жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Астана – Қазақстан Республикасының Елордасы»
Сабақтың тақырыбы: «Астана – Қазақстан Республикасының жаңа Елордасы»
Білімділік.Астана
қаласының 20 жылдығына орай ел ордасы
Астана қаласы туралы жан-жақты мағлұмат
беру, білімдерін кеңейту, тапсырмалар
арқылы бекіту, сұрақтарға жауап
беру.
Дамытушылық.
Астана туралы деректермен білімін
дамыту, оқушылардың ой - өрісін,
шығармашылық қабілеттерін дамытуға,
тіл байлықтарын дамыту.
Тәрбиелік.
Қазақстан Республикасының орталығы
Астана қаласын мақтан тұта білуге
тәрбиелеу және Отанға деген сүйіспеншілігін
арттыру, елжанды азамат болуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Баяндау, мәтінмен жұмыс, мәнерлеп оқу, ойлау, іздену, сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: тарих, география, орыс тілі, биология
Сабақтың көрнекілігі: Астана қаласының көріністер туралы бейне-слайд, карта, интерактивті тақта, кесте.
ΙΙΙ
Жаңа тақырып.
1.
Тапсырма. Астана қаласы туралы не
білемін?
Кесте
толтыру
•
Дүние жүзі бойынша қандай мемлекеттердің
астаналарын білесіңдер? Атап айтыңдар.
•
Қазақстанның астаналарын білесіңдер
ме?
•
Бірінші астанасы қай қала?
•
Екінші астанасы қай қала?
•
Үшінші астанасы қай қала?
•
Ал төртінші астанасы қай қала?
Астаналар
траекториясын көрсету.
1998ж.
Астана
1929
- 1997 Алматы
1924
- 1929 Қызылорда
1920
- 1924 Орынбор
Кестемен жұмыс
2.
«Астана хронологиясы» аялдамасы. Оқушы
алдын - ала дайындалып келген.
1
- оқушы: Астана қаласы Қазақстанның
орталық аймағында орналасқан. Астана
қаласы жөнінде жалпы мәліметтер:
•
Алғаш іргетасы 1832 жылы қаланды;
•
1961 жылға дейін Ақмола қаласы;
•
1961 жылдан 1992 жылға дейін Целиноград
қаласы;
•
1993 жылдан 1998 жылға дейін Ақмола қаласы;
•
1997 жылдан Қазақстан Республикасының
елордасы;
•
1998 жылы Ақмола қаласының атауы Астана
болып өзгертілді.
3.«Астана
қаласы» бейнефильм.
Оқушыларға
сөз беріледі.
1
- оқушы: 1832
жылы Есіл өзенінің жағасы Қараөткел
шатқалында Ақмола бекінісі салынды.
1863 жылы 16 шілдеде Ақмола қаласы аймақтық
қала болып ресми түрде бекітілді. 1960
жылдың желтоқсанында Ақмола Қазақстанның
барлық тың игеретін облыстарының
орталығы болып жарияланды. Қала 1961 жылға
дейін Ақмола, 1961 жылдан 1992 жылға дейін
Целиноград, 1992 жылдан 1998 жылға дейін
Ақмола деп аталды. 1998 жылы Ақмола
Қазақстан Республикасының астанасы
болып жарияланған соң, қала атауы Астана
деп өзгертілді. Қала Сарыарқаның
солтүстігінде, Есіл өзенінің бойында
орналасқан. Еуропа мен Азияны
байланыстыратын тарихи орталық.
1998
жылы ЮНЕСКО шешімі Астана қаласын
«Бейбітшілік қаласы» деген атауға сай
деп танып, медальмен марапаттады.
Бразилияда өткен дүниежүзілік байқауда
әлем бойынша 12 жас қаланың ішінен Астана
жоғары атақты иеленді.
2
- оқушы: «Қазақ
елі»
- Қазақстан Республикасының елордасы
Астана қаласында орналасқан мәдени –
архитектуралық монумент. Монумент 2009
жылы ашылды. Монументтің авторлары:
Сәрсенбек Жүнісов және Жаңбыршы
Нұркенов.
Тарихи
– мемориалдық кешені ақ мәрмәрдан
құйылған, монументтің биіктігі – 91
метр, бұл – Қазақстан тәуелсіздігін
алған 1991 жылдың белгісі. Монумент
діңгегінің ұшар басында киелі құс
Самұрық бейнеленген. Діңгектің негізінде
төрт қола барельеф орналасқан. Орталық
барельеф – «Халық және Президент» деп
аталады. Монументтің оң жағындағы екінші
барельеф – «Қаһармандық», батыс жақ
беттегі «Жасампаздық», ал монументтің
шығыс жағындағы «Болашақ» деп аталады.
Осы идеялардың бәрі Қазақстан халқының
тәуелсіздік алғандағы шаттанған
сезімдерін бейнелеген «Бірлік» атты
мүсіндік композициямен аяқталады.
3
- оқушы: «Астана
– Бәйтерек» монументі – Астанадағы
архитектуралық құрылыс кешені,
сәулет өнерінің бірегей туындысы. Есіл
өзенінің сол жағалауында бой көтерген
ең көрнекті ғимараттарының бірі. 97
метрді құрайтын көрініс кешені замануи
қаланың көркем бейнесін ашады. 97 саны
кездейсоқ емес, ол астананың Алматыдан
Астанаға ауысқан мезгілін білдіреді.
Металл,
әйнек және бетоннан тұрғызылған «бәйтерек
ағашының» жалпы биіктігі 105 метр, салмағы
1000 тоннадан асады. Кешеннің үстіңгі
жағында орналасқан алып шар диаметрі
- 22 метр, салмағы - 300 тонна. Алып шар
«хамелеон» әйнектерінен жасалған. Күн
сәулесінің түсуіне байланысты шар түсі
ауысып тұрады. Жоба сәулетшісі - Норман
Фостер. 2002 жылы ашылған кешен Астана
қаласының ғана емес, күллі Қазақстанның
нышанына айналды. Мұнара негізгі үш
әлемнен құрылған: жер асты, жер және
аспан әлемі. Төрт жарым метр тереңдікте
орналасқан астыңғы қабатта кафе, аквариум
және «Бәйтерек» мини-галереясы
орналасқан. Алып шарға лифт арқылы
көтеріліп, үлкен залға еніп, қаланың
толық көрінісін көруге болады. Зал
ортасында әлемдік діндердің өкілдері
қол қойған 17 жапырақты ағаш глобус және
қазақ елінің бейбітшілік нышанына
айналған «Аялы алақан» - Қазақстан
Республикасының тұңғыш президентінің
алақанының таңбасы орналасқан
4
- оқушы: Бейбітшілік
және келісім сарайы – архитектуралық
құрылыс кешені.
Пирамида іспетті
етіп тұрғызылған сарай 2006 жылы 2 қыркүйекте
салтанатты түрде ашылды. Оның табан
қабырғасының ұзындығы 62 м; ауданы 25,5
мың м². Ғимарат ағылшын
архитекторы Н.Фостердің жобасымен
салынған. Болат пен тастан
тұрғызылған сарай өзара
рухани түсінушіліктің жаһандық орталығына
айналды. Ғимарат экстерьері пирамида
түрінде болса, сарайдың орталық күмбезді
залы Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ Қауіпсіздік
кеңесінің холлы тәрізді етіп салынған.
Бейбітшілік пен келісім сарайы
сарайында Қазақстан халықтары ассамблеясы,
ұлтаралық және дінаралық келісім
орталығы, мұражай, университет,
1,5 мың орынды опера залы, кең орталық
атриум мен қысқы бақ орналасқан. Сарай
ғимаратының құрылысы құбылмалы ауа
райын ескере отырып салынған; оның кіре
берісі жер астында орналасқан. Бейбітшілік
пен келісім сарайы Әлемдік және дәстүрлі
діндер көшбасшыларының сьездерінің
өткізілетін орны ретінде әлемге әйгілі
архитектор Норман Фостердың жобасымен
«Сембол Иншаат» Турциялық құрылыс
компаниясы салды.
5-оқушы «Атамекен – Қазақстан картасы» этно-мемориалды кешені. Ашық аспан астындағы «Атамекен – Қазақстан картасы» этно-мемориалды кешенінде қазақ жерінің сұлу табиғаты бейнеленген. Картада 14 облыс және Астана мен Алматы қалалары орналасқан. Қазақ жерінің табиғи-климаттық аймақтары, ландшафт, сәулетті көркем ғимараттары мен көлік жолдарын көруге болады. Тәуелсіздік Сарайы - мемлекеттік ресми іс-шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді, съездерді өткізу орны болып табылады. Ғимараттың сыйымдылығы, техникалық жабдықталуы, жайлылығы іс-шараларды жоғары халықаралық деңгейде өткізуге және көрсетуге мүмкіндік береді. Ресми іс-шаралармен қатар концерттерді, көрмелерді, мерекелік жиындарды өткізуге барлық мүмкіндік бар.
6-оқушы
«Хан-шатыр» сауда және
ойын-сауық орталығы. Танымал
британ сәулетшісі Норман Фостердің
жобасымен салынған. Қала орталығында
бой көтерген бұл орталық салмағы 2300
тонна болатын металл қондырғылардан
тұрғызылған. Шатыр биіктігі 150 метрге
дейін жетеді, сыртқы жағы тұтас әйнектермен
қапталған.
Арнайы қондырғылар ішкі
температураны бір қалыпты сақтайды.
Алты қабатты орталықта сауда нүктелерімен
қатар, ойын-сауық орындары жұмыс
істейді.
Думан ойын-сауық орталығы.
2003 жылы мамыр айында жұмысын бастаған
бұл кешенде мұхитаралы, 5D-кинотеатр,
үлкен күмбезді кеңістік, сауда нүктелері
мен тамақтану орындары бар. Бұл ТМД-дағы
алғашқы мұхитаралы бар үлкен кешен.
Отан
Ана» кешені. Жоңғар шапқыншылығы мен
Ұлы Отан Соғысы кезінде ерлікпен қаза
тапқан жандардың құрметіне салынған.
Ұзындығы 24 метрді құрайтын мемориал
ортасында граниттен тұрғызылған таста
алтын шара ұстаған әйел бейнеленген.
Қолындағы шара тыныштық пен гүлденудің
белгісі. Барельефтің оң жағында кеңес
әскерлері, ал сол жағында жоңғар
шапқыншылығында қаһармандық танытқан
қазақ батырлары бейнеленген. Төменгі
жақта мәңгілік алау орналасқан.
7-оқушы. Соңғы жылдары қалада мәдени-ағарту мекемелері желісі едәуір көбейді. 3 театр, 23 кітапхана, 5 мұражай, 1 клуб мекемесі, 2 кинотеатр, Мемлекеттік филармония, 2 сарай, 3 балалар музыкамектебі, өнер мектебі, көркемөнер мектебі жұмыс істейді. Халықты спортпен және дене шынықтырумен тұрақты айналысуға тарту мақсатында өткен кезеңде жаңа спорт кешендері ашылды және балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне (БЖСМ) күрделі жөндеу жүргізілді. Халыққа қызмет көрсетуге 25 спорт-сауықтыру кешендері іске қосылды.
8-оқушы. Қалада ақпараттық инфрақұрылым қалыптасқан және оның дамуы жалғасуда. 2001—2005 жылдар кезеңінде бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) саны 78-ден 169-ға дейін (77 газет, 82 журнал, 7 телерадиокомпания, 3 ақпараттық агенттік) өсті. Олардың ішінде 25 БАҚ ағылшын, неміс, украин, татар тілдерінде шығады. Сонымен бірге мемлекеттік емес БАҚ-тар үлесін арттыру үрдісі байқалып отыр, бұл қазіргі уақытта 66 %-ды құрайды. Ақпараттық саясатты іске асырудың маңызды құралы мемлекеттік тапсырысты мемлекеттік, сондай-ақ жеке меншік БАҚ-қа да орналастыру болып табылады. Ақпараттық саясат медиажоспарларға сәйкес іске асырылады.
9- оқушы. Қалада 11 жоғары оқу орны (оның 8-і жеке меншік), 22 колледж жұмыс істейді. Оқудың барлық түрлері бойынша жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің жалпы саны 58,3 мың адам. Оқушылар саны 1,9 мың адам болатын небәрі 5 мемлекеттік кәсіптік мектеп бастауыш және орта кәсіптік даярлықты жүзеге асырады. Астанада 54 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп, 2 дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты, арнаулы түзету мектеп-интернаты, ұйымдардың деректері бойынша жалпы саны 60,1 мың оқушысы бар кешкі мектеп жұмыс істейді. Мектеп жасына дейінгі білім беру жүйесінде 11,2 мың баланы қамтыған 36 мектеп жасына дейінгі ұйым жұмыс істейді. Бес-алты жастағы балалардың мектеп алды дайындығын ұйымдастыру үшін жағдайлар жасалған.
Бекіту сұрақтары.
Қазіргі кезде Астана қаласының тұрғындарының саны қанша адамға жетті? (жеті жүз мың)
2. Астана рәмізі «Бәйтеректің» ұзындығы не себептен 97 метр? (Бұл сан астананың Алматыдан Астанаға 1997 жылы көшірілуіне байланысты)
3. Жаңа көпірдің ұзындығы (214 метр)
4. Жаңа көпірге қандай ат берілді? («Сарыарқа»)
5. Астанадағы ең басты қатынас жолы (Республика даңғылы)
6. Көпірдің оң жағалауында тұрған биік ғимарат (Астана Тауэр)
7. Қазақстанның схемалық картасы іспетті парк қалай аталады? («Атамекен»)
8.«Думан» океанариумында теңіз суымен толтырылған қанша аквариум сыйып тұр? (13 үлкен аквариум)
Үйге тапсырма.
Астана қаласы туралы шағын шығарма жазып келу. Тақырыбы «Менің Астанам».
Қорытындылау.
Бүгінгі сабақтан не түйдік?
Я,
балалар, сабағымызды қорытындылай келе,
әрине Астана туралы айтып тауысуымыз
мүмкін емес, әрине Астана туралы жырланған
жыр, салған ән, шерткен күй қаншама
дерсіз?
Астана
– үлкен армандар жетегіне еріп, жаңа
қала, үлкен шаһар, әлемдік орталық
жасалады деген биік мақсаттармен
салынған қала.
Бізде
тек, Астана – бар қазақтың алтын бесігі,
әлемнің қызыға көз тіккен бекзат қаласы
болса деген арман бар.
Бізде
тек, Астана дегенде бар қазақ елеңдеп,
қазақ дегенде Астананың ашық аспаны
жарқырай түссе екен деген тағы бір тілек
бар.
Осымен,
бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз! Сау
болыңыздар

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген