Материалдар / "Астана - бас қала" тақырыбында ашық тәрбие сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Астана - бас қала" тақырыбында ашық тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: Астана – бас қала. Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға әсем қаламыз Астана туралы мәлімет беріп, білімдерін тереңдету. Рухани жаңғыру бағдарламасына сай, балаларға еліміздің астанасы туралы мәліметтер беру. Дамытушылық: Қоғамдағы өзгерістер мен жаңалықтардан тыс қалмауға, шығармашылыққа баулу. Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту. Тәрбиелік: Отанын сүюге, ел тарихын білуге, Астана қаласына, еліне, Елбасына деген құрмет сезімге, Отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. Түзетушілік: Балалардың дыбыстарын қадағалап, түзетіп отыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Наурыз 2021
1795
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Астана – бас қала.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға әсем қаламыз Астана туралы мәлімет беріп, білімдерін тереңдету. Рухани жаңғыру бағдарламасына сай, балаларға еліміздің астанасы туралы мәліметтер беру.

Дамытушылық: Қоғамдағы өзгерістер мен жаңалықтардан тыс қалмауға, шығармашылыққа баулу. Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту.

Тәрбиелік: Отанын сүюге, ел тарихын білуге, Астана қаласына, еліне, Елбасына деген құрмет сезімге, Отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Түзетушілік: Балалардың дыбыстарын қадағалап, түзетіп отыру.


Көрнекілігі: проектор, тақырып бойынша суреттер, қима қағаздар.


Меңгерілетін сөздер: Астана – бас қала, көрікті жерлері, Ақмола, Есіл өзені, Бәйтерек, Ақ орда резиденциясы, Тәуелсіздік сарайы, «Қазақ елі» монументі, «Думан» ойын-сауық орталығы.


Тәрбие сағатының барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.


Бірге оқимыз:

Қуан шаттан, балақай

Қуанатын күн бүгін

Күліп шықты бүгін күн!

Қайырлы таң! Қайырлы күн!


Сұрақ-жауап:

  • Балалар, біздің Республикамыз қалай аталады?

  • Біздің Республикамыз – Қазақстан.

  • Біз қай тілде сөйлейміз?

  • Қазақ тілінде сөйлейміз.

  • Мемлекеттік рәміздерді атаңдар.

  • Ту, Елтаңба, Әнұран.

  • Еліміздің Елордасы қай қала?

  • Астана қаласы.

  • Дұрыс, балалар!

  • Бүгінгі ашық тәрбие сағатының тақырыбын бірге оқимыз:«Астана – бас қала».

Тәрбиеші:

  • Әр елдің баласы өз Отанын, туған жерін қадірлей білу керек. Астана – еліміздің бас қаласы. Астана – Еуразияның нағыз географиялық кіндігінде орналасқан. Қаланың астана ретінде тұсауы кесілген күн – 1998 жылы 10 маусым. Қаланың негізі 1932 жылы қаланған. Ол Ақмола деп аталған. 1968 жылы Целиноград болып өзгертілді. 1992 жылы қалаға тарихи атауы қайтарылды.

  • Астана – Қазақстанның жаңа қаласы. Оның шекарасы 710 шаршы шақырым. Астана күн сайын, сағат сайын өркендеп өсіп келеді. Бүгінде Астана – тәуелсіз әрі егемен мемлекеттің бүгінгі және болашақтағы саяси, экономикалық һәм мәдени орталығы ретінде қанат жайып барады.


  • Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымызда өткен тақырыпты пысықтау мақсатында топтық жұмыс.


Топқа бөлу.

1-топ: «Бәйтерек» тобы.

2-топ: «Думан» тобы.


Сайыс кезеңдері:

  1. «Білесің бе, Елорданың тарихын?»

  2. «Ойлы болсаң – озып көр» айдары (сұрақ-жауап).

  3. «Бұл қай ғимарат?» суретпен жұмыс.

  4. Сөзжұмбақ: «Қазақстан».


1-сайыс: «Білесің бе, Елорданың тарихын?»

Балаларға жылдар аралығы көрсетіледі.

1920-1924жылдары Орынбор қаласы.

1924-1929жылдары Қызылорда (Ақмешіт) қаласы.

1929-1997 жылдары Алматы қаласы.

1997 жылдан бастап Астана.

1994 жылы 6 шілде- астананы Алматыдан Ақмолаға көшіруге шешім қабылданды.  

1997 жылы 10 желтоқсан - Ақмола Қазақстанның астанасы.

1998 жыл 6 мамыр-Елбасы Н.Ә.Назарбаев Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды.  

1998 жылы 10 маусым- ресми түрде жаңа астананың тұсаукесер тойы өтті.


2-сайыс: «Ойлы болсаң – озып көр» айдары (сұрақ-жауап).

  1. Астана рәмізі «Бәйтеректің» ұзындығы не себептен 97 метр? (Бұл сан астананың Алматыдан Астанаға 1997 жылы көшірілуіне байланысты)

  2. Жаңа көпірдің ұзындығы (214 метр)

  3. Жаңа көпірге қандай ат берілді? («Сарыарқа»)

  4. Астанадағы ең басты қатынас жолы (Республика даңғылы)

  1. Көпірдің оң жағалауында тұрған биік ғимарат (Астана Тауэр)

  2. Қазақстанның схемалық картасы іспетті парк қалай аталады? («Атамекен»)

  3. «Думан» океанариумында теңіз суымен толтырылған қанша аквариум сыйып тұр? (13 үлкен аквариум)

  4. Бәйтерек Есіл өзенінің қай жағында орналасқан? (Бәйтерек Есіл өзенінің сол жағында орналасқан)

  5. 1900 жылы Ақмола уезінің ең мықты балуаны және қара күш иесі кім еді? (Қажымұқан Мұңайтпасов)

  6. Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін ғарышқа самғаған қазақ ғарышкері кім? (Талғат Мұсабаев)


Сергіту сәті (Бейнеролик)


3-сайыс: «Бұл қай ғимарат?» суретпен жұмыс.

  • Балалар, слайдта көрсетілген ғимараттарды атаңдар.


4-сайыс: Сөзжұмбақ: «Астана».

  • Қазақстан қалаларын жазыңдар.







А

 

 

 

 

 






С

 

 

 

 





 

 

Т

 

 

 






 

 

А

 





 

 

 

 

 

Н

 









 

А

 

 

 




Топтарды марапаттау кезеңі.


Қорытындылау.

  • Астана – үлкен армандар жетегіне еріп, жаңа қала, үлкен шаһар, әлемдік орталық жасалады деген биік мақсаттармен салынған қала.
    Астананың ашық аспаны жарқырай түссе екен деген тағы бір тілек бар.

  • Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды әдемі өлеңмен аяқтайық.


Сөнбе ешқашан күніміз!

Тілейді мұны еліміз!

Тілейді мұны жеріміз!

Тілейміз мұны бәріміз!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!