400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Астанам бас қалам

Материал туралы қысқаша түсінік
астана күні
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сынып сағатының тақырыбы: Жұлдызды қала-Астана

 Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Астана — жаңа Елорданың саяси, экономикалық, мәдени дамуының орталығы екенін түсіндіру.

Дамытушылық: Астана жылнамасын құру, жаттау арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту, Астана тарихын насихаттау арқылы тіл байлығын, сөз саптауын, ойын жеткізе білу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: Астананың мәдени жетістіктерінің, Азия ойындарының негізінде оқушыларды Отансүйгіштікке, әсемдікке,  салауаттылыққа баулу.

Түрі: сыныптан тыс іс-шара

Көрнекілігі: Интерактивтік тақта слайдтары, плакаттар, оқушылар шығармашылығынан суреттер

Барысы:

  1. Оқушылырды сапқа тұрғызу

  2. Тақырыппен, мақсатымен таныстыру

  3. Әнұран орындау

  4. Астана тарихы (Сөзұмбақ)

  5. Астана туралы видеоролик

  6. Архитектуралық ғимараттар туралы

  7. Қорытынды

Мұғалім: Балалар, Астана – еліміздің бас қаласы. Әр елдің баласы өз Отаны, туған жері туралы біліп, оны көркейтіп, қадірлей білуі керек. Біз – осы елдің болашақ патриотымыз. Үлкендеріміз жасап берген жолды алдағы уақытта жалғастырушылар – біздер, яғни мектеп оқушылары.

Ендеше Астана  туралы бүгін жырлап, әңгімелеп, мақтан етейік.

Әнұран орындалады


 Астана — Қазақстан Республикасының елордасы. Астанада 880 191 адам тұрады (1 мамыр 2016)[3]. Қазір қаланың аумағы 710 км2 алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан. Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі. Астана – Азияның ең солтүстігінде орналасқан елорда. Қазіргі уақытта Астананың аумағы 722 шаршы шақырымнан асады, тұрғындар саны – 853 мыңға жуық. Қала үш ауданнан – «Алматы», «Сарыарқа» және «Есіл» ауданынан тұрады.

Сөзжұмбақ

  1. Қазақ халқының ұлттық музыка аспабы.(Асатаяқ)


2.Астана қаласының ортасынан өтетін өзен (Есіл)

3.Қазақстанның тұңғыш ғарышкері (Тоқтар)

4.Қазақ халқының ұлы ақыны. (Абай)

5.Ас атасы. (нан)

6  Қазақстан Республикасының рәмізі. (Әнұран)

Мұғалім: Астана – күн санап көркейіп келе жатқан қала. Оның өсіп-көркендеуі, сөз жоқ, мемлекетіміздің абыройы. Осы аз уақыт ішінде Астана келбетіне ішкі сұлулығы үйлесіп, қанат жайып,  сырттан келгенді де, іштен барғанды да тамсандыратын ғажайып қалаға айналды.

Мұғалімі: Осы жылдар ішінде Астана қаласында қаншама сәулетті ғимараттар салынды десеңші!. Ендеше сол ғимраттарға саяхат жасап қайтсақ қайтеді?!

 

Астананың көптеген көрікті жерлері бар. Ол бірінші — “Астана — Бәйтерек” кешені болып табылады. Есілдің сол жағында бой көтерген алғашқы сәулет туындысы. «Бәйтеректі» «өмір ағашы» деп те атайды. Бұл сәулет туындысы халық ертегісі «Ер Төстіктің» оқиғасы желісімен өрілген. Естеріңде болса, өз бақытын іздеп шыққан Ер Төстік қиын-қыстау заманда зәулім бәйтерекке тап болады. Ұшар басына көз жетпейтін мәңгілік өмір ағашына таң-тамаша қалады. Нақ төбесіне де ұя салған самұрақ құстың алтын жұмыртқасына ие болады. Сөйтіп, бақытты –баянды ғұмыр кешеді. Мәңгілік өмірді жер жаһанға жария етіп тұрған «Бәйтерек»- Бас қаламыздың символы. «Астана-Бәйтерек» үш бөліктен –тамыры, діңі және ұшар басынан тұрады. Үш бұрышты күміс тұмар даму үрдісіндегі өміршеңдікті білдіреді. Керемет құрылыс. Астананың қасиетті белгісі болып табылатын  97 метр биіктікте орналасқан көрініс алаңы, сол құс ұшатын ұядай жерден сәнді де, сәулетті  Астананың көрінісін көруге болады.

Керемет акватеатрда қызықты көл шоуын және қастарындағы жыртқыш балықтарды бақылауға болады. Кинозалда мықты дыбыс пен арнайы дайындалған көз әйнектер арқылы экранда болып жатқан оқиғаның ортасында тұрғандай сезінесіз.

:Келесі көрікті жері- ол Елбасының мәдени орталық мұражайы болып табылады. Мұражайдағы жәдігерлер көне замандағы хандықтардың құрылуынан бастап Қазақстанның Егемендігін алғанға дейінгі уақытты қамтиды.

: Содан кейін “Қазақстан картасы — “Атамекен” этно-мемориалдық кешені. Ашық аспан астындағы бұл мұражайда Қазақстанның барлық 14 облыстары, Астана және Алматы қаласының обьектері кішкентай макет ретінде жасалған.

: Содан кейін әуенді фантандар бағы болып табылады. Кең бақ сол жағалауды екіге бөледі. Бұл саябақ үш деңгейлі көрме құрылысынан және 2 павильоннан құрылған.


1998 жылы 6 мамырда Елбасының жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласы болып аталды және Елорданың атауы Астана болып өзгертілді. 1998 жылы 10 шілде де Қазақстанның жаңа Елордасы – Астананың тұсауы кесілді.
Бүгінде жас қала Астана мәдени дамудың жаңа сәулеттенуінің үлгісіне айналды. Астана күн санап жаңарып, жасылданып келеді. Ортасын қақ жарып өтіп жатқан Есіл өзені тіршілігіміздің күре тамыры іспетті, Астана қаласының озық архитектуралық жаңаруы барлық қазақстандықтарды жаңару жолына шақыруда үлгі көрсетуде.

Біз Астанамыз бен мақтанамыз.

«Бәйтерек»монументі.
Монумент ұзын темірлі құрылымдардан, ең шыңында шишадан түзілген керемет үлкен шардан тұрады. Құрылым биіктігі 105 метр, салмағы 1000 тоннадан асады. Заманауи қаланың көркем бейнесін ашып отырған көрініс кешені 97 метрді құрайды. Ол ел ордасы Алматыдан Астанаға 1997 жылы ауысты дегенді білдіреді.
«Ханшатыр»
Астанадағы «Хан шатыры» - Елбасының идеясы бойынша ағылшын сәулетшісі Норман Фостердің сызған жобасы. Кешеннің төбесінде үлкен антенна бар. Бұл антенна - сәукеленің үкі тағатын жері, эстетикалық жағынан сымбаттылық береді. Бұл-100 метрлік ғимараты «Sembol» деген түрік фирмасы салған.
«НұрАстана»мешіті.
Есілдің сол жағалауындағы еліміздің бас мешітінің алтынмен апталған негізгі күмбезінің биіктігі-43 метр, одан өзге 25 кіші күмбездері бар, биіктігі 63 метрлік төрт мұнарасы бар. Имандылық үйінің сәулеті қызықтыра көз тартады. Мұнда бір мезгілде 10 мың адам намаз оқи алады.
«ТәуелсіздікСарайы»
Тәуелсіздік Сарайы 3 қабаттан тұрады. Бірінші қабатта ескі мен жаңаның үйлесімділігі бойынша жасалған бірнеше зал бар. Мәселен, 3082 адамға арналған Конгресс-залы, 268 орындық Рәсімдеу залы, 220 орындық Баспасөз орталығы мен 678 адамға арналған сахна мен мейрамхана орналасқан. Екінші қабат қолөнер және этнография, археология және антропология галереясына арналған. Оның ішіндегі археология залында Алтын адам, Сармат батыр, Барел аттары, құпия жазулары бар тастар сияқты сирек кездесетін ежелгі жәдігерлермен таныс боласыз. Үшінші қабатта Астана қаласы тарихының мұражайы орналасқан. «Астана-2030» макет залы елорданың 2030 жылға дейінгі даму көріністерін көресіздер.


 Ойын ( Сергіту сәті)

Музыка ойнап тұрады. Музыканы тоқтатканда Қағазға жазылған тапсырмаларды бір оқушыға ұсыну. Сол оқушы тапсырманы орындайды. Ойын әрі қарай жалғасады.


1-тапсырма. Сөйлемді ретімен дұрыс құрап шығыңдар.
1. Ең, әдемі, Қазақстандағы, Астана, қала.
2.тапсырма Ғимараттардың, елбасының, салынған, бәрі, қолдауымен.
3 тапсырма . Елден, басқа, қонақтар, көп келеді, Астанаға.
4.тапсырма Астанасы, еліміздің, қала, өсіп, келе жатқан.



Сөздікпен жұмыс:
Тұрғын – житель
Ғимарат – здание 
Қасиетті – священный (қадірлі) 
Орталық – центр (центральный)
Ұлт өкілдері – представители нации

Қорынтынды: Ән. Астана



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 желтоқсан
598
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі