
|
Автор әңгімеде неліктен кейіпкерлерін орысша сөйлеткен? Диалогтерді талдай отырып, кейіпкерлер дің мінез ерекшелігіне назар аударады.
Кейіпкерлерге баға бере отырып, кестені толтырады.
.«Прописка» шығармасы нан маңызды деп тапқан эпизодқа талдау жасап, себебін түсіндіреді
|
Дескриптор -әдеби туындыда ғы кейіпкер дің типтерін тек тұрғысы нан сипаттайды.; шығарма компози циясында ғы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасайды. |
Оқулық С.Ч. Тұрсынғалиева, Р. Зайкенова –Астана: «Арман -ПВ» баспасы, 2018ж
|
||||||||||||||||||
Бекіту |
1.Әңгіме неліктен «Прописка» деп аталған? 2. Қандай себеппен Архат ауылға келе жатыр? 3. Неліктен Архат Алматыға, Алматы маңындағы ауылға «пропискаға» тұра алмады? |
|
|
|
||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин |
«3 сауал» 1. Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдың? 2. Нені үйрендің? 3. Бірлескен жұмыс түрлері қызықты болды ма? |
|
|
|
||||||||||||||||||
|
Үйге тапсырма: Желтоқсан құрбандары туралы қосымша ізденіп, хабарлама жазып келу.
|
|
|
|
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген