400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Астана-арман қала

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға еліміздің бас қаласы-Астана туралы мәлімет беру. Баланың ізгілік қасиетін дамыту.Ойын арқылы балалардың ой-өрісін ұштау.Отанға туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру,өз елінің потриоты болуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Астана-арман қала

КМҚК «Айгөлек» яслибақшасы «Жауқазын» тобы

Адайбаева Асель Гусмадияровна

Мақсаты: Балаларға еліміздің бас қаласы-Астана туралы мәлімет беру. Баланың ізгілік қасиетін дамыту.Ойын арқылы балалардың ой-өрісін ұштау.Отанға туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру,өз елінің потриоты болуға тәрбиелеу.

         Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме!Құрметті әріптестер және «Айгөлек»бала-бақшасының бүлдіршіндері.Алтыншы шілде Елордамыз Астана қаласының мерекесі баршамызға құтты болсын.Биыл бас қаламыз Астанаға 20жыл.

Астана қаласы бұрын Ақмола деп аталған,оның туған жылы 1830 жыл.Астана қаласы Есіл өзенінің жағасында орналасқан.

1997жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады.1998жылы елордасы атауы Астана деп өзгертілді.Қазір қаланың аумағы 200шаршы километрді алып жатыр.1998жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласы «Бейбітшілік қаласы»деген жоғары атағы беріліп,медальмен марапатталды.Астана қаласы шапшаң қарқымен дамып келеді және де келешегі өте зор.
                 Көшелері құлпырған сала-сала
                 Алаңдары кең құшақ сайран дала.
                 Көргендері арлы арудан айнымайтын
                 Ақ көңілді кең пейіл қайран қала – деп ортаға бүлдіршіндерімздің Астанаға арналған өлең шұмақтарын  тарту етуге шақырамыз.
1 бала: Астанамыз сүйкімді,
             Гүлдей жайнап құлпырды.
            Қызықты болып барады,
            Бір күннен – бір күні.

2 бала: Здравствуй, здравствуй моя Астана,
             
Здравствуй, здравствуй  столица родная
             
Здравствуй, здравствуй  народ и страна   
           
 Процветанья всем вам я желаю 

3 бала: Әлемдегі дара бір
            Әсем сәндік қала бұл
            Есіл арбаты жаңа үй
            Бүкіл әлем көріп тұр


4 бала: Інжу тастан өріп бір
            Салған ғажап – көрік бұл
            Салтанатын, сәулетін
            Жаңа Астанамыз жайнап тұр

5 бала: Как я люблю тебя, тебя
         
 Моя столица – Астана
           
Цвети всегда, всегда
         
 Ты Астана  и вся страна

6 бала: Нұр сыйлап қала көркіне
            Тағып атып: Жер, Күнге
            Тұр ғажайып ғимарат
            Зор Бәйтерек кейпінде

7 бала: Әсем қала Астана
          Ел қызыққан жас қала
            Астана деп жазамын
            Ақ параққа тағыда

Жүргізуші: Ән көңілмен құйылды
                          Қайғы бұлты шегілді
                          Балалармен дүние
                          Көрікті де көңілді-деп балалардың ән «Әрқашан күн сонбесін»
Жүргізуші:

Ал енді біріміз бірігіп «Кім білгіш?» сұрақ жауап ойынын ойнайық

  1. Балалар біз қай қалада тұрамыз?

  2. Қазақстан Республикасының елбасы кім?

  3. Мемлекетіміздің рәміздерін атаңдар

  4. Тудың түсі қандай?

  5. Қазақстан мемлекетінің елордасы қай қала?


Жүргізуші:

Біз балдырған тек басқан

Дос құшағын кең ашқан

Тілегіміз бейбіт күн

Ашық болсын көк аспан, - дей отырып «Жұлдызша»тобының бүлдіршіндерін «Атамекен»әнімен қарсы алыңыздар.

Жүргізуші: «Жауқазын» тобының тәрбиеленушілерін ортаға шақырып Астанаға арналған тақпақтар тамашалайық. 




1бала: Астанамыз – әдемі
            Жарқырайды жұлдыздай


2 бала: Есілдін бойы бас қала
              Мақтанашым – Астана


3 бала: Өсіп міне келемін
           
Байтеректей болып мен


4 бала: Көз тартады – Астана
            Биік Бәйтерегімен

5 бала: Жарқырайды елімнің Астана
            Күндей шуақ шашады көгімде.


Жүргізуші:

Қазір балалар менің сендерге жасыратын жұмбағым бар, шешімін таба аласындар  ма? (балалардың жауабы)


Жұмбақ:

Жүз мүйізі бар,
          Үстінде киізі бар  

Бұл не балалар? (Киіз үй)     


Жүргізуші: Бейбітшілік әніміз

Бауырласпыз бәріміз

Қазақстан даласында

Жарасады сәніміз – дей отыра балалардың орындауында

«Елтаңбасы елімнің»әні.

Жүргізуші:   Жан қалмасын жай тұрған
                           Мәз болсын жас- кәріміз
                           Қайта оралған халқымызға
                           Биленсін «Қаражорғамыз»
Астананың туған күніне арналған іс-шара «Қаражорға» биімен «Күншуақ» тобы аяқтайды.
Би: «Қаражорға»    






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
443
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі