400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Астанам- бас қалам»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимны, Елтаңбасы және Туы туралы білімдерін дамыту. Балалардың сезімталдық, қиялшылдық; естігенін, көргенін қайта жаңғыртып, есте сақтау, жақсылық істеуге талпыну сияқты қабілеттерін дамыту. Өз республикасын танып –білуге, жақсы көруге, Отанына деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Балалардың алған білімдерін байқау, сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру. Сөздік қорын молайту, ой-өрісін, танымдылық қабілетін, сөйлеу дағдысын дамыту. Өз Отанын, елін, туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу, сүйіспеншілік сезімін ояту.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұйымдастырылған оқу ісәрекетінің

технологиялық картасы



Тақырыбы: «Астанам- бас қалам»
Мақсаты: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимны, Елтаңбасы және Туы туралы білімдерін дамыту. Балалардың сезімталдық, қиялшылдық; естігенін, көргенін қайта жаңғыртып, есте сақтау, жақсылық істеуге талпыну сияқты қабілеттерін дамыту. Өз республикасын танып –білуге, жақсы көруге, Отанына деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Балалардың алған білімдерін байқау, сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру. Сөздік қорын молайту, ой-өрісін, танымдылық қабілетін, сөйлеу дағдысын дамыту. Өз Отанын, елін, туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу, сүйіспеншілік сезімін ояту. 
Көрнекіліктер: асық, сандық, Астана қалаларының суреттері. 
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, диалог, өздік жұмыс, топпен жұмыс т.б. 
Сабақтың түрі: ойын сабағы 
Мотивациялық қызығушылығы

Шаттық шеңбері:
-Балалар, барлығымыз жылулық шеңбер бойына тұрып, қонақтармен амандасайық.
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып,
Құтты қонақ келіпті,
Төріме міне еніпті,
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой,
Ал қанекей бәріміз,
«Сәлеметсіз бе,»- дейік үлкенге:
"Сәлеметсіздер ме, апайлар!"
- Қане, барлығымыз орнымызға отырайық. 

 -Балалар, мен сендерге құр қол келген жоқпын
мына шарларды ала келдім .Бұл шарлардың түстері қандай?(ақ,жасыл,қызыл,сары)
 -Бұл түстерді қазақ тілінде,орыс тілінде және ағылшын тілінде айтып,есімізге түсірейік.
Ақ-белый-white; жасыл-зеленый-green; қызыл-красный-red;сары-желтый-yellow.
-Бір жылда неше мезгіл бар?
-Төрт мезгіл. Кәне, атап шығайық . .. (қыс, көктем, жаз,күз)
 -Бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді.  
-Мына шардың түсі қандай ?(ақ)
-Бұл шардың түсі қай мезгілді білдіреді?
-Қыс. Қыста жер қандай болады? (ақ)                                                                                 Жасыл шарды көрсету.
-Бұл түс шөптердің түсі сияқты.
-Табиғат  көктемде оянып ,жер беті жасыл шөпке толады.
Ағаштар бүршік жара бастайды.(көктем)
Қызыл шарды көрсету.
-Қызыл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.?
-Қай уақытта гүлдер қызыл түске боялады.(жаз)
Сары  шарды  көрсету.
-Бұл түс қандай жыл мезгілін білдіреді?(күз)
-Себебі күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.
Жер беті сары кілемге ұқсайды.

-Балалар ,біз бұл жыл мезгілдерін үш тілде айтып,есімізге түсірейікші. 
Қыс-зима-winter ,көктем-весна-spring, жаз-лето-summer, күз-осень-autumn.
   
Ұйымдастыру ізденушілік кезеңі: Тәрбиеші балаларға сандық көрсетеді. Сандықтың ішінде 7 асық болады. Әр асықтың тапсырмасы бар, балалар осы тапсырмаларды орындау керек. Тапсырманың барлығы орындалса асықтар балаларды ойынға шақырады.

1.Асық. Тапсырмасы: 
Мемлекеттік Гимн айту 
2Асық. Тапсырмасы: «Кім білгіш?» дидактикалық ойыны

- Балалар біз қай қалада тұрамыз?

- Қазақстан Республикасының елбасы кім?

- Мемлекетіміздің рәміздерін атаңдар ?

- Тудың түсі қандай?

- Қазақстан мемлекетінің  елордасы қай қала?

- Біздің балабақшаның аты қалай аталады?

- Біз қай тілде сөйлейміз?

- Біздің Республикамыз қалай аталады?

3. Асық. Тапсырмасы: Сергіту сәті 
Дөңгелене тұрамыз, 
Керегені құрамыз. 
Уықтар болып иіліп, 
Шаңыраққа киіліп. 
Қазақ үйді құрамыз. 
4. Асық. Тапсырмасы: Отан туралы мақал-мәтелдер: 
Отан-оттан да ыстық. 
Отансыз адам, ормансыз бұлбұл. 
Отан үшін отқа түс, күймейсің. 
5. Асық. Тапсырмасы: Отан туралы өлең-тақпақтар: 

Ардақталды Астанам

Мәртебелі бас қалам

Көркейе бер күн сайын

Алғақарай бас қадам

Әуелейді асқақ ән,

Болашаққа бастаған

Мәртебемсің сен менің                                               

Айналайын Астанам.


Барша әлемге әйгілі

Ел басымыз Нұр аға                                                       

Мақтанышы елімнің

Нұрын шашқан, Нұр қала


6. Асық. Тапсырмасы: «Ойлан, тап» дидактикалық ойыны
Шарты: А,С,Т,А,Н,А дыбыстарынан басталатын сөздерге сөз құрастыру.

А-ана, алма...

С-су, сан,...

Т-таң, тамаша,..

А-асыл, ата,..

Н-нан,нар,..

А-апа,алқа,..
- Астана
сөзінде қанша дыбыс қанша әріп бар?

- Астана сөзін буынға бөлу.

- Қанша дауысты дыбыс, қанша дауыссыз дыбыс бар?

7.Асық. Тапсырмасы: Астана қаласы туралы суреттер көрсету

«Ақ орда»- Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы. Бұл ғимаратта көп министр ағалар жұмыс жасайды.

«Хан шатыр»- қазақтың атақты Абылай ханы ақ шатыр , көк жал Кенесары көк шатыр тіккен.

«Пирамида»- Бейбітшілік пен келісім сарайы.

«Бәйтерек» - кешені.

«Нұр астана»- мешіті.

«Қазақ елі»- монументі.         

Рефлексия Қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздерді анық айтуға ұсыныс білдіру. 
ҰОІӘ-не қатысқан барлық балаларды мадақтау. Дыбысты дұрыс айтуға тырысады. 
Тіл үйренуге қызығушылықтары артады. 

Жүректен-жүрекке:

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық

Көріскенше күн жақсы

Сау-саламат болайық.
Күтілетін нәтиже: 

Ұғынады: Өз Отанын сүю, мемлекеттік тілді ардақтау керектігін түсінді. 

Түсінеді: қойылған сұрақтарға толық жауап беру, сөйлемдерді дұрыс құрастыру, өз ойларын еркін жеткізе білу т.б. 

Түсінеді: Өз Отанын мақтан ету.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 қараша
811
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі