жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"АСТАНА -АРМАН ҚАЛА"
Тақырыбы: «Астана - арман
қала!»
Мақсаты: Балаларға еліміздің бас қаласы
- Астана туралы мәлімет беру.
- Баланың ізгілік қасиетін дамыту. Ойын арқылы балалардың ой -
өрісін, қимылын ұштау.
- Отанға туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елін, отанын
сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан республикасының
рәміздері.
Астана қаласының ғимараттары.
Әдісі: әңгімелесу, ойын жаттығулар.
Тәрбиеші: Қайырлы таң
балалар,
Қайырлы таң қонақтар.
Сіздерді салтанатты мереке Астана күнімен құттықтаймыз!
Жылу шеңбері: Ал енді балалар бір - бірімізге алақанымыз арқылы
жылу шеңберін күн секілді жылы жүзбен күлімдеп жылы лебіз
білдірейік:
Деніміз сау болсын,
Күніміз күлімдесін,
Еліміз аман болсын,
Ата - анамыз қасымызда болсын,
Бәріміз дос болайық,
Бәріміз бақытты болайық,
Аспанымыз ашық болсын.
Ән: Ән ұран.
Тәрбиеші: Қане балалар орнымызға отырайық.
Біз бүгін сендермен отанымыз туралы әңгімелесеміз: Балалар отан
деген сөзді қалай түсінесіңдер.
Балалар: Туған жерім, ата мекенім, отбасым, халқым.
Тәрбиеші: Дұрыс балалар, отан дегеніміз біздің еліміз туған
үйлеріміз, өзіміз туып өскен жеріміз.
Біз қай мемлекетте тұрамыз?
Балалар: Қазақстан Республикасы.
Тәрбиеші: Қ. Р президенті кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Тәрбиеші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай?
Балалар: Қазақ тілі.
Тәрбиеші: Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Қазақстанда әр түрлі
халықтармен ұлт өкілдері тұрады. Соның ішінде қандай ұлт өкілдерін
білесің?
Балалар: Орыс, өзбек, түрік, қытай.
Тәрбиеші: Елімізді қандай рәміздерін білесіңдер?
Балалар: Ту. Елтаңба. Әнұран.
Тәрбиеші: Ту, Елтаңба, Әнұран бір сөзбен қалай айтамыз?
Балалар: Рәміздер.
Балалар ту, елтаңба, әнұран туралы білгендерін
айтады:
Айғаным: Ту. Біздің республикамыздың
мемлекеттік Туы - тік төртбұрышты көгілдір түсті мата. Тудың
көгілдір түсі ашық аспан мен тыныштықты білдіреді.
Тудың ортасында күн тұр, ол жылулықты білдіреді. Күннің астында
қанат жайған қыран бүркіт бар. Жанында ою - өрнек салынған, алтын
түспен берілуі тыныштықты, байлықты
білдіреді.
Мансұр: Елтаңба. Қазақстанның
Елтаңбасы дөңгелек пішінді және Тудың түсіндей көгілдір түсті. Оның
ортасында шаңырақ бейнеленген. Күннің сәулесіндей айнала уықтар
тараған. Екі жағында екі қанатты тұлпар салынған ол - қорғауды
білдіреді. Бидай сабақтары тоқшылықты, молшылықты білдіреді.
Үстінде « жұлдыз», астыңда «Қазақстан» деген жазуы
бар.
Мөлдір: Әнұран.
Мемлекеттік әнұран – маңызды мемлекеттік шараларда орындалады.
Әнұранды тұрып айтады, тұрып тыңдайды.
Тәрбиеші: Ел ордасы қай қала?
Балалар: Астана.
Біздің еліміздің бас қаласы Астана туралы мағлұмат айту.
Түсіндіру.
Астана туралы тақпақтар:
Мұхамеджан: Ел бөбегі
бүлдіршін, жас баламыз.
Астанамыз, астана бас
қаламыз.
Аяжан:
Астана арман қала,
Бағы ба жанған қала
Тұрады ол жап - жас болып,
Мен үлкен болған да да.
Алдияр: Жаса - жаса Астанам,
Өркен жол бастаған
Болашақтың есігін,
Өз қолыммен аш маған.
Илияс: Қадамың бар баспаған,
Асуың бар аспаған
Халқым жетсін мұратқа,
Ей, бас қалам - Астанам.
Аниша: Шырқап көкке асқан - ән
Болашаққа бас қадам.
Қазақ рухын биіктет,
Ей, бас қалам - Астанам.
С. Мансұр: Отанымның төрінде,
Сарыарқаның өрінде.
Ту ұстаған Астанам,
Әсем қалам - бас қалам.
Балалардың орындауында: « Вальс.»
Балалар, енді отан туралы мақал - мәтелдер
айтайықшы.
Алина: Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
Отан үшін отқа түс - күймейсің.
Отан - оттан да ыстық.
Отанды сүю отбасынан басталады.
Балалардың орындауында ән: "Отан".
Ойын: «Рәміздерді құрастыру».
Балалар қиылған суреттерді құрастырады.
Жансаяның орындауында ән «Ертегілер».
Балалардың тақпақтары:
Алуа: Сарыарқаның төсінде
Гүл жайнаған, Астанам
Ақпейілдей арнайы
Ақ тілегім, жас бала.
Алина: Елордасы елімнің,
Қазағымның жүрегі
Астанамды бірінде,
Күллі әлем біледі.
Айғаным: Жыр қып төктім
өзіңе
Шумақтарын сезімнің
Әсем қала – Астанам
Құрдасымдай өзімнің.
Мөлдір: Әуелейді асқақ
ән
Болашаққа бастаған
Мәртебемсің сен менің
Айналайын Астанам.
Али: Қымбат маған есілің
Жүрегімде жүреді
Жарқын болсын ертеңнің
Осы елдің тірегі.
Мансур: Астанам - арман
қала
Бағы бар жанған қала
Тұрады ол жап - жас болып
Мен үлкен болғанда да.
Жанель: Жаса - жаса Астанам,
Өркен жол бастаған.
Болашақтың есігін
Оң қолыңмен аш маған.
Аяжан : Жас
астанам, жас қалам.
Тарихым бар ашпаған.
Ордасы боп ашылдың,
Ей, бас қалам - Астанам.
Адия: Барша әлемге әйгілі
Ел басымыз Нұр аға
Мақтанышы елімнің
Нұрын шашқан, Нұр қала.
Азамат: Қадамың бар
баспаған,
Асуың бар аспаған.
Халқым жетсін мұратқа
Ей, бас қалам - Астанам.
Айлана: Шырқап көкке аспан
- ән
Болашаққа бас қадам,
Қазақ рухын биіктен
Ей, бас қалам - Астанам.
Түрік биі.
Ән «Жаңбыр» Малика.
Ойын «Доп»: жүргізуші сұрақ қоя отырып, бір балаға лақтырады. Ол
жауабын айтып допты қайтып лақтырады.
- Ал, қане бастайық:
- Қазақстанның астанасы, қай қала?
- Астана.
- Қ. Республикасының президенті кім?
- Н. Ә. Назарбаев.
- Біз қай елде тұрамыз?
- Қ. Р.
Балаларды мадақтау. Қонақтармен қоштасу.
- Сау
болыңыздар.
МКҚК №6 «Нұрай» бала бақшасы
Тақырыбы: «Астана - арман қала!»
Тәрбиеші: Билялова Б.Т
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген