Астарыңыз дәмді
болсын!
Алматы облысы, Қарасай ауданы
«Жамбыл атындағы орта мектеп
мектепке дейінгі шағын орталықпен»
мемлекеттік мекемесі Пралиева Нұргүл
Құдайбергенқызы
Астарыңыз дәмді болсын!
Алгебра және геометрия пәндерінен сыныптан тыс
іс-шара
8 «Б» сыныбы
Мақсаты:
- алгебрадан «Квадрат түбірлер», «Квадрат теңдеу», геометриядан
«Төртбұрыштар», «Тік бұрышты үшбұрыштың бұрыштары мен қабырғалары
арасындағы қатынастар» тақырыптары бойынша оқушылар білімін
тиянақтау, нақтылау;
- оқушылардың алгебра және геометрия пәндеріне деген
қызығушылықтарын арттыру;
- оқушыларды топта жұмыс істеу арқылы бірін-бірі түсінуге, қолдауға
тәрбиелеу;
- оқушылардың ой белсенділігін дамыту, математикалық логикасын
тереңдету, ауызша есептеуде шапшаңдығын арттыру.
Құрал-жабдықтар: ас үй ыдыстары,
мәзір.
Дайындық шаралары: мәзір әзірлеу, салат, бірінші
тағам, екінші тағам, шырындар, десерт сұрақтары мен тапсырмаларын
дайындау.
«МАТЕМАТИК ӘЛЕМІ» мейрамханасы
САЛАТТАР 1. Квадрат түбір мен қысқаша көбейту формулаларынан
жасалған салат
2. Төртбұрыштардан жасалған салат
БІРІНШІ ТАҒАМДАР 1. Виет теоремасынан сорпа
2. Пифагор теоремасынан сорпа
ЕКІНШІ ТАҒАМДАР 1. Квадрат теңдеулерден жасалған тұшпара
2. Тікбұрашты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі
және котангенсінен жасалған қазақша ет
ШЫРЫНДАР 1. «Анықтамалар» шырыны
2. «Қасиеттер» шырыны
ДЕСЕРТ «ШОКОМАТИКА.KZ» тәттілері
Жүргізуші Дамир: Құрметті қонақтар, «Математик
әлемі» мейрамханасына қош келдіңіздер! Бүгін біздің
мейрамханамыздың ашылу салтанатына арнайы шақырылған жас
математиктерді есік ашып қарсы алайық.
(оқушыларды жүргізушілер есік ашып қарсы алады)
Жүргізуші Аружан: «Математик әлемі» мейрамханасының ашылу
салтанатында сөз кезегін мектебіміздің директоры Сайбырова Тұрсын
Әділбекқызына береміз.
Жүргізуші Аружан: Бұл мейрамхана математика пәнінің мұғалімі
Пралиева Нұргүл Құдайбергенқызының басшылығымен ашылып отыр.
Бүгінгі қонақтарымыздың күнін көңілді әрі пайдалы етіп өткізуіне ат
салысатын жүргізушілер Аружан мен Дамир біз боламыз!
Жүргізуші Аружан: «Математик әлемі» мейрамханасының аспазшысымен
таныс болыңыздар! Математикалық ас әзірлеу жарыстарының жеңімпазы
Нұрым Асқар! Бүгінгі қонақтарға ұсынатын қандай тағамдар
әзірлегенін бас аспаздың өз аузынан естиік.
Аспазшы Асқар: Бүгінгі ас әзірлеуде менің оң қолым бола білген
Аружан, маған тағамдарды таныстыруға көмектеседі.
Асқар: «Жесеңіздер көп салат,
Иммунитет зор болады!»
Назарларыңызға ұсынылатын салаттар:
1) Квадрат түбір мен қысқаша көбейту формулаларынан жасалған
салат
2)Төртбұрыштардан жасалған салат
Аружан: «Ет етке, сорпа бетке»
Назарларыңызға ұсынылатын бірінші тағамдар:
1)Виет теоремасынан сорпа
2)Пифагор теоремасынан сорпа
Асқар: Жемесең түсіңе, жесең тісіңе кіретін
екінші тағамдарды ұсынамыз:
1)Квадрат теңдеулерден жасалған тұшпара
2)Тікбұрашты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі
және котангенсінен жасалған қазақша ет
Аружан: «Шырын ішкен пайдалы,
Анықтамалар мен формулаларды білген одан да пайдалы»
Назарларыңызға өз қолыммен әзірленген шырындарды ұсынамын:
1.«Анықтамалар» шырыны
2.«Қасиеттермен формулалар» шырыны
Асқар: «Ұсынылған астың бәрі жеуге жарамды деп
серт беремін,
Ең соңынан десерт беремін»
«ШОКОМАТИКА.KZ» тәттілері
Аружан: Біздің мейрамханамызға келген қонақтарға ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА
ӘЗІРЛЕНЕТІН МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТАҒАМДАР рецептін беруді де
ұмытпаймыз.
Асқар, Аружан: АСТАРЫҢЫЗ ДӘМДІ БОЛСЫН!
Жүргізуші Дамир: Жас математиктерге мәзір ұсынып,
Аружан екеуміз тапсырыс қабылдайық.
(Аружан мен Дамир екі топқа барып, берген тапсырыстарын
қабылдайды)
Жүргізуші Аружан: Ас қабылдауды салаттардан бастайық.
Аспазшылар «Салаттар» салынған ыдыстан тарелкаға бір-бір есептен
салып береді. Есептің қасына қағаз бен қалам салынады. Шығарылған
есептердің дұрыстығын мұғалім столдың қасына келіп тексереді. Есеп
дұрыс болса дұрыс жауабын тарелкаға салады, дұрыс емес болса
берілген есепті алып кетеді. Оқушының тарелкасы бос қалады.
Жүргізуші Дамир: Бірінші тағамдарды қабылдауды бастайық.
Аспазшылар тапсырысқа байланысты «Вите теоремасынан сорпа» немесе
«Пифагор теоремасынан сорпа» ыдыстарынан тарелкаға бір-бір есептен
салып береді. Есептің қасына қағаз бен қалам салынады. Шығарылған
есептердің дұрыстығын мұғалім столдың қасына келіп тексереді. Есеп
дұрыс болса дұрыс жауабын тарелкаға салады, дұрыс емес болса
берілген есепті алып кетеді. Оқушының тарелкасы бос қалады.
Жүргізуші Аружан: Бірінші тағамдар сіңімді болған сияқты. Ал енді
екінші тағамдарды қабылдауды бастайық.
Аспазшылар тапсырысқа байланысты «Квадрат теңдеулерден жасалған
тұшпара» немесе «Тікбұрашты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы,
косинусы, тангенсі және котангенсінен жасалған қазақша ет»
ыдыстарынан тарелкаға бір-бір есептен салып береді. Есептің қасына
қағаз бен қалам салынады. Шығарылған есептердің дұрыстығын мұғалім
столдың қасына келіп тексереді. Есеп дұрыс болса дұрыс жауабын
тарелкаға салады, дұрыс емес болса берілген есепті алып кетеді.
Оқушының тарелкасы бос қалады.
Жүргізуші Дамир: Ал енді шырындарды ұсынамыз.
Аспазшылар тапсырысқа байланысты «Анықтамалар» немесе «Қасиеттер»
графиндерінен стаканға бір-бір тапсырмадан салып береді. Мұғалім
оқушылардың ауызша жауабын тыңдап, дұрыс болса ақ түсті қағазда
«дұрыс» жазуын беріп кетеді. Егер оқушы дұрыс жауап бере алмаған
жағдайда, топтағы әріптесі жауап беруіне рұқсат етіледі. Дұрыс
жауапты берген оқушы алған карточкасын өз қалауынша өзіне немесе
жауап бере алмай қалған әріптесіне беруіне болады.
Жүргізуші Аружан: Алда қалған тек қана тәттілер. Ең қиын есептер
десертке қалған болар. Не болса да ұсынып көрейік.
Жүргізуші Дамир: Десертке «ШОКОМАТИКА.KZ” тәттілерін қабыл
алыңыздар!
Жүргізуші Аружан: «Математик әлемі» мейрамханасының ашылу
салтанатының қорытынды сөзі МИФ әдістемелік бірлестігінің жетекшісі
Аманжолова Зүлфия Есіркепқызына беріледі.