400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Астана - бас қала»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушылары және сынып жетекшілеріне қажет болуы мүмкін. Сабақтың мақсаты:Елорда туралы түсініктерін кеңейту, мәтінмен жұмыс жасай отыра, оқушылардың сөйлеу дағдысын арттыру, Ауызекі сөйлеу, әңгімелеу дағдыларын қалыптастыру, сөйлеу тілін дамыту, оқушылардың көру, есте сақтау, тыңдау, танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттыру, ауызша – жазбаша сөйлеу мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту. Отанын, халқын, жерін сүюге, елін құрметтеуге баулу, патриоттық сезімдерін ояту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Астана - бас қала»


Сабақтың эпиграфы:

... Астана өзі де әлемге танылды және елімізді де әлемге танытты.


Н.Ә.Назарбаев

Сабақтың мақсаты:


  1. Білімділік: Елорда туралы түсініктерін кеңейту, мәтінмен жұмыс жасай отыра, оқушылардың сөйлеу дағдысын арттыру,

  2. Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу, әңгімелеу дағдыларын қалыптастыру, сөйлеу тілін дамыту, оқушылардың көру, есте сақтау, тыңдау, танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттыру, ауызша – жазбаша сөйлеу мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.

  3. Тәрбиелік: Отанын, халқын, жерін сүюге, елін құрметтеуге баулу, патриоттық сезімдерін ояту.


Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ.


Сабақтың типі: Жаңа сабақ


Сабақтың әдісі: Баяндау, мәтінмен жұмыс, ойлау, іздену, сұрақ – жауап, оқушылардың хабарламасы, танымдық әдіс, тіл дамыту жұмысы, .


Пәнаралық байланыс: тарих, жағрафия, орыс тілі, биология, әдебиет.


Сабақтың көрнекілігі: Астана қаласының көріністері туралы бейне – слайд, ҚР картасы, интерактивті тақта, кесте, сызба, компьютерлік диск.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

-Балалар,біз қазір қандай үлкен модуль өтіп жатырмыз?

- Қазақстан қандай меклекет?

-Қ.Р Президенті кім?

- Қ.Р мемлекеттік тілі қандай тіл?

-Өткен сабақта біз Қазақстанның астанасы болған қалаларын өттік. Сол қалаларды еске түсіріп, картография жасайық.


1920-1925 ж.ж. 1925-1929ж. 1929-1997ж 1998ж. .

Орынбор Қызылорда Алматы Астана


  1. Қызығушылықты ояту;

Міндеті: оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту, белсенділігін, білімге деген құштарлығын арттыру,

Балалар мына сөзжұмбаққа назар аударайық, егер сендер сөзжұмбақты дұрыс шешсеңдер, сабағымыздың тақырыбы шығады.

сөзжұмбақ

1











2
















3










4











5












6








1.Бастауыштың ісін, қимылын білдіретін сөйлем мүшесі.

2.Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

3.Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады?

4.Қосымшаның бір түрі.

5.Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздерді қалай атаймыз?

6.Тәуелсіздік монументі Қазақстанның қандай қаласында орналасқан?





  1. Мағына тану;

  1. Мәтінмен жұмыс кесте. «Түртіп алу әдісі» - INSERT

Әр елдің баласы өз Отанын, туған жерін қадірлей білу керек. Астана – еліміздің бас қаласы. Тәуелсіз Қазақстан – байтақ еліміздің астанасы. Астана – Еуразияның нағыз географиялық кіндігінде орналасқан. Қаланың астана ретінде тұсауы кесілген күн – 1998 жылы 10 маусым. Қаланың негізі 1932 жылы қаланған. Ол Ақмола деп аталған. 1968 жылы Целиноград болып өзгертілді. 1992 жылы қалаға тарихи атауы қайтарылды.
Астана – Қазақстанның жаңа қаласы. Оның шекарасы 710 шаршы шақырым. Тоғыз жолдың торабында, Республика территориясының төрінен орын тепкен.
Астана күн сайын, сағат сайын өркендеп өсіп келеді. Шетелдік қонақтар оны дүниенің сегізінші кереметіне теңеп «інжу маржан» деп бағалауда.
Есіл өзенінің сол жағында, Қазақстанның жаңа астанасына жарқырай енген, жаңа астананың символы алып «Бәйтерек» монументі (биіктігі 97 метр) рухы жағынан да, мағынасы жағынан да бізге, яғни қазақ халқына барынша жақын. Бәйтерек – Астананы құс ұшатын биіктіктен көрсетеді. Шардың ішінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың оң қолының таңбасы бар үшбұрышты күміс бойтұмар орналасқан. Ал «Думан» ойын - сауық орталығында әлемде теңдесі жоқ, ішінде акула, сегіз аяқ, жайын, скат, қылышбалық, бекіре сияқты неше түрлі балықтар жүзіп жүрген мұхиттық аквариум. Кешенде «Джунгли» аттракционы, интерактивті ойындар зонасы, аквапарк бар. Қалада Ұлттық академиялық кітапхана, оқу орындары, Елбасы отыратын Ақ Орда, Тәуелсіздік сарайы бар. Сүйікті Елордамыз Астана қаласы болашақтың қаласы көз алдымызда өсіп келеді.

Білемін (V)

Жаңа ақпарат (+)

Мен олай ойламаймын (-)

Сұрағым бар (?)







Сергіту сәті «Қызыл өрік»

2) «Венн диаграммасын»




Ақмола - Астана







Ой-толғаныс.

Астана тақырыбына 5 жолды өлең

Үй тапсырмасы: Шығарма жазу. «Астана-арман қала»

Оқушылардың еңбегін бағалау.

Сабақты қорытындылау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
612
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі