400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ассамблея жылы-Қазақ елінің бірлігі жылы!

Материал туралы қысқаша түсінік
Жыр алыбы Жамбыл бабаның «Жігерлі болса, ер болар, бірлікті болса, ел болар» деген даналық сөзі бар. Шындығында, ел бірлігі болмаса, онда экономика мен әлеуметтік даму тұрмақ тәуелсіздік пен тұғырлылық туралы да сөз айтуға шама жетпес еді. Сондықтан да, бейбітшілік пен бірліктің маңызын ұғынған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы идеясын жарияласа, құтты мекенге тұрақтылықтың тамырын жайғызатын, бірлікке сызат түсірмеуді көздейтін Қазақстан халқы Ассамблеясын 1995 жылдың 1 наурызында құрды. Содан бері бақандай 20 жыл өтіпті. Елбасының сол жылдары жасаған қадамы өз жемісін беріп, жұртшылықты жетістікке бастады, ең бастысы - Ассамблея татулық пен тыныштықтың тірегіне айналды
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Бала би ауылы

«№50 Абай атындағы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Жанкушева Райхан Серикбаевна

Ассамблея жылы-Қазақ елінің бірлігі жылы!

Жыр алыбы Жамбыл бабаның «Жігерлі болса, ер болар, бірлікті болса, ел болар» деген даналық сөзі бар. Шындығында, ел бірлігі болмаса, онда экономика мен әлеуметтік даму тұрмақ тәуелсіздік пен тұғырлылық туралы да сөз айтуға шама жетпес еді. Сондықтан да, бейбітшілік пен бірліктің маңызын ұғынған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы идеясын жарияласа, құтты мекенге тұрақтылықтың тамырын жайғызатын, бірлікке сызат түсірмеуді көздейтін Қазақстан халқы Ассамблеясын 1995 жылдың 1 наурызында құрды. Содан бері бақандай 20 жыл өтіпті. Елбасының сол жылдары жасаған қадамы өз жемісін беріп, жұртшылықты жетістікке бастады, ең бастысы - Ассамблея татулық пен тыныштықтың тірегіне айналды. Сондықтан да, табалдырықтан аттағаннан бастап Қой жылында елдің түкпір-түкпірінде осынау мерейтойға арналған шаралар бастау алды. Осындай айтулы шараға орай өз құттықтауын жолдаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ассамблея Жылы - барша қазақстандықтардың ортақ мерекесі, барлық 17 млн қазақстандықтың iсi» екенін алға тартады. «Ассамблея Жылы бiздiң орасан нақты iстер мен жаңа жетiстiктердiң жылы болады. Ассамблея жылы Конституциямыздың 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңiстiң 70 жылдығы секiлдi маңызды оқиғаларға бай. Қазақстан - бiр ел, бiр халық, бiр болашақ. Сондықтан Ассамблея Жылының басты идеясы - «Менiң елiм - мәңгiлiк ел!», - дейді Мемлекет басшысы Н. Назарбаев өз құттықтауында. Өйткені, Ассамблеяның басты ұраны - Ел бірлігі! Ал бірлік болмайтын жерде береке де, тірлік те болмайтыны бесенеден белгілі, бұл жайында бабалардан қалған даналық ой, асыл сөздер де жеткілікті. «Бақ қайда барасың? Бірлігі жарасқан елге барамын!» демеп пе еді сондай даналықтың бірі. Түптеп келгенде, Тәуелсіздік жылдарынан беріге қарай жеткен әрбір жетістіктің, асқан әрбір асудың өзегінде - елдегі тыныштық пен тұрақтылық, бейбітшілік пен бірлік жатқаны да ақиқат. Бұл жайында Елбасы Н. Назарбаевтың «Бірлік аспаннан өзі келіп түспейді, тек қарқынды жұмыс арқылы ғана келеді. Мен кең-байтақ жерімізде татулық пен тыныштық болғанын тілеймін. Мұның, ең алдымен, миллиондаған қазақстандық отбасына керек екенін еске аламын. Мен қайғыдан шашы ағарған аналардың балаларын жоқтамағанын, сәбилердің мүгедек болмауын, қарт адамдардың күйреген үй­лерінің алдында қасірет шегіп, жыламағанын қа­лай­­мын» деп мәлімдеді. Осы мақсатта «№50 Абай атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде оқушыларға патриоттық тәрбие беруде,ынтымақ бірлікті арттыру мақсатында атқарылған шаралар қаншама!

«№ 50 Абай атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай «Қазақстан-бірлік пен татулық мекені» атты сынып жетекшілер апталығы өткізілді.

Апталықтың 1 күні «Жас патриоттар» күнінде сынып жетекшілер

Нұрманова А (5Б) «Рәміздерім мақтанышым» атты тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

Апталықтың 2 күні «Рухани-адамгершілік,тәрбие» күнінде сынып жетекшілер Жамантаева Д (6А) «Наурыз тойы дәстүрлі мереке» атты тәрбие сағатын өткізді.

Нұрымбетова Ж (3Б) «Жақсы болу өзіңнен», Әлсерікова А (1Б) «Наурыз-құт береке», Омарова Г (2Б) «Жыл басы-Наурыз»,Тұрлыханова А (6Б)

«Нұр себеле,Ұлыстың ұлы күні» атты тәрбие сағаттарын өткізді.


Апталықтың 3 күні «Ғылым мен мәдениет жетістіктерге тәрбиелеу» күні сынып жетекшілер Усербаева Ж (3А) «Туған тілім-тірлігімнің айғағы» атты мәнерлеп оқудан сайыс өткізді.

Омарбекқызы Ғазиза (7А) «Татулық табылмас бақыт» атты тақырыпта тәрбие сағатын өткізді.


Нұралы А (5В) «Туған тілім-тірлігімнің айғағы» атты мәнерлеп оқудан сайыс өткізді.



Апталықтың 4 күні «Құқықтық тәрбие» күні Ембергенова Р (9Ә) «Қылмыс пен жазы» атты тақырыпта сайыс сабақ өткізді.

Апталықтың 5 күні «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» күні сынып жетекшілер Садықова А (5А) «Шынықсаң шымыр боласың» атты тақырыпта спорттық сайыс өткізді.


Пірманова Г (4А),Әйтімова Ұ (4Б),Алтайбаева К (4В) «Салауатты ұрпақ-тәуелсіздік тірегі» атты «Салауатты ұрпақ-тәуелсіздік тірегі», Аширбекова С (7В) «Шынықсаң шымыр боласың» атты спорттық сайыс өткізді.

Мектеп психолыгы Қорғанбекова Н «Мен өмірді таңдаймын» атты тақырыпта (7А,Б,В) тренинг өткізді.

Музыка пәні мұғалімі Әлжанова Сандуғаш «Қазақ елі – достықтың мекені» тақырыбында 2-4 сынып оқушыларымен қорытынды концерттік бағдарлама өткізді.




Мектепішілік өткізілген апталықтың қорытындысы бойынша сыныптар мен сынып оқушылары марапатталды.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
419
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі