400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Астана таза қала

Материал туралы қысқаша түсінік
2-сынып қазақ тілі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:

Астана-таза қала

Күні :

Мұғалімнің аты-жөні: Абилхан Г

Сынып 2Ә

Қатысып отырғандары:

Келмегендер саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

2.1.2.1.күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздерден құралған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсіну.

2.1.3.1.тыңдаған мәтінге мұғалімнің көмегімен иллюстрация/суреттер/ сызбалар таңдау және қарапайым сұрақтарға жауап беру

2.3.5.1.мұғалімнің көмегімен сөздік, анықтамалардан қажетті ақпаратты табу.

Сабақтың мақсаттары


Барлығы: күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздерден құралған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінеді

Көбі: иллюстрация/суреттер/ сызбалар таңдайды және қарапайым сұрақтарға жауап береді

Кейбірі: сөздік, анықтамалардан Астана жайлы қажетті і ақпаратты табады

Күтілетін нәтиже

Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қазақша Елорда туралы ақпарат бере алады, Астананың көрікті жерлерін таныстыра алады.

Жаңа сөздер

Тазала, тазаламау, тазалық сақта, күнде

Сабақта қолд. мат.

Интерактивті тақта, слайдтар, түрлі түсті суреттер,стикерлер, Астана туралы бейнежазба

Оқыту әдістері

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, диалог, «Тірек сөздер» стратегиясы ,сергіту жаттығуы, сипаттау, талдау

Дереккөздері

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

1.Ұйымдастыру кезеңі.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін бізде ерекше сабақ болады, өйткені сабаққа қонақтар келіп отыр. Қонақтарымызға біліміміз бен өнерімізді көрсетейік. Қазір орындарынан тұрып, шеңбер құрыңдар.

Шеңбер құрып тренинг өткіземін.


Амансың ба, алтын күн! (қолдарымызды жоғары көтереміз)

Амансың ба, көк аспан! (қолдарымызды одан жоғары көтереміз)

Амансың ба, достарым! (қолдарымызды жаямыз)

Көргеніме баршаны, (күлімдейміз)

Қуанышты мен бүгін. (алақанды соғамыз)

-Өте жақсы.

Амандасады.







Шеңберге тұрады.

Қайталайды.

Өткен сабақты тексеру


1. Суреттер бойынша сөздік жұмысын өткіземін.

А)Тақтадан «Аула» тақырыбына суреттерді көрсетемін: сырғанақ, орындық, әткеншек, құм, ағаш.

-Бұл не? Аулада нелер бар? Мына сөздермен сөз тіркестер құрастырыңдар. Сен аулада не істейсің? Қандай ойындар ойнайсың?

Ә) «Таза» деген сөзбен жұмыс жасатамын

-Бұл сөзбен қандай сөз құрастыруға болады? (тазалық) Аулада тазалықты кім сақтайды? Сенің аулаң қандай? Сен аулада қоқысты қайда тастайсың? Біз қай қалада тұрамыз? Біздің қала қандай?

Сөздерді қайталайды, сөз тіркестер құрастырады.Сұрақтарға жауап береді.


Қызығушылықты ояту

«Али мен Айя. Астанаға саяхат» » бейнежазбасын көрсетемін.

-Бұл кімдер? Олар қайда барады? (Астанаға)

-Біз де бүгін Астана қаласына саяхат жасаймыз.

-Осы карта бойынша бес аялдамаға тоқтаймыз.(картаны көрсетемін)

-Балалар, қандай қалаға саяхат жасаймыз?

-Әр аялдамада сендер жауапқа осындай жетон аласындар (көрсетемін)

Бейнежазбаны көреді, сұрақтарға жауап береді



Астана қаласына

Мағынаны тану


1 аялдама «Пирамида»

Сөздік жұмысы. Тыңдалым. Айтылым.

Жаңа сөздермен таныстырамын, оқимын, қайталау жұмыстарын жүргіземін: тазалау, тазаламау, тазалық сақта, күнде

-Жаңа сөздермен сөйлем құрастырайық(жауаптарға жетон беремін)





2 аялдама «Бәйтерек»

Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Оқылым. 127-бет

Мәтінді тыңдатқызамын, екі-үш оқушы мәтінді мәнерлеп оқиды.

-Мен қайда тұрамын? Астана қандай қала? Нені күнде тазалайды? Көшеге нені тастауға болмайды? Біз нені сақтаймыз?



Сергіту сәті


3 аялдама «Хан шатыры»

Дәптермен жұмыс. Жазылым. 39-бет

2 тапсырманы орындатамын.

Менің аулам таза. Мен аула тазалаймын

Менің көшем қоқыс. Мен көшені тазаламаймын.

Менің бәтеңкем кір. Мен бәтеңкемді тазаламаймын.

Менің киімім таза. Мен киімімді тазалаймын.


4 аялдама «Цирк»

Айтылым.

-Балалар, әр қатардағы артық сөзді тауып, себебін түсіндіріңдер

Күнделік, жасыл, қызыл, сары

Биік, үлкен, кішкентай, қоян

Әпке, іні, тазалау, қарындас

Әткеншек, сырғанақ, қаламсауыт, құм


Жазылым.

-Дәптердегі 3 тапсырманы орындайсыңдар.

Тасбақа, ағаш, бұзау, кітап, гүл, қоқыс жәшігі, қоқыс, су, бағдаршам, лақ, мектеп, қошақан

Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Мен көшені тазалаймын. Ағам көшені тазаламай-ды. Балалар, тазалық сақтаңдар.Біз көшені күнде тазалаймыз.




Мәтінді тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.





Сергіту жаттығуын жас.

Дәптердегі тапсырманы орындайды.







Оқу құрал, аң, отбасы, аула







Сөзжұмбақты шешеді.

Ой толғаныс


5 аялдама «ЭКСПО»

Айтылым.

Сурет бойынша сөйлемдер құрастыртамын

Оқушыларға тірек сөздер беремін: қала, таза, үлкен, биік, әдемі, үлкен, ұқсайды, терек, шатыр, пирамида


Сурет бойынша тірек сөздерді пайдаланып, сөйлемдер құрастырады.



Бекіту

Айтылым.

-Қандай қалаға саяхат жасадық? Астана қандай қала? Астанада не бар? Қалада қоқыс тастауға болады ма? Қалада не сақтау керек?

Сұрақтарға жауап береді

Бағалау

Жетондарды санап, оқушыларды бағалаймын:

5 жетон-керемет

4 жетон-жақсы

2-3 жетон-қанағаттанарлық


Үйге тапсырма

128-бет, 2-тапсырма


Рефлексия

Смайликтер таратамын.

Смайликтер арқылы сабақтан алған әсерлерін көрсетеді



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 қаңтар
492
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі