400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Асқорыту жолының аурулары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық биология пәні мұғалімдеріне керек жақсы қмж
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.1D Қоректену

Мектеп: №28 орта мектеп

Күні: _14.01.19ж__

Мұғалімнің аты-жөні: Надырбекова Т.Ж

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Асқорыту жолының аурулары

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.1.2.4 асқорыту жолы ауруларының мен астан уланудың себептерін анықтау


Сабақтың мақсаты

Асқорыту мүшелерінің ауруларының:

-себептерін

- алдын алу жолдарын білу


Бағалау критерийлері

  • асқорыту жүйесінің ауруларын атайды

  • асқорыту жүйесі ауруларының алдын алу шараларын ұсынады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

асқорыту жүйесінің ауруларының себептерін, аурулардың алдын алу шараларын ауызша жазбаша түрде сипаттап түсіндіре алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

ішек құрт аурулары, аскаридоз, энтеробиоз, холера, дизентерия, астан улану, ботулизм, гастрит, панкреатит.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы

Асқорыту жүйесінің ауруларына: …,…, ...,… жатады.

Дизентерияның себебі....

Адам холераны ....жұқтырады.

Ботулизмның ...себептен болады.

Аскаридоз адамға... арқылы жұғады.

Энтеробиоздың алдын алу үшін...қажет.

Гастритті болдырмау үшін...қажет.

Құндылықтарды дарыту

Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.

Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады.

Топтық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.

Рөлдік ойын арқылы өзіне рефлексия жасау, өз ісіне жауапкершілік таныту, тілектестікте болу, қоғамдық өмірге дайындық құндылықтары дамытылады.


Пәнаралық байланыс

Аурулардың белгілеріне байланысты химиялық заттарды, кейбір процесстерді қарастыру арқылы химия пәнімен, аурулардың туындау себептері, алдын алу жолдары туралы білім арқылы физика пәнімен байланысады.

Алдыңғы білім

Қоректену тірі ағзаларға тән негізгі қасиеттердің бірі болып табылады (6 сынып)

Асқорыту жүйесінің құрылысы туралы – 8 сыныпта қоректену тарауынан біледі.


Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин






Тақырыптың өзектілігін ашу үшін:

Youtube.com сайтынан асқорыту мүшелерінің аурулары туралы бейнефильм көрсетіледі.

Мұғалім оқушылардан асқорыту жүйесіндегі аурулардың не себепті пайда болатынын сұрайды.

Әр оқушы өз ойын айтып талқылайды.

Бүгінгі сабағымыз не туралы деп сұрай келе сабақтың тақырыбын ашу. Ендеше бұл аурулар туралы қандай ақпарат әр адамда болуы тиіс деп талқылау жүргізе отырып, сабақтың мақсаттарын оқушылармен бірге анықтап, бағалау критерийлері таныстырылады.



https://www.youtube.com/watch?v=_Nvx0denEoA





2 - слайд

Сабақтың ортасы

4-11 мин





Оқушылар топтарда жұмыс жасайды.


Оқушылар ауру аты жазылған парақшалар бойынша топтарға бірігеді. Ақпарат жазылған парақшалар мен ғаламтор желісі, РРТ, видеоматериалдарды пайдаланып, әр топ ауызша түсіндірме дайындайды. Мүмкін болған жағдайда кейбір оқушыларға видеоматериалдарды ноутбукте қарау ұсынылады.

1-топ: Гастрит

2-топ: Гепатит

3-топ: Астан улану (ботулизм)

4-топ: Ішектің жұқпалы аурулары

5-топ: Ішекқұрт аурулары (аскаридоз, энтеробиоз);

6-топ: Крон ауруының

себептері мен алдын алу жолдарын зерттейді.

Бағалау критерийлері:

- регламент сақтау;

- ақпаратты түсінікті жеткізу;

- кілт сөздерді пайдалану.



Әр топтың ауызша түсіндірмелері тыңдалады. Оқушыларға қажетті ақпараттарды жазып алу ескертіледі.

1 - қосымша







3-4 слайд


12-33мин



Алған білімдерін бекіту, өмірмен байланыстыру мақсатында рөлдік ойын ойнау ұсынылады. Оқушыларға рөлдік ойынға дайындалуға уақыт беріледі.

Әр топта 3 ойыншы болады:

1 ойыншы – емделуші

2 ойыншы – дәрігер

3 ойыншы – кеңес беруші

Емделуші: өзіне берілген ауру түрінің барлық белгілерін айтып көрсетеді.

Дәрігер: Аурудың белгілеріне қарап, аурудың түрін анықтайды / диагноз қояды/ және аурудың пайда болу жолдарын айтады. Аурудан емделу жолдарын айтады.

Кеңес беруші: Аурудың алдын алу жолдарын айтып, кеңес кітапшасын ұсынады.


5-6 слайд


34-38 мин


Оқушылар әр қатысушыға рөлдік ойынның соңында сәйкес түсті стикерлерді береді. Рөлдік ойынды бағалау үшін рубриканы қолданады. Рөлдік ойыннан соң әр оқушылардың жинаған стикерлерін санап қорытынды шығарылады.

3- қосымша

7-слайд


Сабақтың соңы

39-40 мин







Кері байланыс

«3 себеп»

Мeн ... түсiндiм, сeбeбi ......

Мeн ...түсiнбeдiм, сeбeбi ......

Мeнiң өмiрiмe ..... туралы aқпaрaт қaжeт, сeбeбi.....

Үйге тапсырма: «Ішекқұрт ауруларының алдын алу» тақырыбында бюллетень құрастыру.

8 слайд










Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Оқушыларға бейнефильм (визуал) көрсетіледі. Кинестетик ерекшелігін мәтіндермен жұмыс жасау барысында ескеріледі.

Сабақ барысында рөлдік ойын кезінде әр оқушы өз мүмкіндігі мен қабілетін көрсете алады.

Қабілеті жоғары оқушылар берілген сұрақтарға сын тұрғысынан ойланып жауап бере алады.

Кейбір оқушыларға қосымша бағыттаушы сұрақтар түрінде көмек көрсетіледі

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Талқылау кезіндегі жауаптары

Тірек сөздерді қолдана отырып жүйелі түрде сипаттай алуы

Ауызша түсіндіруі кезінде

Рөлдік ойынға қатысуы арқылы

Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Партада дұрыс отыруына назар аудару.

Топтық жұмыс кезінде тәртіпті сақтау.

Рөлдік ойын кезінде қауіпсіздікті сақтау ескертіледі.

Рөлдік ойын кезінде оқушылар белсенді қимылдар жасайды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 наурыз
648
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі