жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Астана - әсем қала. Кіріктірілген сабақ
|
Күні:15.12 |
|
Пән |
Әдебиеттік оқу |
Сынып 2-3-4»А» 5 «Б» |
|
|||
|
Тақырыбы: М. Әміреұлы. Астана-арман қала |
М. Әміреұлы. Астана-арман қала. |
|||||||
|
Сабақ негізделген оқу мақсаттары |
Бас қаламыздың мән-мағынасын түсінуге жол салу, с ыни ойлауға үйрету; өз бетімен жұмыс жасай білу дағдысын дамыту; Отанды сүюге тәрбиелеу.
|
|||||||
|
Күтілетін нәтиже: |
Ø Өлеңдегі негізгі идеяны түсінеді; Ø Шығармашылық мүмкіндігі дамиды; Ø Сыни ойлай алады, Ø Өз бетімен жұмыс жасай білу дағдылары қалыптасады; |
|||||||
|
Қолданылған модульдер: |
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер,АКТ-ны пайдалану, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау,оқытуды басқару және көшбасшылық. |
|||||||
|
Негізгі дерек көздері және қолданылатын құрал – жабдықтар: |
Оқулық, арнайы дәптерлер, презентация , түрлі түсті маркерлер, постерлер,тілек ағашы. |
|||||||
|
Сабақтың барысы |
||||||||
|
Кезеңдері Уақыты |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
Бағалау |
|||||
|
Психологиялық дайындық (1мин) |
Оқушылардың назарын сабаққа бағыттау . Оқушыларды тұрғызып, көңіл-күйлерін көтеру. Мынау – менің жүрегім, Бәрі осыдан басталған. Мынау -басым ақылды, Бәрін осы басқарған. Суын,жерін қорғайтын, Егеменді елімнің Болашағы мен болам. |
Сабаққа дайындалып, зейіндерін аударып, ден қояды. Интербелсенді тақтадағы өлең жолдарын оқып, қимылмен көрсетеді: |
|
|||||
|
Кіріспе (1 мин)
|
Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстырады. 1-аялдама: Үй жұмысын қайталау: “Көңілді доп” ойыны
1. ҚР астанасы қай қала? (Астана)
орналасқан? (Есіл)
(Әнұран, Ту, Елтаңба) кешені?
(Думан) (97 метр)
«Астанаға арнау» Нұрқанат |
Оқушылар допты қағып алу арқылы қойылған сұрақтарға жауап береді.
Сабақтың ережесі: 1.Тәртіп 2.Тыныштық 3.Талап 4.Бір-бірімізді тыңдау |
|
|||||
|
Білу (6 минут)
Айтылым Сергіту сәті (2 мин) Тыңдалым Түсіну (6мин) |
2-аялдама Видео: Әли мен Айя –0.34—1.36 Астанаға аялдау 3-аялдама“ Мозайка” әдісі
Астана арман қала,
Жаса - жаса Астанам,
Әуелейді асқақ ән Сабақтың тақырыбы: М. Әміреұлы. Астана-арман қала. 5-аялдама: Әнұран --3.46—5.10 6-аялдама: Өнер орталығы 1.Бәйтерек суретін салу 6.15-7.29 Стих: Вова,Эва 2. Коллаж 3.макет: Пирамида
7-аялдама: Суретті сөйлет Астанамыздың символы -«Бәйтерек» Нұрқанат Астана қаласының сол жағалауында «Астана-Бәйтерек» монументі орналасқан. Бәйтерек ғимаратының биіктігі-97 метр. «Астана-Бәйтерек» монументі кешенін салу идеясының авторы- Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев.«Бәйтеректі» «өмір ағашы» деп те атайды. Бұл сәулет туындысы халық ертегісі «Ер Төстіктің» оқиғасы желісімен өрілген. Ақ Орда резиденциясы — Дариға Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы. Президент сарайы.Ақордада Президентіміз шет елден келген елбасыларын қабылдайды. Түрлі жиналыстар өтіледі. «Пирамида». Мерей Бейбітшілік пен келісім сарайы Пирамида Елордамыздың төрінде тұр. Елбасымыздың дана саясаты осындай жеміс берді. Пирамида Қазақстандағы ғұмыр кешіп жатқан 130 ұлттың және 40- тан астам конфессиялардың келісімдері мен татулықтарының да символы. Сондығынан ол Бейбітшілік пен келісім Сарайы деп те орынды аталды. “Шапалақ ұру” арқылы бағалау
8-аялдама: Аудио Қаламы қарымды қаламгер сұхбаты М. Әміреұлы |
Ауызша сұрақтарға жауап береді.
Берілген өлең жолдарын дұрыс құрастыру
Ең қажетті идеяны шығарады.
Оқушылар бәрі бірге қосылып айту Астанадағы өзгерістер туралы әңгімелейді. «Астана-Бәйтерек» кешені туралы білетіндерін ортаға салады. (ауызша) Оқушылар суреттерін сөйлету мақсатында «Ақ орда», «Пирамида» жайында білетіндерін ортаға салады.
Оқушыларды ақын өмірбаянымен таныстыру |
Ауызша мадақтау
Ауызша мадақтау. Бағдаршам Арқылы бағалау Орташа Жақсы Өте жақсы Ауызша мадақтау
|
|||||
|
Қолдану (12мин) Жазылым Рефлек сия (2 мин) Бағалау (2мин) |
9-аялдама: 101 бет Оқулықпен жұмыс. «Астана –арман қала» өлеңін мәнерлеп оқу. Автор туралы мәлімет береді (М. Әміреұлы.) -Өлең не туралы? -Бәйтерек туралы не білдіңдер?
Сөздердің мағынасын қосымша түсіндіреді. Мысалдармен дәлелдейді. (бағыт бағдар береді) 10-аялдама: ҚР президенті (Н.Ә.Назарбаев) Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өзімізді жан-жақты дамыта отырып,латын тілін енгізуді қолға алу керектігін айтқан болатын. Бұл жұмыс кезең-кезең мен іске асырылады. Біз соның алғашқы кезеңіндеміз Енді мына сөздерді латын тілінде жазайық. Бәйтерек-- Астана-- Пирамида-- Ақ орда-- Ту-- Әнұран-- Елтаңба— Сабақты қорытындылау: Бүгінгі жасаған жұмыстарың, алған білімдерің өмірде қажет пе?
Мерей «Астанаға арнау» Бағалау жүргізу |
Автордың өмірбаянымен танысады. Ауызша сұрақтарға жауап береді Бір оқушы шығып, өлеңді мәнерлеп оқып береді. Берілген сұрақтарға жауап беру. Өлең неліктен осылай аталған?
Сарыарқа, Есіл сөздерімен байланыстыра астана туралы әңгімеле.
Ақынның Астанаға деген тілегін қай шумақтардан оқуға болады? |
Бағдаршам Арқылы бағалау Орташа Жақсы Өте жақсы Мұғалім түсініктеме бере отырып жеке оқушыларды бағалайды. Оқушылар-дың жетістіктері мен кемшілітері ескеріледі. |
|||||
|
Үй жұмысы (1 мин) |
Соңы аялдамамыз: Астана –арман қала өлеңін жаттау. |
Күнделікке жазып алады, түсінбегендерін сұрайды
|
|
|||||
|
Бекіту. (1 мин) |
Елім менің әні |
Бекболат Тілеуханов |
|
|||||
П-ия: Психологиялық дайындық
П-ия: Үй жұмысын “Көңілді доп” ойыны
П-ия: «Астанаға арнау» Нұрқанат
---- Видео: Әли мен Айяның атасы мен әңгімесі –0.34—1.36
П-ия: “ Мозайка” әдісі
П-ия: Сабақтың тақырыбы:
М. Әміреұлы. Астана-арман қала.
---- Видео: -- Әнұран --3.46—5.10
П-ия: Өнер орталығы
---- Видео: Бәйтерек суретін салу 6.15-7.29
Стих: Вова,Эва
Коллаж
макет: Пирамида
П-ия: Суретті сөйлет
-«Бәйтерек» Нұрқанат
Ақ Орда — Дариға
«Пирамида». Мерей
“Шапалақ ұру” арқылы бағалау
----Аудио Қаламы қарымды қаламгер сұхбаты М.Әміреұлы.
101 бет Өлеңді мәнерлеп оқу. Мерей
Рухани жаңғыру Латын тілінде сөздер жазу.
Рефлексия (2 мин)
Мерей «Астанаға арнау»
Бағалау жүргізу (2мин)
Үй жұмысы (1 мин)
Бекіту. (1 мин) Бекболат Тілеуханов Елім менің әні
П-ия: Психологиялық дайындық
П-ия: Үй жұмысын “Көңілді доп” ойыны
П-ия: «Астанаға арнау» Нұрқанат
---- Видео: Әли мен Айяның атасы мен әңгімесі –0.34—1.36
П-ия: “ Мозайка” әдісі
П-ия: Сабақтың тақырыбы:
М. Әміреұлы. Астана-арман қала.
---- Видео: -- Әнұран --3.46—5.10
П-ия: Өнер орталығы
---- Видео: Бәйтерек суретін салу 6.15-7.29
Стих: Вова,Эва
Коллаж
макет: Пирамида
П-ия: Суретті сөйлет
-«Бәйтерек» Нұрқанат
Ақ Орда — Дариға
«Пирамида». Мерей
“Шапалақ ұру” арқылы бағалау
----Аудио Қаламы қарымды қаламгер сұхбаты М.Әміреұлы.
101 бет Өлеңді мәнерлеп оқу. Мерей
Рухани жаңғыру Латын тілінде сөздер жазу.
Рефлексия (2 мин)
Мерей «Астанаға арнау»
Бағалау жүргізу (2мин)
Үй жұмысы (1 мин)
Бекіту. (1 мин) Бекболат Тілеуханов Елім менің әні
Астана арман қала,
Бағы бір жанған қала
Тұрады ол жап-жас
болып,
Мен үлкен болған да
да.
Жаса - жаса Астанам,
Өркен жол бастаған
Болашақтың есігін,
Өз қолыңмен аш маған.
Әуелейді асқақ ән
Болашаққа бастаған
Мәртебемсің сен менің
Айналайын
Астанам.
Бағдаршам» әдісі

Астана - арман қала
Жарияланды 17-07-2013, 19:49 Категориясы: Бала-бақша
Астана - арман
қала.
Мақсаты: Балаларға еліміздің бас қаласы - Астана туралы мәлімет
беру.
- Баланың ізгілік қасиетін дамыту. Ойын арқылы балалардың ой -
өрісін, қимылын ұштау.
- Отанға туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елін, отанын
сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан республикасының рәміздері.
Астана қаласының ғимараттары.
Әдісі: әңгімелесу, ойын жаттығулар.
Жүргізуші: Қайырлы таң балалар,
Қайырлы таң қонақтар.
Сіздерді салтанатты мереке Астана күнімен құттықтаймыз!
Жылу шеңбері: Ал енді балалар бір - бірімізге алақанымыз арқылы
жылу шеңберін күн секілді жылы жүзбен күлімдеп жылы лебіз
білдірейік:
Деніміз сау болсын,
Күніміз күлімдесін,
Еліміз аман болсын,
Ата - анамыз қасымызда болсын,
Бәріміз дос болайық,
Бәріміз бақытты болайық,
Аспанымыз ашық болсын.
Ән: Ән ұран.
Жүргізуші: Қане балалар орнымызға отырайық.
Біз бүгін сендермен отанымыз туралы әңгімелесеміз: Балалар отан
деген сөзді қалай түсінесіңдер.
Балалар: Туған жерім, ата мекенім, отбасым, халқым.
Жүргізуші: Дұрыс балалар, отан дегеніміз біздің еліміз туған
үйлеріміз, өзіміз туып өскен жеріміз.
Біз қай мемлекетте тұрамыз?
Балалар: Қазақстан Республикасы.
Жүргізуші: Қ. Р президенті кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Жүргізуші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай?
Балалар: Қазақ тілі.
Жүргізуші: Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Қазақстанда әр түрлі
халықтармен ұлт өкілдері тұрады. Соның ішінде қандай ұлт өкілдерін
білесің?
Балалар: Орыс, өзбек, түрік, қытай.
Жүргізуші: Елімізді қандай рәміздерін білесіңдер?
Балалар: Ту. Елтаңба. Әнұран.
Жүргізуші: Ту, Елтаңба, Әнұран бір сөзбен қалай айтамыз?
Балалар: Рәміздер.
Балалар ту, елтаңба, әнұран туралы білгендерін
айтады:
Наргиза: Ту. Біздің республикамыздың мемлекеттік Туы - тік
төртбұрышты көгілдір түсті мата. Тудың көгілдір түсі ашық аспан мен
тыныштықты білдіреді.
Тудың ортасында күн тұр, ол жылулықты білдіреді. Күннің астында
қанат жайған қыран бүркіт бар. Жанында ою - өрнек салынған, алтын
түспен берілуі тыныштықты, байлықты
білдіреді.
Әсел: Елтаңба. Қазақстанның Елтаңбасы дөңгелек пішінді
және Тудың түсіндей көгілдір түсті. Оның ортасында шаңырақ
бейнеленген. Күннің сәулесіндей айнала уықтар тараған. Екі жағында
екі қанатты тұлпар салынған ол - қорғауды білдіреді. Бидай
сабақтары тоқшылықты, молшылықты білдіреді.
Үстінде « жұлдыз», астыңда «Қазақстан» деген жазуы
бар.
Айбар: Әнұран. Мемлекеттік әнұран – маңызды мемлекеттік
шараларда орындалады. Әнұранды тұрып айтады, тұрып тыңдайды.
Жүргізуші: Ел ордасы қай қала?
Балалар: Астана.
Біздің еліміздің бас қаласы Астана туралы мағлұмат айту.
Түсіндіру.
Астана туралы тақпақтар:
Нұрланбек: Ел бөбегі бүлдіршін, жас баламыз.
Астанамыз, астана бас қаламыз.
С. Ақерке: Астана арман қала,
Бағы ба жанған қала
Тұрады ол жап - жас болып,
Мен үлкен болған да да.
Мағжан: Жаса - жаса Астанам,
Өркен жол бастаған
Болашақтың есігін,
Өз қолыммен аш маған.
Дәулет: Қадамың бар баспаған,
Асуың бар аспаған
Халқым жетсін мұратқа,
Ей, бас қалам - Астанам.
Айбар: Шырқап көкке асқан - ән
Болашаққа бас қадам.
Қазақ рухын биіктет,
Ей, бас қалам - Астанам.
С.
Қолғанат: Отанымның төрінде,
Сарыарқаның өрінде.
Ту ұстаған Астанам,
Әсем қалам - бас қалам.
Балалардың орындауында: « Вальс.»
Балалар, енді отан туралы мақал - мәтелдер
айтайықшы.
Алуанай: Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
Отан үшін отқа түс - күймейсің.
Отан - оттан да ыстық.
Отанды сүю отбасынан басталады.
Балалардың орындауында ән: "Отан".
Ойын: «Рәміздерді құрастыру». Балалар қиылған
суреттерді құрастырады.
Жансаяның орындауында ән «Ертегілер».
Балалардың тақпақтары:
Айым: Сарыарқаның төсінде
Гүл жайнаған, Астанам
Ақпейілдей арнайы
Ақ тілегім, жас бала.
Даяна: Елордасы елімнің,
Қазағымның жүрегі
Астанамды бірінде,
Күллі әлем біледі.
Кәусар: Жыр қып төктім өзіңе
Шумақтарын сезімнің
Әсем қала – Астанам
Құрдасымдай өзімнің.
Бекасыл: Әуелейді асқақ ән
Болашаққа бастаған
Мәртебемсің сен менің
Айналайын Астанам.
Назерке: Қымбат маған есілің
Жүрегімде жүреді
Жарқын болсын ертеңнің
Осы елдің тірегі.
Мансур: Астанам - арман қала
Бағы бар жанған қала
Тұрады ол жап - жас болып
Мен үлкен болғанда да.
Нұрсәуле: Жаса - жаса Астанам,
Өркен жол бастаған.
Болашақтың есігін
Оң қолыңмен аш маған.
Меруерт: Жас астанам, жас қалам.
Тарихым бар ашпаған.
Ордасы боп ашылдың,
Ей, бас қалам - Астанам.
Е.
Айша: Барша әлемге әйгілі
Ел басымыз Нұр аға
Мақтанышы елімнің
Нұрын шашқан, Нұр қала.
Диас: Қадамың бар баспаған,
Асуың бар аспаған.
Халқым жетсін мұратқа
Ей, бас қалам - Астанам.
Еркеназ: Шырқап көкке аспан - ән
Болашаққа бас қадам,
Қазақ рухын биіктен
Ей, бас қалам - Астанам.
Түрік биі.
Ән «Жаңбыр» Малика.
Ойын «Доп»: жүргізуші сұрақ қоя отырып, бір балаға лақтырады. Ол
жауабын айтып допты қайтып лақтырады.
- Ал, қане бастайық:
- Қазақстанның астанасы, қай қала?
- Астана.
- Қ. Республикасының президенті кім?
- Н. Ә. Назарбаев.
- Біз қай елде тұрамыз?
- Қ. Р.
Балаларды мадақтау. Қонақтармен қоштасу.
- Сау
болыңыздар.
Тақырыбы:Астана -арман қала
Мақсаты: Бас қаламыз Астана туралы білу. Өлеңді түсініп оқуға төселу. Өз желісінде мазмұндауға машықтану.
Күтілетін нәтиже: A) Өлеңді түсініп оқуға төселеді.
B) Өз желісінде мазмұндауға машықтанады.
C) Жаңа жас Астана мен бұрынғы астанамыз Алматы қаласын салыстырады.
Міндеттері: оқу дағдыларын жетілдіру, ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылықпен жұмыстануға дағдыландыру.
Өзара жолдастық татулыққа, ізденімпаздыққа, туған жерді сүйіп, құрметтеуге баулу.
Қолданылған модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер;Оқыту мен оқудағы бағалау; Сыни тұрғыдан ойлау; Оқытуды басқару және көшбасшылық; АКТ-ны пайдалану.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамын: қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, ойтолғаныс, топтастыру, АКТ. Білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, көшбасшы.
Cабақ кезеңі
Жоспар мазмұны
Мұғалімнің іс –әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
І Кіріспе
ІІ Тұсау -кесер
ІІІ Негізгі бөлім
ІV Қорытын
ды бөлім
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Топқа бөлу
Топ ұстанымын еске түсіру
«Ыстық орындық» стратегиясы
өткен сабақты пысықтау
Жаңа сабақ
Түрткі сұрақтар
Оқулықпен жұмыс
Сыни тұрғыдан ойлау
Топпен жұмыс
Бағалау
Сергіту сәті
Рефлексия
Негізгі бөлім
Бекіту
Қорытынды
І.Қызығушылықты ояту
Психологиялық дайындық, топқа бөліну.
Астана Есіл Бәйтерек Алматы
Бағалау парағын тарату, көшбасшыны, бағалаушыны сайлап алу.
ІІ.Мағынаны тану
Үй тапсырмасын сұрау.
-үйге қандай тапсырма берілді?
-өлең авторы кім?
-ол туралы не білесіңдер?
-өлең жолдарында не айтылған?-ендеше қазір үй жұмысын маған жатқа кім айтады екен?
«Ыстық орындық» стратегиясы /6 оқушы жатқа өлеңді айтады/
Тұсаукесер.
«Он сұрақ» стратегиясы
Бір оқушыны таңдап алады және оның арқасына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі. Сөз Астана.
"Түрткі сұрақтар" стратегиясы
-ендеше Астана сөзінің бүгінгі сабаққа қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар?
-Не себепті топтың аты - Астана, Есіл, Бәйтерек, Алматы тобы деп атадық?
-жақсы,ендеше бүгінгі сабақта біз Махмұтбай Әміреұлының «Астана-арман қала» өлеңімен танысамыз.
Поэзиялық сәт
-өлеңді іштей, мәнерлеп, тізбектеп оқыту.
4топқа өлеңнің 4 шумағына зерттеу жасату.
1-шумақта не айтылған?
2-ше? 3-ше? 4-ше?
Мағынасын ашып кету.
ІІІ.Ой толғаныс
Ресурспен жұмыс.
-біз жаңа өлең авторымен танысқан жоқпыз, сол себепті қазір әр топ ресурстармен жұмыс істеу арқылы Астана туралы, ақын өмірімен таныстырады.
1-топ Ақын өмірбаянын топтастыру.
Махмұтбай Әміреұлы 1942 жылы 20 ақпанда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы Жаңаталап ауылында туған – ақын. Қызылорда педагогикалық институтын бітірген. Оңтүстік Қазақстан облысында мұғалім болған. 1967 - 71 жылдары аудандық "Сырдария" газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметін атқарған.
1985 - 88 жылдары орта мектептің директоры қызметін де атқарған. 1998 жылдан облыстық «Сыр мектебі» газетінің бас редакторы.Шығармалары:«Жүзім бағы» «Қызыл жыңғыл» ,«Ақ сәуле»,«Сыр әндері» ,«Сыр жырлары» (2000жыл), тағы басқа жыр жинақтары жарық көрген.• 1990жылы Қазақстан Жазушылар одағының
мүшесі болды.• «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
• Сырдария ауданының құрметті азаматы.
2-топ Астана туралы мағлұмат
Астана — Қазақстан Республикасының елордасы. Астанада 852 985 адам тұрады. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің жағалауында орналасқан.
Қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз елдің бас қаласы дегенді білдіреді. Онда ол "киелі орын", "босаға" деген мағыналарға ие. Көптеген көрікті жерлері бар, «Астана-Бәйтерек» мұнара-монументі; жұмыртқа тәріздес мемлекеттік мұрағат ғимаратын және «Нұр-Астана» әсем алып мешітін; керемет бағыт алған Дөңгелек алаң мен Министрліктер үйімен көмкерілген Негізгі алаң; мәңгі жаз идеясын жүзеге асыратын және қыс суығынан алып шатырмен жабылған «Хан Шатыры» кешені; сондай-ақ, әрине, сәулеті жағынан еліміздің ең басты көрікті ғимараты «Ақорда» президент сарайын атауға болады.
1962 ж. қалаға Целиноград атауы берілді.
1997 ж. егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады.
1998 ж. 6 мамыр жаңа елорданың атауы Астана болып өзгертілді.
1998 ж. Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды.
3-топ . АЛМАТЫ қаласы туралы мағлұмат
Алматы — Бұрынғы астанамыз. Ол Тянь-Шань тауларының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Алматыда миллионнан астам адам тұрады.Басты қала құндылықтарының бірі — Көктөбе тауы. Көктөбенің басына шығып қаланың алақандағыдай көрінісін тамашалауға болады. Алматының апорты ең тәтті үлкен алма.Тау етегінде орналасқан бақта өседі. Алматының алмасына өзге елден қыдырып келген туристтер таң қалады. Қалада Әлемге әйгілі Медеу мұз айдыны бар. ол 1972 жылы құрылған. Суретші Әбілхан Қастеев атамыздың мұражайы бар.Алматы — республикадағы ең сәулетті қалалардың бірі.
4-топ Астанамыздың символы -«Бәйтерек»
Астана қаласының сол жағалауында «Астана-Бәйтерек» монументі орналасқан. Бәйтерек ғимаратының биіктігі-97 метр. «Астана-Бәйтерек» монументі кешенін салу идеясының авторы- Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев.«Бәйтеректі» «өмір ағашы» деп те атайды. Бұл сәулет туындысы халық ертегісі «Ер Төстіктің» оқиғасы желісімен өрілген. Өз бақытын іздеп шыққан Ер Төстік қиын-қыстау заманда зәулім бәйтерекке тап болады. Ұшар басына көз жетпейтін мәңгілік өмір ағашына таң-тамаша қалады. Нақ төбесіне ұя салған самұрық құстың алтын жұмыртқасына ие болады. Сөйтіп, бақытты –баянды ғұмыр кешеді. «Астана-Бәйтерек» үш бөліктен –тамыры, діңі және ұшар басынан тұрады.
-Балалар жаңа ғана өздерін таныстырып айтып өткендей, Астана өте көрікті жерлері бар дедік, енді қазір осы Астанамызды бейнебаян арқылы тамашалап көрелік. Бір жағынан сергіп те қалыңдар.
Бейнебаян «Жаңа Астана»
-Жақсы балалар, қазір дәптерімізді ашайық, дәптерге Астанаға арнап 5 жолды өлең құрайсыңдар.
ІУ.Дәптермен жұмыс.
Бес жолды өлең. «Синквейн» стратегиясы
Қорытынды «Дөңгелек үстел» әдісі
-сабақтан не білдің, не үйрендің? Сол туралы ойың жазып, қағазды бүктеп келесі оқушыға береді. Соңынан топ басшылар шығып біреуі оқып береді.
Бағалау: « Екі жұлдыз, бір тілек»,
«Тілек ағашы» Астанаға тілектерімізді оқып, ілейік балалар.
Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау, Астана туралы мәлімет жинақтап жазып келу.
Оқушыларды топқа бөлу.
Ұйымдасып, топқа бөлініп отырды.
Үй жұмысын бағалау.
Оқулықпен жұмыс жасайды
Өлеңді өзбетімен оқу.
Әр топқа оқыту.
оқу.
жеке оқу әр шумақты мәнерлеп жеке оқып шығады.
Видеоролик, слайд әнімен. «АСТАНА»Сыныппен диалог
Өлең мазмұнын талдайды.
Оқушылар
Рефлексия
Кері байланыс жасайды.
Сабақтың талдау
Әр топ постер қорғау
Жарайсыңдар
Әдебиеттік оқу әдістемесі
үлестірмелі парақшалар
Тамаша
Топтық жұмысқа стикермен бағалату
Жестпен бағалау.
«Алматыкітап баспасы»
2014ж.
Әдебиеттік оқу
3 сынып
Оқулық
3 сынып
Интербелсенді тақта
Стикер , + , -, қызықты
Сынып тізімі
1-топ Ақын өмірбаянын топтастыру.
Махмұтбай Әміреұлы 1942 жылы 20 ақпанда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы Жаңаталап ауылында туған – ақын. Қызылорда педагогикалық институтын бітірген. Оңтүстік Қазақстан облысында мұғалім болған. 1967 - 71 жылдары аудандық "Сырдария" газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметін атқарған.
1985 - 88 жылдары орта мектептің директоры қызметін де атқарған. 1998 жылдан облыстық «Сыр мектебі» газетінің бас редакторы. Шығармалары:«Жүзім бағы» «Қызыл жыңғыл» ,«Ақ сәуле»,«Сыр әндері» ,«Сыр жырлары» (2000жыл), тағы басқа жыр жинақтары жарық көрген.• 1990жылы Қазақстан Жазушылар одағының
мүшесі болды.• «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған.• Сырдария ауданының құрметті азаматы.
2-топ Астана туралы мағлұмат
Астана — Қазақстан Республикасының елордасы. Астанада 852 985 адам тұрады. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің жағалауында орналасқан. Қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз елдің бас қаласы дегенді білдіреді. Онда ол "киелі орын", "босаға" деген мағыналарға ие. Көптеген көрікті жерлері бар, «Астана-Бәйтерек» мұнара-монументі; жұмыртқа тәріздес мемлекеттік мұрағат ғимаратын және «Нұр-Астана» әсем алып мешітін; керемет бағыт алған Дөңгелек алаң мен Министрліктер үйімен көмкерілген Негізгі алаң; мәңгі жаз идеясын жүзеге асыратын және қыс суығынан алып шатырмен жабылған «Хан Шатыры» кешені; сондай-ақ, әрине, сәулеті жағынан еліміздің ең басты көрікті ғимараты «Ақорда» президент сарайын атауға болады.
1962 ж. қалаға Целиноград атауы берілді.1997 ж. егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады.1998 ж. 6 мамыр жаңа елорданың атауы Астана болып өзгертілді.1998 ж. Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды.
3-топ . АЛМАТЫ қаласы туралы мағлұмат
Алматы — Бұрынғы астанамыз. Ол Тянь-Шань тауларының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Алматыда миллионнан астам адам тұрады.Басты қала құндылықтарының бірі — Көктөбе тауы. Көктөбенің басына шығып қаланың алақандағыдай көрінісін тамашалауға болады. Алматының апорты ең тәтті үлкен алма.Тау етегінде орналасқан бақта өседі. Алматының алмасына өзге елден қыдырып келген туристтер таң қалады. Қалада Әлемге әйгілі Медеу мұз айдыны бар. ол 1972 жылы құрылған. Суретші Әбілхан Қастеев атамыздың мұражайы бар.Алматы — республикадағы ең сәулетті қалалардың бірі.
4-топ Астанамыздың символы -«Бәйтерек»
Астана қаласының сол жағалауында «Астана-Бәйтерек» монументі орналасқан. Бәйтерек ғимаратының биіктігі-97 метр. «Астана-Бәйтерек» монументі кешенін салу идеясының авторы- Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев.«Бәйтеректі» «өмір ағашы» деп те атайды. Бұл сәулет туындысы халық ертегісі «Ер Төстіктің» оқиғасы желісімен өрілген. Өз бақытын іздеп шыққан Ер Төстік қиын-қыстау заманда зәулім бәйтерекке тап болады. Ұшар басына көз жетпейтін мәңгілік өмір ағашына таң-тамаша қалады. Нақ төбесіне ұя салған самұрық құстың алтын жұмыртқасына ие болады. Сөйтіп, бақытты –баянды ғұмыр кешеді. «Астана-Бәйтерек» үш бөліктен –тамыры, діңі және ұшар басынан тұрады.
Бағал
ау парағы
№
Аты-жөні
Үй тапсырмасы
3,4,5
Түрткі сұрақтар /баллмен/ //////
Поэзиялық сәт
Өлеңді оқуы 3,4,5
Постер қорғауы
3,4,5
Қорытын-ды баға
№
Аты-жөні
Үй тапсырмасы
3,4,5
Түрткі сұрақтар /баллмен/ //////
Поэзиялық сәт
Өлеңді оқуы 3,4,5
Постер қорғауы
3,4,5
Қорытын-ды баға
№
Аты-жөні
Үй тапсырмасы
3,4,5
Түрткі сұрақтар /баллмен/ //////
Поэзиялық сәт
Өлеңді оқуы 3,4,5
Постер қорғауы
3,4,5
Қорытын-ды баға
№
Аты-жөні
Үй тапсырмасы
3,4,5
Түрткі сұрақтар /баллмен/ //////
Поэзиялық сәт
Өлеңді оқуы 3,4,5
Постер қорғауы
3,4,5
Қорытын-ды баға
Рефлексивті есеп.
Жоспар бойынша «Астана –арман қала» тақырыбында ашық сабағым өткен болатын. Сабақтың мақсаты : Бас қаламыздың мән-мағынасын түсінуге жол салу, сыни ойлауға үйрету; өз бетімен жұмыс жасай білу дағдысын дамыту; Отанды сүюге тәрбиелеу.
Сабақтан күтілетін нәтиже « Өлеңдегі негізгі идеяны түсінеді;
шығармашылық мүмкіндігі дамиды; сыни ойлай
алады, өз бетімен жұмыс жасай білу
дағдылары қалыптасады. » деп алдым.
Аталған мақсат пен
күтілетін нәтижеге
қол жеткізу үшін
сабақта бағдарлама модульдерін қолданудың әдіс-тәсілдерін ойластыра келе,
сынып оқушыларының жасы 8-9
аралығында екендігін ескере отырып, тапсырмаларды
солардың жас ерекшеліктерінің деңгейіне сай жоспарладым.
Сабақты әдеттегідей ұйымдастырудан бастадым.
Оқушылармен,
жаңа күнге сәттілік тілей отыра,
амандасып, сабаққа қатысымын тексеріп, оларды
топқа бөлдім. Топқа бөлуді
төмендегідей жүргіздім: Доптарда
1,2,3 деген сандар берілген. Сол сандар бойынша
топтарға отырды. «1» саны барлар бірінші топ, «2» саны
барлар екінші топ, «3» деген
сандары барлар үшінші топқа
жайғасып отырды.
Сабағым Астанның көрікті жерлеріне саяхат сабақ болды. Әр тапсырма сайын слайд жүріп тұрды.
Бірінші аялдамамыз: “Астана — Бәйтерек” кешені болды. Онда балалар «Бәйтерек кешені туралы мағлұмат алып, Сөзжұмбақ шешу арқылы топтың атын шығарды. «Астана», «Елорда», «Елбасы». Алдын ала орындықтарының арқаларына әртүрлі стикерлер жапсырып қойдым.Топ басшысы мен сарапшыны таңдап алу. Сарапшы сарапшы қағазын толтырып отырады. Жасыл стикері бар оқушы сарапшы болады. Сары стикерлері барлар топ басшысы болады. Топ басшыларына өз топ мүшелерін бағалау парағын таратып, сабақтың әр кезеңінде өзара бағалауды орындап отыру тапсырмасын бердім.
Екінші аялдамамыз: «Қазақ елі» монументі.
Болат Үсенбаевтың «Менің туым» өлеңін мәнерлеп оқып берді.
Өлең мазмұнына салып келген суреттерін ортаға салды.
Ауызша сұрақтарға жауап берді. Оқушыларды «Жұлдызшалармен» бағалап отырдық. Оқушылар бір-бірін мұқият тыңдап, сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді. Осылайша диалогтік оқыту жүзеге асты.
Үшінші аялдама — “Думан” ойын-сауық кешені. Сергіту сәтін ұсындым. Интерактивті тақтадан дене қимылдарын бейнелейтін бейнеролик көрсетіп, оқушылармен бірге би биледік. Оқушылар алдынғы сабақтарға қарағанда бір-бірінен қысылмай, өздерін еркін ұстады.
Төртінші аялдама — Ақ Орда резиденциясы . Оқулықпен жұмыс. «Астана –арман қала» өлеңін мәнерлеп оқып, автор туралы мәлімет алды. Топ мүшелері ақылдасып әр топтан бір оқушы шығып, өлеңді мәнерлеп оқып береді.
Берілген сұрақтарға жауап беру.
Астана тобы: — Өлең неліктен осылай аталған?
Елорда тобы: Сарыарқа, Есіл сөздерімен байланыстыра астана туралы әңгімеле.
Елбасы тобы: Ақынның Астанаға деген тілегін қай шумақтардан оқуға болады?
Осы тапсырманы орындау барысында Астана тобының Айғаным есімді оқушым өзінің ерекшелігімен көзге түсті. Оның жауап берген сөзін тыңдай отырып, оқушыларда «өзін-өзі реттеу» мен «өз-өзін таныта білу» деңгейінің қалыптасып келе жатқанын байқадым.
Бесінші аялдама-«Пирамида». Бейбітшілік пен келісім сарайы.
Әр топ «Астана – арман қала» тақырыбы бойынша постер жасады. Оны қорғады. Бұл оқушылардың сыни ойлауының қалыптасып келе жатқаны деп түсінемін.
Топтар
бір-бірінің таныстырылымдарын «екі жұлдыз,
бір тілек»
арқылы бағалады.
Бұл тапсырманы орындау барысында
оқушылар берілген уақытта таныстырылымдарын
жасауды аяқтай алмағандықтан
мен оларға қосымша 2 минут уақыт
бердім.
Алтыншы
аялдама- Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық
университеті мен Жастар
сарайы.
-«Кім шапшаң» ойыны,бұл тапсырманы жылдам әрі қызығушылықпен орындады. Сабақтың әр кезеңінде оқушылардың қызығушылығын арттырып, сабаққа деген ынтасын арттыру мақсатында бағалаудың «Үш шапалақ» түрін қолдандым. Бұл оқушылардың сабаққа белсенді қатысуына, тіпті тұйық оқушылардың ашылуына да оң әсерін тигізді, себебі өз сыныптастарының қолдауына ие болған олардың бойында өз күшіне деген сенімділік артты.
7-аялдама — Мешіт үйі.( Нұр-Астана) кестені пайдаланып, сабақты қорытындыладық.
|
Не білемін? |
Не білдім? |
Не білгім келеді? |
|
|
|
|
Сегізінші аялдама: «Еліміздің теңгелері.» Топ басышыларының бағалауы. , сабақ соңында топ басшыларынан бағалаулары жайлы сұрап, өзім де ойымды айтып, жиынтық бағалау жүргіздім.
Тоғызыншы аялдама: «Астана теміржол вокзалы»
Үйге тапсырманы орындау жолдарымен таныстырдым.
Өз сабағымды талдай келе оның сәтті және сәтсіз өткен тұстарына тоқталайын. Сабақта жаңа тәсілдерді қолдануымның мынадай тиімділігі болды: оқушылар жеке, жұпта, топта оқу-жазу әрекеттерін іске асырды, әр оқушы өз білім алуына жауапкершілікпен қарауға, топта және жұпта пікір алмасып, өз ойларын еркін жеткізе білуге, қорытынды жасап, шешім қабылдауға, зерттеуге, ізденуге, жаңалық ашуға, жаңа ақпаратты өз бетімен игеруге үйрене бастады және бұл олардың танымдық қабілеттерінің жоғарылауына, сабаққа деген қызығушылығы мен құлшынысын оятты. Осындай түрде жұмыс жүргізу арқылы мұғалім ретінде мен оқушылар тобын ынтымақтаса, бірлесе жұмыс жасауын және «дайын» білім емес, тек бағыт-бағдар беру арқылы олардың өз бетімен білім алуға талпыныстарын арттыруын ұйымдастыра алдым. «Бала жаны көрнекілікті жақсы көреді» демекші, сабағымда интерактивті тақта арқылы тапсырмаларды көрнекі түрде көрсету және тапсырмаларды орындауда пайдалану уақыт үнемдеуге көмектесті.




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген