400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Астана қаласының елтаңбасы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

 Астана қаласының елтаңбасы

Төлтаңба негізіне жетілу, шексіздік пен мәңгілікті білдіретін шеңбер алынған. Екі символ – Бәйтерек пен Шаңырақты біріктіру оның орталық айшықтары. Осы көркемдік шешім қаланың белгісін де, елдің символын да өз бойына тұтастырған қазіргі Қазақстан дамуының кезеңдік сипатын да танытып тұр.

Бәйтерек – төрткүл дүниені құшағына сыйғызған алып ағаш. Ол дамып келе жатқан ғарыш кеңістіндегі тірі ағза ретінде қабылданады. Бұл ортадағы символикамен тығыз байланысып тұр.

Шаңырақ – өзің өсіп-өнген отбасыңның әлем кеңістігімен ортақтастығын білдіреді.

Осылайша ол көркемдік шешім тұрғысынан алғанда, екі символды – Бәйтерек пен Шаңырақты біріктіру арқылы жүзеге асырылған.

Бәйтеректің негізіне аңыздағы Самұрық құстың самғауын танытатын «құсқанаты» оюы өрнектелген.

Бұл ұстаным сол жағалаудың түйіндік символикалық безендірілуі (ұясынан ұшқан Самұрық құстың көлеңкесі Президенттік паркке түсіп тұр).

Төлтаңбаның бүкіл аумағы екі сақинадан тұрады, сондай-ақ оның да өзіндік бейнелі мәні бар.

Сыртқы сақина ұлы даланың тарихы терең қатпарларда жатқандығын білдіреді. Ал сыртқы сақинаның қызыл түсі Оттың аластаушылық құдіретінен туған. Ежелгі түркілер отты туу, жетілу және даму ұғымымен байланыстырып, тіршіліктің тірегі ретінде бағалаған. Ошақтың отын күннің жылуына балаған.

Сондай-ақ қызылмен көмкерілген от-жалынды кірер есікті білдіреді, одан өткен әрбір адамның жаны тазарып, рухы артпақ. Көшпенділер көп жағдайда қызыл түсті ерлік рух пен айбынды жеңісті бейнелейтін жауынгерлік тудың түсі ретінде қабылдаған. Ал ішкі сақина тәуелсіз Қазақстанның жаңарған бейнесін және Астананың асқақтығын танытады.

«Көгілдір аспан» түсі – ұлттық иедеология тәуелсіздігінің орталық негізін айқындайтын мемлекеттік тудың түсі.

Ал Бәйтерек пен Шаңырақтың біріктіріле бейнеленуі қазіргі Қазақстан тарихының терең тамырлы екендігінің белгісі.

Төлтаңбада негізгі астарлармен үйлесім тауып отырған өзгеде бірнеше айшықтар бар. Әрлендіру түрінде қолданылған жасыл қаусырма көктем сайынғы жаңару мен мәңгілік жасару мұратын білдіреді.

Төменгі титульды ойманың безендірілуіндегі «Астана» жазуынан симетриялық сызықтар шұғыласы тарайды. Олардың әрқайсысы шаңыраққа қадалған уықтарды білдіріп тұр.

Төлтаңба халықаралық геральдикалық символикалар талаптарын сақтау негізінде орындалған. Ондағы бояу мен кескіндік тәсілдер еліміздің тәуелсіздік алуы мен дамуында шешуші рөл атқарған тұлғаларға байланысты қала өміріндегі оқиғалар төлтаңбаға идеялық-мазмұндық мән беріп тұр.

Астана қаласының туы


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
961
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі