400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Астана – елімнің мақтанышы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәтінмен жұмыс істеу негіздерін қалыптастыру үшін «Дана үкілер» техникасын қолданады. Оқушылар мәтінді оқиды, тақырып қояды, деректі, дерексіз зат есімдерді табады, сұрақтарға нақты жауап береді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пәні: Қазақ тілі мен әдебиеті

Мектеп:

Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Астана – мәдениет пен өнер ордасы

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқан оқушылар саны:

Күні:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы

1-2 – сабақтар. Астана – елімнің мақтанышы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.6.1 – тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде шынайы өмірмен байланыстырып жауап беру

6.5.1.5 - етістіктің шақтарының (нақ осы шақ) қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушы шынайы өмірмен байланыстырып жауап береді.

Көптеген оқушы нақ осы шақты дұрыс қолдана алады

Кейбір оқушылар ауызша және жазбаша жұмыстарда етістіктің шақтарын тиімді қолданады.

Бағалау критерийлері

Елорда жайлы ақпарат береді, мәтін құрайды, етістіктің шақтарын ажырата алады.

Тілді мақсат

Пәнге тән лексика мен терминология: сәулетші, көрермен, мәдени, отандық, шетелдік, шаһар, ұйымдастыр, әкімшілік, саяси, жарыс, алақан.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Астана қаласы, атақты ғимараттар, мәдени орындар.

Бастапқы білім

Туған жері туралы айтады, сипаттайды. Мұғалім оқушының бастапқы білімін жетекші сұрақтар қою арқылы біле алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Жоспарланған жаттығу түрлері



Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру. Мұғалім сыныпты сабаққа ұйымдастыру үшін оқушылармен бірге «шаттық шеңберін» құрады. Оқушылар ортаға шеңбер құрып, мұғаліммен бірге ән айтады.



Қызығушылығын ояту. Интерактивті тақтадан «Астана» жайлы деректі фильм көрсетеді, оқулықтағы суреттермен таныстырады, «Елорда» сөзіне ассоциограмма құрғызады. Ой шақыру сұрақтарын қояды: Балалар, Астана туралы не білесіңдер? Елорда қай жылдан бастап Қазақстан Республикасының астанасы болды? Астана қаласындағы қандай атақты ғимараттар мен мәдени орындарды білесіңдер? Астанада болдыңдар ма?

Деректі фильмді көреді, ассоциограмма құрады, сурет бойынша сөйлем құрайды (1, 2-тапсырмалар).

Мәтіналды жұмыс. Мұғалім интерактивті тақтадағы тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады, оқиды, оқушыларға қайталатады, сөздік дәптермен жұмыс жасатады.

Тілдік бағдар. Мұғалім оқушыларға етістіктің осы шағын меңгертеді. Грамматикалық тақырып туралы мағлұмат береді, мысалдар келтіреді.

Тренинг жазылған парақшалар, интерактивті тақта, слайдтар, бейнебаян, ғаламтор ресурстары, суреттер, оқулық


Сабақтың ортасы

Мәтінмен жұмыс. Мәтінмен жұмыс істеу негіздерін қалыптастыру үшін «Дана үкілер» техникасын қолданады. Оқушылар мәтінді оқиды, тақырып қояды, деректі, дерексіз зат есімдерді табады, сұрақтарға нақты жауап береді.

Тыңдалым мәтіні. Мәтінді мұқият тыңдайды, айтылған мәселені шынайы өмірмен байланыстырады, дұрыс жауаптарды белгілейді.

«Желаяқ» ойыны. Сынып топқа бөлінеді. Топ санына қарай Астана туралы мәтін ілінеді. Топ мүшелері кезекпен тақтадағы мәтіннің бір сөйлемін ішінен оқиды. Оқыған сөйлемін тобына келіп жаздырады. Ойын осы ретпен мәтін аяқталғанша жалғасады. Ойын соңында желаяқтар баяндаған мәтін мен тақтадағы түпнұсқ мәтін салыстырады. Мәтінді тез әрі дұрыс құраған топ жеңіске жетеді.

Айтылымға қатысты 8-тапсырма орындатады. Қалып етістіктерін жақша ішіндегі сәйкес келетін сөзбен байланыстырып айтады, сөйлем құрайды.

Сергіту сәті. Мұғалім оқушыларға А4 парағы мен түрлі түсті қарындаштар мен фломастерлер, тақырыпқа қатысты суреттер таратады. «Елорда» тақырыбына фотоколлаж жасатады.

Мәтінсоңы жұмыс. Жұптық жұмыс. Астана туралы 6 сұрақ дайындайды, көршісіне қояды, 10-12 үнқатымнан тұратын сұхбат құрайды (10-тапсырма).

Оқулық, аудиотаспа, кесте















А4 парағы, түрлі түсті қарындаштар, мен фломастерлер, тақырыпқа қатысты суреттер

Сабақтың соңы


Шығармашылық тапсырма. «Астана – мақтанышым» деген тақырыпта эссе жазады (11-тапсырма).

Эссе жазуға қойылатын талаптар:

  • Нақты айқындалған кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды бөлімнен құралуы шарт;

  • Тақырыптан ауытқымаған дұрыс;

  • Пікірді ұтымды дәлелдермен растау қажет;

  • Өмірмен байланысты болуы тиіс;

  • Өзіндік тың пікірлер келтіру керек;

  • Баяндау стилі нақты болуы шарт;

  • Сын есім мен нақ осы шақты ұтымды қолдану шарт;

  • Көлемі – 50-60 сөз.

Қалыптастырушы бағалау: «Бас бармақ» әдісі арқылы бір-бірінің жауаптарын бағалайды.

Кері байланыс. «Не қиын, не оңай?» әдісі бойынша түсініктерін толықтырады.

Үйге тапсырма. Үй тапсырмасы ретінде оқулықтағы

9-тапсырма беріледі. Тапсырманың шарты, қалай орындалуы қажет екені түсіндіріледі.

Оқулық

Қосымша ақпарат

Рефлексия

Сабақ барысында оқу мақсатына қол жеткізді ме? Оқу мақсатына қол жетпеудің себебі неде? Бүгін оқушылар не біліп, не үйренді? Сыныптағы психологиялық ахуал қандай болды? Жоспардан ауытқу болды ма? Себебі неде? Жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Уақыт дұрыс пайдаланылды ма? Жоспарыма қандай түзетулер енгіздім. Не себепті?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз, сұрақтарға жауап беріңіз (Сабақ жүйелі жоспарлағандықтан, сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалады.

Оқушылар мәтін мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді, сөздікпен жұмыс істейді. Сабақ жоғары деңгейде өтеді, өйткені оқу мақсаттары дұрыс таңдалды, уақыт тиімді пайдаланылып, саралау жұмыстары да орындалады).

Қорытынды бағалау:

Қандай екі нәрсе (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) табысты болды ма? Сабақтың өзіне ұнаған 2 тұсын анықтап жазыңыз.

1: __________________________________________________________________________________

2: __________________________________________________________________________________

Қандай екі нәрсе (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) сабақтың тиімділігін арттырады?

1: __________________________________________________________________________________

2: __________________________________________________________________________________

Сабақ барысында өзіңіздің көңіліңіз толмаған 2 әрекетті (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) атаңыз.

1: __________________________________________________________________________________

2: __________________________________________________________________________________

Сабақ барысында келесі сабағымда сыны не жекелеген оқушының сапалы білім алуы үшін нені жетілдіруге болатынын білдім.

1: __________________________________________________________________________________

2: __________________________________________________________________________________










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
2129
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі