400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Астана - бас қалам!

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп мұғалімдеріне, тәлімгерлерге, сынып жетекшілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

АСТАНА - БАС ҚАЛАМ

Бакенова Жанат Асановна

бастауыш класс мұғалімі Т.Жармағамбетов атындағы орта мектебі, Байғанин ауданы, Ақтөбе облысы

Сабақтың мақсаты:

1) Балаларға еліміздің бас қаласы Астана туралы мәлімет беру.

2) Астана туралы деректермен білімін толықтыру.

3) Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Елжанды азамат болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Астананың көрікті жерлерінің суреттері, слайд, макет.

Сабақтың барысы: 1. Психологиялық даярлық. 2. « Сөзді тап» ойыны. Әріп жұмбақтарды шеше отырып, сабақтың тақырыбын ашу

Ән: Астана Мұғалім: Балалар, Нұр-Сұлтан – еліміздің бас қаласы. Бүгін біз Отанымыздың жүрегі Нұр-Сұлтан туралы әңгіме етеміз.Әр елдің баласы өз отанын, туған жерін қадірлей білуі керек. Біз елдің болашақ патриоттарымыз. Үлкендеріміз жасап берген ұлы жолды алдағы уақытта жалғастыруымыз керек.

3. Топтық жұмыс. «Суреттер сөйлейді» (Бозақ.Ақмола.Целиноград. Астана,Нұр-Сұлтан- суреттері таратылады)

1-оқушы: Бозоқ- ежелгі қалашық. Шамамен 8 ғасырда өмір сүрген. Жергілікті билеушінің ордасы саналған. 13 — 15 ғасырларда қалашық орны АСТАНА – БАС ҚАЛАМ қасиетті, киелі саналып, ақсүйектерді жерлейтін орынға айналды. Бозоқ адамдардың рухани өмірінде де ерекше маңызға ие бола бастады. 2-оқушы: Ақмола- Ресей империясының 1862 жылдың жетінші мамырдағы шешімімен Ақмола станицасына ресми түрде қала мәртебесі берілген. Бұған дейін де бұл өлкеде бекініс болған.1939 жылдың қазан айында Кеңес өкіметі Ақмоланы облыс орталығы етіп бекітеді. Бұл жылдары қаланың шамамен 30 мыңнан астам тұрғыны бар еді. 3-оқушы: Целиноград- Тың жерлерді игеру жылдары Ақмола облысы елдің ең маңызды астықты аймағына, ауылшаруашылығы, машина құрылысы орталығына айналды. 1960 жылғы 26 желтоқсанда тың өлкесін құру туралы Жарлық шығып, 1961 жылы қаланың аты Целиноград болып өзгертіледі. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылы Целиноград қаласы мен облысы қайтадан байырғы атауымен Ақмола атанды. 4-оқушы: Астананы көшіру туралы ойын алғаш рет 1994 жылы 6 шілде де елдің Жоғарғы Кеңесінің сессиясында Президент ортаға салды. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті.

5- оқушы: Ал бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана" атауын өзгерту туралы ұсыныс айтты.

4. «Сен білесің бе?» (Пирамида, Бәйтерек, Нұр Астана мешіті, Президент резиденциясы) 1-топ: «Пирамида»

6-оқушы: Ел ішінде Пирамида аталып кеткен Бейбітшілік және келісім сарайы Астананың назар аударарлық орындарының біріне айналды. Бейбітшілік және келісім сарайы – Қазақстан жеріндегі бірлік пен достастықтың, бейбітшілік пен ынтымақтастықтың белгісі. Елордада пирамида тәріздес сарайды салынды.

7-оқушы: Пирамиданың негізі – 62×62 метр, биіктігі – 62 метр. Ғимараттың сыртқы беті ішкі бейнені көрсететін әйнек және тас плиталармен қапталған, ал төбесі, яғни күмбезі – елімізде тұратын түрлі ұлт өкілдерін суреттейтін 130 ақ көгершін бейнеленген нағыз өнер туындысымен безендірілген.

8-оқушы: Сарай ішінде 1 302 орынға арналған Опера залы, Atrium салтанат залы, «Бесік» конференция залы, көрме алаңдары, баспасөз орталығы, халықаралық мәдениеттер мен діндер орталығы, Түркі әлемінің академиясы орналасқан. 2-топ: «Бәйтерек»

9-оқушы: «Бәйтерек» монументі Есіл өзенінің жағасындағы Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан. Бәйтерек күмбезі жер бетіне қалықтап тұрғандай әсерге бөлейді. Ұшар басында алтын шар орналасқан. Арнайы шынылармен әйнектелген «Бәйтерек» күмбезінің салмағы 70 т, ал алтын шардың үстіңгі ауданы 1553 м.

10-оқушы: Осынау ғаламат шардың панорамалық залынан Астананың кешегі және бүгінгі сәулеті – «ескі» және «жаңа» көрінісін тамашалауға болады. Алтын шар мен ғимараттың негізгі кіре берісі бір-бірімен «оқпан» деп аталатын салмағы 695 т металл құралыммен байланысып, жалғасқан.

11-оқушы: «Бәйтерек» кешенінде келушілердің демалып, асықпай отырып төңірегін көруге мүмкіндік беретін дәмханасы да бар. Панорамалық зал ортасында 17 жапырақтан тұратын, 17 әртүрлі әлем діндерінің уәкілдері қолы қойылған ағаш глобусы орналасқан.

3-топ: «Нұр Астана» 12-оқушы: «Нұр Астана» орталық мешітінің құрылысы 2002 жылы басталып, 2005 жылғы 22 наурызда пайдалануға берілді. Жалпы сыйымдылығы – 10 мың адам.

13-оқушы: Есілдің сол жағалауындағы «Нұр Астана» мешітінің алтынмен апталған бас күмбезінің биіктігі 43 метр болса, одан өзге 25 кіші күмбезі бар. Мешіттің іргетасы бетоннан, қабырғасы пеноблоктан тұрғызылған.

14-оқушы: Ішкі қабырғалары жартылай табиғи мәрмәрмен көмкерілген. Мешіттің биіктігі – 63 метр, төрт мұнарасы бар. Мешіт орналасқан жердің көлемі – 6,7 гектар. Төрт жолдың торабында орын тепкен ғибадатхананың жалпы алаңы – 3 631,5 шаршы метр.

4-топ: « Ақорда»

15-оқушы: Егемен Қазақстанның жаңа астанасында көркемдік маңызы мен ауқымы жөнінен қала орталығының бірегей сәулеттік ансамблі бой көтерді. Оның құрамындағы ең басты туынды – Ақорда – Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы.

16-оқушы: Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа резиденциясының ресми тұсаукесері 2004 жылғы 24 желтоқсанда өтті. Ғимараттың жалпы ауданы – 36 720 шаршы метр. Үшкір төбесімен қоса алғандағы ғимарат биіктігі – 86 метр. Ғимарат жер үстіндегі бес қабатты және жер астындағы екі қабатты үйден тұрады. Бірінші қабаттың биіктігі 12 метрге тең.

17-оқушы: Резиденцияның барлық залдарында ерекше ішкі жасаулар, аспалы шамдар және жиһаздар бар. Едендер мәрмәрдің, граниттің және көркем паркеттің алуан түрімен апталған. Бірінші қабатта көлемі 1 800 шаршы метр Орталық салтанатты холл орналасқан. Холдың ортасына зәулім күмбезді хрусталь аспалы шам ілінген.Сонымен қатар, бірінші қабатта Салтанат залы, Мемлекет басшысының БАҚ өкілдерімен баспасөз конференциясы және кездесулер өтетін зал, сондай-ақ Қысқы бақ орналасқан.

18-оқушы .Екінші қабатта қызметтік бөлмелер бар. Үшінші қабатта мынадай залдар орналасқан: - Шығыс залы киіз үй түріне орайластырылып, мәрмәр мен гранитпен безендірілген. - Мәрмәр залы Қазақстан Республикасының Президенті мен шетел мемлекет басшыларының ресми сапарлары құжаттарға қол қоюға арналған.

19-оқушы:- Алтын зал Қазақстан Республикасы Президентінің үкімет басшыларымен шағын құрамда келіссөздері мен кездесулері, әңгімелесулерін өткізуге арналған.

- Доғал зал Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің жоғары деңгейдегі делегациялармен келіссөздер, кездесулері мен әңгімелесулері үшін пайдаланылады. - Қонақ бөлме , - Кеңейтілген келіссөздер залы, Қауіпсіздік кеңесінің залы бар.

20-оқушы:Төртінші қабатта мынадай залдар орналасқан: - Күмбезді зал, Отырыс залы, Келіссөздер залы, Кітапханада кітаптардың бірегей коллекциясы жинақталған. Астыңғы қабаттарда түрлі техникалық қызметтер, гараж, асүй мен асхана орналасқан.Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақорда» резиденциясы біздің еліміздің ең маңызды және танымал символдарының бірі мәртебесін иеленген. Видео көру.

Мұғалім: -Нұр-Сұлтан қаласы қай өзеннің жағасында орналасқан? -Біздің ауданымызда өзен бар ма? -Өзен қалай аталады? Ендеше біздің Астанамызға деген құрмет сезімімізді білдіретін де сәт жетті.

5. «Есілге сый » 1.Ән дарыған далада шыңға айналған Астанам, Төбесінде жарқырап, күн байланған Астанам! Жұлдыздары жамырап, ай кетпейтін Астанам, Қыс та қиып кете алмай, жай көктейтін Астанам.

2. Ақтарылып ауасы, ағылатын Астанам, Ертегімсің сен менің шынға айналған Астанам! Көкті сүйген көркімен таңдандырған Астанам, Көңілінде көргеннің ән қалдырған Астанам.

3.Ақ дүниеге сыйлайды ақын бақыт, Жақындатып кетейін алысыңды. Есіл ағып барады, нұр жұмылып, Жағада тал, терегі ырғатылып. Айдында шортандары, шабақ қуған Күмпілдетіп толқынды жарға сырып.

4.Есіл күліп, Күрсініп , еркелейді , Төрт құбыла сай болып, Жер - кеңейді. Құшағына жарты әлем ендемейді, Еш - өзен , Есіліме тең келмейді!.

5.Ағылып Атыраудан, Алатаудан, Көш қонды Қараөткелге таласа ауған. Жайнайды Астана ару алқасындай, Ғажайып ғимараттар жаңа салған.

6.Төріне туған жердің туын тігіп, Ерекше ел ел еңсесі бүгін биік. Астана - Ақ Ордасы қазағымның, Алтын тәж ақ маңдайға қонған сүйіп.

7.Көз тоймас келбетіңе - қандай көркем! Астанам - жаңа қала жайған өркен. Астанам - жүрегі елдің, жүрегі елдің, Соғатын сәтіменен бүгін де, ертең!

8.Шат қуаныш сыйлаған Кәріге де жасқа да. Құшақ жайып тұр маған Әсем қала – Астана.

9.Араладым ертемен Арман болған қаланы. Ортасында ерке өзен – Есіл ағып барады.

10.Таң қалдырмай қоймайды Сонша сәулет, сонша түр. Қиялыңдай самғайды Ертегі боп Хан Шатыр.

11.Төрінде тұр Ақорда, Байырқалап барша бақ. Тоғысады сан арна Ел тілегін арқалап. Қорытынды: Нұр-Сұлтан – күн санап көркейіп келе жатқан қала. Осы аз уақыт ішінде Нұр-Сұлтан ғажайып қалаға айналды. Елордамыз көркімен де, келбетімен де әлемнің атақты қалаларымен терезесін теңестіріп тұр. Ерке Есілдің жағасында орналасқан әсем шаһар келешектің қаласы, жастардың яғни сендердің қалаларың. Ендеше болашақта осы қалаға барып, әлемдік сәулет өнерінің қайталанбас үлгілері саналатын әсем ғимаратарды өз көздеріңмен көрулеріңе тілектеспін.

Ән: Астанамыз-Нұр-Сұлтан.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
797
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі