400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Астана - Еуразияның жүрегі" тақырыбындағы эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс жұмыс жүргізу үшін керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Астана – Еуразияның жүрегі» тақырыбындағы эссе


Мұқанов Мұхамет Қайратұлы

Бәйкен Әшімов атындағы

Петропавл теміржол көлігі колледжі

ЭМЛ-11 топ


«Бейбітшілік қаласы», бұл жай ғана көркем теңеу емес, 1999 жылы еліміздің астанасына ЮНЕСКО берген жоғары марапат. Халақаралық ұйым елордамыздың үміттерді жалғап, келісім мен бірлікті сақтауға қосқан үлесіне еткен тағзым десем, артық айтпаспын.

Еуразия інжулерінің арасында менің елордам лайықты орын алады. 1998 жылдан бері тарих үшін қас қағым жиырма жыл өте шықты. Бірақ Астанамыз үшін әр күні жылға татиды, әр жылы ғасырға татиды. Елордамыз қарқынмен дамудың даңғыл жолын тауып, Еуразияның архатектуралық орталықтарының біріне айналып, әлемді тамсантты. Бүгінгі Астана - сәулеті келіскен алып шаһар.

Жаңа астананы салу – нағыз архитектуралық ғажайып. Ұлы дала шаһарында күн санап жаңа ғимараттар бой көтеріп келеді. Ол сәулет өнерінің туындылары Азия мен Еуропаны әсем үндестіріп, тұтас әлемді жақсылық, достық, татулыққа шақырып тұрғандай.

Астана ми–қи далаға жан бітіріп, жасыл желекке айналдырған қала. Қаланы қоршаған орман табиғаттың адам еңбегін елеп, тартқан сыйы деп ойлаймын.

Өскелең ұрпақтың ертеңін ойлайтын кемеңгер адам Нұрсұлтан Әбішұлының даламыздың төрінен асқақ та ғажап қала тұрғызуы - нағыз қайсарлық. Қай елдің болмасын Астанасы - сол елдің төлқұжаты. «Астанасына қарап елін таниды» деген Елбасы сөзінде терең мән бар, ол Астананың сәулет стилін ерекше бағалады. "Ол заңды құбылыс. Өйткені, Астана - Еуразияның қақ жүргегіндегі қала. Бұл жерде түрлі өркениттердің өкілдері келісім мен үйлесім аясында бейбіт қатар күн кешіп, сан алуан мәдениеттер мен салт-дәстүрлер сабақтасып жатыр", - деді ол бір сөзінде. Сәулетті Астанамен тағдыры тоғысқан, халқымен жүрегі бір Елбасы бастаған нұрлы көш -Қазақстанның Тәуелсіздік жолы биік мұраттарға жеткізеді. Елбасы бізбен бірге. Астанадай ғаламат қала Қазақ жерінің мәңгілік жерұйығына айналады.

Гүлденген Астанамыз, түрленген жас қаламыз елдік пен тұтастықтың ғажайып үлгісі. Жер бетіндегі Еуразия құрлығының кіндігінде орналасқан Астана – Еуразия мен Азияны жалғастырушы алын көпір, күллі қазақ халқының бойтұмары.

Бәйшешектей бүр жарған балауса Астана талай белестерді бағындыруға белді бекем буды. Сәні мен салтанаты, бағы мен дәулеті асқан ару қала өзінің мақсаттарының, асқақ арманының шыңынан көрінуге ниетті. Ендеше, бабалар рухын қастерлеудің үлгісіндей, баянды болашақтың ордасындай Сарыарқаның төрінде орын тепкен ару қала Астанамыздың мәртебесі биіктей берсін!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 мамыр
1234
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі