"Астана-болашақтың қаласы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Астана-болашақтың қаласы"

Материал туралы қысқаша түсінік
6-сыныптың қазақ тілі пәніне арналған сабақ жоспары.Жұмысты жаңадан бастаған ұстаздар қажетіне жарайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:

Астана-болашақтың қаласы

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні: 7.11.18

СЫНЫП: 6


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

6.1.2.1 әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (хабарландыру, жаңалық) көтерілген мәселені талдау;

6.4.3.1 неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарды түсінеді; неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздер туралы біледі.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптардағы диалог пен монологтарды ажыратады; неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздерді диалогта қолданады.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог пен монологтағы көтеріліп отырған хабарландыру мен жаңалықтарды талдайды; неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздерге мысалдар келтіріп, қолданып,ажыратады.

Бағалау критерийі

Көтерілген мәселелерді түсінеді;

Диалогта қолданады;

Мысалдар келтіріп,ажыратады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Құндылыққа баулу


Пәнаралық байланыс

география

Алдыңғы оқу

Астана келбеті-ұлт келбеті

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Сабақтың

басы


Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

-Сәлеметсіңдер ме,балалар?Мен бүгін мектепке келгеніме қуаныштымын.Себебін білесіңдер ме?Себебі мен бүгінде сендердей, кремет оқушылармен бірге өздеріңдей жас,әсем Астана туралы сабақ өтетінімізге қуаныштымын,-деп «Ханшатыр», «Бәйтерек», «Ақорданың» суреттері арқыл топқа бөлемін.

«Миға шабуыл» әдісі арқылы сұрақтар қоямын.

-Астана қай жылы құрылды?

-Астана туралы біз білмейтін қандай мәліметтер білесіңдер?

-Астананы болашақтың қаласы деп айтуға болады ма?


Сабақтың

ортасы







Астана — Қазақстан Республикасының елордасы. Астанада 1 032 475 адам тұрады (1 қаңтар 2018). Қазір қаланың аумағы 710 км2 алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысындаЕсіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан. Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі. Астана – Азияның ең солтүстігінде орналасқан елорда. Қазіргі уақытта Астананың аумағы 722 шаршы шақырымнан асады, тұрғындар саны – 853 мыңға жуық. Қала үш ауданнан – «Алматы», «Сарыарқа» және «Есіл» ауданынан тұрады.

«Астана-болашақтың қаласы» атты бейнебаяннан үзінді көрсетемін. «Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі арқылы әр топ көрсетілген бейнебаяннан байқаған неологизм,термин сөздерді табады, әлеуметтік- мәдени, ресми-іскери сөздерге диалог құрады.

«Стоп-кадр» әдісімен «Ханшатыр», «Бәйтерек», «Ақорда» топтары топтың аталуына қарай жаңалық немесе хабарландыру жасайды.Ойынның шарты: неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздерді диалогта қолданады.




















https://youtu.be/yNmoKhGaktE


Сабақтың соңы


«Үш М және Ә»

Оқушыларға сабақ барысында жақсы орындаған үш мәселені атап, сабақта олардың жұмысын жақсартатын бір әрекетке ұсыныс жасау ұсынылады.





Қосымша ақпарат


Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.11.2018
1151
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі