15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Астана қаласына саяхат
Тәрбиеші: Диманова С.М
Тақырыбы: Астанаға саяхат
Білім беру саласы: Коммуникация, таным, шығармашылық
Бөлімі: сөйлеуді дамыту, құрастыру, сурет салу
Мақсаты: Балаларды Астана қаласының әсем ғимараттарымен таныстыру. Елорда, Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін кеңейту. Балалардың сөйлеу дағдыларын арттыру, шығармашылыққа баулу. Өз еліне, жеріне деген мақтаныш, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Астана қаласы туралы слайдтар, интерактивті тақта, ЭКСПО көрмесі жайлы видеоролик, сиқырлы қалам, пластилин, гуашь, түрлі-түсті пішіндер, зырылдауық.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: тақпақтар жаттау, бәйтеректің шарын салу, түрлі пішіндерден фигуралар құрастыру, мнемокестеден өлең жаттату, интерактивті тақтамен ойын ойнату.
Әдіс-тәсілдер: мнемокесте арқылы «қыс» өлеңін жаттау, дидактикалық «дұрысын тап», мақал-мәтел, бастырма әдісі, орыс тілінде разминка «хорошо», «Hello» ағылшын тілінде сергіту сәті.
Полилингвальдв ы компонент: Отан-Родина- Homeland, рәміздер-символы sumdols, қар-снег-snow, аққала- снеговик- snowman
Тәрбиеші: Балалар, далада күн суық, алайда біздің жүрегіміз жылы. Ендеше, шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірімізге жылы сөздер айтайықшы.
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Кәзір жылдың қыс мезгілі.
Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады?
Қыс мезгілінде ауа-райы салқын, аяз болады, боран соғады, қар жауады.
Сиқырлы қаламмен жұмыс:
Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?
Суретте жылдың қыс мезгілі бейнеленген.
Қыста қандай ойындар ойнаймыз?
Қыста шанаменойнаймыз, шаңғы, коньки тебеміз, аққала жасаймыз.
Қыста не жауады?
Қыста қар жауады. Қар сөзін үш тілде айтамыз.
Қардан не жасаймыз?
Қардан аққала жасаймыз. Аққала сөзін үш тілде айтамыз.
1-слайд. Балалар тақтаға қарайықшы. Суретке қарап өлең шығарып көрейікші
Мнемокесте арқылы «Қыс» тақырыбында бір шумақ өлең шығару.
Қандай қызық қыс деген,
Бәрін шебер істеген.
Бақша-бауды, тауды да.
Бояған ақ түспенен.
Осы кезде Зере мен Төре келеді.
Төре: Салем достар! Балалар, сіздер Астана қаласын көргілерін келеме?
Зере: Ендеше, біздің сендерге арналған тапсырмаларымыз бар. Сол тапсырмаларды орындасандар, сендерге беретін сыйлығымыз бар.
Балалар, қонақтарымызбен бізге сергіп алайық.
«Hello» сергіту сәті ағылшын тілінде.
Hello,hello hello how are you?
Hello,hello hello how are you?
I m good
I m great
I m wonderful
Hello,hello hello how are you?
Hello,hello hello how are you?
I m tired
I m hungary
I m not so good
Тәрбиеші: II-слайд
Балалар, сендер айтыңдаршы, біз тұратын мемлекет қалай аталады?
- Біз тұратын мемлекет Қазақстан Республикасы.
-Президентіміз кім?
Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
- Ал астанамыз қай қала?
- Астанамыз-Астана қаласы.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар. Астана –Қазақстан Республикасының бас қаласы. Осы Астанада қандай ғимараттарды білесіңдер?
- Хан шатыр, Ақ орда, Бәйтерек, Пирамида
- Балалар, біздің Отанымыз Қазақстан. Біз тәуелсіз, дербес, егемен . Отанымыздың Әнұраны, елтаңбасы, туы бар
Төренің I-тапсырмасы:
- Сендер, туған жер, Отан туралы мақал-мәтел, тақпақ білесіңдер ме? Айтып беріңдерші.
Мақал- мәтел.
Айым:
Туған жердің түтіні де ыстық.
Айнара:
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Г.Эмир
Родной край-сердцу рай
Аделина:
Если дружба велика,
Будет Родина крепка.
Милана:
Елінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем.
Осы менің туған өлкем!
Ясмина:
Жайдарлы жерім бар,
Өрісті елім бар.
Ерлікке баулитын,
Егемен елім бар.
Ералы:
Астанама қарашы,
Елімнің жас қаласы.
Неткен ұлы, неткен кең
Қазағымның даласы
Ақболат:
туған елім-гүл елім
Қасиетіңді білемін
Өзіңе деп жүремін
Лүпілдеген жүрегім
Максим:
Казакстан земля родная
Очень любим мы тебя
Море, горы, даль степная
Это Родина моя
Інжу:
I love in lovely plase
In free kazak land
In proud of my state
It s beautiful and green
Балалар, 2017 жылы Астана қаласында «ЭСПО» көрмесі өтті. «ЭСПО» көрмесінің басты тақырыбы «Болашақтың энергиясы»
Зере: Сіздерді ЭСПО көрмесін тамашалауға шақырамыз.
Балалар, еншеде зырылдауқпен тыныс алу жаттығуын жасайық.
(балалар зырылдауықты үреді)
Зеренің II тапсырмаcы:
Зере: Бәйтеректің суретің салып бріңіздерші?
Байтеректің шарын салу үшін бөтелке қақпағын сары бояуға батырып бастырма әдісімен салу және бәйтеркті моншақтармен безендіру.
Төре: Балалар, мен сендермен «Бәйтерек » ойының ойнайық
Ойын: «Бәйтерек»
Отанымның жүрегі
Астанамның тірегі
Мақтан етем өзінді
Бәйтерегім-киелі
Зере: Сіздермен енді тақта арқылы ойын ойнайық
Зеренің III тапсырмаcы:
Интерактивті тақта арқылы «Дұрысын тап»ойыны
1.Төрт түрлі тудың ішінен Қазақстан Республикасының туын табу
2. Ұлтық киімізді табу
3.Бәйтеректі табу
Орыс тілінде разминка «Хорошо»
Казакстане мы живем?
Хорошо! ( хлопает ладоши)
Хорошо, что солнце светит? (изображают солнце)
Хорошо!
Хорошо, что дует ветер? (изображают руками ветер)
Хорошо! (хлопают в ладоши)
Хорошо, идти с друзьями? (шагают)
Хорошо! (хлопают в ладоши)
Хорошо, при жаться к маме?(обнимают себя)
Хорошо! (хлопают в ладоши)
Хорошо, кружиться в танце? (кружаться, руки на поясе)
Хорошо! (хлопают в ладоши)
Хорошо, быть добрым, честным?
Хорошо! (выставляют большие пальцы)
Төренің IY тапсырмаcы:
Астана қаламызды көркейту көмек сұраймын.
Түрлі пішіндердің қиындыларын құрастыру арқылы Астанамызды безендіреміз.
Зере: Жарайсындар баларлар, тапсырмаларды өте жақсы орындадыңдар біз сендерге ризамыз. Сендергесыйлығымызды табыстаймыз.
Тәрбиеші:
-Балалар, сендерге бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметі ұнады ма?
-Ия , ұнады.
-Ұйымдстырылған оқу қызметінде не істедік, бізге кімдер келді?
Бізге қонаққа Зере мен Төре келді. Астана қаласымен таныстық, Бәйтеректің шарын салып,оны безендірдік, түрлі ойындар ойнадық.
- Жарайсыңдар, балалар. Сендер бүгін өте керемет жұмыс жасадыңдар.
- Тәуелсіз Қазақстан мәңгі жасасын. Көк туымыз желбіреп, еліміз тыныш болсын.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген