400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Астанам – бақыт ордасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық топ балаларымен ұйымдастырылған танымдық-тәрбиелік ертеңгілік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Астанам – бақыт ордасы!

(Барлық топ балаларымен ұйымдастырылған танымдық-тәрбиелік ертеңгілік)

Ақтөбе қаласы, №4 «Көктем» МДҰ-ның

қазақ тілі мұғалімі - Ж. С. Жұмашева.


Мақсаты: Қала ғимараттарымен таныстыру, оның құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.Астана туралы қуанышты көңіл күй қалыптастыру;
Патриоттық сезімдерді дамыту;Сүйіспеншілікке, мейірімділікке баулу:
Көрнекі құралдар: Астана ғимараттарының макеттері, «Астана»- бейнеролик, проектор.

Ширату сұрақтары:

  • Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?

  • Қазақстанда кімдер тұрады?

  • Қазақстан қандай ел?

  • Биыл Қазақстанның Тәуелсіздігіне неше жыл?

  • Қазақстанның астанасы қай қала?

  • Олай болса, балалар, біз бүгін осы еліміздің Ел ордасы атанған Тәуелсіздігімізбен қатар іргетасын қалаған бас қаламыз –Астанамен сіздерді жақынырақ таныстырғымыз келіп тұр. Біздер әр топқа тапсырма берген болатынбыз, яғни өздері қалаған Астананың әдемі ғимараттарының бірінің макетін ата-ана, тәрбиеші және балалар бірлесіп жасап келуді тапсырғанбыз. Қазір біз астанамызға саяхат жасамай тұрып, сол ғимараттарымен танысайық, ол туралы әр топ балалары бізге не айтады екен.

«Астана» қалашығын құру.

Ғимарат макеттерімен, оның шығу тарихымен әр топ балалары мен тәрбиешілері таныстырады.

Ғимараттар:

  1. «Пирамида» - «Почемучки» ІІ кіші тобы

  2. «Бәйтерек» - «Ақбота» ортаңғы тобы

  3. «Жасанды орман алқабы» - «Лесная сказка» ортаңғы тобы

  4. «Ақ Орда» - «Тиін» ІІ кіші тобы

  5. «Хан шатыры» - «Радуга» ІІ кіші тобы

  6. «Екі бірдей ғимарат» - «Солнышко» даярлық тобы

«Әнім сенсің – Астана» - көркем сөз оқу.

1. Ел ордам менің – Астанам,
Осында жаңа бастама.
Сәулетті зәулім үйлер көп,
Көрікті сондай жас қалам!


2. Жүрегі елімнің,
Астана – бас қала.
Әлемге көріндің,
Ұқсамай басқағ
а

«Ару қала –Астана» әнін шырқау.


Саяхатқа аттану: Балалар тербелген әуенмен қолдарын жайып ұшаққа ұқсап жүреді (әуеге көтеріледі). Әуежайға келіп қону.

Астананы тамашалау. «Ару қала –Астана» -бейнеролик қарау.

Тыныштық сәті. Тербелген әуенмен балалар саяхаттан оралады.
- Балалар, сіздерге Астанамыз ұнады ма?

Ойын «Жылы сөздер»

- Олай болса , «Жылы сөз» ойынын ойнауды ұсынамыз. Ойынның шарты: Астана туралы жылы сөз айтуымыз керек.
- Астана өте әдемі,
- Мен Астананы сүйемін.
- Астана тамаша қала!

- Астана - гүлдей жайна!

- Астана – бас қала!,т.б.

Қорытынды:
Бүгін біз еліміздің көрікті қалаларының бірі Астана қаласына мерекелік саяхат жасадық. Өзқолымызбен Астанамызды құрдық!Оның әдемі ғимараттары туралы көптеген мәліметтер алдық. Астана – Қазақстанның бас қаласы. Біз Қазақстан елінде татулықта, достықта, бейбітшілікте өмір сүріп жатырмыз. Біз Тәуелсіздігімізді, татулығымызды мақтан етеміз! Осы мерекелік сағатымызды «Тәуелсіз елім» әнімен аяқтаймыз!

«Тәуелсіз елім» әнін шырқау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
373
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі