400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Астана-әсем қала

Материал туралы қысқаша түсінік
әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Астана-әсем қала

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Балаларға еліміздің бас қаласы - Астана туралы мәлімет беру .

Түзете –дамытушылық: Ойын арқылы балалардың ой - өрісін, есте сақтау қабілеттерін арттыру .

Тәрбиелілік: отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Өз елін сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.

Көрнекілік :дидактикалық карточкалар, түрлі-түсті қамырлар, түрлі-түсті қағаздар, жабысқақ құрастырғыштар, кинетикалық құмдар, қиылған суреттер, түрлі-түсті жұлдызқұрттар.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Амансың ба, Алтын күн!

Амансың ба, Жер ана!

Амансың ба, Астана!

Келдік саған қуана!

Сабақ барысы:

-Балалар біздің еліміз қалай аталады?

-Қазақстан Республикасы.

-Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?

-Елордамыз - Астана қаласы

-Кім Астанаға барды? Астана қаласының қандай көрікті жерлерінде болдыңдар? (Балалардың жауаптары тыңдалады)

Астана туралы мәлімет беру

- Балалар, мынау Қазақстанның бас ордасы - Астана. Ол жаңадан бой көтеріп келе жатқан жас қала. Ал мынау - Ақорда үйі. Онда біздің елімізді басқаратын президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев отырады. Мынау - Бәйтерек. Ол өте биік, оның биіктігі 105метр. Мұнараның жоғары жағында шыныдан жасалған алтын шар бар. Мұнараның жоғарғы жағына көтерілсек, Астана қаласы толығымен көрініп тұрады. Ал мынау- Акианариум. Мұнда көптеген балықтардың түрлерін көруге болады . Ал мынау – Астана қаласының ең ірі ойын-сауық отауының бірі- Хан шатыр . Хан шатырға адамдар көңілдерін көтеру үшін барады .



«Түрлі-түсті жұлдызқұрттар» ойыны

Ойын шарты: сандықшадағы жұлдызқұртты қармақпен іліп, түсіне қарай берілген сюжетті суретке әңгіме құрау.

Ойын мақсаты: баланың сөйлеу тілін дамыту. Ұсақ қол мотрикасын белсендіру, түстерді ажыратуға үйрету.



  • Бәйтеректің бейнесін түрлі - түсті қағаздан жапсыру

Тапсырма мақсаты: балалардың ұсақ қол моторикасын, ойлау қабілетін дамыту

Тапсырма шарты: түрлі-түсті қағаздарды пайдалана отырып Бәйтеректің бейнесін жапсыру



Тақпақ жаттау

Болашаққа бастаған,

Шарықтайды асқақ ән.

Елордасы Отанның.

Мақтанышым - Астанам.



  • Хан шатырдың бейнесін түрлі-түсті қамырлардан жасау

Тапсырма мақсаты: балалардың ойлау қабілетін,ұсақ қол моторикасын дамыту.

Тапсырма шарты: түрлі-түсті қамырды пайдалана отырып , хан шатырдың бейнесін жасау.



  • «Астана» қаласын құммен жасау

Тапсырма мақсаты: балалардың ұсақ қол моторикасын, ойлау қабілетін дамыту.



Тіл үстарту жаттығулары

Ек-ек-ек ұзын бойлы Байтерек

Да-да-да үкімет үйі Ақорда

Ыр-ыр-ыр ойын-сауық мекені -Хан шатыр

На-на-на әсем қала- Астана



  • Тақырыпқа сай сурет бояу

Тапсырма мақсаты: балалардың сенсорлық танымын, ұсақ моторикасын дамыту.

  • «Суреттегі бейнені құрастыр» ойыны

Ойын шарты: түрлі-түсті пішіндерді пайдаланып суреттегі бейнені құрастыру.

Ойын мақсаты: балалардың пішіндер жайлы танымын , ойлауын дамыту



Қорытындылау: балаларды мақтап , мадақтау .





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
709
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі