Материалдар / «Астана –Қазақстандықтардың бірлігі, тәуелсіздіктің символы».
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Астана –Қазақстандықтардың бірлігі, тәуелсіздіктің символы».

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Астананың бұрынғы атауы мен қазіргі маңызды мақтаныштары туралы айта отырып, оқушылардың білімдерін толықтыру. 2. Оқушылардың алған білімдеріне сүйене отырып, олардың осы мәселе жөніндегі білімдерін арттыру, ой-өрістерін дамыту. 3. Патриоттық сезімдерін оята отырып, Отанын сүюге, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
678
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Астана –Қазақстандықтардың бірлігі, тәуелсіздіктің символы».

Мақсаты:
1. Астананың бұрынғы атауы мен қазіргі маңызды мақтаныштары туралы айта отырып, оқушылардың білімдерін толықтыру.
2. Оқушылардың алған білімдеріне сүйене отырып, олардың осы мәселе жөніндегі білімдерін арттыру, ой-өрістерін дамыту.
3. Патриоттық сезімдерін оята отырып, Отанын сүюге, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу

Көрнекілік:Слайд,мақал мәтел,сұрақтар,жылы лебіздер

Барысы: Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі біздің тәрбие сағатының тақырыбы – «Астана –Қазақстандықтардың бірлігі, тәуелсіздіктің символы».

Астана – еліміздің бас қаласы. Әр елдің баласы өз Отаны, туған жері туралы біліп, оны көркейтіп, қадірлей білу керек. Біз – осы елдің болашақ патриоттарымыз. Үлкендеріміз жасап берген жолды алдағы уақытта жалғастырушылар – біз. Ендеше Астана туралы, бүгін жырлап, әңгімелеп, мақтан етейік! 


Астана - Қазақстан Республикасының саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы - Президент Н. Назарбаевтың Жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан республиканың басшы орындары - Президент кеңсесі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Парламент көшіп келді. Елімізді басқару жұмыстары осы жерде жүзеге асырылды.

Қала Есіл өзенінің оң жағалауында, Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан. Ол еліміздің солтүстігі мен оңтүстігін, батысы мен шығысын байланыстыратын аса маңызды әуе, автомобиль және темір жолдар торабында жатыр.
Бүгінгі таңда жиырма жасқа толған елордамыз Астана қаласы жылдан-жылға гүлденіп келеді. Биік-биік зәулім ғимараттары, кең түзу даңғылдары мен көшелері көздің жауын алатын сұлу шаһарды көрген де арманда, көрмеген де арманда!

Есболат
Астанамыз сүйкімді,
Гүлдей жайнап құлпырды:
Қызықты боп барады,
Бір күнінен -
Бір күні.
Әлемдегі дара бір,
Әсем,
Сәнді - қала бұл.
Есіл бойлай салынған,
Көз арбайды жаңа үй...

Астанамызды салумен айналысып жүрген құрылысшы - сәулетші аға-аталарымыз балдырған балапандардың да алаңсыз ойнап, күліп, шаттануларын да ұмытпапты.
Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан «Думан» ойын-сауық орталығы балғындардың сүйікті орны. Мұндағы «Мұхит аралы» (Океанариум) Қазақстандағы тұңғыш әрі бірден-бір нысан. Бұл әлемдегі мұхиттан 3мың шақырымға жуық қашықтықта жатқан бірден-бір- «Мұхит аралы». «Мұхит аралында» 3 миллион литр су бар. Қалыңдығы 7 сантиметрлік акрил шынысынан жасалған.
70 метрлік дәліз бен

түрлі мөлшердегі 11 аквариумнен тұратын екі үлкен көрме аумағындағы түрлі-түрлі балықтардың тіршіліктеріне жақыннан қарауға болады.
Бұл аквариумдағы «Мұхит ара
лдың» ең ірі тұрғындары - акулалар, алып алабұғалар, тәкаппар губандар-Наполеондар, коралл трауттары және өзге де балықтар тіршілік етуде.
Сонымен қатар «Думан» ойын-сауық орталығы, «Самұрық» кинотеатры,
Бәйтерек, Гүл сағатын басқа да аквапарктерді көрсең көзің тояр емес.

Астананы қақ жарып, ағып жатқан сұлу, ерке Есіл өзені.
Есілдің суы мақпалдай жұмсақ. Өзі жылы. Тұнып, шымырлап, үн-түнсіз ағады.
Ұмыт та қалған жазылмай.
Есте жоқ ескі тағдырдай:
Әлем –
Әлі көрген жоқ,
Бәйтеректі дәл мұндай,
Нұр сыйлап қала көркіне,
Тағзым етіп:
Жер, Күнге,
Тұр ғажайып ғимарат-

Зор бәйтерек кейпінде...- деп белгілі балалар ақыны Ө. Ақыпбекұлы жыр арнаған – биіктігі 97 метрлік «Бәйтерек» кешені Астананың символы іспеттес. Елордамызға келген қонақтардың ең алғаш келетін жері осы. Бәйтеректің ұшар басынан қаланың біраз жері көрінеді. Астана - келісім, бейбітшілік қаласы деп тегін айтылмаған. Бәйтеректе дүниежүзіндегі он жеті дін басының қолы мраморға түсірілген. Қасында бөлек алақанның ойылған ізі бар, оны Елбасымыздың қолы деседі. Биіктен қала көркін тамашалаған бала түгіл, үлкендердің өзі қарай бергісі келеді.

"Нұр Астана" мешіті.

Есілдің сол жағалауындағы еліміздің бас мешітінің алтынмен апталған негізгі күмбезінің биіктігі – 43 метр, одан өзге 25 кіші күмбездері бар биіктігі 63 метрлік төрт мұнарасы бар. Имандылық үйінің сәулеті қызықтыра көз тартады. Мұнда бір мезгілде 10 мың адам намаз оқи алады.

Пирамида.

Ежелгі Египет пирамидаларының мақсаты перғауындар мүрдесін мәңгі сақтау болған. Ал қазақ пирамидасының мақсаты не ? Іргетасы дүниенің төрт бұрышына бірдей қарап, адамзатқа шапағат сыйлайтын, ұшарбасы алтын күнге ұмтылған пирамида қазақ елін көзге елестетеді екен. Алыстасаң аласырап, жақындасаң биіктей беретін, ал ішіне кірсең жан дүниең мейірленетін бұл ғимараттың бүкіл болмысы қазақ халқының биік болмысымен достыққа адалдығын көрсетеді екен.

8. Тәуелсіздік сарайы.   

Тәуелсіздігімізді паш етіп тұрған тәуелсіздік сарайы туралы бізді Шынар таныстыратын болады. Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайы Елбасымыздың тікелей бастамасымен 2007 жылдың желтоқсанында алғашқы кірпіші қаланған сарай құрылысы бір жылдың ішінде толық аяқталды. Астана қаласының он жылдық мерейтойына арналып салынған бұл ғажайып ғимарат Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан.



Астана атың қандай нақ та әсем, 
Аңызақтан айналыпсың баққа сен
Таң ұзаққа таңдайымда түнеткен 
Жырларымды айтарымсың жатқа сен! - деп кезекті оқушылардың жыр – шумақтарына береміз. 


Астанаға арналған өлең шумақтары

Гүлсара
Сән берген Сарыарқадай гүл өңірге 
Жайнаған Отанымның жүрегінде. 
Астанам - бақ ошағым,түп қазығым,
Айналған бар қазақтың тірегіне.. 


Ырысхан
Арманның асқарындай Астанамыз, 
Елорда, алтын орда бас қаламыз. 
Жыл сайын жеткен жеңіс, асқан асу, 
Ерен ерлік үлгісі – дастан аңыз. 


Есболат
Алатау бастағанда асқарала,
Қосылды қуанышқа жас балада
Алматы өзінің жан жалғасында,
Арнайды ақ батасын астанаға

Ата баба салтымен,
Абай, Жамбыл даңқымен.
Құлагердей құлшынып,
Орнап мәңгі біршілік.
Әруақ қонған жас қала

   Балалар, сендер байқап отырған болсаңдар Астана қаласының барлық көрікті жерлері қай өзеннің жағалауына салынған?


- Олай болса Есіл өзені туралы не білеміз?

10. Есіл – республикамыздың солтүстік өңіріндегі Қарағанды, Ақмола, Торғай, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан облыстарының жерін басып өтетін өзен атауы. Есіл деп аталатын елді мекен де бар.

11. "Есіл" атауының алғаш дүниеге келуі туралы зерттеушілердің екі пікірі бар. Бірі- Есіл атауын "жасыл" деген зат түсімен байланыстырса, екіншісі – етістік түбірін тілге тиек етеді.



Тақтамен жұмыс. 
Сөйлемді ретімен дұрыс құрап шығыңдар.
1. Ең, әдемі, Қазақстандағы, Астана, қала.
2. Ғимараттардың, елбасының, салынған, бәрі, қолдауымен.
3. Елден, басқа, қонақтар, көп келеді, Астанаға.
4. Астанасы, еліміздің, қала, өсіп, келе жатқан.
5. Университеті, білім, Евразия, береді, жақсы


Берілген әріптерден мақал құрастыр

М к е т п е м е к е - і б і м л т ң е з і


«Ойлы болсаң – озып көр» айдары.
Топқа сұрақтар.

  1. Астанадағы өзенді атаңдар (Есіл )
    2. Астанадағы ең үлкен оқу орны қалай аталады?(Евразия унивеситеті)
    3. Астананың бұрынғы атауы қандай?(Ақмола)
    4.
    Президент резиденциясын атаңдар(Ақ Орда)
    5. Астана қалай аталады? (Солтүстік астана)
    6. Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін ғарышқа самғаған қазақ ғарышкері кім? (Талғат Мұсабаев)
    7. Бейбітшілік және келісім сарайы (Пирамида)
    8. Жағалауында Астана орналасқан өзен (Есіл)
    9. Астананың бойтұмары (Бәйтерек)
    10. «Здание» сөзінің қазақшасы (Ғимарат)
    11.Мәдени ойын-сауық орталығы (Думан)
    12.Астананың бұрынғы атауы (Ақмола)

Сөзжұмбақ шешу:


1.Герб. ( Елтаңба)

2.Гимн. ( Әнұран)

3.Музей.(Мұражай)

4.Государство. ( Мемлекет)

5.Памятник. ( Ескерткіш)

6.Дворец. ( Сарай)

7.Столица. (Елорда)

8.Комплекс. ( Кешен)



Қазақ халқының салтында әрбір той-думанда бата беріліп, жылы лебіздер айтылады екен. Ендеше, біз де жылы лебізімізді айтайық.

 Жылы лебіз айтқан әр балаға біз жылы жүрегімізді сыйлаймыз.

 Бұл жылы лебіздер «Жүректен жүрекке» деген ізгі тілектер тізбегі деп аталады

Жылы лебіздер.

  1. Зәулім, биік үйлер, ғимараттар көбейсің!

2.Тұрғындары- жарқын жүзді адамдар, бақытты балалар болсын.

3.Көркейе бер Астана!

4.Бүкіл әлем Астананың сұлулығына таң қалсын!

5.Есіл өзенінің суы ортаймасын!

6.Өсіп өркендей берсің!

7.Астана-мемлекет дидары бол!

8.Жаса, Жаңа Астанам!

9.Астана- Еуразия контингенті жүрегі бол!

10. Астана көңілімізге шаттық сезім ұялатсын

11.Тәуелсіздігіміз нығайсың!

12.Қазақстан жасасын! Қазақ елі  гүлденсің!

13.Шекарамыз берік болсын.!

14. Еліміз тыныш болсын!

15.Жастарымыз білімді болсын!

Қортынды

Енді бүгінгі тәуелсіздікке арналған «Астана- Қазақстандықтардың тәуелсіздігімен бірлігінің символы» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Дараланып әлемнің картасында Сары бел,сары арқаның ортасында Астана ертегідей ғажаптанды Кемеңгер Нұр ағаның арқасында

Дауыстап бірге:

Жаса, жаңа жас қалам.

 Жайнай бер менің Астанам.

Қорытынды:  Ән орындалады.   «Астана».  Шар лақтырылады























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!