400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Астана бас қала! (ертеңгілік)

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: «Астана-бас қала»

Мақсаты: Балаларға Астана күні мерекесі жайлы түсінік қалыптастыру.Ән, тақпақ айтқызып, би билету арқылы мерекені сезіндіру. Балалардың Астанаға деген құштарлық, сүйіспеншілік және адамгершілік патриоттық сезімге

тәрбиелеу, балаларды өз Отанын, туған жер мен елін сүюге және оларды қорғай білуге үйрету.

Әсем әуенмен балалар музыка залына кіреді.

Тәрбиеші: Құрметті біздің бүлдіршіндер, «Әйгерім» балабақшасының ұжымы, бүгінгі Астана күні мерекесімен баршаңызды құттықтаймыз!Астана тойы-біздің ғасырлар бойы аңсап келіп, қолымыз жеткен, тәуелсіздігімізді баянды ету, қазақ елін біріктіру, жетістіктерімізді әлемге паш ету тойы болып отыр.

Астана небір тарих көрген қала,

Арқада Ақмола боп өнген қала.

Тілгенде темір төсін темір түрен,

Жалаулап жаңа қауым енген қала.

Астана - ару қала, аппақ қала,

Көрінген көкжиектен асқақ дара,

Кемедей Нұқ пайғамбар үміт артқан,

Жаңарды жаққұттайын ұлттық сана-деп бүгінгі Астана күніне арналған «Астана бас қала» атты ертеңгілігімізді бастаймыз. Балаларымыздың Астана кініне арналған ән,жырларын,билерін көріп тамашалаңыздар.

Ертеңгілігімізді бастамас бұрын Мемлекеттік гимді орындайық.

Қ.Р.М.Гимні орындалсын.

Тәрбиеші: Астана қаласы осыдан 23 жыл бұрын еліміздің бас қаласы болды. Міне содан бері Астана қаласы күннен күнге құлпырып дами бастады. Небір биік-биік ғимараттар соғыла бастады.Атап кететін болсақ әйгілі «Бәйтерек», «Тәуелсіздік монументі», «Ханшатыр» тағыда басқа зәүлім ғимараттар соғылды ,әліде соғылып жатыр.

Енді балалар назарларыңды экранға аударыңдар, Астана қаласының көрінісін тамашалайық. (слайд қойылады)

Тәрбиеші: Қазір Астана қаласында әлемге әйгілі «Экспо 2017» көрмесі өтіп жатыр. Эксподан көрініс тамашалайық. (слайд қойлады)

Тәрбиеші: Балаларымыздың Астанаға арналған тақпақтарын тыңдаңыздар.

Тақпақтар: Темірлан, Аружан,Айару


Темірлан: Ел ордам менің – Астанам, Аружан: Алтын күннің астында

Астанам менің бас қалам. Желбірейді туымыз.

Зәулім-зәулім үйлер көп Қазақ деген халықтың,

Өркендеген – Астанам. Ұлы менен қызымыз.

Айару: Арайлы таң астанам,

Бір өзіңмен мақтанам

Есіл өзен бойымен,

Көркейген менің жас қалам.

Тәрбиеші: Астанам - бағы биік асқарымсың,

Астанам - мәңгі жарық аспанымсың.

Астанам - пейіш қала, ел арманы,

Астана қайда жүрсем мақтанышым

Ән хормен: «Жаса мәңгі Қазақстан»

Тәрбиеші: Астана күніне,

Тарту болсын бұл сабақ.

«Әсем арулар» биімен,

Ашық болсын әр қабақ.


Би: «Әсем арулар»

Қызықтыру сәті: Залға бір – бірімен сөзге таласқан Алматының апорты мен Астананың Бәйтерегі келеді.

Апорт: -Мен болам!

Бәйтерек: - Жоқ,мен болам!

Апорт: Мен үлкенмін, Менің жасым үлкен.

Бәйтерек: Ал мен биікпін төбем көкке тіреп тұр.

Тәрбиеші: - Балалар мынау Алматының апорты мен, Астананың Бәйтегегі ғой.

- Апорт ханым, Бәйтерек мырза, сабыр етеңіздер!

- Неге таласып жатырсыздар? Біздің мерекеміздің шырқын бұзбаңыздар. Бүгін біз Астана күнін тойлаудамыз.

Бәйтерек: - Мына кәрі апорт біздің елордамыз Алматы қаласы болу керек деп таласуда.

Тәрбиеші: Сіздер таласпай, одан да біздің балалардың өнерін тамашалаңыздар.

Апорт мен Бәйтерек келіседі.

Тәрбиеші: Астана шапағаттың шуағындай,

Астана махаббатың тұрағындай.

Астанам - періштелер мекенісің,

Астанам Қазақстан тұмарындай-деп балалардың тақпақтарын тыңдайық.

Тақпақтар: Айдын,Ханкелді


Айдын: Арайлы таң Астанам, Ханкелді: Шырайлы, шуақты.

Тек өзіңмен мақтанам. Шұғыла шаша бер,

«Бәйтерек» пен «Ақорда» Алтын күн сияқты.

Жас та болса, бас қалам. Астана ақ қала,

Бәйтерек: - Апорт ханым, қатты сөйлесем кешіріңіз.Бізге сіздердің жолдарыңызды берсін. Кел оданда екеуіміз татуласып балалармен бір ойын ойнайық.

Ойын: «Астана»

Тәрбиеші: Болашаққа бастаған,

Шарықтайды асқақ ән.

Елордасы Отанның

Мақтанышы астанам.

Қарыштап алға бас қадам

Отанымның жүрегі,

Елорда – менің Астанам.

Ән хормен: «Туған жер»

Тәрбиеші: Сәулеті де Астананың сондай көркем,

Сағынамын қаламды алыс кетсем.

Сендей қала табылмас бар ғаламда

Асып – тасып әрқашан бақ – берекең.

Би: «Қасиетті қамшы»

Тәрбиеші: Біз қазақ деген мал баққан елміз,

Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.

Еліміздің шетін жау баспасын деп,

Найзаға үкі таққан елміз.

Досымызды сақтай білген елміз,

Дәм-тұзымызды ақтай білген елміз.

Сөз қадірін білген елміз-деп келесі кезекте тақпақтар

Тақпақтар: Дамир, Аяжан,Шыңғыс

Дамир: Отанымның төрінде Аяжан: Ақ мәрмәр пәк қала.

Ту ұстаған Астанам Шарықтап, қарыштап,

Әсем қалам Астанам! Шалқи бер, шаттана

Астана-арман қала

Шыңғыс: Ару қалам, Астанам!

Бой көтерген жас қалам.

Бәйтеректің биік шыңы,

Ерекше қой басқадан.


Апорт: - Жарайсыңдар балалар, өнерлі екенсіңдер Бәйтерек екеуімізді татуластырғандарыңа рахмет. Көңіл-күйім көтеріліп қалды.Ал, Бәйтерек досым сен әлі жассың өсіп өркендеуіңе тілектеспін.Сау болыңдар балалар.(Екеуі құшақтасып шығып кетеді).

Тәрбиеші: Ақша бұлттар аспанында

Ақ ботадай ойнақтаған, жас қала.

Жүз түрленіп қас-қағымда,

Жан сырына бойлатпаған, Астана.

Көшелері күнге ғашық,

Әрбір тасы ән салатын, Астана.

Жырын толғап, биге басып,

Жер-жаһанды қарсы алатын, Астана-деп Астана күніне арналған «Астана-бас қала» атты ертеңгілігіміз осымен аяқталды.Көріп тамашалағандарыңа рахмет.Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
1007
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі